МЕББМ ҚАЗАҚСТАН- НУО КАЗАХСТАНСКО
РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТІ УНИВЕРСИТЕТ
БОӨЖ
Тақырыбы: «Қазақ халқының рухани мәдениеті: тілі, ділі, діні»
Орындаған: Бердбек Қымбат
Курс: 1 курс
Факультеті: Жалпы медицина
Тобы: 111 A
Қабылдаған: Ерғали Ерғазыұлы
Алматы, 2021
Қазақ халқының рухани мәдениеті
|
Анықтамасы
|
Тілі
|
Кез-келген халық тілі – сол халықтың шынайы этникалық болмысының айнасы. Тілді жаңа ғасыр баспалдағында теориялық-танымдық үрдісте зерттеу қажеттігі туып отыр. Бұл үрдіс тіл мен адам санасын тұтастықта қарастырып, тілдік білімді адам миының жемісі, күрделі ассоциативті-вербальді құрылым, болмысты рух пен ой бірлестігінде танытушы жүйе ретінде кешенді сипаттауға негізделеді. Адамзат өзін қоршаған шындықты, әлемдегі сан алуан құбылыстар мен олардың сана қасиетін сезім мүшелері арқылы сіңіріп, санамен түйсініп қана қоймайды, оған жауап қайырады, ақпаратты өзінше жаңғыртып, жаңа сапада қайта жасауға саналы-санасыз күйде талпыныс жасайды, өңдейді, қорытады, елеп-екшейді, баға береді, тәжірибеде қолданады, бұлардың тұтас көрінісі ретінде ғаламның тілдік бейнесі жасалады.
Жоғарыда атап өткеніміздей, біз өмір сүріп жатқан заманда тек тілді үйренумен шектеліп қалу мүмкін емес. Бүгінгі тіл үйрету әдістемесінде үйреніп отырған тілді сол тілде сөйлейтін халықтың мәдениетімен байланыстыра оқыту қажеттілігі туындап отыр. Әлемдік байланыста қарым-қатынасқа түсу үшін саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени тұрғыдағы таным-түсініктердің болуы маңызды рөл атқарады. Үйреніп отырған тілде сөйлеуші елдің тарихын, дәстүрін, мәдениетін үйрену – тіл үйретудегі маңызды элементтердің бірі. Халық тарихын да, ұлттық мәдениеттің дамуын да, тіпті халықтық ойлаудың қалыптасуын да біз тек тіл арқылы анықтай аламыз.
|
Ділі
|
Ділдің қалыптасуы қоғамда бағаланатын құндылықтарға, идеалдарға, мәдениет деңгейіне, әлеуметтік құрылым мен адамның өмір сүрген ортасына, әкімшілік, идеологиялық және экономикалық шараларға байланысты. Тиісінше, туынды сана және санасыздық ретінде адамның өзі ділді қалыптастырады.
Ал қоғам өз еркімен, саналы түрде ұстанатын идеалдарды, құндылықтарды өзгерте алады, мәдениетке де сапалы жаңалықтар енгізе отырып, оны бұрын болмаған деңгейге көтереді. Әлеуметтік құрылымды да өзгертеді. Сонымен, діл адамдардың санасымен, дүниені қабылдауымен, сезімімен, құлшынысымен, зауқымен де байланысты. Бүдан ділді өзгертуге және қайта тәрбиелеуге болатыны көрінеді. Ол үшін бағытталған идеологиялық шаралар жүргізу керек.
|
Діні
|
Сондай-ақ Қазақ топырағы дін ілімінің үлкен қайраткерлерін дүниеге әкелгені мәлім. Тіпті тек қазақ елінде емес, әлемде Ислам дінінің кең қанат жайып, дамуына өлшеусіз үлес қосқан, Түркістан топырағынан шыққан дін ғұламалары жетерлік. Мәселен Самарқандта жерленген белгілі мутакаллим-философ, қалам ілімінің маманы, Алтын Орда ханы әз-Жәнібектің қолдауымен жазған «Мұхтасар мағаний» еңбегінің авторы Сағауддин Тафтазанидің грамматика, риторика, Құран тәпсірі туралы еңбектері бірнеше ғасырлар бойы Осман империясының медреселерінде оқытылуынан-ақ Түркістан топырағынан тараған діни ілімнің тамыры тереңге кеткенін көруге болады...
Қазақ хандығы құрылмастан бұрынғы Алтын Орда дәуірінде дүниеге келіп, ел арасында танымал болған жыр-дастандардың дені дін тақырыбында еді. Солардың қатарында «Зарқұм», «Салсал», «Қаһарман», «Кесікбастың қиссасы», «Мұхаммед пайғамбар» т.б. атауға болады.
Қандай жыр болмасын, адамгершілік, имандылық принциптерін насихаттады.
Ағартушы ғалым А. Байтұрсынов: «Дін шарттарын, шариғат бұйрықтарын өлеңді хикая, өлеңді әңгіме түрінде айтып, халықтың құлағына сіңіріп, көңілдеріне қондырған»,– деп тұжырымдайды. Қазақ даласында кең тараған күні-түні жастанып оқитын, кешкілік бір үйге жиналып, шамның жарығымен хат танитындарға оқытып, ел болып тыңдайтын жырлар, қисса-дастандар көп болды. Солардың көпшілігі діни жырлар болатын әрі бәрінде де имани үгіт-насихат кездесетін.
|
Достарыңызбен бөлісу: |