Мәдениеттің негізгі типтері Орындаған: Жүнісбай Жансая



Дата18.10.2023
өлшемі64.05 Kb.
#481058
№3 мәдениеттану






Мәдениеттің негізгі типтері




Орындаған: Жүнісбай Жансая
Тексерген философия ғылымдарының докторы: Игисинова Нураш Бекпауовна

Архаикалық мәдениет


Архаикалық мәдениет — адамзат мәдениетінің бастамасы. Ол қашан және қай жерде пайда болды? Бұл сұрақтарға нақты жауап беру оңайлыққа соқпайды, өйткені адамңың қалыптасу процесінің тарихы тереңде жатырАрхаикалық мәдениет — адамзат мәдениетінің бастамасы. Архаикалық мәдениет қашан және қай жерде пайда болды? Бұл сұрақтарға нақты жауап беру оңайлыққа соқпайды, өйткені адамңың қалыптасу процесінің тарихы тереңде, сонау көне заманда жатыр. Ақиқатқа жүгінсек, қазіргі антропология ғылымының өзі де адамзат баласының қалыптасып, дамуына байланысты туындайтын көкейтесті мәселелерге егжей-тегжейлі жауап бере алмайды. Алғашқы қауымдық құрылыс адам баласының өсіп дамуындағы, адамдық жолға түсе бастауының ең алғашқы кезеңі болды және оның жүздеген мыңжылдықтарға созылғаны ақиқат. Оған басты дәлел ретінде адамдардың ең алғашқы еңбек құралдарының пайда болғанына 2,5 миллион жылға жуық уақыт өткендігін айтсақ та жеткілікті.
Дүние жүзінде жүргізіліп жатқан археологиялық жұмыстардың нәтижесінде алғашқы адамдардың қоныстары ашылып, олардың тастан жасалған құрал-саймандары көптеп табылуда. Олай болса, археология ғылымының ғылыми зерттеулерінің дәл осы тас құралдардан басталуы да тегіннен-тегін емес сияқты. Ғалымдардың пікірінше, алғашқы қауымдық құрылыс үш дәуірге бөлінеді. Олар: тас дәуірі, қола дәуірі және темір дәуірі. Тас дәуірінің өзі дүниежүзілік гылымда бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Көне тас дәуірі (палеолит) «Палеолит» термині гректің «палайос» — көне, «литое» — тас деген сөздерінен алынған, орта тас дәуірі (мезолит), жаңа тас дәуірі (неолит). Археология ғылымы саласындағы мұндай ғылыми тұжырым XIX ғасырда қалыптасқан. Тас дәуірі бұдан 2,5—2,6 миллион жылдай бұрын басталып, біздің заманымаздан бұрынғы екі мыңыншы жылдықтың басына дейін созылған.
Өз кезегінде тас дәуірінің өзі үш кезеңге бөлінеді: бірінші тас дәуірінің ең алғашқы кезеңі — б.з.б 1—2 миллион жыл мен біздің заманымаздан бұрынғы 140 мыңыншы жылдар арасын қамтыса, ал екінші — көне тас дәуірінің орта кезеңі біздің заманымаздан бұрынғы 140 мыңыншы жылдан біздің заманымаздан бұрынғы 40 мыңыншы жылдар, ал үшінші кезеңі — көне тас ғасырының соңғы кезеңі — бұл біздің заманымаздан бұрынғы 400 мыңыншы жылдан — 10 мыңыншы жылдың арасын қамтиды
Кейінгі палеолиттің басты дәуірлері олжа табылған қоныстардың атымен аталады.




Отырықшы мәдениет



Отырықшылық – халықтың бір жерде қоныстануы, тұруы. Жергілікті жер жағдайы мен табиғат ерекшеліктеріне байланысты Қазақстанды ерте заманда мекендеген көне түркі тайпалары ғасырлар бойы көшпелі мал ш-мен айналысты. Дегенмен өзен-көл жағалаулары мен құнарлы аймақтарда егіншілік те қатар дамыды. Қазақстан жерін мекендеген түркі тілдес тайпалар 6 ғ-да Ертіс өңірінде, Сыр бойында және Жетісуда егіншілікпен айналысып, отырықшылық өмірге дағдылана бастады
6 – 7 ғ-ларда Түрік қағандығы тұсында Шу, Талас, Сырдария аңғарларында мал ш-мен қатар егіншіліктің де дамуы О-ты жеделдетті. Далалық солт. Аудандарда бұ процесс баяу жүрді.
6 – 7 ғ-ларда қазақ жері арқылы Орта Азияны Қытаймен байланыстырған “Ұлы Жібек жолы” өтті. Бұл жол бойында отырықшыл Суяб, Құлан, Тараз, Меркі қ-лары болды. Тұрғындары саудамен де, егіншілікпен де айналысты.
8 – 10 ғ-ларда қарлұқ тайпалары Қазақстанның Балқаш пен Ыстықкөл аралығын, Іле, Шу, Талас аңғарларын, Тянь-Шань баурайларын қоныстанып, отырықшылық өмір салтын ұстанды.
Осы мемлекеттің солт.-батыс жағында Сырдарияның орта және төм. Ағысында және осыған жапсарлас Батыс Қазақстан даласында 9 – 10 ғ-ларда өмір сүрген оғыз тайпаларының мемлекетінде отырықшылықпен айналысқан Суяб, Тараз, Жент, Жаңакент қ-лары болды.
Жетісудың оңт.-батысындағы Құлан, Ақтөбе, Меркі, Жуантөбе қалалары Қырғыз жотасындағы өзендер бойына салынып, өркендеді, отырықшылықтың басты белгілері саналған қолөнер мен сауда орт-тары стратег. Маңызға ие болды.














Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет