Мектеп, кәсіптік білім беру мекемелері, қосымша білім беру мекемелері оқушылары арасында «Сенің үлгің» байқауының өткізілу



Дата02.07.2016
өлшемі61 Kb.
#172981
Мектеп, кәсіптік білім беру мекемелері, қосымша білім беру мекемелері оқушылары арасында «Сенің үлгің» байқауының өткізілу

ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Байқау ұйымдастырушылары: ҚР БҒМ техникалық және кәсіптік білім беру Департаментінің, Ақмола облысы білім басқармасының ұйымдастыру – идеалогиялық қолдауымен ҚР «Жұлдыз» қоғамдық балалар ұйымдарының одағы» қоғамдық бірлестігі

Байқаудың өткізілу мерзімі және орны: 2016 жылдың 3 – 4 наурызы, «Көкшетау қаласы, № 1 сервистік – техникалық колледжі» КММ

Байқаудың қатысушылары: меншік нысандарына тәуелсіз, мектеп, кәсіптік білім беру мекемелерінің, қосымша білім беру мекемелерінің оқушылары, қоғамдық балалар және жастар құрамаларының, шығармашылық бірлестіктердің: дизайнерлердің, технолог – сәнгерлердің, киім пішушілердің, тігіншілердің, стильшілердің, визажистердің, шаштаразшылардың өкілдері.

Байқауға шақырылғандар: БҒМ Т және КБ департаментінің, әкімдіктің, білім басқармасының, Ақмола облысының жастар саясатының, «Жас Отан» ЖҚ, кәсіптік одақтар федерациясының, Ақмола облысының Т және КБ ұйымдары директорлары кеңесінің, ҮЕҰ жастар лидерлері, өндірістік оқыту шеберлері, оқытушылар, ата-аналар, әлеуметтік серіктестер, жұмыс берушілер, БАҚ.

Байқаудың мақсаты:

  • оқушылардың кәсіптік дайындылық деңгейін жоғарлатуда, таңдаған мамандық бойынша қызмет көрсету аясында олар жаңа технологиялардың негізін меңгеруде оқытушылардың, өндірістік оқыту шеберлерінің, оқушылардың қызығушылықтарын және шығармашылық белсенділігін жандандыру.

Байқаудың міндеттері:

  • жастар ортасында қызмет көрсету аясындағы мамандықтарды, тігін өндірісін, дизайнерлік көркемөнерді дәріптеу;

  • жастардың қызмет көрсету аясында, перспективалық инновацияларда жұмыс істеуге кәсіби дайындылық жетістіктерін анықтау;

  • қалың қоғам көпшілігінің, кәсіпкерлердің, БАҚ, мемлекеттік органдардың назарын жастардың кәсіптік білім алу мәселелеріне, болашақ мамандарды кәсіби дайындау саласында мүдделі ынтымақтастыққа және әлеуметтік серіктестікке аудару, Қазақстан Республикасының жас азаматтарының шығармашылығын және әлеуметтік бастамаларын қолдауға қатысу.


Байқаудың уақыт тәртібі:
3 наурызбайқау қатысушыларының келуі, көрмені рәсімдеу, салтанатты ашылым, презентация, тәжірибе алмасу, «Шығармашылық академиясы: біздің стиліміз – үйлесім мен мүлтіксіздік», шебер – класстар.

4 наурыз «Сенің үлгің» байқаулық бағдарламасы, байқаудың салтанатты жабылуы, қатысушылардың кетуі.
Жалпыға міндетті байқау бағдарламасы:


  • білім беру мекемесінен «Жастар жетістіктері – сүйікті Отанға!» көрмесін рәсімдеу

  • байқау қатысушылармен таныстыру (дәстүрлі және дәстүрлі емес материалдардың өзіндік нысандарын қолданумен еркін қойылым көрсету 8 мин. дейін)


Бейінді байқаулық бағдарлама келесі атаулар (номинациялар) бойынша өткізіледі: дизайнер, шаштараз, тігінші, визажист, стильші.
Байқаулық тапсырмалар
Дизайнерлер үшін:
  • (CorelDraw, Photoshop) компьютерлік нұсқада маңдайша жазуды дайындау (1,5 сағат);


  • «Біз – Әлем балаларымыз» тақырыбы бойынша қатысушылардың кәсіптік шеберлігінің авторлық жобасын ұсыну, «қағаз-пластика» техникасында (сахнада дайын жұмыстарды ұсынып көрсету, уақыт тәртібі 5 мин. дейін);

  • Боди - арт қатысушының кәсіптік шеберлігін көрсету (костюмге баға қойылмайды); Жұмысты көрсетуге 1-2 минут уақыт беріледі;

  • көрмеде қатысушы жетістіктерінің авторлық көрсетілімі.


Шаштаразшылар үшін:

  • «Сәнді бейне» ерлер шаш алуды орындау: шашты алу, сәндеу, бейне құру. Жұмысты орындау уақыты – 1,5 сағат. Қатысушының өз құрал – саймандары, косметикалық және парфюмериялық құралдары және арнайы киімдері болуы тиіс;

  • қатысушының авторлық кәсіптік шеберлігін көрсету. 50-жылдар стилінде «Ретро» шаш сәндеуін орындау, шеберханада шаштан жасалған әшекейлерді пайдаланумен (30% көп емес), және жұмысты сахнада көрсету. Бір жұмысты көрсетуге 1-2 минут уақыт беріледі;

  • көрмеде қатысушы жетістіктерінің авторлық көрсетілімі.


Тігіншілер үшін (сәнгер, пішуші, тігінші, технолог, стильші):

  • қатысушының кәсіптік шеберлігін көрсету: бұйымның бөлек түйінің өңдеу. Жұмысты орындау уақыты – 2 сағат. Қатысушының өз құрал – саймандары, аспаптары және арнайы киімдері болуы тиіс;

  • авторлық жобалар презентациясы, келесі бір бағытта орындалған:

- «Сарыарқа әуендері» - стильденген ұлттық киім топтамасын ұсыну;

- «Мұз бен жалын» - аралас стильдегі жастар киімінің топтамасы;

- «Гламур бетпердесі» - кешкі киім топтамасы.

Коллекцияны көрсетуге 7-10 минут уақыт беріледі.


Визажисттер үшін:

  • қатысушының кәсіптік шеберлігін көрсету: қарапайым макияждың негізгі қадамдарын орындау. Жұмысты орындау уақыты – 1 сағат. Қатысушының өз косметикалық және парфюмериялық құралдары болуы тиіс;

  • авторлық жобаны көрсету: сахнада боди – артты көрсету. Бір жұмысты көрсетуге 1-2 минут уақыт беріледі;

  • көрмеде қатысушы жетістіктерінің авторлық көрсетілімі.


Стильшілер үшін:



Байқау ресми міндетті бағдарламадан тыс қатысушылардың қалауы бойынша ерікті түрде өткізіледі. Қатысушылар «Жас Арт: ХХI ғасырдың жоғары сәні» бейнесінде жас адамның кейіпін, имиджін, стилін жасап көрсету қажет.
Барлық қатысушылар байқау бағдарламасын орындау кезінде өз материалдарымен жұмыс істеуге тиісті.

«Сенің үлгің – 2016» байқауының

БАҒДАРЛАМАСЫ
2016 жылдың 3 наурызы

13.00 дейін – қатысушылардың келуі, тіркелуі, «Жастар жетістіктері – сүйікті Отанға!» көрмесін рәсімдеу.

13.00 – 14.00 – Түскі ас.

14.30 - 18.00 – байқаудың салтанатты ашылуы, қатысушылардың презентациясы.

18.00 - 19.00 – Кешкі ас.

19.00 - 20.00 – «Шығармашылық академиясы: менің стилім – үйлесім мен мүлтіксіздік» шебер - класстар.

20.00 – 21.00 – бос уақыт.

21-23.00 – «Біз –KZ КӘСІПҚОЙЫМЫЗ!» дискотекасы
2016 жылдың 4 наурызы

8.00 - 9.00 – таңғы ас.

9.30 – 11. 30– тәжірибелік тапсырманы орындау

11.30 – 13.00 – «Жастар жетістіктері – сүйікті Отанға!» көрме - презентация

13.00 -14.00 – түскі ас

14.30 - 18.00 – «Сенің үлгің» байқау бағдарламасы, салтанатты жабылуы.

19.00 – 20.00 – кешкі ас.

20.00 – қатысушылардың кетуі.
Байқауға қатысу шарттары № 1 қосымшада.

Байқау туралы қосымша ақпаратты ұйымдастыру комитетінде келесі тел. бойынша білуге болады:

Астана қ.: (8 717 2) 21 74 22, 8 701 533 70 28,

Көкшетау қ.: (8 716 2) 25 83 49, 72 12 26

«Жұлдыз» қоғамдық балалар ұйымдарының одағы» қоғамдық бірлестігі және оның жобалары туралы ақпаратты мына сайттан алуға болады:

www.zhuldyz.kz.

1 Қосымша


«Сенің үлгің» байқауына қатысу шарттары
«Сенің үлгің» байқауына қатысуға өтінімдер Ұйымдастыру комитетіне 2016 жылдың 28 ақпанына дейін 8 (716-2) 25-83-49 телефон\ факсы және sdoozhuldyz@mail.ru электрондық поштасы бойынша беріледі. Өтінімде қатысушылардың ТАӘ, мамандығы, курсы, қатысушының және топ жетекшісінің туған күні, байқауға қатысушылардың келу күні мен уақыты көрсетілуі тиісті.
Команданың байқауға қатысуы үшін ұйымдастыру жарнасы – 35 000 тенге. Тамақтану және тұру құны– бір адамға тәулігіне 2400 теңге.

Төлем келесі деректемелер бойынша қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша жүргізіле алады::

«Жұлдыз» қоғамдық балалар ұйымдарының одағы» ҚБ

020000, Көкшетау қ., Ақан-сері көшесі, 91

СТН 032600222656

ЖСК KZ276010321000017832

«Қазақстан Халық банкі» АҚ Ақмолалық ОБ

БСК HSBKKZKX

ЖСН 040840005670

Код 18


Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу кезінде Ұйымдастыру комитетіне төлем құжаттардың көшірмесін ұсыну қажет.

Байқауға қатысуға келген кезде қолма – қол ақшамен төлем жасауға болады.


Анықтама үшін Ұйымдастыру комитетіне келесі телефондар бойынша хабарласуға болады:

Астана қ.: (8 717 2) 21 74 22, 8 701 533 70 28,



Көкшетау қ.: (8 716 2) 25 83 49, 72 12 26.
«Жұлдыз» қоғамдық балалар ұйымдарының одағы» қоғамдық бірлестігі және оның жобалары туралы ақпаратты мына сайттан алуға болады: www.zhuldyz.kz.
Ұйымдастыру комитеті

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет