Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесі бас бостандығынан айыру орындарының даму тарихы
Көнеде ата-бабамыз қылмыс жасаған, жазаланған адамды темір торға қамамай өз заңдарымен жазалаған екен. Қылмыс жасаған адамды қолын артына қайырып байлап, кісе белдігін, бас киімін шешіп, тізерлетіп, бетіне күйе жағып, киіз үйдің керегесіне байлап қоятын болған. Белдік, бас киімін шешкені – жігіттік намысынан айырылғаны, тізе бүктіргені – жазасын мойындатқаны, ал, бетіне күйе жаққаны – ел алдында қара бет болғаны екен. Осылайша өз заңдарымен тәртіпке түсіріп, жазалаған заманның өтіп кеткені түсінікті.
Бас бостандығынан айыру орындары – қылмыскерді бас бостандығынан айырып, қоғамға қауіп төндірмеу мақсатында оны қоғамнан оқшаулап, сот өкімін орындау үшін қамау орны. Қазақ жеріндегі бас бостандығынан айыру орындары XVIII ғасырдың соңына қарай пайда бола бастаған екен.
Бұрынғы заманда бас бостандығынан айыру орындары «абақты» деп аталған. «Абақты - қылмыскерді бас бостандығынан айырып, қауіпті әрекетін одан әрі өрістетпеу мақсатымен, оны қоғамнан оқшаулатуға, сот жазасын өтеуге арналған қамау орны. Абақтыға ауыр қылмыс істеп сотталғандар қамалады.Абақты буржуазиялық қоғамда пайда болып, қанаушы таптың жеке адамдарды қорлау, азаптау орнына айналды. Советтік әділ сот қылмыскерді абақтыға жапқанда оның адамгершілік намысын қорлауды көздемейді», - деп жазылған Қазақ Совет Энциклопедиясында [1].
Біздің ата-бабамыз өз қасиетті жерлерінде түрме (абақты) салмаған. Қылмыс жасаған адамды дала билері қазақтың асыл сөздерімен кесіп тастап отыратын болған немесе әз Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңын қолданған.
Қазақстанда түрме ХІХ ғасырдың соңына қарай пайда бола бастапты. «Сібір қазақтары деп атаған бес ояз жерінде атақты екі түрме ғана болған екен. Бірі 150 адамға арналып салынған Омбы қаласында, екіншісі 50 адамға арналып 1869 жылы салынған Петропавл қаласында болыпты. Ақмола, Көкшетау ояздарында 1890 жылдардан бастап түрме үшін бұрынғы әскери гауптвахтаны пайдаланыпты. ХІХ ғасырдың алғашқы ширегінде Атбасар оязының орыс-қырғыз училище ғимараты да «ақ түрме» аталып кеткен еді. Кейін қайта жөндеп, гастроном дүкенін жасады. Ол бұрынғы «Ленин» көшесінде болатын» [2].
Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенетін болсақ, алғашқы түрмелер 1890 жылдарда ашыла бастаған екен. Жағдайлары да мәз емес күйде болған. Алғашқы түрмелер Орталық Қазақстанда ашылған. Біріншілер қатарындағы Ақмола және Көкшетау түрмелері бұрынғы гауптвахтылар ғимараттарында, әрқайсысы 15 адамға ғана арналған болған. Бұл түрмелерге кейде арестанттарды да қамағандықтан, өте тар болған.
Өз жұмысында Қазақстанның түрмелерінің тарихи-құқықтық негіздерін атап өткен С.К. Бастемиев Қазақстандағы түрмелердің қалыптасуы мен даму үрдісін шартты түрде төрт кезеңге бөліп көрсетеді:
ші кезең Қазақстан территориясындағы түрме жүйесінің қалыптасуы мен дамуы ХVШ ғасырдың 30-жылдарынан бастап 1917 жылғы қазан революциясы басталғанға дейінгі уақыт аралығын қамтиды. ХХ ғасырдың басына дейін Қазақстан аумағында 20 түрме салынған. Бұл түрмелердің айтарлықтай кемшілігі сонда, оларда толығу лимитінен бірнеше рет асып түсетін көп мөлшерде сотталғандар отырған. Олардың шамадан тыс толып кетуіне байланысты түрмелерде аштық, суық, ауру және сотталғандар арасында кісі өлімі көп болған. Бұған қоса адамдарды қорқытып ұстау мен кек қайтару мақсатында құрылған Ресей империясының түрмелері қылмыскерді түзеу міндетін шешуге жарамсыз болатын. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Ресей империясында түрме жүйесіне Батыс Еуропа елдерінің пенитенциарлық жүйесінің тәжірибесі негізінде реформа жасау басталды, алайда ол объективті себептермен аяғына дейін жеткізілмеген.
ші кезең 1971 жылғы қазан және 20 жылдардың аяғы Батыс Еуропа елдері мен АҚШ-тың пенитенциарлық жүйесі тәжірибесі негізінде қызметінреттейтін нормативтік актілерді әзірлеу және қабылдаумен; бүл актілердің іс жүзінде іске аспауымен сипатталады.
ші кезең 1930 жылдың ортасынан 1991 жылға дейінгі уақыт. 1930 жылдың ортасында КСРО ІІХК ГУЛАГ ведомствалық актісі негізінде тергеу түрмелері және қызметі КСРО ІІХК ГУЛАГ ведомствалық Ережесімен реттелетін сотталғандарды үстайтын түрмелер қүрылған. Түрмелер «түзелмейтін сотталғанның» жеке басына қысым көрсету және оны сындыру қызметін орындаған. Түрмелердің мән-мазмүны ХХ ғасырдың 60-80 жылдары да өзгермеген еді.
ші кезең Қазақстанның тәуелсіздік алған сәтінен бастап қазіргі уақытқа дейін [3].
3-кезең бойынша шамалы тоқтала кететін болсақ, 1929 жылы Сталиннің нүсқауымен КСРО аумағы бойынша еңбекпен түзеу лагерьлерін көбейту мақсатында арнайы жоспар жасалды. Бүл лагерьлер жөнінде 1930 жылы 7 сәуірде жоба қабылданды. 1920-30 жылдардан КСРО аумақтарында концентрациялық лагерьлер Колымада, Магаданда, Воркутада, Сібірде, Оралда, Қазақстанда және де басқа аймақтарда жаппай қүрыла бастады. Қатал мақсаттағы Орталық Соловецк лагері 1918 жылы қүрылған. Соловки лагері 1918 жылдан бүкіл КСРО қүрылымының ГУЛАГ-тік басқару жүйесінің үлгісін жасап берді. Соловки арал лагері айналасы теңіздермен қоршалса, КСРО-ның айналасы темір тормен қоршалды. Міне, Социалистік Республикалар Одағын қүрмас бүрын лагерьлік басқару жүйесін оқып, тану жүмыстары осылайша қатаң жүргізілді [2].
1940 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Лагерьлер Бас Басқармасы 53 лагерьден, оның көптеген бөлімшелерінен, республикалық, өлкелік, облыстық еңбекпен түзеу колонияларынан (170 өндірістік, 83 ауылшаруашылықтық, 172 «контрагенттік», сонымен қатар басқа ведомстволардың шаруашылықтары мен қүрылыстарында жүмыс істейтіндер) және жасөспірімдерге арналған 50 колониядан түрды [4].
Достарыңызбен бөлісу: |