Қабылдаған: Жұманазаров Назарбек. Тобы: ЖМ-711 Тапсырған: Мұхамедияр Еңлік. Қ.А.ЯСАУИ атындағы ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ БӨЖ Тақырыбы: Сыртқы фактор әсеріндегі жарақаттарға сараптама жүргізу Жоспар
Жарақат және оның түрлері
3
5
Доғал және өткір заттардан
болған жарақаттар
Механикалық жарақаттар
Қорытынды
6
Пайдаланылған әдебиеттер
Жарақат Медициналық көзқарас тұрғысынан травма немесе жарақат деп, сыртқы орта факторларының әсерінен анатомиялық бүтіндіктің бұзылуы немесе ағзалар мен тіндердің физиологиялық қызметінің бұзылуын атайды. Сыртқы орта факторлары былай бөлінеді: 1) Физикалық факторлар: • Механикалық факторлар (доғал және өткір заттар әсері, оқ әсері) • Жоғары және төменгі температура •Электр тоғы •Сәулелі энергия • Атмосфералық қысым әсері 2) Химиялық факторлар (улы қосылыстар әсері) 3) Биологиялық факторлар (микроб, токсиндер әсері) 4) Психикалық факторлар (стресс, қатты қорқу және т.б.) Механикалық жарақаттар Механикалық факторлар әсерінен алынған жарақаттар - механикалық жарақаттар немесе зақымданулар деп аталады. Барлық механикалық жарақаттар морфологиялық және функционалды болып табылады. Морфологиялық жарақаттар - тіндердің, ағзалардың морфологиялық өзгерісімен көрінеді. Морфологиялық жарақаттар - сызат, қанталау, жаралар, сынықтар, буынның шығуы, ішкі ағзалардың жұлынып кетуі немесе ағзаның капсуласының жарыльш кетуі, ішкі ағзаларға қан құйылуы немесе дененің бөлшектенуі (қолы жұлынып кетуі және т. б.) түрінде болуы мүмкін. Функционалды жарақаттар: жарақат әсерінен дамыған шок, бас миының, жұлынның шайқалуы, тыныстың бұзылуы және т. б. түрінде көрінуі мүмкін. Механикалық жарақат түсіретіндер доғал заттар (қарулар, құралдар), өткір заттар (қарулар, құралдар) және оқ болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |