«Мектеп жасына дейінгі балалар агрессиясы және оны психологиялық түзету-дамыту жолдары» тақырыбында дайындалған диплом жұмысына п I к I р



бет2/6
Дата13.06.2016
өлшемі0.91 Mb.
#133011
түріДиплом
1   2   3   4   5   6

Әрекетке тиесілі бағыт: агрессия және фрустрация. Бұл жерде агрессиялық әрекет эволюциялық процеске емес, жағдайға байланысты қарастырылған. Адамзат бойындағы агрессияның бұл бағытының негізін қалаушы Дж.Доллард. Оның көзқарасы бойынша агрессия – бұл адам бойындағы автоматталынған құмарлық емес, фрустрация әсері қажеттілігін қанағаттандыру үшін кездескен кедергілерді жеңу, ләззат алу мен эмоциялық тепе-теңдік. Бұл теорияның нақты түсінігі агрессия бұл фрустрация көрінісі, ал фрустрация әр уақытта агрессияны өзіне ілестіреді. Агрессия – фрустрация бұл төрт негізгі түсініктің шоғырлануы: агрессия, фрустрация, тежелу, орнын баса тұруы.

Агрессия бұл өзінің іс-әрекеті арқылы өзгеге қиянат келтіру ниеті.

Фрустрация - көзделген реакцияны орындалуында кедергілердің туындауы. Фрустрация деңгейі кедергінің маңызы мен бағышталған әрекетінің саны және осы көріністің мотивациялық күшіне байланысты. Мақсатқа жету және мақсатты бағытталған әрекеттің санынан кейін фрустрация басталады.

Тежелу – бұл тенденция күтіп отырған жағымсыз зардапты шектейтін болмаса алдын орайтын әрекет.

Агрессиядағы қондырылған тежелу акті кез келген болатын шабуылдың күшімен тікелей тепе-теңдігінде. Агрессиядағы тежелу акті қосымша фрустрация болып табылады, осы тежелудің қателесуінің қабылдануы, агрессияның басқа формаларының оянуының артуы, агрессияны адамға қарсы қояды.



Орнын баса тұру – бұл бөгде біреуге қарсы бағытталған, агрессивті әрекетке қатысу құлшынысы, бұл фрустрацияның шығуы, оның негізгі түбіне қатысты емес.

Фрустрация теориясының негізін қалаушылардың бірі Л.Берковец. Ол «агрессия – фрустрация» схемасына үш маңызды түзету енгізді.

а) Фрустрация міндетті түрде агрессивті әрекеттен тарамайды, ол оған дайындық құрайды.

ә) Агрессия дайын тұрған күйде ыңғайлы жағдай тумаса ушықпайды.

б) Фрустрациялық жағдайдан индивид агрессия әрекеті арқылы шығатын болса, онда ол әрдайым осы іспеттес әрекеттері, дағдыға айналып отырады.

Ал С.Розенцвейг – фрустрацияны шақыратын үш себебін бөліп көрсетті:

1. Мақсатқа жетуге қажетті нәрселер болмауы болмаса қажетін қанағаттандырудан айрылу «ішкі айрылу» және «сыртқы айрылу» болып бөлінеді. «Сыртқы айрылу» - фрустратор адамның өзіне байланысты емес; «ішкі айрылу» - фрустратор адамның өзіне байланысты.

2. Затты болмаса қандайда бір объектіні жоғалту, ертеректегі қанағаттың қажеттілігі.

3. Дау-дамай бір уақыттағы бір-біріне үйлеспейтін жағдай, тұрақсыз күй немесе қатынас.

Агрессия фрустрациялы жағдайдан шығудың бір жолы болып қарастырылады.



Әлеуметтік оқыту теориясы: жағымсыз әсер. Басқа теорияларға қарағанда, мұнда агрессия әлеуметтік ортада қалыптасады, туындайды. Д.Уотсонның қарастыруы бойынша агрессия, зорлық – бұл индивидтің өткен тәжірибесінің қорытындысы, оның іс-әрекетіне қоршаған ортаның әсері.

Әлеуметтік оқыту теориясы – бұл адамзаттың үлгіге қарап бағдарлануынан үйренуі. Бұл жерде үлгі тұлғааралық қарым-қатынастың құралы ретінде, яғни адам әрекетінің құрлымы, өзгерісі, қатынасы осыған байланысты. Сондықтанда бұл жерде әлеуметтік қатынастың бастапқы әсерін анықтап, үйренуі – бұл ата-ананың бала тәрбиесіндегі агрессиялы қатынасы. Дәлел бойынша ата-ана әрекеті агрессияны ілгері басуының негізгі себебі, агрессивті ата-ана, агрессивті бала тәрбиелейді. Мұндай теорияның негізін қалаушы А.Бандура. Ол агрессивтілік әрекетке үш жағдай енгізді:

- осы іспеттес әрекеттердің дағдылануы;

- олардың әрекетін итермелейтін факторлар;

- оларды нақтылайтын жағдай.

Аталған теорияның түсіндіруі бойынша адам агрессивтілік әрекетті көп қолданған жағдайда, ол оның әрбір іс-әрекетінің бір бөлігі болып қалады. Агрессивтілік әрекеттің маңыздылығы мен табыстылығы артқан сайын жетістікке жетуі, агрессияның бой көрсетуінде оның мотивация күшінің едәуір көтерілуі, әрдайым табыссыздықтың қайталануы – тенденция күшінің тежелуіне әкеледі. Бұл теорияның басқа негізгі элементі әлеуметтік қорғаныс болып табылады. Қорғаныс түсінігі – бұл қандайда бір әрекеттің белгіленген реакциясы, яғни бөгде адамдардың сөзбен және сөзсіз қатынасты бақылауда ұстауы. Бұл мақтау немесе сөгіс, кекету болмаса күлу, достық немесе қастандық ишарасы болуы мүмкін. Қорғанысты екі формаға бөледі:

- жағымды қорғаныс – реакцияның соңынан ілесетін қандайда бір стимул оны ушықтырып немесе сол деңгейде ұстап тұрады.

- Жағымсыз қорғаныс – бұл өткізу салдарынан реакцияны ушықтыратын стимул.

Қорғаныстың түрлері өте көп, мысалы: жазалау және көтермелеу. Қорғаныстың төрт түрін қолданады:

1. Егер бала реакциясының соңынан жағымды қорғаныс түрін қолдансақ – онда жағымды көтермелеу қортындысы.

2. Егер жағымды қорғаныс баланың осы болмаса басқа реакциясынан кейін өткізіліп алынып тасталатын болса – онда жағымсыз жазалаудың қорытындысы;

3. Егер реакцияның соңынан – жағымсыз қорғаныс ілессе – онда жағымды жазалаудың қорытындысы;

4. Егер жағымсыз қорғаныс заты реакциядан кейін өткізіліп алынып тасталса – онда жағымсыз көтермелеудің қортындысы.

Бала агрессияны көрсетуде әрдайым қолдау тауып отырса, онда оның агрессиясы әртүрлі жағдайда өсіп отырады. Жасалған агрессияға қолдау тауып отыруы, біртіндеп дағдыға айналады, осының салдарынан агрессиялы тұлға қалыптасады.

С.Н. Ениколоповтың түсінігі бойынша агрессияның үш негізгі функциясы бар:

1. Агрессия өзінің «мен» тұжырымын қорғаудың басты құралы. Мұндай агрессияның бой көрсетуі, адамның «мен» тұжырымын қаншалықты түсінетініне байланысты, мұндай адам бірінші танысқанды-ақ өзін нақтылау үшін агрессивтілі болып көрінуі мүмкін;

2. Агрессия – психологиялық ішкі қысымның сыртқа шығуын іздену, яғни «Текені босату»;

3. Өз мақсатына жету: «жолымдағының бәрін соға, итере мына есіктен құтылып шыққым келеді».

Агрессияны жан-жақты түсіне білу қажет: ол өсек айту, біреуге жеткізу, ауыр келеке болуы мүмкін. Агрессия адамның өзіне де бағышталуы мүмкін.

Аутоагрессия – бұл өзіне әртүрлі қиянат жасау: денені кеспелеп жырып тастау, сурет салу, өзін кінәлау болмаса қандайда бір әрекеттің өзін-өзі талқандауға бағышталуы. Қазіргі уақытта мұндай мәселемен психосоматикалық ауру актуалды орын алуда.

Л.Берковицтің пікірі бойынша агрессия әрекетін қадағалауға болады. Д.Зильманның тұжырымы бойынша кейбір жеке жағдайларда агрессияның құлшынысы жоғары болған жағдайда, оны бақылауға алу мүмкін емес.

Гуманистік бағыт. К.Роджерс, В.Франкл, Ф.Берлз және т.б. еңбектері агрессия мен зорлықты өзінің негізгі жағдайымен байланыстыра зерттеп, түсіндіреді.

К.Роджерстің қарастыруы бойынша агрессия мен зорлық индивидтің бостандығын таңдау мүмкіндігін, шектеуге мәжбүр еткенге, қарсы әрекеті. Агрессия және зорлық психологиялық қорғаныстың бір түрі. Агрессия бұл организмның тәжрибеге жауабы, яғни қауіп төнетін жағдайда индивидтің өз жайында ойлауына сәйкес келмеуі. Адам өз құндылықтарын, өзін-өзі қабылдауды қажет етеді. Ол жақсы өмір мен бақытқа ұмтылады. Өзі жайында өзгенің ойына көбірек көңіл бөлуі, ішкі тебіреністермен қаупі күшейіп, олардың оны бағалауы мазалайды. Адам олардың талап етуі мен үмітін ақтауға ұмтылады, сондықтанда ол еркіндікте емес, әрекетті таңдауы шектелген. К.Роджерстің айтқанындай «агрессия – бұл шектелген еркіндікке мәжбүр еткен әрекеттің жауабы». Психология ғылымындағы агрессиялық әрекетті түрлі әдебиеттік қайнар көздер бойынша теориялық зерттеу негізінде төмендегідей қорытынды жасауға болады.

Бүгінгі таңдағы психологиядағы агрессия проблемасында нақты жинақталған бағыттарының (фрейдизм, бихевиоризм және т.б.) «агрессия» терминіне ортақ түсініктің жоқтығы. Мысалы: К.Бютнер түсінігі бойынша «агрессия сезімінің астында өз серіктестігін балағаттап, жаралап оны құртуға бағытталған».

А. Басс агрессия мен қастандықты бөліп қарастырады, олар барлық уақытта үйлесіп, барлық уақытта кездесіп отырмайды. А. Басс және А. Дарни агрессияны суреттей келе, шабуыл, күйгелектік, вербальды және жанама агрессияның көріністеріне сүйенеді. Авторлардың көзқарасы бойынша қастандық – бұл күдіктенгіштік пен өкпелегіштік деп түсіндіреді.

Авторлардың көзқарасындағы мына болжамдарына зейін қоюға лайықты: «агрессия жан-жақты құбылыс көрінісі болғандықтан, оны айырып, анықтап алу өте қиын. Ғылыми тұрғыдан жақындайтын болсақ, олардың әр тұстарындағы бір-біріне өзара байланыстарын көре білу қажет». Агрессияның жан-жақты әр түрлі қатынасына қарамастан, қазіргі кезде көп жағдайда мынандай түсінік қолданады: агрессия – бұл балағаттауға болмаса біреуге, тірі жанға зиян келтіруге бейімделген әрекеттің қандайда бір формасы.

Н.Д.Левитов біріншіден, жануар мен адам арасындағы агрессиялы әрекетті айыра білу қажеттілігі деп көрсетті.

Екіншіден «агрессия» ұғымы – шығуы бойынша баяндау, бейнелеу түсінігі, себептері, мотиві жайында агрессивті әрекет ештеңе хабарламайтынына көңіл аудару қажет. Бала агрессиясының өсу динамикасын ескерген жөн, мұндай әрекеттің ушығуы тұлғалық даму дағдарыстары кезеңінде бой көрсететін эмоциялық күйдің тұрақсыздығы. Г.М.Бреслевтің айтуы бойынша «баланың өзін тануындағы, дамуындағы кейбір әрекеттерін, яғни этика критериясының рамкасына жатпайтын әрекеттерімен бағалауы – бұл методикалық қателік».

Н.Д.Левитов агрессиялы жағдайдың танымдық, эмоциялық және жігерлілік компоненттерін анықтады:

- танымдық жағдайды бағдарлай білу (оның түсінігі) және шабуылдайтын объектіні анықтап, өзін болатын жағдайға қоя білу.

- эмоциялық компонент – ашу-ызаның келуі, санасыз жағдайды мінездейді, жасаған әрекетін қадағалай алмауы.

- жігерлілік компоненті – агрессиялы әрекет үстінде еріктің формальды құндылықтарын көрсете білу – ол мақсаттылығы, табандылығы, шешім қабылдағыштығы және күштілігі мен инсиотивтілігі. Агрессиялы жағдай көп жағдайда күрес үстінде көрінеді, бүкіл күрес жоғарыда айтылған құндылықтарды қажет етеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың агрессиялы әрекетінде бұл құндылықтар дамымаған формада бой көрсетеді. Баланың ерте дамуында агрессияны қажетті деңгейде түсіне бермейді, оны тек әрекеттерді реттеуге, жағдайды дұрыс бағалай білуге және өз әрекетінің соңын, өз көңіл-күйін меңгере алмаған жағдайда. Л.С.Выгодскиидің «Педагогикалық психология» атақты еңбегінде баланың проблемадағы моральдық әрекетінің нәтижесін өзіміздің қөзқарасымызбен қарағанда өте қызық. Эмоциялық күй жағдайдың сырт көрінісін меңгеріп, дамыту тәрбиесіне (Л.Выготскии) көбірек көңіл бөлініп, оның қимылын саналы түрде басқарып дамыту.

Эмоциялық күйін ұстай білу, қандайда болмасын тәрбиенің міндетін құрайды, сезімді бағындыра отырып, оны басқа формаларымен байланыстыру, жан-жақты мақсатты бағыттау. Яғни «айналадағы стрессорлар» сыртқы себептілік агрессия үшін соңғы роль ойнамайды деген тұжырымға келдік. Себептілік агрессия – бұл ортаның болмаса жағдайдың ерекшеліктері агрессияның ушығуын көтеретін мүмкіндіктер. Бұл себептіліктің көпшілігі физиологиялық ортаның күйімен тығыз қауымдасқан. Мәселен: ауаның жоғары температурасы агрессияның көтерілуіне мүмкіндік туғызады. Басқа айналадағы стрессорлар, мысалы: дабыр-дүбір, шу қозуды күшейтіп, агрессияның көтерілуіне мүмкіндік жасайды. Бақылаудың нәтижесі көрсеткендей, ауа ластанған (мысалы: темекінің түтіні т.б.) жағдайда агрессиялы реакция күшейеді. Әртүрлі жағдайлардағы тұлғааралық қарым-қатынастағы кейбір жәйттер индивитті агрессиялы реакцияға итермелеуі мүмкін. Агрессия күшеюі де мүмкін және жағдайға байланысты басылуы да мүмкін, ол тұлғаның мінезі мен өзіндік санасына әсерін тигізеді. Адам қимылын жинақтап қарағанда өзін әлеует реакциясының құрбаны болмаса дұрыс жинақылық уәкілі, яғни өз санасын публикалық түрде айтады: адам өз ойы мен қайғысына басым көп көңіл бөлген жағдайды – онда өзіне деген өз санасы жайында айтылады. Жоғарыда көрсетілген екі типтің де тұлғалық саналығы агрессиялық реакцияның төмендеуіне мүмкіндік қаблеттілігінде. Осы тақырыпқа байланысты Т.Г.Румянцева былай дейді: «әдістемелік және тұжырымдамалық теорияның негізгі, адамзат агрессиясы қазіргі заман философиясының жоғары даму деңгейіне тура келмейді, теорияның ауқымды бөлімі бекіту негізін құрайды. Адамзат агрессиясы қазіргі замандағы өзекті мәселенің бірі. Осы соңғы айтылған жолдарды тұжырымдай келе, бала агрессиясы жайындағы кейбір психологиялық теориялардың актуалдылығына көңіл бөлсек.


1.2 Агрессияның түрлері
Психолог А.А. Реан "агрессия" және "агрессиялылық" деген екі ұғымның бір-біріне ұқсамайтын бөлек мағына деп қарастырады. Агрессия - бұл бөгде адамға болмаса, адамдар мен жануарлар тобына ниеттеліп тура бағышталған қиянат.

Агрессиялылық – бұл жеке тұлғалық қасиет мінез-құлық, агрессияға дайындық көрінісі. Осылай түсіндіре келе, мұны былай тұжырымдауға болады. Егер агрессия – бұл әрекет болса, ал агрессиялылық осындай әрекетке дайындық.

Адамдағы агрессия мәселесі қазіргі біздің қоғам үшін ең маңызды мәселелердің бірі. Қоғамдағы болып жатқан террор жәбірлеудің өсуі сияқты әлеуметтік-қауіпті құбылыстардың қатты белең алуына байланысты агрессия сұрағы зерттеудің негізгі объектісі болып отыр.

Агрессия құбылысы сапалық және сандық сипаттамаларға ие. Барлық қасиеттер сияқты агрессияда индивидтерде әртүрлі көрініс табады, біреулерде мүлдем жоқ болса, басқаларда шексіз дамиды. Агрессивтіліктің болмауы енжарлық пен конформдылыққа алып келеді. Ал оның шектен тыс дамуы конфликтіге, қоршаған ортамен өзара түсініспеушілікке әкеледі. Агрессивтіліктің көріну ауыртпашылығы бір қатар параметрлермен анықталады (П.Б.Ганнушкин); агрессияның пайда болуының жиілігі және жеңілдігі; агрессия туындайтын ситуацияның адекватты емес дәрежесі; агрессияға екпін жасау; агрессивті әрекеттің асқыну дәрежесі. Агрессия жеңіл ситуацияда вербальды формада, ал ауыр ситуацияларды физиологиялық аиуто және гетеро агрессия түрінде көрінеді.

А.Басс және А.Дарки агрессияны бес түрге бөледі. Оны мынадай схема түрінде ұсынады.

Осы агрессияның барлық түрлерін бүкіл жастағы адам бойынан табуға болады, ал кей жағдайда бұл ерте жастан-ақ көрініс бере бастайды. Агрессиялы мінездің әртүрлі формасы мектеп жасына дейінгі жастағы балаларда да кездеседі. Психологияда вербальды және физиологиялық агрессияны бөліп қарастырады, бұлардың әр қайсысының тікелей және жанама түрі бар.

Оларға қысқаша мінездеме берейік:

1) Вербальды агрессия.

а) Жанама вербальды агрессия – құрбыларын айыптап, қорқытуға бағышталған. Бұл әртүрлі айыптау сөз, шағым түрінде кездеседі ("Маған Сауле тиісіп кетті", "Айбек төсегін жинамады", т.б.); көпшіліктің көңілін аудара, айқайлау ("Мазамды алмай, ары кет!", "Маған кедергі жасама", т.б.); агрессиялы фантазия түрінде ("Егер тыңдамасаң, полиция келіп, сені түрмеге отырғызады", "Мен сені қуып жетіп, тістеп, ұшаққа отырғызып, биік таудың үстіне апарып тастаймын, сол жерде жалғыз отырасың", т.б.)

ә) Тікелей вербальды агрессия – балағаттау, қорлаудың вербальды формасы. Балалар арасында бұрыннан келе жатқан тікелей вербальды агрессияның дәстүрлі түрі – ашуын келтіретін келекелер ("Торай", "Жора –ашқарақ", "Ұсқынсыз", "Сұмырай", т.б.)

2) Физиологиялық агрессия.

а) Жанама физиологиялық агрессия - өзгеге физиологиялық әрекет арқылы материалды залал келтіруге бағышталған. Бұл өзгенің іс-әрекетін затын бұзуы (басқа баланың құрастырып отырған конструкторын бұзу, салып отырған суретін жырту, т.б.); біреудің затын талқандау болмаса бұзу (бала біреудің ойнап отырған ойыншығын алып, еденге лақтырып, сындырып, оның иесінің көз жасы мен үрейін бақылау).

ә) Тікелей физиологиялық агрессия — өзгеге тікелей физиологиялық әрекет арқылы шабуылдап, жарақаттауға бағышталған. Бұл қорқыту түрінде (бала құрбыларына жұдырығын көрсетуі); физиологиялық тікелей шабуылы (балалар төбелесі, тістеу, тырнау, шашын жұлу, суық құрал ретінде таяқты, шаршыларды қолдануы).
1.3 Балалар бойында кездесетін агрессивтілік әрекеттің пайда болуы
Бала агрессиясын түсіндіру бағыты психоаналитикалық бағыт (А.Фрейд). А.Фрейд өз әкесінің жыныстық және агрессиялық инстинк қатынас көзқарасын бөлісе отырып, оның бірнеше фазасын бөліп қарастырады: аральды агрессивтілік, анальды садизм және т.б. А.Фрейд бала психоаналитикасымен шұғылдана отырып, ол агрессия «мен» тұжырымының қорғаныш механизмдерінің бірі деп қарастырады. Осыған байланысты оның түсінігі бойынша агрессия оның «менінде» өткен немесе болатын жағдайда қорқыныш пен қауіптің пайда болуы. Агрессияның ушығуы бұл баланың «меніне» тікелей қауіптің пайда болуы. Баланың агрессивті құлшынысы осылай объектідегі қауіптің қатынасына қарай мінез-құлқын бекітеді.

Индивидуалды психологияның негізін қалауша А.Адлер – баланың бүкіл дамуында өзіне толық емес жартылай сенімділік сезімін агрессияның туындауынын негізі деп қарастырды. Бала ұзақ уақыт біреуге тәуелділігіне күйзіледі, ол өзіне тіптен көмексіз болған кезде күн көруі үшін ата-анаға жүгінуі қажет. Баланың жетілмегендігі, өзіне сенімсіздігі және өз бетінше алып кете алмауы, отбасында қоршаған күшті адамдарға бағынышты болуы қатты қайғыруға әкеліп соқтырады. Бұл кем бағалы сезімді тудырады, қоршаған ортада жетістікке жетіге бағытталған ұзақ күрестің бастамасы.

Бала агрессиясына, қорқыныш та жатады, И.Бютнер бала агрессиясының жиі кездесетін екі себебін көрсетеді: біріншіден, жығылып қалудан, өкпелуден, үлкендердің басқындығынан қорқынышы; екіншіден, көңілі қалу болмаса өткенге қапалық, өзі шабуылдауы. Нақтылап бала агрессиясын айта кетсек, бұл кезде санасыз агрессия импульстері тікелей емес, жанама түрде: қиялында, ойын үстінде таратылады. Э.Эриксонның айтуы бойынша адам бойындағы қастандық бұл өмірінің бастапқы жылдарында әлемге, өмірге деген сенімділік жүйеленіп орнықтағандығы. Эриксонныың тұжырымына келіссек, баланың адамдарға, өмірге деген сенімі мен сезімі оның анасының берген қамқорлығының құндылығына байланысты. Мектепке дейінгі жастағы инициатива аралық конфликті, психоәлеуметтік конфликті Эриксон «жасына қарай ойын» деп атады.

Қазіргі кездегі бала агрессиясы біздің өмір жағдайымыздың бүгінгі өзекті мәселесі, ол нақты психологиялық ерекшеліктерді қозғайды, ол баланы қоршаған адамдарға ғана тиесілі болмай (ата-аналары, тәрбиешілер, мұғалімдер, құрбылары), баланың өзіне және қоршаған ортамен қарым- қатынасында елеулі қиыншылықтар тудырады. Агрессия бала дамуында сәтсіздіктерге әкеліп соқтырады. Лонгитюдің зерттеу нәтижесінің көрсеткіші бойынша агрессивтілік қажетінше нақты, уақытына қарай мүмкіндіктері мол, бала кезіндегі агрессия біртіндеп орта буындағы жасөспірім кезінде бекем әлеуметтік немесе антиәлеуметтік әрекетке ауысуы мүмкін. 8 жасар балалардың өзгешілігі агрессиялы әрекеттердің жоғары деңгейде болуы және әлеуметтік байланыстан қашқақтауы, ары қарай оқу іс-әрекетінде қиыншылықтарға кездеседі, мектепте үлгерімі төмен, интелектуалды дамуы төмен деңгейде, бейімделуі нашар болуы мүмкін. Бала жастағы агрессивтілік оның өзін қоршаған шындықпен қатынасынан емес, оның бүкіл жан-жақты тұлғалық дамуын анықтайды. Бала агрессиясын зерттеуге арналған, алғашқы зерттеу біздің елімізде 20-30 жылдары өткізілді, бұл проблема сол күйі бүтіндей ашылмай, бала дамуы педагогикалық зерттеу негізінде өткізіледі. Осы кездерде бала психологиясы өзінің алдына қойған міндеті: бала психикасына әсер ететін әдістер өңдеу, балаға тәрбие және тәрбиенің артықтығы жайында. Бала тәрбиесі мен дамуына жағымды тәсілдер ізденуге, жеке тұлғаның қасиеттеріне диагностика жасауына, интеллектің даму деңгейіне көбірек көңіл бөлінді, сондай-ақ тұлға дамуында ауытқу қиындықтары , агрессивтілікпен ішкі қаупін зерттеу мүмкіндіктеріне де көңіл бөлінді.

Балаларда агрессивтіліктің негізгі себептері: балалар үшін әлеуметтік қоршаған орта мәнді роль атқарады, ендеше балалардың агрессивті мінез-құлық себептерін олардың құрбылары мен тұлғааралық қатынастарында, сонымен қатар ол үшін референтті болып саналатын топта қабылданған әлеуметтік нормалар типтерінен іздеу керек.

Бала кездегі мінез-құлықтың бұзылуы және агрессиялықтың негізгі себептері, психикалық зақымданулар, отбасы тәрбиесіндегі кемшіліктер, мінездің акцентуациясы, әр түрлі конфликтілермен байланысты болады. Балалардағы жаңа бағыттағы қалыптасулар, қарым-қатынас деңгейінің өсуіне байланысты өзіндік сананың өсуі, ата-анамен, ересектермен, құрбы-құрдастарымен қатынастарын күрделендіреді. Балалық шақтың ішкі қарама-қайшық аумағы және оның үлкендерге қарсы сипаттары, өзара әрекеттері балаларға қатты әсер етеді. Бала үшін барынша тезірек ересек адамның статусын жаулап алуға тырысу, өз бетінше тез тәуелсіздікке жету жағдайы ерекше болады. Өзінің даму кезеңін басынан кешіріп жүрген көп бөлігінде, мінез-құлықтың екі түрі қалыптасады:

1. Бірінші типтегі балада өзінің жеке позициясын сақтау үшін қоршаған ортамен өзара әрекетін (қалыптастыруға) өзгертуге тырысады. Мысалы: олардағы негативизмді, карсылық мінезді, қарсыласуды және шектен шығу сияқты сапаларды айтуға болады.

2. Екінші типтегі бала микроортаның кері әсерімен ерекшеленеді, себебі қоршаған ортамен мінез-құлықтың қатынас эталоны, әлі қалыптаспайды. Осының нәтижесінде өзіне, басқаларға деген қатынастарда сарапшыл емес, өзара қарым-қатынастың жағымсыз жағын норма ретінде қабылдайды. Нәтижесінде мінез-құлық бағдардың қалыптасуынан балалар өзінің дамуын өзгертуге тырысады, алайда мінез-құлықтық бағдардың жеткіліксіз даму себебінен мақсатқа жетудің адекватты құралын таба алмайды. Сондықтан олардың динамикалық тенденциялары негізінен мазмұнды, мағыналылығынан басым болады. Балалардың бейімділігі немесе соларға тән мінез-құлықта мағына құрастыру процесінің мотивтерімен байланысы, қоғамдық жағымды мақсаттары мен баланың әлеуметтік мәнді мінез-құлықтың идеологияларының арасындағы арақатынастардың бұзылуына әкеліп соғады. Бала кезде мінездің кейбір бітістері өмір тәжірибесімен үйлеспейді, сауатты басқару үшін әр баланың тәрбиесін және жеке тұлғалық ерекшелігін, эмоциялық-мотивациялық сферасындағы қажеттіліктің қалыптасу деңгейінің бағыттылығын ескеру керек.

«Қиын» балаларда жалған құндылық, қоғамға қарсылық көрсететін терең тұлғалық өзгерістер байқалады. Бала-бұл сананың өзіне бағытталу кезеңі, өзін тану психологиялық құнды құрылым ретінде өзіндік жетілуге жағдай жасайды.

Бала кезде тұлғаның қарқынды мінез-құлықтық санасының қалыптасуы, моральдық-этикалық мінез-құлық нормаларын игеру,өзінің мінез құлқында пайда болған бағалық пайымдау жүйесіне жетекшілік ете бастайды. Міне, сондықтанда мінез-құлықтың қалыптасу процесінде пайда болған өзіндік бағалау жағдайлары баланың тұлғалық құрылымына тәуелді болады. Бала кезде өзіндік сананың ерекшеліктері, яғни тұлғаның өзіндік бағалауды басқарудың негізгі жетекшісі компоненттері, өзбеттілік дәрежесі, әртүрлі және қоғамдағы күрделі өзара байланыстар жүйесіндегі адамдармен қарым-қатынастағы тұлғаның тәуелсіздігін анықтайды.



Мектеп жасына дейінгі балаларда агрессия проблемасының орнауында «агрессия» және «агрессивтілік» түсінігін айырып, ажырата білу қажет: бірінші түсінік биологиялық заңдылық рамкасында тереңдетіле калдырылады, осыған орай бір топ адамның болмаса бір адамның агрессивтілік әрекетінің әлеуметтік көпшілік тарихи жағдайы анықталады.

Балалардың агрессивті мінез-құлқы мен өзіндік бағалауының өзара байланысы: Балалардың агрессивті мінез-құлқымен өзіндік бағалауының арасында туындайтын өзара байланысты зерттеу өте маңызды. Өзіндік бағалау процесі субьектінің агрессивтілігін шешу детерминантына ие болады. Өзіндік бағалау деңгейі ішкі нормативті стандартты реттеп отырады. Егер әділетсіз шабуыл жасасаса, яғни субъектінің ар-намысына тисе, онда агрессия балалардың өзінің ар-намысын қорғауға бағытталады. Кейбір зерттеулер бойынша агрессияның төмендеуі өзіндік бағалау процесімен жанама түрде байланысты болған (С.Фишбах). Агрессия сферасын анықтаушы нормативті стандарттар, балалардың агрессивтілік әрекетін дағдыланған түрде реттеп отырмайды. Балалардың мінезіндегі стандартты өзіндік бағалау әрекеттері болу үшін, субъектінің зейіні соларға бағытталуы қажет. Яғни «объективті өзін тану» жағдайы болады. Тұлға дамудағы бала жасының дағдарысы балалық пен есеюдің арасындағы шекара ретінде күрделі өтеді. Баланың өзін «нәтиже» деп трансцендентті ұғынуы, мәні бойынша, балалықтан шығарылған, жеке даралығын іздеген қажеттілікке жауап ретінде индивидуалды тәжірибесі арқылы туындайтын «Меннің» тұрақты және дифференциалданған бейнесін көрсетеді. Сондықтанда балалар өз мүмкіндіктерін бір жағынан балалық әуестенулер мен олардың объективті салдары негізінде ұғынады. «Мен-бейнесі» адамның әлемдік бейнесін жасайтын болмыстық форма мен сфера ретінді туынды сипатқа ие болады.

Балалардың «Мен бейнесі» өзіндік ерекшелікке ал өзіндік сана сезімдері символикалық сипатқа ие. Идеалды нақтыланған «Мен-бейнесі» бір мифологиялык табиғатқа ие болады. Миф ұғымы «Мен-бейнесімен» мен тұлғаның өмірлік стратегияларын, оның өзіндік детерминациясын біріктіруге мүмкін береді. Баланың өз менің жайлы индивидуалды мифті құруы, өзіндік сана сезімдермен «Мен-бейнесінің» бір-бірінен ерекше айырмашылығы болатын көрсетеді және экзистенциалды өзіндік бағалауға басқаша қарау қажет екенін болжайды. Мұнда балалардағы дағдарыс дербес сипат алады, екі әлемнің арасындағы басқарылмайтын шекара ретінде жалғастырмайды. Өзіндік бағалау кәмелетке жетпегендер үшін олардың агрессивті мінез-құлықтарының көптеген формаларына: ойлары, қауіптеріне, физикалық және психологиялық жәбірленуіне, конфликтілеріне, төбелестеріне, фантазияларына және басқада әлеуметтік қолдау алмайтын мінез-құлық формаларына мәнді әсер етеді.

Өзіндік бағалау агрессиялық мінез-құлыққа белгілі-бір өзгешеліктер әкеледі және көп жағдайда тұлға аралық өзара әрекеті, ішкі әсерленулер мен эмоциялық реакцияларды, әрекет пен іс-әрекет мотивациясын анықтайды, өзін және басқаларға деген не оң не теріс қатынасты жасайды. Соңғы кездері жеткіншек кезеңді екі түрлі ықпалмен түсіндіреді. Психоаналитикалық және әлеуметтік-психологиялық. 1-шісі индивидтің психо-сексуалдық дамуына және отбасындағы эмоциялық өзара қатынасқа екпін қойса, 2-шісі индивидтің әлеуметтік тіршілігімен, рольмен, статуспен рөльдік конфликтпен, рөльдік анықталмағандықпен және әлеуметтік күту сияқты факторларға назар аударады.

Психоаналитикалық ықпалда бала жасында туындайтын жалғыздық және өзін жоғалтуды бастан кешіру жағдайы эмоциялық ашықты тудырады. Эмоциялық ашығу құрбыларының арасында қанығады, мұнда ол белгілі бір эмоциялық тәжірибе алады, яғни адамзатқа тән мадақтау, эмпатия қосылу, рөльдік мінез-құлық идентификация, мазасыздану мен кінә сезіміне бөлену сияқты тұлға аралық қатынастардың сипатына қосылады.

Өзіндік бағалау процесі субьективті агрессивті мінез-құлықтың шешуші дитерминанты не қарсыласатын, не оны жандандыратын ішкі міндетті нормативті стандарттарды реттейді. Агрессия сферасын анықтайтын нормативті стандарттарды адам дағдыланған әрекеттермен реттемейді. Балалар қоғамда өтіп жатқан процестерді өзіне лайықты болатындай қабылдап, оған тез бейімделіп, соған сәйкес мінез-кұлықтың стериотиптерін қалыптастырады. Өзіндік сана тұрғысында бала өзін қоғам мүшесі ретінде ұғынады және қоғамдық мәнді позицияларда нақтыланады. Балалардың конфликтілігі «Мені» бір жағынан болмыста энергетикалық қуатты өзіндік көрінуге ұмтылуынан тұрса, басқа жағынан белгілі бір тандау мен іс амалдарға жете қоймаған «балалардың бетпақдаласынан» тұрады.

Бала жасында өзіндік бағалаудың негізгі функциясы: іс-әрекет пен мінез-құлықты реттеу болып табылады. Мысал. «Мен қандай ақылдымын» деп ойласа қоршаған ортаға сенбеген қатынаспен қарағандай болады. Адекватты емес күмәндануларда бала өзінің адамгершілік қасиеттерін өзі айтып, басқа адамдарды менсінбесе қоршаған орта да оған негативті тұрғыда қарайды.

Жоғары өзіндік бағалау болған кезде балалардың мынадай мінездік қырын көруге болады, шеттен тыс регокігіштік. Реніш-сезім, яғни бұл қоршаған орта оған әділетсіз түрде қараған кезде көрінеді. Шын мәнінде, бұдан да басқа көріністер көрініп жатады.

Ал өзіндік бағалауы төмен балалар қарым-қатынаста қандай қиыншылықтармен қақтығысады? - Өзі туралы көзқарасы өзгереді, мен бақытсызбын, әдемі емеспін, жолым болмайды деп санайды, мұндай жағдайларға көбінесе мінез акцентуациясының педанттық типі жатады және мазасызданудың деңгейі жоғары болатын балаларға тән құбылыс. Олар сонымен қатар көңіл күйдің төменгі күйін қалыптастырады. «Толық сезінбеу комплексін» бекітеді.

Өзіндік бағалау шектен тыс төмен болған жағдайда жеткіншектерде тәуелділік, өз бетінше шешім қабылдай алмау, тұйықттық, ұлшақтық, жасқаншақтылық сияқты қасиеттер басым болады. Балаларда өзіндік ойлау өзіндік бағалау қалыптасу үшін көптеген факторлар әсер етеді: ата-анасының қатынасы, құрбы-құрдастарының арасында алатын орны, педагогтардың қатынасы. Бала қоршаған ортада өзі туралы қалыптасқан көзқарастарды салыстыра отырып өзіндік бағалауын дамытады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет