Мәдениет саласы Саланың инфрақұрылымын 8 мың жергілікті және 39 республикалық мәдениет ұйымдары



Дата24.02.2016
өлшемі119.75 Kb.
#15625


Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2014 жылдағы қызметі туралы
жалпы ақпарат

Мәдениет саласы
Саланың инфрақұрылымын 8 мың жергілікті және 39 республикалық мәдениет ұйымдары құрайды. Олардың ішінде 52 мемлекеттік театр, 4 185 кітапхана, 36 концерттік ұйым, 3 164 клуб үлгісіндегі мекеме, кино түсірілімін және кинофильмдер өндірісін жүзеге асыратын 125 ұйым, 237 мұражай, 112 ойын-сауық және демалыс саябақтары, 5 хайуанаттар бағы және 5 цирк бар.

2014 жылдың мәдениет өміріндегі маңызды жобалардың бірі – Мемлекет басшысының тапсырмасымен іске асырылған ауқымды инфрақұрылымдық жоба – Астана қаласында ашылған Қазақстанның Ұлттық мұражайдың ашылуы болды.

Мәдениет және өнер саласында Сәулетшілер одағы мен Қазақстанның шығармашылық одақтары конфедерациясын қосқанда 10 шығармашылық одақ жұмыс жасайды.

Әлеуметтік деректерге сәйкес сала қызметіне қанағаттанушылардың жалпы деңгейі 72%-ды құрайды.

Республикалық мәдениет ұйымдарының қызметі елімізде және шетелдерде іс-шаралар өткізу болып табылады.

2014 жылы республикалық мұражайлар 352 көрме өткізілді, олардың 47-сі – халықаралық көрме.

Концерттік ұйымдар 510 іс-шара өткізді; 60 гастроль, оның 17-сі шетелдерде ұйымдастырылды.

2014 жылы республикалық театрлар 1642 спектакль көрсетті, 43 қойылымның тұсау кесері болды, оларды 500 мыңға жуық көреремен тамашалады.



Қазақстанның мәдениет күндері форматындағы іс-шаралар Индонезия, АҚШ, Франция (мәдениет маусымы) және Санкт-Петербургта болды.

Қазақстанда Беларусия, Түркменістан, Қытай және Австрия елдерінің Мәдениет күндері өтті.

Кино саласында соңғы бес жылда 200-ден астам отандық картина әлемнің 48 елінде 150 кинофестивальдер мен халықаралық көрсетілімдерге қатысты. Қазіргі таңда «Қазақфильм» АҚ өндірісінде 44 картина бар.

Тарихи-мәдени мұраны сақтау және дамыту жөніндегі «Мәдени мұра» жобасы аясында 2014 жылдан бастап 31 ескерткіште 31 қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Олардың 13 объектісінде жұмыс аяқталды. Сондай-ақ 4 ғылыми-қолданбалы, 7 археологиялық зетрттеулер жүргізілуде.

2014 жылы Жібек жолының Жетісу бөлігінің 8 қазақстандық объектісі ЮНЕСКО-ның Тізіміне енді. Қазіргі таңда Жібек жолы Сырдария бөлігінің ескерткіштеріне құжаттама әзірленуде.

Мәдениет саласында халықаралық ынтымақтастық аясында 2014 жылдың 22-24 шілдесінде Астана қаласында ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссияның Бірінші өңіраралық кеңесі өтті. Іс-шараға ЮНЕСКО штаб-пәтерінен тыс жерде кездесуші әлемнің 120 елінен Ұлттық комиссияның өкілдері қатысты.



2014 жылдың 8-10 желтоқсанында Астана қаласында Жібек жолының Бірінші Халықаралық мәдениет форумы өтті.

Форумға жетекші мұражайлар мен театрлардың жетекшілері, мәдениет және өнер саласының қайраткерлері, әйгілі саясаттанушылар, халықаралық ұйымдардың өкілдері мен ШЫҰ-на мүше-мемлекеттердің кәсіпкерлері шақырылды.



Мәдени саясат тұжырымдамасы

2014 жылдың 4 қарашасында ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының мәдени саясатының тұжырымдамасы бекітілді. Құжат саланың беделін арттыруға, оның сапалы жаңғыруы мен тұрақты дамуына бағытталған жүйелік шараларды қарастырады.

Тұжырымдаманың бірінші кезеңін іске асыру аясында мүдделі мемлекеттік органдармен және өңірлермен тығыз өзара әрекеттестікті көздейтін 2015-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары Үкімет қаулысымен бекітілді.
Спорт және дене шынықтыру саласы
Бұқаралық спортты дамыту мақсатында спорт инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударылады.

Ведомстволық статистикалық есептілікке сәйкес, 2014 жылы елімізде 34 926 спорт ғимараты қызмет істеді, соның ішінде спорт мектептерін қоса алғанда, 25 673-і білім беру мекемесі объектісіне жатады және тек 9 253 объект дене шынықтыру-спорттық мақсаттағы объектіге жатады.

2014 жылдың қорытындысы бойынша республикада 4,3 млн. адам жүйелі шұғылданады, бұл халықтың 25,1%-ын құрайды. 2013 жылмен салыстырғанда шұғылданушылар саны 375 мың адамға немесе 1,8 %-ға артты.

Дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатын балалар мен жасөспірімдер 12,5% құрайды.

Балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің, мамандандырылған балалар-жастар мектептерінің, спортта дарынды балаларға арналған мектеп- интернаттар саны 435 бірлікті құрайды, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 8 бірлікке артық. Аталған мектептерде шұғылданатындар балалардың саны 294 мыңды құрайды, олардың 123,3 мың адамы ауылдарда.

2014 жылы 120 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдерді қамтитын 569 балалар-жасөспірімдер клубы, 105 балалар-жастар дене дайындығы клубтары қызмет етеді. 2013 жылмен салыстырғанда балалар-жасөспірімдер және балалар-жастар клубтарының саны 22 бірлікке көбейді.

2014 жылдың қорытындысы бойынша 2,6 млн. мектеп оқышуларының 2,6 млн. мектеп оқышуларының 987 мың оқушысы немесе 37,7% спорт секцияларында айналысты. 2013 жылмен салыстырғанда аталмыш көрсеткіш 27,4% (700 мың оқушы) құрады.

Сала қызметінің маңызды бағыттарының бірі студенттік спортты дамыту болып табылады.

Бүгінгі таңда елімізде 139 ЖОО-ның 64-інде клубтар, ал 71-інде спорт секциялары жұмыс істейді.

2014 жыл қорытындысы бойынша еліміздің ЖОО-да және ОАОО-да спорт секцияларындағы сабақтарда оқитын студенттер саны 278, 6 мың адамды немесе 55,8%-ды (2013 жылы - 46%-ды немесе 263 мыңға жуық адамды) құрады.

Елімізде жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын мүгедектердің саны артқаны байқалады, 6%-дан (12 мың адам) 2009 жылы 9,2%-ға дейін (22582 мың адам), 2014 жылы (2013 жылы - 8,7%).

Бүгінгі таңда республикада денсаулық мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған 9 спорт клубы қызмет істейді.

2014 жылы «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» құрылды.

Жыл сайын 5 мыңнан астам мүгедек спортшының қатысуымен әр түрлі санаттағы мүгедектерге арналған 40-тан астам халықаралық және республикалық чемпионат және турнир өткізіледі.

2014 жылы еңбек ұжымдарында дене шынықтыру және спортпен шұғылданатындар саны 1,6 млн адамды немесе экономикалық белсенді халықтың 15%-ын құрады. Дене шынықтыру ұжымдарының саны 2014 жылы 19,3 мыңды құрады.

Дене шынықтыру және спорт ұжымдарында барлығы 92,5 мың спорт секциясы құрылды, оларда 3,3 млн. адам, соның ішінде ауылда – 1,6 млн. адам сабақпен қамтылды.

Өңірлерде бұқаралық спортты дамыту бойынша тиімді жұмысты ұйымдастыру мақсатында, аудандық деңгейде дене шынықтыру және спорт мәселелері жөнінде дербес бөлімдерді ашу жөнінде жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта аталған бөлімдер Қарағанды (18-дің ішінде 1 дербес бөлім), Батыс Қазақстан (13-тің ішінде 2 бөлім) және Павлодар облыстарын (13-тің ішінде 4 дербес бөлім), сондай-ақ, Алматы және Астана қ.қ.) қоспағанда, іс жүзінде барлық облыстарда ашылды.

2014 жылы сегіз аймақта (Алматы, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстары) 18 ДСК құрылысы басталды. Соның ішінде 5-еуі 2014 жылдың соңында пайдалануға берілді, 2-еуін ағымдағы жылдың екінші тоқсанында, 2 – еуін үшінші, ал қалғандарын – төртінші тоқсандарда аяқтау жоспарлануда.

2014 жылғы шілдеде «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және Астана қаласының әкімдігі арасында өзара әрекеттестік туралы меморандумды іске асыру аясында Астана қаласында велосипед жолы инфрақұрылымын құру бойынша бірінші кезеңі басталды (200 велосипеді бар 40 велосипед станциясы).

Салауатты өмір салты орталығымен бірге 34 мыңға жуық спорттық-бұқаралық іс-шара мен акция өткізілді.

2014 жылы республикада маңызды халықаралық және республикалық спорттық іс-шара және жарыс өткізілді, соның ішінде ұлттық спорт түрлерінен Қазақстан чемпионаты, елде алғаш рет өткізілген аударыспақ бойынша Азия чемпионаты, велосипед спорты бойынша Азия чемпионаты, стритворк-аут бойынша Әлем чемпионаты, сондай-ақ, халықаралық турнир, ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өткізілді.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесіне қазақ күресі бойынша «Қазақстан Барысы» республикалық турнир, «Еуразия Барысы» екінші халықаралық турнирі және алғашқы рет – «Әлем Барысы» өткізілді, оған әлемнің 33 елінің өкілдері қатысты.

Тараз қаласында Қазақстан Республикасы ІІ жазғы Ауыл жастары ойындары, Өскемен қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жүлдесіне V-ші Халық спорты ойындары өткізілді.

Спортшылар ұлттық спорт түрлері бойынша Шолпан Ата (Қырғызстан) қаласында Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысты, онда 22 қатысушы ел арасында Қазақстан құрамасы 2-ші жалпыкомандалық орынды иеленді.

Ұлттық құрама командалардың 2014 жылғы Нанкин қаласындағы (Қытай) 2-ші жазғы жасөспірімдер ойындарына қатысып, спортшылардың 3 алтын, 1 күміс және 4 қола медальды жеңіп алып, 21-ші жалпы командалық орынды иеленіп, өткен ойындардың нәтижелерін жақсартқанын атап айту керек.

2014 жылғы Инчеон қаласында өткен (Корея Республикасы) 17-ші жазғы Азия ойындарында ұлттық құрама команда 84 медальді жеңіп алып (28 алтын, 23 күміс және 33 қола медаль) 4 орынға жайғасты.

Жалпы, спорт саласында өткен кезеңде олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрінен 571 оқу-жаттығу жиыны өтті. Еліміздің құрама командалары 412 халықаралық жарысқа және 449 республикалық жарысқа қатысты, қорытындысы бойынша әр түрлі дәрежедегі 750 медальді жеңіп алды.

2014 жылы 1 139 жаттықтырушы-оқытушы біліктілігін арттыру курсынан өтті.

Қазақстан Республикасы Президентінің Халықаралық «Болашақ» стипендиясы шеңберінде 7 маман Ресей Халықаралық Олимпиада университетінде оқыды. Қазіргі таңда Белорусиядағы Жоғары жаттықтырушылар мектебінде хоккей бойынша 10 бапкер және велосипед спорты бойынша 1 бапкер шеберлігін арттыруда.

2014 жылдың Халықаралық бокс қауымдастығы (AIBA) және Қазақстан бокс федерациясы арасындағы келісім негізінде салынған Алматы қаласында AIBA Дүниежүзілік бокс академиясының ашылуы маңызды оқиғаға айналды.

Саланың заңнамалық базаны жетілдіру аясында 2014 жылы жаңа редакциядағы «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңның және оны іске асыру бойынша бірқатар нормативтік құқықтық актілердің қабылдануы қамтамасыз етілді.

Дін саласы

Елімізде 18 конфессиялардың мүдделерін білдіретін 3,5 мың діни субъектілер қызмет етеді.

Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру аясында ақпараттық-мүсіндіру жұмысына, қоғамда төзімді діни сана мен радикалды идеологияға деген иммунитетті қалыптастыруға екпін жасалынған.

Өңірлерде мемлекеттік органдардың қызметкерлерінен, дінтанушылардан, теологтар мен дәстүрлі дін басыларынан құралған 4 мыңнан астам адамды құрайтын 708 ақпараттық-насихат топтарының (АНТ) жұмыс жүйесі ұйымдастырылды. АНТ жұмыстарының нәтижесінде 1,5 млн. астам адамды қамтыған әртүрлі сипаттағы 17 мыңға жуық іс-шаралар өткізілді.

Өңірлерде әкімдіктердің қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында дін саласында коммуналдық мемлекеттік мекемелер формасындағы Дін мәселелерін зерттеу жөніндегі орталықтар құрылып, белсенді қызмет атқаруда.

Деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі «Қызу желі – 144» тәуліктік ақпараттық-консультациялық орталықтың қызметі ұйымдастырылған.

Дін саласының өзекті мәселелерін ақпараттық жариялау аясында Дін істері комитеті, жергілікті атқарушы органдар орталықта және өңірлерде діндердің өзекті мәселелері бойынша ақпараттық сипаттағы 4,3 мың материалды (Интернеттегі, БАҚ-тағы басылымдар, мақалалар, видеороликтер, видеосюжеттер) жарыққа шығарды.

Интернет-кеңістіктегі ақпараттық жұмыс жанданды: «E-islam» Интернет-порталы құрылды, блоггерлік топтар жұмыс істейді, құқыққа қайшы контекстегі сайттарды айқындау үшін мониторинг ұйымдастырылған.



Тілдер және қоғамдық-саяси жұмыс саласы

2014 жылы Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасының екінші кезеңі басталды.

Аталмыш кезеңнің аясында мемлекеттік тілді зерделеу және қолдану аясында жаңа стандарттарды, технологиялар мен әдістерді енгізу жөніндегі практикалық шаралар кешені іске асатын болады, қазақ тілін оқытатын орталықтардың аккредиттелген желісін құру жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.

Қазіргі таңда республика бойынша тілді оқытатын 351 орталық жұмыс істейді. Оландың ішінде 89 орталық – мемлекеттік. Орталықтар барлық техникалық және оқу-әдістемелік құралдармен жабдықталған.

Орталықтардың жұмысын біріздендіру мақсатында ересектерді ҚАЗТЕСТ сәйкестендірілген бағалау жүйесімен оқыту стандарттары, сондай-ақ оқу-әдістемелік кешен әзірленген.

2014 жылдың ішінде 38 баспа жобалары әзірленді, солардың ішінде – оқу-әдістемелік құралдар, энциклопедиялар, балалар үшін кітаптар, сөздіктер мен жинақтар. «Қазақ тілін шетел тілі немесе екінші тіл ретінде оқыту» үлгілік оқу-әдістемелік кешен әзірленді.

Қазақ тілін үйрену және тиісті контентті қалыптастыру үшін телевизиялық бағдарламалар жүйелі түрде әзірленеді. 2014 жылы жетекші республикалық телеарналар тарапынан сұранысқа ие «Күнікей және оның достары» 50-сериялық балалар анимациялық фильмі әзірленді.

Этникалық топтардың өкілдеріне ана тілдерін оқыту бойынша мемлекеттік қолдау жүйелі түрде көрсетіледі. 2014 жылы Қазақстанның этникалық топтарының тілдеріне оқытудың полилингвальдық инновациялық әдістемесі әзірленді. Жоба екі бағытта әзірленген: түркі (қазақ, түрік және әзірбайжан тілдерін үйрену) және славяндық (қазақ, орыс және украин тілдері).

Шетелде тұратын отандастарды қолдау мақсатында Еуропада дәстүрлі Қазақтардың кіші құрылтайы және өнер фестивалі өткізіледі.

ҚР «ҚР Тілдер туралы» Заңын орындау жөніндегі тексерістер тұрақты негізде жүргізіледі.


Азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл

Министрлік мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы уәкілетті орган ретінде мемлекеттік органдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіруді іске асырады.

2014 жылы 10 орталық мемлекеттік органдар мен 16 өңірлік әкімдіктердің 1 961 әлеуметтік маңызды жобаны іске асыру үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы 6 849,1 млн.теңгені құрады, соның ішінде 1 407,7 млн.теңге – республикалық бюджет және 5 441,3 млн.теңге – өңірлік.

Министрліктің қолдауымен өткізілетін ауқымды қоғамдық-саяси іс-шаралар – Қазақстан халқы Ассамблеясының жыл сайынғы сессиясы, Саясаттанушылар конгресі, «Жібек жолы бойындағы сұхбат» Халықаралық мәдениеттанулық жоба, «АӨІСШК елдері халықтарының ұлттық мәдени орталықтарының форумы» және басқалар.

Министрліктің бастамасымен 2014 жлы Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа қатысты мемлекеттік сатып алуларды іске асыру ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар ҮЕҰ жобалары аясында аванстық төлемдер мен келісім-шарттарды орындауды қамтамасыз ету мәселесін шешуге, әлеуметтік жобаларды бағалаудың жаңа критерийлерін енгізуге мүмкіндік берді.

2014 жылы Азматтық Альянспен бірлесе ҮЕҰ үшін гранттар мен премиялар көзделген заң жобасы ілгеріленді. Бұл заң мемлекет пен ҮЕҰ халықаралық стандарттарға сәйкес ынтымақтасудың жаңа деңгейін әзірлеуді ұсынады.


Мұрағат ісі

2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республиканың мемлекеттік мұрағаттарында едәуір ақпараттық ресурс шоғырланған. Онда әртүрлі тасығыштарда құжаттарды сақтаудың 23 млн.-ға жуық бірлігі бар.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тікелей бағынысында 7 мемлекеттік мұрағат мекемесі бар. Олар республикалық бюджеттен қаржыландырылады.

Жыл сайын республиканың мемлекеттік мұрағаттарына мұрағаттық анықтамаларды және мұрағаттық анықтамалардың көшірмелерін беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін 300 мыңнан астам өтініштер келіп түседі. Республиканың және оның өңірлерінің саяси, экономикалық, мәдени даму мәселелері бойынша 30 мыңға жуық тақырыптық сауалдар орындалады. Мемлекеттік мұрағаттардың оқырмандар залы арқылы қолданушыларға жыл сайын 1 млн. астам істер беріледі.

Мұрағаттық іс және құжаттама саласындағы уәкілетті орган ретінде Министрлік 14 облыстық, 2 қалалық (Астана, Алматы ққ.) мұрағаттық істі басқару органдарының, сондай-ақ жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын 215 облыстық, қалалық, аудандық мемлекеттік мұрағаттар мен олардың филиалдарының жұмысын үйлестіреді және бақылайды.

Тұрақты негізде ұйымдастырушылық-әдістемелік басқару және мемлекеттік бақылау жолымен іс-қағаздарды жүргізу жағдайы мен ведомстволық мұрағаттарда тексерулер жүргізіледі. Республикалық деңгейдегі 1 мыңға жуық ұйымдар бақылаудың субъектілері болып табылады. Жергілікті атқару органдарымен жергілікті маңыздағы 15 мың ұйымға қатысты сәйкес жұмыс жүргізілуде.

Құжаттардың құндылығына сараптама жүргізуге, мемлекеттік және ведомстволық мұрағаттарда құжаттарды сақтаудың мерзімі мен шартын анықтауға уәкілетті Орталық және өңірлік сараптамалық-тексеру комиссиялары тұрақты түрде қызмет етеді.

Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде республиканың мұрағаттық қорын Қазақстан тарихы бойынша раритетті құжаттық деректермен толықтыру бойынша жұмыс белсенді түрде жүргізілуде.



Қазақстан Халықаралық мұрағаттар кеңесінің (ХМК) толық құқықты мүшесі болып табылады. 2014 жылдың қыркүйек айында Астана қаласында Халықаралық мұрағаттар кеңесінің (ХМК) «ЕВРАЗИКА» Евроазиаттық өңірлік бөлімінің ХV Жалпы конференциясы, ТМД мемлекеттер-қатысушалары мемлекеттік мұрағаттық қызмет басшыларының Консультативтік кеңесінің отырысы, сондай-ақ «Мұрағаттық құжаттарды сақтауды қамтамасыз етудің өзекті проблемалары» атты Халықаралық конференция өткізілді.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет