Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2012 жылы атқарылған жұмыстары туралы
АҚПАРАТ
Мәдениет мекемелер жұмысының басты мәселелерінің бірі ауыл тұрғындарының бос уақытын өнегелі, интернационалды рухта тәрбиелеп, толық рухани қанағаттандыру, мәдениеттің көпсалалы түрлеріне өнерге бейім адамдардың шығармашылық табыстарына көз жету болып табылады. Ауданның мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 2012 жылы жоспарға сәйкес және аудан әкімінің тапсырмасына орай аудан көлемінде көптеген шараларды атқарды.
Биыл сәуір – мамыр айларында Көкпекті аудан орталығының кәсіпорындары мен ұйымдары арасында «Ел іші - өнер кеніші» атты көркемөнерпаздар байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың басты міндеті ел ішінен тума таланттарды іздеп табу, жастарды өнерге баулу мақсатымен ұйымдастырылды.
1 Мамыр – халықтар достығы күні, 9 Мамыр – Жеңіс күні, 1 маусым – балаларды қорғау күні күнтізбелік мерекелерге арналған іс-шараларды мемлекеттік мекемелермен бірлесе өткізілді. «Толағай тентектері» ресупбликалық, облыстық КТК ойындарында жүлделі орындарға иеленді.
Мәдениет үйі және клубтар бойынша түйінді мәселелер мен міндеттер:
-
«Толағай сазы» ұлттық аспаптар оркестрінің құрамына арнайы жас мамандарды (домбырашы, қобызшы, флейташы) тарту.
-
Барлық ауылдық клубтарды селолық округтерінің әкімдерімен бірлесіп, олардың тиісті құжаттарын рәсімдеп, балансқа алу, жұмыстарын аяқтау;
-
Ауылдық клубтарға жөндеу жұмысын жүргізу үшін алдын ала сметалық құжат дайындау;
-
Материалдық – техникалық базаны нығайту үшін бюджетке қаражат жоспарлау.
-
Жас мамандарға баспана мәселесін қарастырып, шешу.
-
Клуб жұмыстарын жандандыру.
-
Елді мекендегі тұрғындардың санына байланысты клубтарға мониторинг жасап, оңтайландыру жұмысын жүргізу.
2012 жылы 07 шілде айында Зырян қаласында Көкпекті ауданының «Туған ел алтын бесігім» атты мәдени күндері аясында «Өлкетану» мұражайының экспонаттарынан көрме ұйымдастырылды, «Толағай», «Іңәрім-ай», «Асыл мұра», «Русский сувенир», «Толағай сазы» ұлт-аспаптар оркестрі қала тұрғындарына өнерлерін көрсетті.
Қазан-желтоқсан айларында аудан көлемінде ұйымдастырылған «Гүлденсе ауыл, гүлденеміз бәріміз» атты үгіт керуенінің арнайы жоспары бойынша 18 елді мекенінде ауданымыздың көркемөнерпаздары өнерлерін сыйлады.
2012 жылы жоспар бойынша әр-түрлі іс-шаралар: концерттер, шоу бағдарламалар, демалыс кештері, салтанатты жиындар, көгілдір алаулар, жалпы халықтық сауық - сайрандар және т.б. мәдени іс-шаралар өткізілді. Ең ауқымды және көрнекті іс-шаралар, олар Наурыз мейрамы, Астана күні, Конститутция күні, Казақстан халықтарының бірлігі күні, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні, М.Әуезовтың 115 жылдығына арналған тақырыптық кеш, Әди Шәріповтың 100 жылдығына арналған тақырыптық кеш, Тәуелсіздік күні, «Русскии сувенир» ансамбльнің 30 жылдық мерейтойы, Қалихан Алтынбаевтың 85 жасқа толуына арналған аудандық мүшәйра, «Асыл мұра» әжелер клубының құрылғанына 25 жыл мерекелік кеші, Жаңа жыл мерекесі болды.
Аудан бойынша 2 мәдениет үйі, 36 ауылдық клуб бар. Оның ішінде 29 мәдениет үйі КМҚК «Бос уақыт орталығының» балансына алынған. 7 ауылдық клуб: Теректі, Қарамойыл ауылдық клубы Көкжайық селолық округінің «Талап» ШҚ теңгерімінде, Миролюбовка, Раздольный, Палатцы, Подгорное, Қарақол, Көкжыра ауылдық клубы Казнаковка селолық округінің теңгерімінде. Құжаттары балансқа алу үшін рәсімделуде.
Биылғы жылы ауданымызға «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша оркестр мүшесіне домбрашы болып Томан Рәпилә жұмысқа орналасып, тұрғын үймен және көтерме қаржымен қамтамасыз етілді. Аудандық ұлт-аспаптар оркестрін дамыту жөніндегі жұмыстары қазіргі таңда жалғасуда. «Толағай» және «Іңкәрім-ай» топтары жанды дауыста дайындық жүргізуде.
Биылғы жылы 11 200 мың теңге қаражатқа «Даником» ЖШС «Мошамбаев Данияр Төлепбергенович» оркестр мүшелеріне арналған Әртістер үйіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізіп, толықтай аяқталғаннан кейін пайдалануға тапсырылды.
Қазіргі күні Көкпекті ауылы Братская 43 мекенжайы орналасқан Әртістер үйінің тұрақты жер пайдалану құқығын беретін құжаты, техникалық төлқұжаты дайындалып, 2012 жылы 14 мамырда № 244-7855 тіркеу нөмірімен Көкпекті ауданының Әділет басқармасында бекітілді. КМҚК «Бос уақыт орталығының» балансына берілді.
№
|
мазмұны
|
Өлшем бірлігі
|
2011 жылы
|
2012 жылы
|
1
|
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімнің 1 жылдық бюджеті
|
мың теңге
|
229169,0
|
244588,0
|
2
|
Оның ішінде ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарына бөлінген қаражат
|
мың теңге
|
134926,0
|
85650,3
|
3
|
Тілдерді дамытуға бөлінген қаражат
|
мың теңге
|
400,0
|
500,0
|
ІІ. Көкпекті ауданындағы кітапханалар арнайы бекітілген жоспар бойынша жұмыс жасайды. Аудан бойынша 29 кітапхана бар. Жылына кітапханаға 127476 оқырман келеді. 2012 жылы кітапханада айтулы күнтізбелік күндер, Тәуелсіздіктің 21 жылдығына байланысты іс – шаралар «Ата жұртым-алтын бесігім» кітап көрмесі «Гүлденсе ауыл-гүлденеміз бәріміз» атты үгіт - насихат керуенмен бірге селолық округтерде жұмыс жүргізді. Кітапханаларда «Конститутция Ата заңымыз», «Менің Қазақстаным», «Атажұртым – Көкпекті» т.б кітап көрмелері ұйымдастырылған. Кітапханадағы іс- шаралар кітапханашылардың мектеппен және оқушылармен тығыз байланыста болуы арқылы ұйымдастырылады. Аудандық мерекелерге, іс- шараларға 1 Мамыр - Халықтар достығы, ынтымақ күні әр ұлт өкілдерінің тағамын, салт- дәстүрі көрсетілді, 31 мамыр Репрессия күні «Алаш және Тәуелсіздік» атты конференция өтті, Астана күніне «Гүлдене бер, Астана» тақырыбында конференция және «Жайна, жаса Астана» тақырыпта сурет байқауы, аудан көлемінде ұйымдастырылған «Гүлденсе ауыл, гүлденеміз бәріміз» атты керуенмен кітапханашылар 18 елді мекенде «Ата жұртым-алтын бесігім» атты кітап көрмесімен ауыл халықтарын еліміздің жеткен жетістіктеріне шолу жасап таныстырдыАуылдық кітапханаларда Үлгілімалшы ауылында «Азаттық алаш арманы» атты тарихи кеш өткізілді. Көкжайық ауылында «Тәуелсіздік ұраным, Тәуелсіздік жыр әнім» әдеби кеш өткізілді. Биғаш ауылында «Қаһарман ұлдар, қыздар-ай» атты тарихи альманах өткізілді. Ауылдық кітапханалар мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің балансына алынбаған.
Кітапханалар бойынша түйінді мәселелер мен міндеттер:
-
Аудан көлемінде кітапханашылардың жұмысын жандандыру, тоқсан сайын өткізілген шаралар бойынша сараптама мониторинг жасау;
-
Барлық кітапханалардың құжаттарын селолық округ әкімдерімен бірлесе рәсімдеп, балансқа алу;
-
Материалдық –техникалық базасын нығайту (сөре, орындық, компьютер, сканер т.б.)
-
Кітап қорына қаражат бөліп, мемлекеттік тілдегі кітаптар санын арттыру.
ІІІ. "Мәдени мұра" бағдарламасына байланысты монументальді ескерткіштерді қалыпқа келтіру бағытында және оларға арнайы тақта орнату бағытында біршама жұмыстар жоспарланғанмен жұмыс жүргізілмеді. Аудан бойынша мемлекеттік меншіктегі 21 тарихи және мәдени ескерткіші бар.
№
|
Ескерткіштің атауы
|
орналасқан жері
|
1
|
Еспе ерте темір дәуіріндегі мола
|
Белое ауылынан 5шақырым жерде
|
2
|
Көкпекті ерте темір дәуіріндегі 1 топ қорғандар
|
Көкпектіден онтүстік шығысқа қарай 3 шақырым жерде Зайсан жолында
|
3
|
Көкпекті ерте темір дәуіріндегі 2 мола
|
Көкпектіден шығысқа қарай 8 шақырым жерде Зайсан жолында
|
4
|
Көкпекті 3-топ петроглифтер неолиті
|
Көкпекті ауылының жанында
|
5
|
Малороссийка орта ғасырдағы 1 топ қорғандар
|
Малороссийка ауылының шығыс шетінде
|
6
|
Мариногорка ерте темір дәуіріндегі 1-топтағы қорғандар
|
Мариногорка ауылынан онтүстік шшығысқа қарай 3 шақырым жерде
|
7
|
Мариногорка ерте темір дәуіріндегі 2-топтағы қорғандар
|
Мариногорка ауылынан онтүстік шығысқа қарай 5 шақырым жерде
|
8
|
Песчанка 1 жеке тас қорғаны мерзімі анықталмаған
|
Песчанка ауылынан онтүстік батысқа қарай 3 шақырым жерде
|
9
|
Песчанка тас қорғандардың 1 тобы мерзімі анықтамалған
|
Песчанка ауылынан 6 шақырым жерде, Чудак бастауының қасында
|
10
|
Песчанка 2 жеке тас қорғаны мерзімі анықталмаған
|
Песчанка ауылы онтүстік шеті
|
11
|
Песчанка тас қорғандардың 3 тобы мерзімі анықтамалған
|
Песчанка ауылынан онтүстік батысқа қарай 2 шақырым жерде
|
12
|
Үлкен-Бөкен 2-мола мерзімі анықталмаған
|
Үлкенбөкен ауылынан солтүстік шығысқа қарай 5 шақырым жерде
|
13
|
Чистый яр жеке қорған мерзімі анықталмаған
|
Сарыбел ауылынан шығысқа қарай 1,5 шақырым жерде, бұрыңғы Чистый Яр ауылының жанында
|
14
|
Миссионерлер мектебінің ғимараты ХІХ ғасырдың аяғы
|
Преображенка ауылы
|
15
|
Совет Одағының батыры Қ.Аухадиевке бюст мерзімі анықталмаған
|
Үлкенбөкен ауылы, саябақта
|
16
|
Совет Одағының батыры Қ.Аухадиевтың ескерткіші мерзімі анықталмаған
|
Теректі, Аухадиев атындағы мектептің қарсы алдында
|
17
|
А.Имановтың ескерткіші мерзімі анықталмаған
|
Көкжыра ауылы, мектептің аймағында
|
18
|
Совет Одағының батыры С.Константиновтың зираты мерзімі анықталмаған
|
Үлкенбөкен ауылы, саябақта
|
19
|
Интернационалист-жауынгерлердің Даңқ Мемориалы ХХ ғасырдың 90 жылдар
|
Көкпекті ауылы, қорғаныс бөлімінің қарсы алдында
|
20
|
Социалистік еңбек және Совет Одағының батырлары мен аудан тұрғындарының Даңқ
|
Көкпекті ауылы, Абай көшесі, Раев атындағы достық үйінің саяжолы
|
21
|
Әулие Николайдың селолық шіркеудің қалдығы ХІХ ғасырдың аяғы
|
Үлкенбөкен ауылы
|
"Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасына орай облыстық мәдениет басқармасынан тарихи және мәдени ескерткіштер мен жерлерге арнайы нөмірленген тас белгілер әкелінген болатын. Үстіміздегі 2012 жылы қаржы мәселесі шешілмегендіктен тарихи орындарға арнайы нөмірленген тас белгілері орнатылған жоқ. Жөндеу жұмыстары да жүргізілмеді.
Аудандық «Өлкетану» мұражайында 1500 экспонат бар. 1 стенд жаңартылып, қосымша 148 экспонат жиналды. Жыл бойы мұражайға 4247 оқушы мен аудан тұрғындары экскурсия жасады.
Мәдени мұра мен мұражай бойынша түйінді мәселелер мен міндеттер:
-
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламаға сәйкес өңірлік бағдарлама әзірлеп, арнайы жоспар жасап, бекіту.
-
Тарихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру жұмысына байланысты қаражат жоспарлау.
-
Мұражайдағы экспонаттар санын көбейту, аудан тұрғындарымен насихаттау жұмысын деңгейде жүргізіп, жаңарту жұмыстарын жандандыру.
-
Мұражай ғимаратының жылу жүйесіне жөндеу жұмысын жүргізу.
ІҮ. «Мекенжай тіркелімі» бойынша 2012 жылы тыңғылықты жұмыстар атқарылды. Аудан бойынша 63 елдімекен, 18 селолық округ бар. Мекенжай тіркелімі бойынша 489 геонимдерге түзетулер енгізілді. Әр апта сайын облыстық басқармамен байланыс жасап, үнемі белгіленген жұмыс жүргізіледі.
Мекенжай тіркелімі бойынша түйінді мәселелер мен міндеттер:
-
«Мекенжай тіркелімі» бойынша жауапты маманды білім жетілдіру курсына қаңтар айында жіберу, жұмысты жүктеу, облыстық басқармамен үнемі байланыс жасау.
-
«Мекенжай тіркелімі» жұмысының үнемі қанағаттандыру үшін материалдық базаны (сканер сатып алу) нығайту. Интернет желісін орнату.
Ү. Ономастикалық жұмысты жүргізу үшін аудан көлемінде комиссия құрылған. Комиссияның арнайы бекітілген жоспары бойынша жұмыстар жүргізіледі. Жоспар бойынша селолық округ әкімдеріне көше аттарын ауыстыру мәселесі бойынша ұсыныс жасалды. Мариногорка селолық округі мен Мариногрка, Московка, Малоросиийка ауылдарының атауын өзгерту туралы құжаттар рәсімделіп, облысқа жіберілді. Облыстық ономастика комиссисяның 2012 жылдың 10 қазанында өткен отырысында Московка, Малоросиийка ауылдарының атауларын өзгерту туралы онды шешім қабылданды, ал Мариногорка ауылының атауын өзгерту мәселесін зерделеу қажет деген шешім қабылданған болатын. Осыған байланысты 2012 жылдың 27 желтоқсан айында облыстық ономастика комиссиясының кезекті отырысында Мариногорка ауылының атауын өзгерту сұрағы келесі сессия мәслихатының қарауына қалдырылды.
Мәдениет және тілдерді дамыту
бөлімі бастығының м.а. А.Саржанов
Орындаған: І.Сыздыкова
Тел: 2-12-35
Достарыңызбен бөлісу: |