Красногорский кентінің әкімі Алферов В.И.
2012 жылдағы әлеуметтік-экономикалық даму туралы
ақпараты
Округтің 2012 жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебі және 2013 жыл міндеттері туралы баяндауға рұқсат етіңіздер.
Красногорский кенттік округіне 3 елді мекен кіреді: Красногорский к., Калачи с., Игілік ауылы. Барлық халқының саны 1228 адам, халықтың еңбекке қабілеттісі – 670, оның ішінде жұмыс істейтіні-408, жұмыс істемейтіні-217, зейнеткерлер-302, мүгедектер-45, 18 жасқа дейінгі балалар-256, жалғыз басты қартайғандар-85, округ бойынша барлық отбасы-490.
Халықтың этникалық құрамы: қазақтар 31%, орыстар 35% және басқа 11 ұлттан округ аумағында тұратындар- 34%.
2012 жылы округте 13 адам дүниеге келсе, 26 адам қайтыс болған.
Халық саны ішкі және сыртқы көші-қоныс есебінен өткен жылмен салыстырғанда 9,6%-ға кеміген.
2013 жылдың 1 қаңтарындағы округтегі қосалқы шаруашылық:
- ІҚМ - 1070; жылқы – 144; шошқа– 2786; ешкі, қой – 921; құс – 3218.
Кенттік округ әкімінің жұмысы Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес мемлекеттік саясат пен мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ету, округ аумағында Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президент пен Үкімет актілерін, облыс және аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін ұйымдастыру және орындау жөніндегі жылдық және айлық жоспарларға сәйкес жүргізіледі.
Өткен уақыттарда әкіммен мынадай мемлекеттік қызметтер көрсетілді:
- азаматтардың жазбаша өтініштерін бақылаумен қарау – 16;
- кент әкімінің қабылданған шешімдері мен өкімдері – 51;
- жасалған азаматтық хал актілері -46;
- ресімделген АӘК, балалар мен аналарға жәрдемақы –32 отбасы;
- ресімделген тұрмыстық жәрдемақы – 115 отбасы;
- мерей той иелеріне ресімделген жәрдемақы – 6 тұрғынға;
- қосалқы шаруашылықты есепке алуға және округтегі барлық халықтың әлеуметтік картасын құру үшін үй аралау жылына 1 қаңтарға және 1 шілдеге екі рет жүреді;
- мерекелі және мерейтойлар күндері ұйымдастырылып, өткізіледі.
Округтің әлеуметтік-экокномикалық дамуының базасы ауыл шаруашылығында, округтің әлеуметтік-экокномикалық дамуының өзекті мәселесі де сол Калачи селосында не Игілік ауылында шамалы шаруашылықпен (дәнді дақылдар өсіру) айналысатын ұсақ шаруа қожалықтарынан басқа бір үлгідегі ауыл шаруашылық кәсіпорнының жоқтығы.
Округте 29 шаруа қожалығы және 3 «Аба», «Жана Жер», «Шаңырақ Р» ЖШС тіркелген. Жер алаңы 54858 га, оның ішінде жыртылғаны 31010 га. Орташа егіс өнімі биылғы жылы округ бойынша гектарына 7,6 ц. құрады. Округтегі шаруа қожалықтары мен ЖШС «Игілік» қоғамдық қайырымдылық қоры Қорғаншылық кеңесінің өтінішіне белсене қатысып, Есіл аудандық орталық ауруханасының күрделі жөнделуіне қаржылық ауқымды көмек көрсетті, «Игілік» ҚҚҚ атқарушы директорының сөзіне қарағанда бұл шараға ш/қ мен ЖШС барлығы бірдей үн қоспағандары белгілі болды, олар: «АБА» ЖШС, «Жана Жер» ЖШС, «Кристина» ш/қ; «Хлебороб» ш/қ; «Диос» ш/қ; «Гульдана» ш/қ. Округте 3000 га шамасында жер алаңдары мақсатты пайдаланылмай тұр, осы жерлер өзінің іскер иесін тауып, округтің егістік алаңын кеңейтсе дейміз.
2012 жылы Красногорский кенті әкімдігі шаруашылық субъектілерімен жалпы көлемі 1.335.000 мың теңгеге меморандумдар бекітті.
«Ас-Мади» ш/қ басшысы Әлібеков К.К. 80 000 мың теңге көлеміне меморандум бекітілген.
«Шагинян» ЖК басшысы Шагинян С.А. 985000 мың теңге көлеміне меморандум бекітілген.
«Клюев» ш/қ басшысы Клюев Л.Т. 15 000 мың теңге көлеміне меморандум бекітілген.
Игілік селосының «Талғат» ш/қ басшысы Бурин Е.М. Игілік селосынан қоқыстар мен ТҚҚ шығару үшін жалпы сомасы 52 000 мың теңге көлеміне меморандум бекітілген.
«Виктория» ш/қ басшысы Гетманов С.Н. 101 000 мың теңге көлеміне меморандум бекітілген
«Шаңырақ Р» ЖШС басшысы Рахметов У.С. 102 000 мың теңге көлеміне меморандум бекітілген
Халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қорғау аудандық бюджет есебінен жүзеге асырылуда. Округте атаулы әлеуметтік көмек көрсету және 18 жасқа дейінгі балалары бар отбастарына мемлекеттік жәрдемақы тағайындау бойынша екі учаскелік комиссия жұмыс істейді. Әлеуметтік карта құруда қамтылуы нашар отбастарының есебі жүргізіліп, ең төменгі күн көріс кірісінен төмен 39 отбасы анықталған. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті 657 мың 134 теңге көлеміне 12 отбасы алады. 18 жасқа дейінгі балалары бар отбастарынан мемлекеттік жәрдемақыны 341 мың 346 теңге көлеміне– 20 отбасына берілді.
Жалғыз басты қартайғандар мен мүгедектерге көмек көрсетілді. Сегіз әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді, олар 48 еңбек ардагерлеріне қызмет көрсетеді. Аудандық бюджеттен округтегі мерей тойларға (80 жас) 6 адамға 48 мың 540 теңге, 345 мың 520 теңге материалдық көмек бөлінді, – 1 миллион 382 мың 303 теңге тұрмыстық жәрдемақы төленді.
Жұмыссыздарды төлемді-қоғамдық жұмысына жіберудің жылсайынғы жұмысы атқарылуда. 2012 жылы округ бойынша 22 жұмыссыз жұмысқа тартылып, 1 миллион 537 мың 359 тенге төленді.
«Жұмысаен қамту -2020» бағдарламасы бойынша мектеп бітірген екі жас облыс коледжінде оқып жатыр, Красногорский кентінен 3 отбасы Бурабай ауданына, 2 отбасы Ақкөл ауданына көшірілді.
Округ елді мекендерінде барлық талаптарға жауап беретін 2 мектеп бар. 2012 жылы ҰБТ тапсыруға Калачи орта мектебі қатыспады, ал Игілік орта мектебінің орташа балы 65 пайызды құрады. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құрметіне мектеп мұғалімдері Епишина Т. В. және Құдайбергенова Т. Р. аудан әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Оқушылар селода және ауданда өткізілетін барлық мәдени, білім беру және спорттық ісшараларға қатысады. Ыстық тамақпен 80 оқушы қамтылған. Аудандық бюджеттен жаппай білім бойынша қамтылуы нашар отбастарының балаларына тамақтануға 1 миллион 393 мың теңге бөлінді. 2012 жылы ЖК Шагинян С. А. демеушілік қолдауымен Калачи орта мектебінің су өткізу жүйелеріне L – 270 метр құдықтан су тарату қондырғысы орнатылып күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді. 2013 жылы Калачи орта мектебінің жөнделуіне ақша бөлінді. Игілік орта мектебінің жөнделуі 2014 жылға жоспарланып отыр.
Мәдениет нысандары – 2.
Красногорский к. «Орион» мәдениет үйі басшысы Михайлова Т.В. кент әкімдігімен, кітапханашымен, Калачевский орта мектебінің директорымен, қоғамдық ұйыммен, «Сарбаз» полиция көмекшілерімен, ветерандар бастауыш ұйымы кеңесімен тығыз байланысып жұмыс істейді. Қоғамдық ұйымдармен бірлесіп округте 129 ісшаралар өткізіліп, оған 9551 адам қатысты. Қатысу коэффициенті 47 пайызды құрады. Ш/қ басшылары Әлібеков К. К., Гетманов С. Н., Клюев, Л. Т., Керимов С., Бейсен Б. М., жеке кәсіпкерлер Әлібеков Р. Т., Винтерголлер Л. А., Мусабекова Г. К., Жангазина К. А., Липанова Л. И., Цюпка Л. Н. округтегі мәдени-көпшілік ісшараларын өткізуде көмек көрсеткендері үшін алғысымызды білдіреміз.
«Орион» мәдениет үйі жанынан ашылған көркем шығармашылық үйірмелері жұмыс істейді, би үйірмесінің басшысы Михайлова Т. В., вокаль – басшысы Аршинцева Т. Ю. Барлық көркем шығармашылық ұйымдары кенттегі және аудандағы өткен ісшараларға белсене араласады. Игілік селосына шығарылып көркем өнерпаздар көнцерті берілді.
Қазіргі өзекті мәселелер – бишілерге аяқ киімдер сатып алу (пуанттар, етік, туфли), компьютер қажет, түрлі жарықты аппаратура және 0,5 ставка музыкалық қызметкер жұмысын орындаушы мәдени ұйымдастырушы бірлігі.
Красногорский к.орталық кітапханасы, басшысы Ефремова Н.В.
Кітап қоры 11118 дананы, оқырмандар саны 700 адамды құрайды. 2012 жылы кітапханаға 505 дана түскен.
Кітапхана жанынан «Хозяюшка» клубы құрылған. Айына бір рет отырысы өткізіледі. Клуб төрайымы Першакова О.М.
Красногорский кентінде 10 орында күндізгі стационарлық аурухана жұмыс істейді. Ауруханаға жыл ішінде 6533 адам қатысқан, оның ішінде балалары -2549, күндізгі бөлімде 347 адам емделген. Флюрография бойынша жоспар 93% орындалған. 2012 жылы облыс әкімдігінен жаңа «жедел жәрдем» машинасы бөлінді.
Біздің округте «Сарбаз» полициясы көмекшілері қоғамдық тобы ұйымдастырылып және жұмыс істейді, олар округтегі қоғамдық тәртіпті сақтауда, жастармен жұмыс жасауда біраз жұмыстар атқарып жүр. «Сарбаз» тобымен орындалған жұмыстар үшін Юркова Н. В.және Газизова Л. И.алғысымды білдіргім келеді. Учаскелік инспекторға облыс әкімдігінің көмегімен жеңіл автомобиль бөлінген.
Красногорский кентінің аумағында машина қорабын жасайтын автомобильдердің жөндеу орыны жұмыс істейді (басшысы Юрков В.А.).
Кербер Р.Р ЖК валдарды жону участогы бар.
Мал шаруашылығы кешендері жұмыс істейді, «Виктория» ш/қ басшысы Гетманов С.Н., «Күнсұлу» ш/қ басшысы Бейсен Б. және «Ас-Мәди» ш/қ басшысы Әлібеков Қ.Қ.
Игілік селосын сумен қамту 20 құдықпен жүзеге асырылуда, олар ауыл тұрғындарының тұратын жеке аулаларында орналасқан. 2012 жылы Игілік селосының су өткізу жүйелері коммуналдық меншікке өткізілген және Есіл ауданының ТКШ бөлімі Игілік селосының су өткзу жүйесін жөндеуге СЖҚ дайындауда.
Калачи с. сумен қамтумен «Шагинян» ЖК айналысады.
Калачи с. су өткізу жүйелерін иесіз деп таныту туралы құжаттардың толық пакетімен қуынымдық өтініш аудан әкімдігінің құқық жұмыстары бөлімінде және жыл басында сот берілетін болады.
Қазіргі өзекті мәселелер – V – 400 м3 сыйымдылығымен су жинайтын ыдыс жарамсыз болып қалды.. Жөндеу үшін металл қажет. Бұл мәселені біз өз қаражатымызбен шеше алмаймыз.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құрметіне жеке кәсіпкер Шагинян С. А. Ақмола облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Красногорский кентінде сумен қамтумен «Аршинцев» ЖК айналысады.
2012 жылы ауданның көмегімен және ш/қ басшысы Гетманова С. Н. демеушілік көмек көрсетуімен ұңғыманың үрлегіші ауыстырылды және ұңғымада L – 40 м су құбырына күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді. Аудан әкімдігі су көтеруге қолданылған электроэнергиясының төлеміне көмектесті.
Су аптасына 3 рет 4 сағаттан кестемен беріледі. Канализациялық жүйе септик түрінде жұмыс істейді, септиктер толған кезде ассенизациялық машиналармен сорылып шығарылады.
Қазіргі өзекті мәселелер – су көтеруде қызмет жасап жүрген жұмысшылардың еңбегінің төлемі.
2012 жылдың желтоқсан айында округте 42 «Отау - ТВ» телевизиялық тарелкасы орнатылды:
Красногорский к. – 9 шт.
Калачи с. – 26 шт. оның ішінде 2 шт. «Ас- Мади» ш/қ басшысы Алибекова К. К.өз қаражаты есебінен зейнеткерлер Казак М. Я. және Малова В. М.орнатты;
Игілік ауылы – 7 шт.
Жол жағдайлары қанағаттанарлық. 2012 жылы Есіл – Красногорский жолдарына «Шанырак Р» ЖШС, «Жана-Жер»ЖШС және «Ас-Мади» ш/қ демеушілік көмегі арқасында күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді. Красногорский кентіндегі балка арқылы өтетін көпірге күрделі жөндеу жұмысы және Красногорский кентіне кіре беріс жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қысқы уақытта жолға «Мираш» ЖШС қызмет көрсетеді, аудандық бюджеттен 2013 жылға округтің кіре беріс жолдарын қардан тазартуға 243 мың теңге бөлінген.
Облыс орталығына автобуспен қатынас бар, бірақ үзілістермен жазда жолдың нашарлығы, қыста борандар. 2012 жылы «Ас-Мади» ш/қ демеушілік көмегімен Есіл қ. – Красногорский к. автобус маршруты ашылған. Автобус қозғалысы аптасына 3 рет дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері, автобусқа 5 адамнан кем отырмайды.
Округтің барлық елді мекендерінде санитарлық тазалық, көркейту және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді, дегенмен орындалған жұмыстар жеткіліксіз, әрбір тұрғын өз селосының санитарлық тазалығы мен көркеюіне өз үлесін қосып ат салысуы қажет. Егер селода санитарлық тазалық бойынша жұмыстар жүруі жалғаса беретін болса, онда Красногорский к. бұл жұмысты біз белгіленген бағдарламасыз орындай алмаймыз.
2013 жылдың міндеттері
1. Округтегі санитарлық тазалық жұмысын жалғастыру.
2. Калачи селосының су өткізу жүйелерін коммуналдық меншікке өткізу жұмысын аяқтау.
3. Округтегі иесіз мүліктерді анықтап және заңдастыру жұмыстарын жалғастыру.
4. Калачи селосының тұрғындарының жылжымайтын мүліктеріне құқық куәландыру құжаттарын ресімдеу жұмыстарын жалғастыру.
Красногорский кентінің әкімі В.Алферов
Достарыңызбен бөлісу: |