16.2.Көк тамырдан қан алу мейір/б технологиясы:
Көк тамырдан алу анализді процедура мейіркеші дәрігердің нұсқауымен орыңдалады. Қан алуды аш қарыңда жүргізеді, соңдықтан пациентке алдын — ала ескертеді. Канды тамырдан орташа 10 мл — ге дейін алады.
Әзірлеңіз: стерилденген мақта шариктерін, бір рет қолданылатын шприц (10 — 20 мл) инесімен, пробиркалар, штативтер, спирт, жгут, лоток, резеңке колғап, жастықша.
Қольңызды жуып, резеңке қолғап, масканы киіңіз;
Пациентті жатқызыңыз немесе ыңғайлап отырғызыңыз;
Пациенттің киімін қолынан босатып жастықшаны шынтағына қойыңыз;
Жгутты иығының орта бөлігіне салып, пациентке қолымен жұмыс
істеуін сұраймыз;
Венаны анықтап жоғарыдан төмен ине салатын жерді кең аймақта 10x10
см және жергілікті 5x5 см спиртке малынған мақта шаригімен сүртіп алыңыз;
Иненің тесігін жоғары ұстап, сол жақ қолмен теріні төмен тартыңыз (венаны тұрақты қылу үшін);
бірінші теріні, екінші венаны тесіп шприцтің поршенің артқа тартып қанның бар екенін анықтаңыз;
шприцке керекті мөлшерде канды сорып алыңыз;
пациент жұдырығын босатып жгутты шешіңіз;
үшінші мақта шаригімен иненің үстіне салып шприцпен инені
суырып алыңыз;
пациентке мақта шаригін 5 — 10 минут ұстауын сұраймыз;
инені шприцтен алып, абайлап пробирканың қабырға бойына қанды жіберіңіз;
пациенттің жағдайьн қадағалап отырыңыз;
Мақта шаригін дезинфекцияланған резеңкесі бар ыдысқа I сағатқа салыныз;
Шприцпен инені контейнерге жою ұшін тастаңыз;
Пробирканың сыртына жолдаманы жабыстырып, лабораторияға жіберіңіз;
6.З.Қақырықты тексерудің мейірб/к технологиясы
Тыныс алу органдарында қақырықты тексеру маңызды орын алады, патологиялық процестің мінездемесін анықтауға мүмкіндік жасайды.
Егер қақырық болса, оның тәуліктік көлемін анықтау керек (созылмалы бронхитке 10-15 мл, бронхоэктаз ауыруына (1 литрға дейін болады).
Пациентте қақырық болса, микроскопиялық, бактериологиялық тексеруін жүргізу кажет.
Бронхоскопия жасағанда дұрыс қорытындыны алады, бұнда ауыздағы сілекейде микроорганизмдер болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |