Медицина факультеті



Pdf көрінісі
Дата29.01.2022
өлшемі427.54 Kb.
#454935
3ОБӨЖ пульмонология оқу әдістемелік нұсқау 2020-2021- (1)



 

 

Ф-ОБ-012/063 

 

 



ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК 

УНИВЕРСИТЕТІ 

 

  

МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІ 

 

 

«ПРОПЕДЕВТИКА ЖӘНЕ ІШКІ АУРУЛАР» КАФЕДРАСЫ 

 

 

 

 

ІШКІ АУРУЛАР  НЕГІЗДЕРІ  ПӘНІНЕН БІЛІМГЕРДІҢ ОҚЫТУШЫМЕН БІРЛЕСЕ 

ОРЫНДАЛАТЫН ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН  

ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ 

 (пульмонология циклы) 

 

 

 

 

  

 

Курс 4 

5В130100 – Жалпы медицина 

 

 

                                  

 

                                                 



  

                                        Құрастырушы:  оқытушылар           Мамутова А.Е. 

                                                                                                К.С. Абдирамашева 

 

 

 

 

 

 

 

                                      Түркістан  2021-2022 оқу жылы 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

Ф-ОБ-012/063 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

Ф-ОБ-012/063 

 

 



1. Тақырып №3: Бронх демікпесі. Зертханалық-аспаптық зерттеу әдістері.  

2.  Сабақтың  мақсаты:  Бронх  демікпесінің,  бронхэктаз  ауруының  лабораториялық  және 

аспаптық зерттеулер нәтижелерімен таныстыру. 



3.   Оқыту мақсаты:  

Б1.1 ҒАЛЫМ, ЗЕРТТЕУШІ БІЛІМІН ҚОЛДАНУ 

Білім (когнетивті)домені: Қолданады: 

1.Клиникалық-зертханалық және аспаптық зерттеу әдістері; 



Б2.2 ДӘРІГЕР –КЛИНИЦИСТ – НАУҚАСТЫ ЖҮРГІЗУ 

 Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлділік: 

1.Науқастың анамнезін жинауды; 

2.Объективті тексеру әдістерін қолдануды; 

Білім (когнетивті)домені: Анализ: 

3.Қажетті клиникалық-зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерін таңдауды және алынған 

нәтижелерді  талдауды; 

Б2.1 ДӘРІГЕР –КЛИНИЦИСТ – КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ДАҒДЫЛАР 

Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: 

5.Науқаспен,  оның  туыстарымен,  әріптестерімен  және  басқа  да  медициналық 

қызметкерлермен  барынша  сенімді  қарым-қатынас  орнату,  коммуникативті  дағдыларды 

игеру. 


Б2.3 МЕДИЦИНАЛЫҚ ПРОЦЕДУРАЛАР: 

Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлділік:  

-Спирография қортындыларын талдауды. 



4.  Өткізу  түрі: 

науқас  курациясы,  синдромдарын  ажырату,  физикальды  тексеру, 

лабораториялық,  аспаптық  мәліметтерді  талдау,  диагноз  құрастыру,  тиімді  емдеу,  кері 

байланыс.  



5. Тақырып бойынша талқыланатын сұрақтар: 

а) базистік білімі бойынша: 

1.  Өкпенің қалыпты анатомия және физиологиясымен танысу. 

2. 

Өкпеде қабыну процесстерінің механизмдерін білу. 



3. 

Пропедевтика  курсынан:  бронх  демікпесінің,  бронхэктаз  ауруының  зерттеу 

тәсілдерімен танысу. 

б)    сабақ  тақырыбы  бойынша:  науқас  курациясы,  синдромдарын  ажырату,  физикальды 

тексеру, лабораториялық, аспаптық мәліметтерді талдау, диагноз құрастыру, тиімді емдеу  



6. Таратылатын материал: чек листтер, ситуациялық есептер  

 

 

 

КЛИНИКАЛЫҚ ДИАГНОЗДЫ, ТЕКСЕРУ ЖОСПАРЫ МЕН ЕМДІ НЕГІЗДЕУДІ 

ТЕКСЕРУ ПАРАҒЫ 

Білімгердің аты –жөні____________________________________________ тобы: _________ 

Науқастың аты-жөні______________________________________________ 

 



Дағды 

Дағдыларды меңгеруі 

Жоқ 

(0) 


Ия, жетілдіру 

керек (0,5) 

Ия 

(1) 


1. 

 Паспорттық бөлімі 

 

 

 



2. 

 Негізгі шағымдары детализацияланған 

 

 

 



3. 

 Қосымша шағымдары детализацияланған 

 

 

 




 

 

Ф-ОБ-012/063 

 

 



 

Ауру тарихы бойынша мәліметтер жинау 

 

 



 

4. 


 Аурудың  басталуы  (қашан,  қайда,  қалай  басталғанын 

(кенеттен,  біртіндеп),  алғашқы  белгілері  қандай  болды, 

әрі  қарай  барысы:  күшеюі  немесе  үзілмелі  (бір 

қайталауы)).  

 

 

 



5. 

 Аурудың 

әрі  қарай  ағымы  –курацияға  дейінгі 

(симптомдары,    өршу  немесе  басылу  (ремиссия) 

кезеңдері және ұзақтығы. 

 

 



 

6. 


 Науқастың пікірі бойынша аурудың себебі: ауру, уайым, 

қайғы  травма,  ауыр  дене  қызметі,  салқындау,  тамақ 

тәртібін  бұзу  т.с.с.  Әсіресе  емханаға  түсудің  алдында 

болған аурудың өршуінің себебін анықтаған жөн. 

 

 

 



7. 

 Дәрігерлерге  қаралды  ма,  емделді  ме?  Қандай  емдеу 

шаралары  жүргізілді?  Емделсе  емнің  нәтижесі  қандай 

болды?  


 

 

 



8. 

 Қандай  қосымша  лабораториялық-аспаптық  зерттеулер 

жасалды  (қанның,  несептің  анализі,  рентгеноскопия, 

ЭКГ нәтижелері) қандай диагноз қойылды? 

 

 

 



 

Өмір тарихы бойынша мәліметтер жинау 

 

 



 

9. 


 Дертке ықпал ететін маңызды факторларға тоқталды 

 

 



 

10. 


 Қосымша ауырған ауруларын жазды 

 

 



 

 

Физикалық тексеру 

 

 

 



11. 

 Негізгі ауруды растайтын жүйелерді сипаттады 

 

 

 



12. 

 Қосымша ауруларын растайтын жүйелерді сипаттады 

 

 

 



 

Лабораториялық - аспаптық зерттеулердан өткізу 

 

 



 

13. 


 Лабораториялық зерттеу мәліметтері сарапталған 

 

 



 

14. 


 Аспаптық зерттеу мәліметтері сарапталған 

 

 



 

 

Клиникалық диагноздың құрастырылуы 

 

 

 



15. 

 Негізгі ауруы толық құрастырылған 

 

 

 



16. 

 Асқынуы толық құрастырылған 

 

 

 



17. 

 Қосымша аурулары толық құрастырылған 

 

 

 



Ең жоғары балл – 24.   Жинаған балл_______,  пайызы_______%.     Баға беруші: ___________ 

 

7. Қолданылатын   әдебиеттер: 

негізгі:  

1.Ішкі аурулар I том, ІІ том В.С.Моисеев, А.И. Мартынов, Н.А. Мухин,Жалпы ред. бас. Р.С. 

Досмағамбетова, Жауапты редактор: Л.Г.Тургунова. ГЭОТАР-Медиа 2015ж. 

2.Ішкі аурулар. Оқулық В.И.Маколкин., С.И.Овчаренко., В.А.Сулимов. Гэотар-медиа 2014ж  

3.Ішкі аурулар: тестілер және жағдаятты есептер. В.И. Маколкин, В.А. Сулимов, С.И. 

Овчаренко, ГЭОТАР-Медиа 2014ж. 

4. Ішкі аурулар: "Пульмонология" модулі: қазақ және орыс тілінде оқулық. = Внутренние 

болезни: модуль "Пульмонология": учебник на казахском и русском языках. А. М. Жусупова, 

А. М. Ким [и др.]. Литерра 2016ж.  

қосымша:  



 

 

Ф-ОБ-012/063 

 

 



1. Пульмонология циклы бойынша іскерлікке арналған жетекшілік. Оқу-әдістемелік құрал. 

Алимбекова Л.Т., Абдирамашева К.С., Алиева Л.Н., Скендерова А.А., Елеусизова Б.К. 

Түркістан 2014ж. 

2. Пульмонологияның маңызды сұрақтары. Оқу-әдістемелік құрал. ДюсуповаА.А., 

Еспенбетова М.Ж., Жуманбаева Ж.М. Алматы 2012ж 

Электрондық ресурс: 

Ішкі аурулар. Оқулық. 2 томдык. 

В.С. Моисеев, А.И. Мартынов, Н.А. Мухин. 

 Москва : ГЭОТАР-Медиа, 2015ж        

http://www.studmedlib.ru

 

 



8.Бақылау: ситуациялық есептер 

Клиникалық жағдай № 1 

38  жастағы  науқас  әйел  клиникаға  келесі  шағымдармен  түсті:  аптасына  1-2  рет  болатын 

тұншығу ұстамалары 30 минуттан  2 сағатқа дейін созылады, ұстама кезінде қатты қинайтын 

құрғақ жөтелмен құрғақ сырылдар мазалайды. 

Анамнезінен:  өзін  6  жылдан  бері  ауру  санайды.  Ауруын  пневмониямен  байланыстырады. 

Алғашқы  кезде  ұстаманың  ұзақтығы  5-10  минутқа  созылып,  теофедрин,  солутанмен 

басылатын болған. Соңғы екі жылда тұншығу ұстамалары ұзаруына байланысты стационарда 

жиі емделген. 

Соңғы  тұншығу  ұстамасы  2  сағат  бұрын  басталған,  астмапент,  теофедрин  көмек  бермеген. 

Жоғары  тыныс  жолдарының  вирусты  инфекцияларымен,  созылмалы  бронхитпен  ауырады. 

Соңғы  тұншығу  ұстамасы  бір  сағат  бұрын  басталған,  астмопент,  теофедринді  қабылдаудан 

нәтиже болмаған. 

Объективті:  жалпы  жағдайы  орташа  ауырлықта.  Дене  қызуы  37.2  C.  Науқас  ортапное 

қалпында,  дистанциялық  сырылдар  естіледі.  Тері  жамылғылары  құқыл,  жайылмалы 

акроцианоз. Кеуде сарайы күбі тәрізді, өкпенің төменгі шектері төмен ығысқан, перкуссияда 

қорап дыбысы, аускультацияда әлсіреген везикулалық тыныс, тыныс шығару фазасы ұзарған, 

көптеген  құрғақ  ысқырықты  сырылдар  естіледі.  ТЖ  38  рет  минутына.  Пульс  106  рет 

минутына,  жүрек  тондары  әлсіреген,  ырғақты,  өкпе  артериясы  үстінде  ІІ  тонның  акценті 

естіледі. АҚ-120/70 мм.сын.бағ. Курлов бойынша бауыр өлшемдері 10-8-7 cм. 

1. Синдромдарды анықтаңыз 

2. Диагнозды құрастырыңыз 

3. Негізгі диагнозды дәлелдеу үшін ең қажетті қандай зерттеу әдістері 

4. Негізгі ауруды емдеу үшін ең қажетті дәрілерді жазу 

 

Клиникалық жағдай № 2 

Науқас  Т.  28  жаста,  стационарда  процедуралық  кабинетте  медбике  болып  істейді.  2  жыл 

бұрын  пенициллинмен  жанасқанда  тамағының  қышығанын,  мұрнының  біткенін,  ұстамалы 

жөтелдің,  кейіннен  тұншықпа  ұстамасының  пайда  болғанын  айтады.  Үйінде  жағдайы 

жақсарады. 

Аллергиялық  анамнезінде:  анасы  аллергиялық  ринитпен  ауырады.  Науқасты  горизонтал 

қалыпта қарап жатқанда, кенеттен тұншықпа ұстамасы дамып, ол астмопент ингаляциясымен 

басылды.  Мұрнымен  тыныс  алуы  қиын.  Тыныс  алу  актісіне  қосымша  бұлшық  еттері 

қатысады. Перкуссияда өкпе үстінде қорап дыбысы. 

Аускультацияда:  везикулалық  тыныс  әлсіреген,  тыныс  шығару  фазасы  ұзарған,  өкпенің 

барлық  бөлігінде  жөтелгенде  жойылмайтын,  шашыраңқы  дискантты  сырылдар  естіледі, 

тыныс  жиілігі  16  рет  минутына.  Пульсі  98  рет  минутына,  жиі,  екі  қолында  бірдей.  Жүрек 

тондары  анық  емес,  ырғақты.  Іші  жұмсақ,  ауырмайды.  Бауырдың  Курлов  бойынша 

өлшемдері 11-9-7 см, перифериялық ісінулер жоқ. 



 

 

Ф-ОБ-012/063 

 

 



Қанның  жалпы  анализінде:  эрит.  4.5  x  10

12

/л,  гемоглабин  134г/л:  лейкоциттер  8.0  х  10



9

/л, 


эозинофилдер  10%,  нейтрофилдердің:  таяқшаядролылары  2%,  сегментті  ядролылары  68%, 

лимфоциттер 15%, моноциттер 5%, ЭТЖ 12мм/сағ. 

Қақырық  анализінде:  консистенциясы  шыны  тәрізді,  тығыз,  ашық  түсті,  эозинофилдер  өте 

көп мөлшерде, Шарко-Лейденнің біран-саран кристалдары, Куршман ширатпалары бар. 

Кеуде  сарайы  ағзаларының  жалпы  шолу  рентгенограммасында  өкпе  суреті  жоғары 

мөлдірлікте. 

1. Синдромдарды анықтаңыз 

2. Диагнозды құрастырыңыз 

3. Негізгі диагнозды дәлелдеу үшін ең қажетті қандай зерттеу әдістері 

4. Негізгі ауруды емдеу үшін ең қажетті дәрілерді жазу 



 

Клиникалық жағдай № 3 

Терапия  бөліміне  30  жастағы  науқас  басылмаған  экспирациялық  тұншығу  ұстамамен  түсті. 

10 жылдан бері бронхтық астманың инфекцияға тәуелді түрімен науқастанады. Ұстамалары 

беротек  ингаляциясымен  басылып  жүрген.  Соңғы  аптада  жағдайы  ауырлай  түскен,  бета  – 

адреностимуляторлармен  басылмайтын  ұстама,  іріңді  қақырық  пен  жөтел,  қызба  мазалаған. 

Эуфиллин  таблеткасын  қабылдап,  тәулігіне  10-12  ретке  дейін  сальбутамол  ингаляциясын 

қабылдаған.  Қазіргі  ұстама  8  сағат  бұрын  басталған,  қатты  қинайтын  құрғақ  жөтел,  кеуде 

сарайындағы ауырсыну мазалайды. 

Объективті:  жалпы  жағдайы  өте  ауыр,  ортопноэ  жағдайында,  мазасыз,  қозу  күйінде.  Терісі 

жайылмалы  цианозды,  терге  малшыған,  мойын  веналары  білеуленген.  Тыныс  жиілігі 

минутына 30 рет, беткей, тынысқа көмекші бұлшық еттер қатысады. Дистанциялық сырылдар 

жоқ.  Кеуде  сарайы  күбі  тәрізді.  Перкуссияда  қорап  дыбыс.  Тынысы  өте  әлсіз,  жауырын 

аралығында бірте жарым құрғақ сырылдар естіледі.  Жүрек тондары тұйық, семсерше тәрізді 

өсіндінің  үстінде  шоқырақ  ырғақ,  өкпе  артериясының  үстінде  ІІ  тонның  акценті  және 

систолалық шу естіледі. АҚ 100/65 мм.сын.б. пульс 120 рет/мин. жиі, толымсыз. 

Қанның  жалпы  анализінде:  эрит.  6,2  x  10

12

/л,  гемоглобин  140г/л:  гематокрит  50%. 



лейкоциттер 13.0 х 10

9

/л, ЭТЖ 22мм/сағ. 



Кеуде  сарайы  ағзаларының  жалпы  шолу  рентгенограммасында  өкпе  суретінің  ауалығы 

жоғары, оң өкпенің төменгі бөлігінде гомогенді емес инфильтрация. 

1. Синдромдарды анықтаңыз 

2. Диагнозды құрастырыңыз 

3. Негізгі диагнозды дәлелдеу үшін ең қажетті қандай зерттеу әдістері 

4. Негізгі ауруды емдеу үшін ең қажетті дәрілерді жазу 



Document Outline



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет