Мейірбикенің геронтологиялық пациенттермен коммуникативтік қарым қатынас принциптері Дайындаған: Кушкинбаева Ж. 5 топ
Атырау жоғарғы медициналық колледжі
Жоспар:
1. Түрлі аурулар және шұғыл жағдайлардын клиникалық көрінуінің ерекшеліктері.
2. Қарттық дімкәстік және оны жеңілдету тәсілдері (өзіне өзі күтім көрсетудің бұзылуы, әлеуметтік онашалану, ЖИА, семіздік, қант диабеті, артериалды гипертензия, ұйқының, тәбеттің, көз көрудің, естудің бұзылуы).
3. Түрлі дімкәстік пен аурулар кезінде гериатриялық пациенттерге күтім жасау және ұйымдастыру (тамақтандыру, жуындыру, киімін кигізу, бос уақытты ұйымдастыру).
4. Емдік емшараларды орындау, гериатриялық пациенттерді өзіне өзі күтім жасауды үйрету
Егде және қарт жастағы адамдарға тән түрлі аурулар және шұғыл жағдайлардын клиникалық көріну ерекшелігінің байқалуы 40-50 жастан басталады. Бұл өзгерістерді мынадай топтарға біріктіруге болады: - Инволюциялық (кері дамуға байланысты) әртүрлі мүшелер мен жүйелерде байқалатын функциональді және морфологиялық өзгерістер. Мысалы, жасы ұлғайған сайын өкпенің тіршілік сыйымдылығының көрсеткіші, бронх өткізгіштігі, бүйректегі шумақтар сүзгіштігінің көлемі төмендейді, май тіндерінің салмағы ұлғайып, бұлшық ет салмағы азаяды (көк етті қосқанда).
Егде және қарт жастағы науқастың бойында тексеру кезінде аурудың кем дегенде бес түрі анықталады. Осыған байланысты аурудың клиникалық көрінісі «майланады», әр түрлі симптомдардың диагностикалық бағасы төмендейді. Бір жағынан қосымша аурулар бір-бірін күшейтеді. Мысалы, жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА) бар науқастағы анемия жүрек жеткіліксіздігінің клиникалық көрінісін тудырады. - Егде және қарт жастағы науқастың бойында тексеру кезінде аурудың кем дегенде бес түрі анықталады. Осыған байланысты аурудың клиникалық көрінісі «майланады», әр түрлі симптомдардың диагностикалық бағасы төмендейді. Бір жағынан қосымша аурулар бір-бірін күшейтеді. Мысалы, жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА) бар науқастағы анемия жүрек жеткіліксіздігінің клиникалық көрінісін тудырады.
- Көбінесе аурулар созылмалы ағымда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |