Тоқтап және тапсырмаларды орындай жүгіру (отыру).
Төрттағандап алақаны мен тізесіне сүйеніп, тура бағытта 6 метр арақашықтықта еңбектеу. Екі аяқпен секіру (аяқтары бірге — аяқтары алшақ).
Мақсаты: белгі бойынша тоқтауды, отыруды, тепе-теңдікті сақтап тұруды және жүгіруді жалғастыруды үйрету. Алақан мен тізеге сүйеніп еңбектеуде қол мен аяқтың қимылдарын үйлестіре білуді бекіту. Қос аяқпен бір орында секіруге жаттығу. Ойын: «Сақина салмақ»
|
1
|
11
|
Негізгі қимылдар:
Алға қарай жылжи отырып қос аяқпен секіру (арақашықтығы 2 м).
Тоқтап және тапсырмаларды орындап жүгіру (шыр айналу).
Төрт тағандап тура бағытта 4 метр арақашықтықта еңбектеу.
Мақсаты: Алға қарай жылжып қос аяқпен секіру. Белгі бойынша тоқтап және тапсырмаларды орындауда тепе-теңдікті сақтай білуді бекіту. Тура бағытта төрт тағандап еңбектеуге жаттықтыру. Ептілікті және қимылдарын үйлестіруді дамыту.
Ойын: «Қонаққа барайық»
|
1
|
12
|
Негізгі қимылдар:
Допты қақпаға домалату (көлемі 60 см) арақашықтығы 1 м.
2 м арақашықтыққа алға қарай жылжып, қос аяқпен секіру.
Мақсаты: Допты қақпаға домалатуды (көлемі 60 см) үйрету, көзмөлшерді дамыту. Қос аяқпен бір мезгілде екпінмен итерілу және жартылай бүгілген аяқтың ұшына тұра білуін бекіту.
Ойын: «Тез өз орныңа бар»
|
1
|
13
|
Негізгі қимылдар:
Қойылған заттардың арасынан «жыланша» ирелеңдеп еңбектеу. Допты қақпаға домалату (көлемі 50 см) арақашықтығы 1,5 м.
Мақсаты: еңбектегенде заттарға тиіп кетпей «жыланша» ирелеңдеп еңбектеуге үйрету, ептіліктерін дамыту. 1,5 м арақашықтықта допты қақпаға домалату (көлемі 50 см) білігін дамыту.
Ойын: «Үш аю»
|
1
|
14
|
|