«Медициналық микробиология» пәніне арналған зертханалық жұмыстардың әдістемелік



Pdf көрінісі
Дата28.09.2023
өлшемі0.82 Mb.
#479064
түріНұсқаулар
Зертханалық нұсқаулар МедМикробиология 23-24-1 (1)



«Медициналық микробиология» пәніне арналған зертханалық жұмыстардың әдістемелік 
нұсқаулары 
Құрастырушылар: Кайырманова Г.К. 
Зертханалық сабақтар мазмұны 
Зертханалық сабақ 1. 
Микробиология зертханасының жабдықталу ерекшеліктері және жұмыс істеу ережелері. 
Микробиологиялық зертханадағы қауіпсіздік ережелері. 
Микроскоптың түрлері және құрылысы. 
Тәжірибелік жұмыстың мақсаты – микробиология зертханасының (оқулық, ғылыми) құрал-
жабдықтарын және жұмыс жасау ережелерін қарастыру. 
Міндеттері: 
- ғылыми және оқулық микробиология зертханасының ерекшіліктерімен және құрал-
жабдықтарымен танысу; 
- микробиология зертханасында жұмыс істеу ережелерін талдау. 
Микробиологиялық зертханада студенттер микробиологиялық, серологиялық және басқа да 
зерттеу тәсілдерін меңгеріп, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді, микробиология пәні 
бағдарламасының мәселелерімен танысады. Үстелдердің беті пластикпен, плексигласпен немесе қалың 
шынымен жабылып, ортасына шыны түтіктерге арналған штативтер, бояулар құйылған ыдыстар немесе 
тамызғыштар, спирт шамдары және т.б. қойылады.
Оқу барысын қамтамасыз ету үшін микроорганизмдер өсінділері, қондырғылар және жуу, 
стерильдеу, қоректкі орталарды дайындау, бокс, препарат, термостат, жануарларды күтуге арналған 
виварий және басқа да бөлмелер болуы керек.
Жуу бөлмесінде үстелдер, раковина, электр немесе газ плиталары, кептіргіш, ауа сорғыш шқаф 
судың буы мен шыны ыдыс-тарды жууда қолданылатын реактивтердің иістерін кетіру үшін қажет. Бұл 
жердің едені мен қабырғалары кафельмен қапталады.
Стерильдеу бөлмесінде бір немесе екі бумен стерилбдейтін қондырғылар мен үстелдер болады. 
Стерильдеу бөлмесінде стерилизаторларды ашқаннан кей-інгі шығатын будың қалдықтарын кетіру үшін 
бөлме желдеткіштері болуы қажет. Қысымның көтерілуіне дейінгі пайда болатын бу резеңке түтік 
арқылы сыртқы ортаға шығарылады немесе суы бар шелекке бағытталады. Бұл бөлменің есіктері мен 
терезелері сыртқа қарай ашылғаны жөн.
Қоректік орталарды дайындау бөлмесінің қабырғалары плитамен қапталған немесе майлы 
бояумен сырланған, ал еденіне плита немесе линолеум төселеді. Мұнда газ немесе электр плитасы, шыны 
түтіктерге құйылған қоректік орталарға арналған бөліктері бар жәшіктер, үстелдер, қоректік орта 
компоненттерін, ет сорпасын және басқа да сұйық орталарды сақтауға арналған мұздатқыш пен шкафтар 
болады.
Термостат бөлмесінде әр түрлі көлемдегі термостаттар орналастырылады. Зең саңырауқұлақтарды 
өсіруге арналған термостаттың температурасын 20-25°С, көптеген сапрофитті микроорганизмдерге 25-
30°С, жұқпалы аурулардың қоздырғыштарына 35-37°С, ал термофилді микроорганизмдерді өсіру үшін 
40-45°С-ге реттелген термостаттар бола-ды.
Препарат бөлмесі – зертханалық-тәжірибе сабақтарына қажетті құралдарды дайындауға арналған 
жұмыс орны. Бұл жерде оқу барысына керекті барлық жабдықтардың болуы тиіс (мұздатқыш, 
дистиллятор, таразылар, центрифуга, микроскоп және т.б.).
Бокс бөлмесі – стерильді жағдайда микроорганизмдер дақылдарын себу және қайта себу, сонымен 
қатар, кейбір ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде қолданылатын бөлме. Бокстың жылжымалы есігі 
бар тамбуры болады. Бокстың терезесі сыртқы ортадан ауа кірмейтіндей әйнектеліп, қабырғалары 
плиткамен қапталады немесе майлы бояумен сырланады. Еденіне линолеум төселеді. Боксты натрий 
гидрокарбонатын (ас содасын 2-3%-ы), 3-5%-ды карбол қышқылы және басқа да дезинфекциялағыш 
заттардың ерітінділерімен ылғалдандырып, жуып тұрады. Бөлмені толқын ұзындығы 254 нм ультракүлгін 
сәулелерін тарататын бактерицидті лампалармен (БУВ-15, БУВ-30, т.б.) 30 минуттан бірнеше сағат 
аралығында стерилдейді. Бактерицидтік лампа іске қосылып тұрған уақытта бөлмеге кірмеген дұрыс, 
өйткені ультракүлгін сәулелері көздің қасаң қабығын қабындырады.


Виварий (vivarium, лат.тілінен vivus — «тірі») – ақ тышқандарды, ақ егеуқұйрықтарды, теңіз 
шошқаларын, үй қояндарын және басқа зертханалық жануарларды 
күтуге арналған бөлме. Жануарлар 
ғылыми-зерттеу жұмыстарында және сабақ өткізу ұшін қолданылады. 
Микробиологиялық зертханада жұмыс істеу ережелері мен техника қауіпсіздігі 
1) Микробиологиялық зертханада міндетті түрде а
қ халатпен шаш жинаулы болған турде жұмыс жасалу 
қажет.
2) Белгілі бір орында жұмыс істеп, тек қана бекітілген құрал-жабдықтарды қолдану керек. 
3) Үстелдің үстінде тек қана тапсырманы орындауға арналған құрал-жабдықтардың ғана болуы шарт.
4) Электр жүйесінің сымдарына, түйіспе бөліктеріне металл немесе басқа заттарды жанастыруға 
болмайды.
5) Оқытушының немесе зертхана қызметшілерінің рұқсатынсыз электр құралдарын тоққа қоспау керек. 
6) Химиялық және басқа да реактивтермен жұмыс істеу ережелерін қатаң сақтау қажет 
7) 
Әр студент өзі қолданылатын микроскопқа, басқа да зертханалық құралдарға, жұмыс үстелінің 
тазалығына жауапты.
8) 
Кейбір микроорганизмдер, әсіресе саңырауқұлақтар споралары аллергендер болып табылатындықтан, 
олардың таралуына жол беруге болмайды. Сондықтан микроорганизм дақылдары бар Петри 
табақшаларын, пробиркаларды, колбаларды ашық қалдыруға болмайды.
9) 
Зерттеу қорытындылары арнайы тәртіппен жазылып өткізіледі.
Микроскоптың түрлері және құрылысы 
Микроскопия – микроорганизмдердің морфологиялық ерекшеліктерін, тинкториалдық 
қасиеттерін (әр түрлі бояуларға, бояу әдістеріне қатынасы), құрылымын (ұрық, капсула), жылжымалығын 
зерттеуге арналған құрал. Микроскопия оптикалық құралдардың көмегімен: 

жарық, 

люминесцентті 

электронды микроскоптардың көмегімен іске асады.
Оқулық зертханасында әдетте, Биолам-1, МБР-1, МБР-3 сияқты биологиялық жарық 
микроскоптарымен жабдықталады.
Жарық микроскоптары механикалық және оптикалық бөлімнен тұрады. Механикалық бөлімге 
штатив, зат үстелі, тубус, айналмалы диск (револьвер), макрометрлік және микрометрлік бұрағыштар 
жатады. Зат үстелінің ортасында жарық беретін саңылауы болады. Зат үстелінің бүйіріндегі бұрандалар 
оның оңға-солға жылжуын қамтамасыз етеді, ал клеммалар зат шынысын (препаратты) бекітуге арналған. 
Тубус штатив бағанасының жоғарғы бөлімінде орналасқан. Микрометрлік бұрағыш микроскопия кезінде 
өте қысқа қашықтыққа қозғайтын қозғалысты қамтамасыз етеді. Микрометрлік бұрағыштың толық бір 
айналымы тубусты 0,1 мм-ге жылжытады.
Микроскоптың оптикалық бөліміне жарық беретін аппарат, объективтер және окуляр кіреді. Жарық 
беру аппараты зат үстелінің астында орналасқан. Ол жарық сәлелерін бағыттайтын жазық беті, ал 
жасанды жарықта оның ойыс беті қолданылады. Конденсордың жоғарғы жағында жазықты-дөңес, 
төменгі жағында екі жағы да дөңес линзасы болады. Осы линзалардың көмегімен конденсор айнадан 
шағылысқан жарық, сәулелерін зерттеуге алынған заттың деңгейінде фокусқа жанайды.
Жарықтың күшін азайту үшін конденсорды төмен түсіреді, ал жарықты көбейту үшін көтереді. Көз 
шалымының жарықталғандығын реттеу үшін конденсордың төменгі бөлімінде бекітілген диафрагманы 
да қолданады. Ол бір-бірін жауып тұратын жартылай шеңберленген металл пластинкалардан тұрады. Бұл 
пластиналар арнаулы рычагтың көмегі арқылы жарықтың өтуін көбейтеді немесе азайтады. Жұмыста 
көбінесе Аббе конденсоры қолданылады. Қажетті жағдайларда (мысалы лептоспираларды зерттегенде) 
оны «қараңғы өріс» конденсорымен ауыстырады. Бұл конденсор тек қана қия түскен жасанды жарықтың 
сәулелерін өткізеді, бірақ олар объективке түспейді (көз шалымы қараңғы). Конденсор арқылы өткен қия 
сәулелер қатты бөлшектермен кездескен соң ауытқып, барлық бағыттарда әр түрлі бұрыштарымен 
өрістейді.
Объективке түскен бұл қия сәулелер қараңғы аяда жарқырауды қамтамасыз етеді. Жарқыраудың 
айқындылығы жарық көзінің күшіне (ОИ-7, ОИ-19), жарық шамдары жарықты бағыттаудың дәлдігіне 
байланысты. Бірнеше линзалардан тұратын объектив, тубустың төменгі бөліміндегі револьвердің 
бағытталған маңдай алды линзасы. Ол зерттеуге алынған объектілердің керекті мөлшерде ұлғаюын 
қамтамасыз етеді. Маңдай алды линза микроскоп арқылы мөлшері 0,2 мкм тең ұсақ заттарды көруге 
мүмкіндік туғызады. Маңдай алды линзалардан басқа металл қынабында бірнеше түзету (коррекция) 


линзалары бар. Олардың саны үшеуден он екіге дейін болады. Маңдай алды линзаның үлкейту дәрежесі 
неғұрлым көп болса, соғұрлым түзету линзалары да көп болуы керек.
Объективтер құрғақ және иммерсионды болып екіге бөлінеді. Құрғақ объективтерді қолданғанда 
объективтің маңдай алды линзасы мен препараттың ортасында ауа қабаты болады. Препараттың шынысы 
арқылы өткен жарық сәулелері ауа қабатында сынып, ауытқып, толығымен объективке түспейді. Егер 
объективтің линзасының диаметрі біршама үлкен болса, онда жарықтылық жеткілікті болады. Мұндай 
линзалар фокус аралығының үлкендігінен, шашырағыштығының аздығынан затты 10, 20, 40 есе ғана 
ұлғайтады. 
Иммерсионды объективтердің маңдай алды линзалары затты 80, 90, 100 және 120 есе ұлғайтады, 
демек олардың фокус аралығы қысқа, ал диаметрі үлкен емес. Бұларды құрғақ объектив ретінде 
қолдансақ, көз шалымының жарықтылығы шамалы болады. Сондықтан керекті жарықтылықты тудыру 
үшін зерттеуге алынған препараттың үстіне жарық сәулесін сындыру коэффициентіне жақын 
сұйықтықты қондырады. Осы сұйықтықтың тамшысына иммерсионды объективті батырғанда біркелкі 
оптикалық орта құралады. Бұл жүйеде жарық сәулелері әлсіремей көз шалымын жақсы жарықтандырады. 
Иммерсионды сұйық ретінде бал қарағайдың майы, кейде вазелин майы қолданылады.
Окуляр тубустың жоғарғы жағында орналасқан. Ол цилиндр формалы метал қынабындағы жоғарғы 
көз линзасы мен төменгі жинағыш линзасынан тұрады. Окуляр тек қана объективтен алынған кескінді 
ұлғайтады. Окулярдың жоғарғы рамкасында көбейту таңбасы бар сан белгілері болады. Бұл окулярдың 
ұлғайту дәрежесінің көрсеткішін окулярдың ұлғайту дәрежесіне көбейту арқылы табады (мысалы, 
объектив 120 есе ұлғайтады, ал окуляр х9). Объективтің жалпы ұлғайтуы 120х9=1080. Микроскоппен 
жұмыс істеу ережелері. Микроскоппен жұмыс істер алдында конденсордың жағдайы тексеріледі. Ол зат 
үстелінің деңгейіне дейін көтеріліп, диафрагма ашық болуы керек. Тубусты сәл көтеріп, ең аз ұлғайтатын 
(8,10 есе) объективті іске қосады. Окулярға қарай айнаны айналдырып, көз шалымына жақсы 
жарықтылықты орнатады. Зерттеуге арналған препаратқа бал қарағай майының бір тамшысын тамызып, 
оны зат үстелінің үстіне қояды.
Револьверді бұрай отыра иммерсионды объективті жұмысқа дайындап, микроскопқа қарай отыра 
объективтің маңдай алды линзасын макровинттің көмегімен абайлап иммерсионды майдың тамшысына 
батырады. Сонан соң окулярға қарап, тубусты препараттың көрінгеніне дейін көтереді. Микроскоптан 
көрінген кескіннің анықтылығын микровинтті шамалы бұрау арқылы (алға-артқа) реттейді. Жұмыс 
соңында тубусты микровинттің көмегімен көтереді. Револьверді бейтарап қалпына ауыстырып, 
линзадағы майды жұмсақ мақтадан тоқылған матамен сүртеді. Микроскопты ағаштан істелген қаптамаға 
салады немесе түсті шынылы қалпақтың астына қояды. Қараңғы өріспен жұмыс істегендеконденсордың 
жоғарғы линзасына тазартылған судың немесе иммерсионды майдың бір тамшысын тамызғаннан соң 
препаратты бекітіп, объективті іске қосып, конденсорды объективтің осіне дәл келтіреді. Осыдан кейін 
көз шалымындағы кескіннің анықтылығын винттер жүйесі арқылы реттейді.
Люминесцентті микроскопия. Люминесценция ұлғайтқыш оптикалық аспаптардың көмегімен 
байқалатын микроскопиялық объектілердің жарқырауы. Объектердің жарқырауы өзіндік (алдында 
бояусыз) және ретке келтірілген (үлгіні бояумен өңдегеннен кейінгі) болуы мүмкін. Көрінбейтін 
ультракүлгінді немесе көк күлгінді қысқа толқынды сәулелер объектіге әсер еткенде адам көзіне 
көрінетін ұзынырақ жарық толқыны бар люминесценция қоздырылады. Бұл қасиет люминесцентті 
микроскопияның негізін қалайды. Люминесцентті микроскопия үшін МЛ және Люмам серияларының 
микроскоптары қолданылады. МЛ-2 люминесцентті микроскобы өте күшті жарық көзінен (сынапты-
кварц шамы), жарық сүзгілерінен және биологиялық микроскоптан тұрады. Жарық көзі мен микроскоп 
айнасының ортасында көк күлгін сүзгіш болады, қысқа толқынды жарық сәулелері препаратқа түскенде 
жарқырауды қоздырады. Микроскоптың окулярына сары жарық сүзгісін кигізеді. Ол көк күлгінді 
сәулелерді (спектрдің қысқа толқынды бөлігі) шашып, көзге көрінетін ұзын толқында сәулелерді өткізеді. 
Люминесцентті микроскопияда зерттеуге алынған объектілерді арнайы бояулармен (флуорохромдармен) 
өңдегеннен кейін пайда болатын қосымша люминесценцияның маңызы өте зор. Флуорохромдардың ұзын 
толқынды ультракүлгін және қысқа толқынды көк күлгін сәулелердің әсерінен жарқырайтын қасиеті бар. 
Флуорохромдардың ішінен қызғылт сары акридин, аурамин, аурофосфин, родамин, флуоресцин және 
тағы басқалары жиі қолданылады. Люминесцентті микроскоптың көмегімен мөлдір емес тірі объектілерді 
зерттеуге болады. Олар түрлі-түсті, ірі айқын болып көрінеді.
Электронды микроскопия. Микроорганизмдердің, жануарлар мен өсімдіктер клеткаларының 
ультра құрылысын зерттеу электронды микроскоптың көмегімен іске асады. Зерттеуге алынған 
объектінің кескіні электрондардың тасқыны арқылы алынады. Электронды микроскоп құрылысының 
прионципі электрондардың магнит өрісінде магнитті линзалар ауытқу қасиетін қолдануға негізделген. 


Магнит өрісі электрон топтарын фокусқа түсіреді. Электрондардың көзң ретінде электр тогымен 
қыздырылатынвольфрам сымы қызмет етеді. Объект кескіні электронды микроскоптың көмегімен 500 
000-нан аса ұлғайтылады. Электронды микроскопияның ұлғайту дәрежесі ангстреммен өлшенеді. Қазіргі 
кезде электронды микроскоптардың отандық және шетелдік әр түрлі үлгілері бар. 
Микроскопиялық талдау әдістері мен бояу әдістерін таңдау зерттеудің нақты мақсатымен 
анықталады. 
Препараттар, әдетте, қалыңдығы 1,2 - 1,4 мм-ден аспайтын шыныға дайындалады.қалың көзілдірікті 
қолдану препараттың жазықтығында сәулелендіру құралының диафрагма жиектерінің өткір бейнесін 
алуға мүмкіндік бермейді. Шыны беті мұқият тазаланып, майсыздандырылуы керек, сондықтан бір 
тамшы сұйықтық әйнекке біркелкі таралады. Бұған әйнектерді эфирге батырылған мақтамен сүрту (бұдан 
кейін сумен шаю талап етілмейді) немесе әйнектердің бетін оттықтың жалынына жағу (бұл ретте май 
жағылады) арқылы қол жеткізіледі. 
Микроорганизмдер препараттарын дайындау үшін қолданылатын жабын шынылары да мұқият 
жуылып, кептірілуі тиіс. Жабын шыныларының қалыңдығы 0,15-0,17 мм-ден аспауы тиіс.
ЖҰМЫСТЫҢ БАРЫСЫ 
1. Микробиология зертханасында жұмыс істейтін студенттер үшін қауіпсіздік ережелерімен танысу және 
зертханада жұмыс істеу ережелерімен танысу.
2. Микробиологиялық зертхана (ғылыми, оқулық) құрал-жабдықтарымен танысу.
3. Микроскоп құрылысы. 
Зертханалық сабақ 2 
Эубактериялардың және ашытқылардың ерекшіліктерін анықтау 
Тәжірибелік жұмыстың мақсаты – эубактериялардың және ашытқылардың микроскопиялық 
ерекшіліктерін ажырату. 
Міндеттері: 
- микоскоптың құрылысын, микроскоптаудың негізгі тәсілдерін игеру; 
- микробиологиялық препараттар дайындау әдістерін игеру;
- микробиологиялық препараттардың сапасын анықтау және талдау. 
Бактериялардың және микромицеттердің филогениясы 
Қазіргі систематика бойынша, МИКРООРГАНИЗМДЕР үш тобқа бөлінеді:
1) Virа – вирустар; 
2) Procariotae – эубактериялар, риккетсиялар, хламидиялар, микоплазмалар, спирохеталар, 
актиномицеттер, архебактериялар;
3) Eucariotae – қарапайымдылар және микросаңырауқұлақтар. 
Бактериялар морфологиясы. 


Бактериялар - бір клеткалы организмдер, пішіндері бойынша 3 негізгі топқа бөлінеді: дөңгелек, 
таяқша тәрізді және иілген таяқшалар.
Дөңгелек бактериялар немесе коктар орналасуына байланысты микрококтар, диплококтар, 
стрептококтар, тетракоктар, сарциналар және стафилококтар болып бөлінеді.
Таяқша тәрізді микроорганизмдер клеткалар мөлшері, олардың орналасуы және спора түзу 
қабілеттіліктері бойынша ажыратылады. Олар бөлек клеткалар немесе тізбек түрінде орналасуы мүмкін.
Спора түзетін таяқшалар бациллалар деп аталады. Иректелген бір клеткалы бактериялар 
клетканың формасы және ирек санына байланысты 3 топқа бөлінеді: вибриондар, спириллалар, 
спирохеталар.
Негізгі пішіндерімен қатар табиғатта микроорганизмдердің басқа да формалары кездеседі.
Клеткалардың пішінін «жаншылған тамшы» немесе бекітілген препаратымен анықтайды.

Эубактериялар - нағыз бактериялар, бактериялардың көпшілігі (E.coli), архебактериялардан басқа; 

Бірклеткалы микромицеттер (ашытқылар) 
Saccharomyces cerevisiae 
Candida albicans колониялары және клеткалары 
Препараттарды заттық шыныларда дайындайды. Ең алдымен заттық шынының бетін дайындап алу 
керек. Шынының беті тазаланған немесе майсызданған болуы керек. Майсыздандырудың ең тиімді жолы 
- шыныларды хром қоспасымен өңдеп, су және спиртпен шаю. Ал күнделікті жұмыста құрғақ шыныны 
сабынмен жуып, таза сүрткішпен сүрту жеткілікті.
Тірі клеткалардың препараттары. «Жаншылған тамшы» препараты. «Жаншылған тамшы» 
препараты микроорганизм клеткаларының пішінін, олардың мөлшерін және орналасуын, спора 
түзулерін, қозғалғыштықтарын зерттеу үшін қолданылады.
Препаратты дайындау үшін: 
- заттық шыныға бір тамшы су тамызып; 
- оған тұзақпен зерттеу материалын енгізіп;
- бір тамшы Метилен көк бояуын тамызып, араластырады; 
- жабынды шынымен жауып, жаншип басады; 
- артық суын фильтр қағазымен сорғытып алады; 
- микроскоп арқылы зерттейді;
- дәптерге эксперименталды жұмыстың нәтижесін келтіреді.
Бекітілген боялған клеткалардың препараттары. Бекітілген немесе фиксирленген препараттар 
микроорганизмдердің бірқатар морфологиялық ерекшеліктерін зерттеуде, клеткаларды санауда және 
дақыл тазалығын тексеруде қолданылады. 
Майсызданған заттық шыныға тамшы су тамызып, тұзақпен зерттеу материалын енгізеді. 
Алынған суспензияны біркелкі, жұқа жұғынды алу үшін тұзақ арқылы жаяды. Жұғындыны бөлме 
температурасында ауада кептіреді. Егер жұғындының кебуі жай болса, онда жұғындыны от жалынының 
үстінде жылы ауада ұстайды.
Препараттарды бірнеше мақсатпен бекітеді: микроорганизмдердің тіршілігін тоқтату; 
клеткалардың шыныға жабысуын қамтамасыз ету; жұғындыны бояуға сезімтал ету, себебі тіршілігін 
жойған клеткалар тірі клеткаға қарағанда жақсы боялады. Бекітудің кең тараған әдісі жылумен өңдеу 
болып табылады. Ол үшін препаратты жұғындыны жоғары қаратып, оттың жалынының ең ыстық 
бөлігінен бірнеше рет өткізеді.
Микроорганизм клеткаларын бояу үшін, көбінесе фуксин, геницианды көгілдір, метиленді көк 
бояулары пайдаланылады. Жұғындыға бояуды тамызып, 1-3 минут ұстайды. Бояу аяқталғаннан кейін 


препараттарды ағып жатқан су түссізденгенше шаяды. Одан кейін препаратты кептіріп, микроскоп 
арқылы бақылайды.
Зертханалық жазба тәртібі: 
1. Зертханалық жұмыстың тақырыбы (жасалынған күні, атауы) 
2. Зерттеу обьектілері
....... 
3. Зертханалық нұсқаулары, әдістері 
....... 
4. Нәтижелері (кестегі салынады) 
Кесте атауы (Микроорганизмдердің микроморфологиялық ерекшіліктері) 
Микроб атауы 
Препарат 
түрі 
Микроскоптың 
үлкейтуі 
Суреті 
Қосымша 
Sarcina flava 
Бекітілген 
препарат 
Х 400; 
Эубактерия, 
Пакет түрінде, 
өлі клеткалары 
кездеседі 
Х 900 
Saccharomyces 
cerevisiae 
Жаншылған 
тамшы 
Ашытқы – 
бірклеткалы 
микромицет
5. Қорытынды : 
…анықталынды, дәлелденді, байқалды, көрсетілді ... 
ЖҰМЫСТЫҢ БАРЫСЫ 
1. Эубактерияларға қысқаша сипаттама беру (өзіндік жұмыс, жазбаша - дәптер). 
2. Ашытқыларға қысқаша сипаттама беру (жазбаша - дәптерге). 
3. Ашытқылар үшін «жаншылған тамшы», бактериялар үшін фиксирленген боялған препарат 
дайындау.
4. Микробиологиялық препараттардың анықтау және талдау - клеткалардың пішінін және 
орналасуын анықтау. Суретін салып алу.
5. Зертханалық жұмысты жазба тұрінде өндеу. 


Зертханалық сабақ 3 
Микромицеттердің морфологиясын зерттеу 
Зерттелетін объектілер: Мицелиалды микросаңырауқұлақтар. 
Жұмыс мақсаты: Түрлі микромицеттерді анықтау 
Микросаңырауқұлақтар - эукариотты организмдерге жатады, мицелиалды құрылымға ие. Олар 
жынысты және жыныссыз жолмен көбейеді. Мицелиалды микромицеттерді зерттеу кезінде «жаншылған 
тамшы» препараты қолданылады.
Заттық шыныдағы су тамшысына сірке қышқылын тамызып, оны араластырады. Сірке қышқылын 
саңырауқұлақтардың конидийлері сумен нашар суланатындықтан қосады. Бактериологиялық иненің 
көмегімен колониялардың агарсыз аймағын алады да, тамшыға салып, мицелийлерін ақырын жаяды, 
жабынды шынымен жауып, 8х, 40х объективтерімен, микроскоппен қарайды. Колонияларды 
микроскоптау кезінде мицелийдің бөлінуіне, спорангийлердің құрылысына, спора пішініне назар 
аударады және мицелий диаметрін анықтайды. 
Көптеген белгілі микросаңырауқұлақтар түрлерінен 400-ге жуық түрлерінің өкілдері адам және 
жануарлар организмінде ауру тудыруға қабілетті.
Микросаңырауқұлақтар тудыратын аурулар - микоздар. Адамдардың, жануарлардың, 
өсімдіктердің арасында кең таралған аурулар. Микоздар қант диабеті сияқты ауруға жие қосылады 
(иммундық жүйенің төмендеуіне байланысты). 
Микоздардың атаулары: 

патологиялық үрдістің орналасуына байланысты: теріде - дерматомикоздар, өкпеде - 
пневмомикоздар;

қоздырғыштардың түрімен - мукоромикоз, аспергиллез, трихофития т.б. 
Микросаңырауқұлақтардың патогенділігі мАкроорганизмде пайда болуы: 

зат алмасу процесінің бұзылуынан - эндокриндік жүйелердің және иммунодефицит жағдайында 
пайда болады.
Патогенді микросаңырауқұлақтар зақымдайды: 

тері, тырнақ, шырыш қабаттарын; 

бұлшық еттер мен буындарды; 

әр түрлі ішкі мүшелерді; 
ОНЖ (орталық нерв жүйесі).
Микоз қоздырғышы – Pityrosporum 
orbiculare
Зерттеу әдістері: Жаншылған тамшы 
Кесте атауы (Микроорганизмдердің микроморфологиялық ерекшіліктері) 


Микромицет 
атауы 
Препарат 
түрі 
Микрос
коптың 
үлкейтуі 
Мицелий 
түрі 
Суреті 
Қосымша 
Спорангий 
түрі 
Мицелий 
Жаншылған 
тамшы 
Септелген
/септелме
ген 
6. Қорытынды : 
…анықталынды, дәлелденді, байқалды, көрсетілді ... 
ЖҰМЫСТЫҢ БАРЫСЫ 
1. Мицелиалды микромицеттердің микроморфологиясын анықтау үшін «жаншылған тамшы» препарат 
дайындау.
2. Микробиологиялық препараттардың анықтау және талдау - спорангий пішінін және мицелийлердің 
түрін анықтау. Суретін салып алу.
3. Зертханалық жұмысты жазба тұрінде өндеу. 


Зертханалық сабақ 4 
Бактериялардың алуан түрлілігі – актиномицеттердің ерекшіліктерін анықтау 
Сабақтың мақсаты: актиномицеттердің морфологиясының микроскопиялық ерекшіліктерін 
анықтау 
Сабақтың міндеті:
1. Таңбалы препарат көмегімен актиномицеттерді бақылау. 
2. «Ілінген тамшы» препаратын жасау. 
Актиномицеттер – грамоң микроорганизмдердің үлкен тобы, олардың клеткалары тармақталуға 
қабілетті. Көптеген актиномицеттер қоректік ортаға еніп өсетін субстратты мицелий түзеді. Ауалы 
мицелийдің гифтерінің ұшында споралар немесе споралар бар спорангийлер қалыптасады. 
Актиномицеттер спора арқылы, клеткалардың бөлінуі немесе тармақталуы арқылы көбейеді.
Спора түрін, спора формасын зерттеу үшін актиномицеттердің колониясынан таңбалы препарат 
дайындайды. Ол үшін жабынды шыныны актиномицеттердің колониясының үстіне салады, қысқышпен 
үстінен ақырын басып таңбасын алады. Жабынды шыныдағы таңбаны ауада кептіріп, от жалында бекітеді 
де, фуксинмен бояп, сумен жуады. Заттық шынының үстіне бір тамшы су тамызып, таңбаны теріс 
қаратып орналастырады да микроскоппен қарайды. Микроскоп арқылы препаратта мицелийдің бөліктері, спора 
түзу түрі, споралардың формалары көрінеді.
Зерттеу әдістері 
«Таңбалы» препарат. Препарат микроорганизмдердің колонияларында клеткалардың табиғи 
орналасуын зерттеуде, ал кейде спора формаларын бақылауға қолданылады.
Микроорганизмдер бөлек колониялар немесе газон түрінде өскен агарланған ортадан скальпель 
арқылы бөлшек кесіп алып, заттық шыныға көшіреді. Бұнда бөлшектегі микроорганизмдер жоғары қарап 
тұруы қажет. Одан соң газон немесе колонияға таза жабынды шыныны жауып, үстінен тұзақ не 
қысқышпен аздап басады. Алынған препаратты заттық шыныдағы су немесе метилен көктің тамшысына 
таңбамен қаратып енгізеді. Таңбаны колония немесе газон бетіне заттық шыныны тигізу арқылы да алуға 
болады.
«Ілінген тамшы» препараты. Бұл препарат микроорганизмдердің көбеюін бақылауда, споралардың 
түзілуін және дамуын зерттеуде, сонымен қатар қозғалғыштықты бақылауда қолданылады.Бұл 
препаратты дайындау үшін арнайы ойығы бар шыны қолданылады. Жабынды шынының бетіне вазелин 
жағады, ал ортасына бактериалды дақылдың тамшысын енгізеді. Одан кейін тамшы ойықтың ортасында 
тұратындай етіп заттық шыны үстіне жабынды шыныны жабады. Тамшы ойықтың үстінде, ойықтың 
түбіне де, шетіне де тимей ілініп тұруы қажет. 
ЖҰМЫСТЫҢ БАРЫСЫ 
1. Актиномицеттердің микроморфологиясын анықтау үшін «таңбалы препарат» дайындау.
2. Микробиологиялық препараттардың анықтау және талдау – ілінген тамшы препаратын жасау – 
бактериялардың қозғалдығышын анықтау. Суретін салып алу.
3. Зертханалық жұмысты жазба тұрінде өндеу. 
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ 
Оқу әдебиеттері: 
1. Абдиева Г.Ж. Медициналық микробиология / Оқу құралы. «Қазақ университеті», Алматы -2016. – 
169 б. 
2. Ү.Т. Арықпаева, А.Н. Саржанова, Э.Х. Нуриева. Медициналық микробиология: оқу құралы. 
Қарағанды: Ақнұр баспасы, 2019. - 375 б. 
3. А. И. Коротяев. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология: учебник. - СПб.: Спец. 
лит., 2013. – 767 с. 
4. Поздеев О.К. Медицинская микробиология. – М.: ГЭОТАР-МЕД., 2018. – 768 с. 
5. Медицинская микробиология, вирусология и иммунология. Учебник. Том 1/ Под ред. Зверева В.В., 
Бойченко М.Н. – ГОЭТАР-Медиа, 2016. – 488 с.Микробиология. Биология прокариотов. – СПб.: 
Изд-во С.-Петерб. Ун-та, 2017. – 352 с. 
6. Прозоркина Н.В. Основы микробиологии, вирусологии и иммунологии: учеб. пособие. - Ростов н/Д: 
Феникс, 2016. - 412 с. 
7. Шығаева М.Х., Қанаев Ә.Т. Микробиология және вирусология: Оқулық. – Алматы: Қазақ 
университеті, 2018. – 380 б. 
8. Нетрусов А.И. Микробиология: учеб. для студентов вузов. - М.: Академия, 2014.- 349 с. 


Мәліметтердің кәсіби ғылыми базасы
1. Scopus - 
https://scopus.com
2. Web of science 
3. 
https://pubmed.ncbi.nlm.nih.gov/
Интернет-ресурстар 
https://booksmed.info/mikrobiologiya/
https://elibrary.kaznu.kz/ru/
https://www.ncbi.nlm.nih.gov/
- PubMed - Медициналық журналдардағы мақалалардың әлемдік деректер 
қоры
https://link.springer.com/
- Springer eBooks 


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет