Мектепішілік олимпиада есептері 8-сынып. Информатика



Дата07.02.2024
өлшемі16.53 Kb.
#491034
МЕКТЕПІШІЛІК ОЛИМПИАДА ЕСЕПТЕРІ 8 сынып


МЕКТЕПІШІЛІК ОЛИМПИАДА ЕСЕПТЕРІ
8-сынып. Информатика


1. «Ақпарат» сөзі латын тілінен аударылғанда қандай мағына береді?
А) түсіндіру, баяндау, мәлімет В) көрсету, айту, әңгімелеу С) баяндау, айту, мәлімет
2. Ақпараттық процесстерді зерттейтін ғылым-
А) математика В) физика С) информатика
3. Ақпараттық процесстерді жүзеге асыратын негізгі құрал-…
А) компьютер В) монитор С) модем
4. Ақпараттың ең кішкене өлшем бірлігі:
А) бит В) байт С) 1
5. Бір байт нешеге тең?
А) 10 бит В) 8 бит С) 16 бит
6. Пернетақта- қандай құрылғылар қатырына жатады?
А) енгізу құрылғыларына В) шығару құрылғыларына С) сақтау құрылғыларына
5.Компьютердің енгізу құрылғыларына жатады…
А) Принтер, сканер, плоттер В) Сканер, пернетақта, микрофон С) Модем, монитор, процессор
6. Компьютерде орнатылған барлық программалар нені құрайды?
А) Жады құрылғысын В) Процессорды С) Программалық жабдықтаманы
7. Компьютердің жұмысын басқаратын басты программа-..
А) Операциялық жүйе В) Программалық жабдықтама С) Аппараттық жабдықтама
8. ОЖ жүктелуі деген не?
А) Компьютер жұмысының басталуы В) Сыртқы тасығыштан ақпарат оқу
С) ОЖ компьютердің жедел жадына орналасуы
9. Жұмыс үстелі нысандарының артығын көрсетіңдер?
А) Саймандар тақтасы В) Есептер тақтасы В) Есептер тақтасы С) Бастау батырмасы
10. Бас мәзірді шақыру үшін… керек.
А) Менің компьютерімді ашу В) Бастау батырмасын басу С) Есептер тақтасын ашу
11. Ондық сандарды сегіздік санау жүйесіне ауыстырыңдар:
а) 181,36910 б) 176,52610 в) 700610 г) 12510 д) 22910
12. Ондық сандарды оналтылық санау жүйесіне ауыстырыңдар:
а) 32210 б) 150,700610 в) 284,24510 г) 42810 д) 315,07510
13. Екілік санды сегіздік санау жүйесіне ауыстырыңдар:
а) 111101100112 ә) 11011010010012 б) 10011010110012
14. Екілік сандарды кесте бойынша оналтылық санау жүйесіне ауыстырыңдар:
а) 111101100112 ә) 11011010010012 б) 10011010110012
15. Сегіздік сандарды, кестені пайдаланып, екілік санау жүйесіне ауыстырыңдар:
а) 3248 ә) 15768 б) 176528 в) 1368 г) 305078
16. Оналтылық сандарды, кестені пайдаланып, екілік санау жүйесіне
ауыстырыңдар:
а) А5916 ә) 8716 б) В6816 в) С1616
17. Ондық сандарды сегіздік санау жүйесіне ауыстырыңдар:
а) 32210 ә) 15010 б) 283,24510 в) 42810 г) 315,07510
18. Ондық сандарды оналтылық санау жүйесіне ауыстырыңдар:
а) 18110 ә)176,52610 б)36910 12510 22910
19. Екілік санды сегіздік санау жүйесіне ауыстырыңдар:
а) 110111110112 б) 10101110111012 в) 11101111010112
20. Екілік сандарды кесте бойынша оналтылық санау жүйесіне ауыстырыңдар:
а) 110111110112 б) 10101110111012 в) 11101111010112
21. «Ақпарат» латынның .... деген ұғымдарды білдіреді.
А) информатика Ә) аналық тақша, жүйелік блок
Б) түсіндіру, баяндау, мәлімет В) мақсат, міндет
22. Қазіргі кезде ақпарат түсінігін айқындаудың кең тараған қанша теориясы
бар?
А) 5 Ә) 3 Б) 4 В) 2
23. Кибернетиканың атасы Ноберт Винер ақпаратқа мынандай анықтама берді.
А) Ақпарат, бұл-сыртқы дүниеден біздің оған бейімделуіміздің, сезімдеріміздің
бейімделуінің процесінде алынған мазмұнды көрсету.
Ә) Ақпарат, бұл – айналадағы дүние туралы анықталмағанды анықтайтын мәліметтер
Б) Ақпарат, бұл –сигнал, хабарлама арқылы берілген білім.
24. Ақпарат ұсыну қандай негізгі тәсілдермен туындайды?
А) техникалық, математикалық, бейнелік
Ә) аналық тақша, жүйелік блок
Б) символдық, мәтіндік, графикалық
В) мақсат, міндет.
25. Информатикаға анықтама бер?
А) информатика – ақпарат алу, жіберу, өңдеу, сақтау ұсыну процестерін зерттейтін ғылым
Ә) информатика – ол адамның өз іс-әрекетінде ақпарат жиымдарын пайдалануы
Б) информатика –мақсат, міндет
В) информатика – ақпарат алу, жіберу, өңдеу, сақтау, ұсыну процестерін зерттейтін
математикалық ғылым.
26. Санау жүйесі деп нені айтады?
А) Сандарды атау және жазу ережелері мен оқылуы
Ә) сандарды атау және жазу ережелері мен әдістерінің жиынтығын зерттейтін ғылым.
В) сандарды атау және жазу ережелері мен әдістерінің жиынтығы
27. Позициялық санау жүйесінің позициялық емес санау жүйесінен айырмашылығы
неде?
А) санның әрбір цифрының мәні оның алатын орнында
Б) санның әрбір цифрының алатын орнында
В) санның цифрының жазылуында
28. Позициялық санау жүйесінің негізі деп нені айтады?
А) онда қолданылатын цифрлар атын
Ә) онда қолданылатын цифрлар санын
Б) онда қолданылатын цифрлардың орнын
29. Екілік санау жүйесінде санды жазу үшін қандай цифрлар қолданылады?
А) 1,2 Б) 0,2 В) 0,1 Г) 10,11
30. Оналтылық санау жүйесінде санды жазу үшін қандай цифрлар қолданылады?
А) 1,2,3,4,5,6,7,8,9, A,B,C,D,E,F
Ә) 0,2,3,4,5,6,7,8,9, A,B,C,D,E,F
Б) 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9, A,B,C,D,E,F
В) 0,1,2,3,4,5,6,7,9, A,B,C,D,E,F

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет