Мәңгілік Ел: жарқын болашақ білімді ұрпақтың қолында. «Мәңгілік ел»



бет1/3
Дата27.08.2022
өлшемі52.5 Kb.
#460054
  1   2   3

Мәңгілік Ел: жарқын болашақ білімді ұрпақтың қолында.

«Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері 2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат — Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол — «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті«,- деп бастады. Бұл орайда елең еткізген жаңалық — тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы. Бұл — Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін-тұжырым. Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу. «Мәңгілік ел» ұғымын тереңнен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету мәселелері маңызды болып табылады.


«Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер,
«Бір ел», бұл – барлығымыз үшін ортақ Отан.
«Бір тағдыр», бұл – біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!
Міне, қазақстандық қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап тұратын табаны таудай үш таған. Қоғамдық келісімсіз мемлекет бір адым да ілгері жылжи алмайды деді. Елбасы мынаны баса айтты: «Қазақстандағы қоғамдық келісім, ең алдымен, қазақтың келісімі екендігін мықтап есте сақтаған абзал. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес». Ендеше, Ассамблея – барша қазақстандықтың мүддесі! — деген болатын. Біз: «Мен – қазақстандықпын, өз елімде мен үшін барлық есік ашық!» – деп айта алатын әділетті қоғам құрып жатырмыз. Біз көппіз және бәріміз – бір Елміз, бір халықпыз. Өз еліне пайдасын тигізу, өз Отанының тағдырына жауапты болу – әрбір жауапты саясаткер үшін, әрбір қазақстандық үшін парыз және абырой.

  • Ал, енді оқушылар менің қолымдағы қағаз қиындылары бойынша үш топқа бөлінейік. Қағаз қиындыларында жазылған сөздерді құрасытыра отырып, сол бойынша топтарға бірігеміз: 1 топ — «Атамекен», 2 топ — «Мәңгілік ел», 3 топ – «Ынтымақ»

Негізгі бөлім. (бұл бөлімде оқушылар әртүрлі тапсырмаларды орындайды) Президент 2014 жылы қаңтар айындағы «Қазақстан – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында Қазақстан халқы үшін үлкен маңызға ие болды. Қазақ халқының мыңдаған жылғы тарихи тәжірибесінен, Тәуелсіз жылдары жүріп өткен қазақстандық жолдан туындаған «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы жария етілді.
Бір мақсат – бұл «Мәңгілік Елді» нығайту, біздің Отанымыз – Қазақстанның Тәуелсіздігін нығайту!
Бір мүдде – бұл біздің ортақ құндылықтарымыз, еркін және өркендеген елде өмір сүруге деген талпынысымыз!
Бір болашақ – бұл Мәңгілік Елдің, біздің ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасының өркендеуі!
Қазақстан халқы Ассамблеясы және біртұтас елдің азаматтары «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін әзірлеу туралы тапсырманы ерекше шабытпен қабылдады.
«Мәңгілік Елдің» жеті қағидасы біздің дамуымыздың арқаулық құндылықтарын, Қазақстан халқына ортақ мүддесі мен тарихи тағдырын айшықтады.
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идея басты жеті құндылықтары:
Қазақстан мен Астананың тәуелсіздігі
Біздің қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім
Зайырлы қоғам мен жоғары руханилық
Индустрияландыру мен инновациялар негізінде экономикалық өсім
Жалпыға ортақ еңбек қоғамы
Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы
Ұлттық қауіпсіздік және біздің еліміздің жалпыәлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық қатысуы.
«Сандар сөйлейді» тапсырмасы. Әр топқа берілген сандар бойынша еліміздің тарихына көз жүгірту. Бұл кезеңде әр топ таңдап алған қағазда көрсетілген даталар бойынша өз ойларын айтады:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет