Ақтөбе облысы алға ауданының ТӨЛҚҰжаты алға қ. 2013 жыл Кіріспе



Дата24.02.2016
өлшемі159 Kb.
#16914
Ақтөбе облысы

АЛҒА АУДАНЫНЫҢ
ТӨЛҚҰЖАТЫ


Алға қ. 2013 жыл

Кіріспе:

Алға ауданы 1933 жылы құрылған.

Ауданның әкімшілік орталығы - Алға қаласы болып табылады. Алға қаласы 1912 жылы Ақтөбе қаласынан оңтүстікке қарай 42 шақырым қашықтықтағы Самара-Златоустовск теміржолының (қазіргі Қазақ теміржолы) бойында № 44 разъезд болып құрылды. 1930-шы жылдардың басында разъезд Алға теміржол станциясы атауын иеленді. 1933 жылдан бастап ауданның экономикалық және әкімшілік орталығына айналды. Ол облыс орталығы Ақтөбе қаласынан оңтүстікке қарай 45 шақырым қашықтықта орналасқан.

1961 жылға дейін аудан орталығы жұмысшы поселкесі болды, 1961 жылы қала статусын алды.

Аудан құрғақ та, ыстық дала аймағында орналасқан. Тұрақсыз қыратты егін шаруашылығы және дамыған мал шаруашылығымен ерекшеленеді. Ауданның аумағы 7507 шаршы км немесе 750,7 мың га, оның ішінде егістік жерлері 168,8 мың га, жайылым 581,9 мың га.

Аудан орталығы – Алға қаласы республикалық маңызы бар облыстық орталық автокөлік жолдарымен және теміржол магистралі арқылы байланысады. Аудан орталығында қаланы екі – батыс және шығыс бөлікке бөліп тұрған Алға теміржол бекеті бар. Қаланың шығыс жақ бөлігінде Елек өзені орналасқан. Аудан орталығы басқа да ауылдармен жергілікті автокөлік жолдарының желілері арқылы байланысады.

2014 жылдың 1 қаңтарына халқының саны 39,7 мың адам, оның ішінде қалада тұратындар 20,0 мың адам, ауылдық жерлерде тұратындар 19,7 мың адам.

Аудан 13 әкімшілік – аумақтық округке бөлінген, онда 12 селолық және 1 қалалық округ ұйымдастырылған, оның ішінде:



1. Ақай с/о – аудан орталығына дейінгі қашықтығы 104,0 км, халқының саны 876 адам. Округке Ақай мен Көлтабан елді мекендері кіреді. Округ аумағында 2 медициналық пункт, 1 орта, 1 негізгі және 1 бастауыш мектеп, селолық клуб, «Парижская коммуна ХХІ» ЖШС, 32 шаруа қожалығы, жылжымалы пошта бөлімшесі, «ДАМА» (Қазақтелеком) 10 арналық жерүсті спутниктік жүйесі мен WLL CDMA-192 сымсыз байланыс жүйесі бойынша базалық станция және Билайн ұялы байланысы орналасқан.

2.Бесқоспа с/о – аудан орталығына дейінгі қашықтығы -18,0 км. Халқының саны 1706 адам. Округке 3 елді мекен: Есет батыр Көкіұлы және Қызылту елді мекендері кіреді. Село округі аумағында дәрігерлік амбулатория, медициналық пункт, 1 орта және 2 бастауыш мектеп, мәдениет үйі, «Тау-Кен», «Рамазан», «ТАНДЕМ-W», «ТрансхимСнаб» ЖШС-тері, «Көктас – Ақтөбе» АҚ, «Тұлпар» ЖАҚ, «Регина» ӨК және 63 шаруа қожалығы, жылжымалы пошта бөлімшесі, 271 нөмірге арналған сандық АТС (Қазақтелеком) және Kcell ұялық байланысы орналасқан.

3. Бестамақ с/о – аудан орталығына дейінгі қашықтығы 16,0 км, халқының саны - 3892 адам. Округке екі елді мекен: Бестамақ және Бесқоспа селолары кіреді. Село округі аумағында дәрігерлік амбулатория, медициналық пункт, 2 орта мектеп, бала бақша, мәдениет үйі, «Бестамақ ауылыныі Есет батыр Көкіұлы» қоры, «Агроинвест СК» ЖШС, “АқМерей - К” ЖШС, «Кроун +» ЖШС, «Көктас Ақтөбе» АҚ «Ақ-құс» құс фабрикасы, «Парижская коммуна XXI» ЖШС мал шаруашылығы кешені және 36 шаруа қожалығы, пошта бөлімшесі және 265 нөмірге арналған Қазақтелеком сандық АТС мен 424 нөмірге арналған «СВИМ» ЖШС сандық АТС орналасқан. Kcell, Билайн, Теле 2 ұялы байланысы бар.

4. Қарабұлақ с/оаудан орталығына дейінгі қашықтығы - 41,0 км, халқының саны 794 адам, олар екі елді - мекенде: Қарабұлақ, Амангелді селоларында тұрады. Округ аумағында дәрігерлік амбулатория, медициналық пункті, 1 орта, 1 бастауыш мектеп, «Иран фирмасы» ЖШС, «Рүстем КС» ЖШС және 48 шаруа қожалықтары, 119 нөмірлік МАКОМ сымсыз байланысы мен жылжымалы пошта бөлімшесі орналасқан.

5. Қарағаш с/о аудан орталығына дейінгі қашықтығы 12 км, халқының саны 1375 адам. Округке Самбай, Нұрбұлақ селолары кіреді. Округ аумағында фельдшерлік-акушерлік пункт, медициналық пункт, 2 орта мектеп, «КЕНТРОННИК», «АкТеп ЖШС, 77 шаруа қожалықтары, жылжымалы пошта бөлімшесі және 248 нөмірлік сандық АТС («Свим» ЖШС) орналасқан. Kcell ұялы байланысы бар.

6.Қарақұдық с/о аудан орталығына дейінгі қашықтығы 70,0 км, халқының саны 1534 адам. Округке 3 елді мекен: Қарақұдық, Тікқайың, Көктоғай селолары кіреді. Округ аумағында дәрігерлік амбулатория, 2 медициналық пункт, 1 орта мектеп және 2 бастауыш мектеп, мәдениет үйі, селолық клуб «Аккой» ЖШС, 41 шаруа қожалықтары, жылжымалы пошта бөлімшесі, Қарақұдық селосында 188 нөмірге, Тікқайын және Көктоғай селоларында 156 нөмірге АТС («Свим» ЖШС) бар, Билайн ұялық байланысы орналасқан.

7. Қарахобда с/о аудан орталығына дейінгі қашықтығы 57,0 км, халқының саны 899 адам, округ құрамына Қарахобда, Ерназар, Құмсай селолары кіреді. Селолық округте 2 медициналық пункті 1 орта, 2 бастауыш мектеп, «АгромирАктобе» ЖШС, 47 шаруа қожалығы, пошта бөлімшесі, 179 нөмірлік сандық АТС («Свим» ЖШС) орналасқан.

8. Маржанбұлақ с/оаудан орталығына дейінгі қашықтығы 78,0 км, халқының саны -2052 адам. Округке 3 елді мекен: Маржанбұлақ, Қайыңдысай, Қарағандысай селолары кіреді. Округ аумағында дәрігерлік амбулатория, 1 орта, 1 негізгі, 1 бастауыш мектеп, бала бақша, Мәдениет үйі, «Флора», «Маржанбұлақ» ЖШС, 40 шаруа қожалығы,жылжымалы пошта бөлімшесі, Маржанбұлақ селосында 328 нөмірге арналған 2 сандық АТС («СВИМ»ЖШС) орналасқан. Kcell және Биллайн ұялы байланысы бар.

9.Сарыхобда с/оаудан орталығына дейінгі қашықтығы 73 км, халқының саны - 916 адам. Округке 2 елді мекен: Сарыхобда, Болгарка селолары кіреді. Округ аумағына 2 медициналық пункті, 2 орта мектеп, мәдениет үйі, селолық клуб, «Нариман» ЖШС, «Үміт –Надежда» ЖШС және 30 шаруа қожалығы, жылжымалы пошта бөлімі және Сарықобда селосында 8 нөмірлік SkyEdge байланысы мен 201 нөмірге арналған сандық АТС (Қазақтелеком) орналасқан.

10. Тамды с/о аудан орталығына дейінгі қашықтығы 9 км, халқының саны 2660 адам. Округте 3 елді мекен: Тамды, Еркінкүш, Талдысай селолары орналасқан. Округ аумағында дәрігерлік амбулатория, медициналық пункт, 1 орта, 1 негізгі, 1 бастауыш мектеп, балаларға арналған 1 арнайы мектеп-интернат, селолық клуб, 42 шаруа қожалығы, пошта бөлімшесі, 505 нөмірлік сандық АТС (Қазақтелеком) және Kcell, Билайн, Теле 2, Актив ұялы байланысы бар.

11. Тоқмансай с/о аудан орталығына дейінгі қашықтығы 55,0 км, халқының саны 1571 адам. Округке 4 елді мекен: Тоқмансай, Өлетті, Қайнар селолары, Тоқмансай теміржол станциясы кіреді. Округ аумағында дәрігерлік амбулатория, 2 медициналық пункті, 1 орта, 1 негізгі мектеп, балалар бақшасы, мәдениет үйі, «Алшағыр» селолық өндірістік кооперативі, «Тоқмансай» ЖШС, 19 шаруа қожалығы,жылжымалы пошта бөлімшесі, 241 нөмірге арналған сандық АТС (Қазақтелеком) орналасқан.

12. Үшқұдық с/о - аудан орталығынан қашықтығы 65,0 км, халқының саны 1427 адам, олар Үшқұдық, Жерұйық, Ақсазды селоларында тұрады. Селолық округтің аумағында дәрігерлік амбулатория, 2 медициналық пункті, 1 орта, 1 негізгі мектеп, мәдениет үйі, «Жұлдыз» ӨК, 20 шаруа қожалығы, жылжымалы пошта бөлімшесі, 148 нөмірге арналған сандық АТС (Қазақтелеком) және 109 нөмірге арналған АТС («СВИМ»ЖШС) орналасқан.

13. Алға қалалық округі Алға қаласында орналасқан. 19951 адам тұрады. Қала аумағында төмендегі кәсіпорындар орналасқан: «Ақбұлақ» АҚ, «СНПС АқтөбеМунайГаз» АҚ, «Алға» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ, «ҚазТрансГаз ДИСТРИБЬЮШЕН» ЖАҚ, қопарғыш заттар шығаратын «КазЦКУБ Нитрохим» ЖШС, экотон өнімін өндіруге арналған шикізат дайындайтын - «Неохим» ЖШС, «Энергосистема» ЖШС, «ПариСа-Каз» ЖШС, «Алға мұнай өңдеу зауыты» ЖШС, құрылыс материалдарын дайындайтын «Ақтөбе Дреллинг Сервис» ЖШС, «Нитрохим» - басқада органикалық заттар шығаратын кешенді утилизациялау орталығы» ЖШС, «Алға –жылу» КМК және ЖШС «Алға-Тазалық» қала халқына, кәсіпорындар мен мекемелерге коммуналдық қызмет көрсетеді. Металл сынықтарын өткізетін «Янка» ЖШС, алкоголь өнімдерін шығаратын «АкРоссПищепром» ЖШС, ірі қара малдарын репродукторлайтын және бордақылаумен айналысатын «Актеп»ЖШС, 2 шаруа қожалығы, нан-бөлке тағамдарын шығаратын «Ыстық нан» цехы, 2 кондитер цехы, 1 диірмен, макарон цехы жұмыс істейді, сол сияқты қалада әлеуметтік сала мекемелері, оның ішінде 4 жалпы білім беретін мектеп және 5 бала бақша, оның ішінде 2 мектеп - бақша, индустриалдық-техникалық колледж, жетім балаларға арналған облыстық балалар үйі, «Ақтөбе облыстық оңалту орталығы», логапед орталығы, балалардың өнер мектебі, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын дамыту орталығы, аудандық мәдениет үйі, Халық банкінің және «БТА БАНК» АҚ филиалдары, «Халыққа қызмет көрсету орталығы», Алға ауданы бойынша салық басқармасы, Әділет Басқармасы, Алға аудандық аумақтық инспекциясы, жинақтаушы зейнетақы қоры, аудандық статистика басқармасы, аудандық ішкі істер бөлімі, Алға аудандық сот және прокуратура, 10 мемлекеттік мекеме, емхана, аурухана, жеке гинекологиялық, стоматологиялық және терапевтік кабинеттер, 7 дәріхана, ветеринарлық станция, 2 - жеке нотариалдық кеңсе, «Қазактелеком» телекоммуникациясының Алға аудандық торабы, Қазпошта, бассейн, “Шипагер” шипажайы, 91 сауда нысаны, 5 кафе, 1 базар, 2 сауда үйі, халыққа қызмет көрсететін басқа да ұйымдар (шаштараз, киім тігетін және аяқ киім жөндейтін шеберханалар, 5 монша, техникалық қызмет көрсету станциясы, фотостудия т.б.), сонымен қатар 2-жанар-жағар май станциясы және 3 ағаш жону цехы бар.
2. Әлеуметтік сала

Ауданның білім жүйесі толыққанды білім алуға бірдей мүмкіндіктер бере отырып, әлеуметтік саланың басты бағыты болып табылады және ақпараттық, материалдық, қаржылық ресурстардың тиімді қолданылуын қамтамасыз етеді.

Ауданның білім беру желісінде 33 мектеп (соның ішінде 19 орта, 8 негізгі, 6 бастауыш), 12 мектепке дейінгі мекеме, 22 шағын орталық, 1 балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі, 1 музыкалық мектеп, «Жастық жігер» аула клубы және балалардың шығармашылығын дамыту орталығы бар. Еңбек нарығын мамандандырылған жұмысшы кадрлармен қамтамасыз ету үшін индустриалдық-техникалық колледж жұмыс істейді. Сонымен қатар ауданда «Ақтөбе облыстық оңалту орталығы», логапед орталығы және облыстық жетім балаларға арналған мектеп-интернат жұмыс жасайды.

Қосымша білім берумен, үйірмелер мен спорт секцияларында 2020 оқушы қамтылған. Сонымен қатар 300 оқушы оқытылатын 5 сурет салу студиясы бар. Мектепке дейінгі білім берумен және тәрбиемен 2348 бала қамтылған. Ауданның 33 мектебінде 6458 оқушы оқытылады.

Ауданда «Білім беруді дамыту» мемлекеттік бағдарламасы жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Бұл салаға 2013 жылы аудан бюджетінің 77,4 пайызы тартылды, немесе 2007,8 млн. теңге. Маңызды мәселелердің бірі – балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту болып табылады.

Есепті жылы «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында Маржанбұлақ және Есет батыр ауылдарындағы мектепке дейінгі мекемелерге 93,9 млн.теңгеге күрделі жөндеу жүргізілді.

Қазіргі таңда Алға қаласында балабақша кезегінде 360 бала тіркелген. Осыған орай, 320 орындық балабақша құрылысына жобалық сметалық құжаттамасы әзірленді. Балабақшаны салу 1-ден 6 жасқа дейінгі балалардың түгелдей мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылуына жағдай жасайды. Бүгінгі күні балалардың мектепке дейінгі біліммен қамтылуы 78,0 пайызды құрайды (2348 бала).

2013 жылы Нұрбұлақ пен Тоқмансай орта мектептеріне автономды жылыту қазандықтары құрылды. Бұл бюджет қаржысын 74 пайызға үнемдейді. Егерде қатты отынды қолданған уақытта жылыту маусымында 2,9 млн.теңге (Нұрбұлақ ОМ – 2080,0 мың теңге, Тоқмансай ОМ – 809,0 мың теңге) жұмсаған болсақ, ал қазір көгілдір отынды пайдалануға небәрі 760,0 мың теңге (Нұрбұлақ ОМ – 590,0 мың теңге, Тоқмансай ОМ – 165,0 мың теңге) төленеді.

Сондай-ақ, 2013 жылы «Бабек-Құрылыс» ЖШС қолдауымен 500 мың теңгеге Ақай орта мектебінің спортзалының еденіне ағымдағы жөндеу жүргізілді. Бұған аудан бюджетінен қосымша 150,0 мың теңге бөлінді.

Жыл сайын білім беру нысандарының материалдық - техникалық базасы нығайтылуда. 2013 жылға жабдықтауға бюджеттен 11,3 млн.теңге бөлінді.

7 білім беру нысанына жобалық құжаттама әзірленді (Бестамақ ОМ, Тоқмансай ОМ, Сарықобда ОМ, Қарақобда ОМ, Үшқұдык ОМ, № 1 мектеп –бақша және Есет батыр мектеп-бақшасы). 2014 жылы білім беру нысандарын күрделі жөндеуді жалғастыру жоспарлануда.

Білім беру жүйесінің қызметінің негізгі нәтижесі мектеп түлектерін мемлекеттік аттестациялау болып табылады. 2013 жылы ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша 9 түлек «Алтын белгіге» қол жеткізді. ҰБТ орташа балы 73,6 пайызды құрады.

Оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету - білім беру ұйымдары жұмысының басты бағыттарының бірі болып табылады. Ауданның 6458 оқушысының 89,9 пайызы, яғни 5807 ыстық тамақпен қамтылған, 3594 оқушы (бастауыш класс пен аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылар) ақысыз тамақпен қамтамасыз етілді.

Мемлекет тарапынан жетім балалар мен мүмкіндігі шектеулі балаларға ерекше көңіл бөлінуде. 2013 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен үйінде оқытылатын мүгедек балаларға құрылғылар сатып алуға және жетім баланы бағуға 12,3 млн.теңге бөлінді. Аудан бойынша мүмкіндігі шектеулі 95 бала бар. Оның ішінде 23 медициналық көрсеткіштері бойынша мүгедек бала үйден оқытылады және Алға қаласының № 3 бала бақшасының коррекциялық тобында – 15 бала оқытылады.

Шаралар жоспарына сәйкес барлық мектептерде оқушылар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу жөнінде жұмыстар жүргізіледі.

Кез-келген мемлекет дамуына жасалған талдауда тұрғындардың денсаулығын бағалау критерийі міндетті түрде қамтылады. Өйткені, ол экономикалық өркенділіктен тікелей тәуелді болады.

Ауданда тұрғындарды тәулік бойы қабылдайтын 80 және күндізгі ауысымдағы 75 кереуетпен қамтылған орталық аурухана, ауысымына 500 адам қабылдайтын аудандық емхана, 8 дәрігерлік амбулатория, 21 медпункт және 1 фельдшерлік - акушерлік пункт кепілді медициналық көмек көрсетуде.

Аудан бойынша барлық дәрігерлер саны – 63. Орта медициналық қызметкерлер - 227, олардың 61-і ауылдарда.



Денсаулық сақтау саласында «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасының нәтижелі жүзеге асырылуына байланысты бұл салада барлық көрсеткіштер қанағаттанарлық деңгейде.

Демографиялық көрсеткіштер: 2012 жыл 2013 жыл

Туу 820 (22,0 %0) 925(23,8 %0)

Өлім 347 (8,9 %0) 296 (7,6 %0)

Табиғи өсім +13,1 %0 +16,2 %0
Өткен жылы 10 сәби өлімі тіркелді. Ана өлімі тіркелген жоқ.

Әлеуметтік маңызды аурулардың алдын алу және азайту бойынша жұмыстар жүйеленді. Маңызды әлеуметтік проблемалардың бірі туберкулез ауруы болып табылады. 2013 жылы туберкулезбен ауыратын 20 адам есепке алынды (2012 жылы 21 адам).

2013 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында орталық аудандық аурухананың (операциялық блок, жан сақтау, жедел жәрдем бөлімдері және т.б. кабинеттер) бөлмелеріне күрделі жөндеу жүргізілді. Селолық дәрігерлік амбулаториялар қажетті құрал-жабдықтармен және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген. 2013 жылы Алға қаласына 2 және Қарабұлақ ауылына медициналық автокөлік берілді.
Әлеуметтік саясаттың басты принциптерінің бірі еңбекке жарамды тұрғындарды аудан экономикасын нығайтуға тарту. Сондықтан тұрғындарды тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету әлеуметтік қорғау жүйесінің басты бағыты.

2013 жылы аудандық жұмыспен қамту органдарында жүргізілген жұмыстар мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауында көрініс тапқан міндеттер мен тапсырмаларды жүзеге асыруға бағытталды. Нәтижесінде 251 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, 578 жаңа жұмыс орындары ашылып, өткен жылмен салыстырғанда 109,9 пайызды құрады.

Қоғамдық жұмыспен уақытша 328 адам қамтылып, олар экономикалық, экологиялық және әлеуметтік тиімділігі бар жұмыстар атқаруда.

«Жастар тәжірибесі» жобасы бойынша жоғары және орта оқу орындарын бітіріп келген жас түлектер қатарынан 41 адам жергілікті бюджет қаражаты есебінен және 42 адам «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы бойынша әртүрлі мекемелерге тәжірибеден өтуге жолданды.

Әлеуметтік көмек тағайындау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Заңдары мен Қаулыларын орындау мақсатында аудан бойынша:


  • аз қамтылған 15 отбасына 1,0 млн.теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;

  • 1210 отбасына 18,5 млн.теңге тұрғын-үй жәрдемақысы;

  • жиынтық табысы төменгі күнкөріс деңгейіне жетпейтін 914 отбасындағы 18 жасқа дейінгі 2747 балаларға 35,6 млн.теңге балалар жәрдемақысы тағайындалып, төленді;

  • соғыс ардагерлері мен мүгедектерге, тылда қажырлы еңбек еткен және еңбегі сіңген қайраткерлерге 18,6 млн.теңге көлемінде коммуналдық төлемдер өтелінді.

Сонымен қатар мүгедектерді оңалту шараларына сәйкес 129 мүгедек 4,5 млн.теңге тұратын көмекші құралдармен және гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді.

2013 жылы «жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасының үш бағыты аясында келесі жобалар жүзеге асырылды:

Бірінші әлеуметтік нысандарды күрделі жөндеу бағыты бойынша: 4 нысан (орталық аудандық аурухана, Маржанбұлақ с. балабақшасы және Есет батыр ауылының мәдениет үйі мен мектеп бақшасы) күрделі жөндеуден өтті. Осы орайда 187 адам жұмысқа тартылды.

Екінші «ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту» бағыты бойынша 2013 жылы жалпы сомасы 33 млн.теңге көлемінде 18 шағын несие берілді (сән салонын, тігін цехын, киіз үй дайындау цехын, қымыз өндіру цехын, шағын наубайхана ашуға және моншаны күрделі жөндеу, ТҚС құралдарын сатып алуға мал шаруашылығын, бау-бақша шаруашылығын дамытуға және т.б.).

Осы бағыт бойынша шаруашылықтарға жетіспейтін инфрақұрылымға көмек көрсетілуде, яғни кәсіпкерлердің ферма, базалары газбен, электр, сумен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде («Байтерек, «Тұлпар», «Рыспагамбетов» ш/қ газбен, электрмен және сумен жабдықтау бойынша СМР әзірленді. «Дания», «Бейбарыс», «Алик» ш/қ 10,6 млн. тг.-ге жел генераторлары сатып алынды./

Үшінші бағыт бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына 105 адам жұмысқа орналасты (жоспардағы 60 адам немесе 175%) . Әлеуметтік жұмыс орындарын аяқтаған 123 адамнан 87 –сі тұрақты жұмысқа орналасты. Жастар тәжірибесіне 41 адам жолданып (жоспар 35 адам немесе 171,1%), тәжірибені аяқтаған 16 адамның 8-і тұрақты жұмысқа орналасты. Осы мақсатта 6,3 млн.теңге жұмсалды.

Ауданымызда халық арасында салауатты өмір салтын насихаттайтын спорт пен дене шынықтыруды дамытуға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында жұмыстар жүргізілуде. Спорттағы жетістіктер біздің мемлекетіміздің беделін арттырады және ұлттық рухтың нығаюына септігін тигізеді. Өткізілген іс шаралар нәтижесінде спортпен, дене шынықтырумен айналысушылар саны да, спорттық дене шынықтыру – сауықтыру шаралары да артты. Өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда спорт пен дене шынықтырумен айналысушылар саны 450 адамға көбейіп, 9000 адамды құрады. Аудан бойынша спорттық ғимараттар саны 107 ге жетті.

Спортпен айналысуға жасалып жатқан жағдайлар жақсарып келеді. 2013 жылы облыс әкімінің ынталандыруымен жасанды жабынмен төселген 5 заманауи спорт алаңдары салынды (балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, колледж, № 1,3,4 мектептер). Сондай-ақ, 2013 жылы дене шынықтыру сауықтыру кешенінің құрылысына ЖСҚ дайындалды, 2014 жылы құрылысы басталады деп жоспарлануда.

Есепті кезеңде аудан бойынша 180 спорттық шара өткізілді.


Мәдениет мекемесі жұмысының басты бағыты түрлі әлеуметтік және әртүрлі жастағы адамдар топтарының ерекшеліктерін ескере отырып, тұрғындарға бос уақытты ұйымдастырудың барлық түрлері мен әдістерін жүйелі түрде үйрету болып табылады. Осы бағытта мәдени-бос уақытты ұйымдастыру қызметінің жаңа инновациялық түрлері мен әдістерін іздестіру бойынша тұрақты бірізді жұмыс жүргізіледі, ұйымдастырушылық, мәдени-ағарту жұмысының сапасы артады.

2013 жылы облыс әкімінің бастамасымен Есет батыр Көкіұлы мемориалдық кешенінің жаңа ғимараты салынды, онда мұражай, намазхана, 180 орындық асхана т.б. бөлмелер орналасқан. Мұнда садақа өткізумен қатар, облыс имамымен келісіп, аудандық имамдардың семинарларын осында өткізіп, сол арқылы айналадағы ауылдарға дін мәселесі жөнінде түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылады.



«Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы аясында Есет батыр ауылындағы мәдениет үйі күрделі жөндеуден өткізілді. Бұнда бишілер ұжымы, қазақ ұлттық аспаптары оркестрі, әртүрлі үйірмелер, ақсақалдарға арналған бөлме, 250 орындық мәдени шаралар өткізуге акт залы жұмыс жасайды.

Аудан тұрғындарының ынтасы мен қайырымдылығының арқасында Алға қаласы орталық саябағында интернационалист жауынгерлерге арналған ескерткіш орнатылды. Енді барлық мәдени-көпшілік шаралар осы саябақта өткізілетін болады. Аудандық мәдениет үйінен шағын мұражай жұмыс істей бастады. Онда Алға ауданының энциклопедиясын шығарушы топ орналасқан, материалдар жинақтауда.

Ауылдық клубтар жағдайына тоқталатын болсақ, оларды түгендеу барысында барлығы 12 ауылдық округтарда 12 клубтың бары тіркелді. Олардың 4 жұмыс жасап тұр /Маржанбұлақ, Тамды, Тоқмансай, Алға/ иесіздерін - ауыл әкімдіктерінің балансына беріп, жөндеу үшін ЖСҚ әзірлеуге қаражат бөлінуде /Ақай, Қарақобда пен Үшқұдықтың мәдениет үйлерін жөндеуге құжаттама дайындау/. 2 мәдениет үйі жеке меншікте (Қарақұдық және Бестамақ). 2014 жылы Самбай ауылына мәдениет үйін салуға ЖСҚ дайындалады (ОБ 4,0 млн.теңге).

Аудан кітапханаларының кітап қорын толықтыру үшін мемлекеттік тапсырыс бойынша барлығы 4017 дана кітап түсті, оның 3035 данасы селолық округтарға берілді. Мәдени - бұқаралық іс-шаралардың барлығы жоспарға сәйкес өткізілді.



3. Инвестициялар

Ауданның негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 2012 жылмен салыстырғанда 157,6 млн.теңгеге артып 5060,9 млн теңгені құрады немесе 104,2 пайыз, оның ішінде:



  • Республикалық бюджет қаражаты – 1013,8 млн.теңге;

  • Жергілікті бюджет – 322,0 млн.теңге;

  • Жеке меншік қаражаты есебінен – 3076,3 млн.теңге;

  • Қарызға алынған қаражаттар – 648,7 млн.теңге.

4. Өнеркәсіп өндірісі

Экономиканың өнеркәсіп секторында өнім өндірудің көлемі 4913,2 млн.теңгеге жетіп, нақты көлемінің индексі өткен жылдың деңгейіне қарағанда 109,4 пайызды құрады.



2013 жылы «Кроун Плюс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде мұнай өнімдерін сақтайтын (6000 куб көлеміндегі 6 резервуар) өндірістік база эксплуатацияға енгізілді және «Ақтөбе ДреллингСервис» ЖШС-нде құрылыс материалдарын шығаратын (жылына 30 мың куб) цех іске қосылды.
5. Бюджет және салық саясаты

Бюджет және салық саясаты. Фискалдық саясат аудан экономикасын тұрақтандыруды қамтамасыз етуге және халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған.

2013 жыл қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 2 млрд. 454 млн. 703 мың теңге, оның ішінде аудандық бюджетке 1млрд. 200млн. 178 мың теңге көлемінде салықтар мен басқа түсімдер түсті немесе жоспар 107,2 % - ға орындалды.

Маңызды міндеттердің бірі - бюджетті орындау болып табылады. 2013 жылы жоспарланған 4689,9 млн.теңгенің 4685,8 млн.теңгесі игерілді немесе бюджеттің шығыс бөлігі 99,9 пайызға орындалды.
6. Ауыл шаруашылығы

Экономиканың басты салаларының бірі ауыл шаруашылығы болып табылады. Сондықтан да, ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламасының басты бағыты азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, агробизнестің тиімді жүйесін қалыптастыру, ауылшаруашылық өнімдерін сату және ішкі және сыртқы рынокта оның қайта өңдеу өнімдерінің көлемін арттыру сияқты міндеттерді жүзеге асыру болды.

2013 жылы жалпы өнім көлемі 10653,9 млн теңгені құрады немесе өткен жылмен салыстырғанда 100,3 пайыз, оның 68,0 пайызын /7248,5 млн.теңге/ мал шаруашылығы, 32,0 пайызын /3 млрд. 405,4 млн. теңге/ өсімдік шаруашылығы құрап отыр.

Мал шаруашылығы саласында: Қазіргі таңда «АкТеп» мал бордақылау кешенінде 8000 басқа жуық ірі қара бар. Бұл серіктестік ағымдағы жылы көршілес Ресейден (Татарстан) 1500 басқа жуық ірі қара малын сатып алса, қалған малдарды өз облыс аймағынан алып, бордақылау алаңына қойды.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша ауданда «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» және «Агро несиелік корпорациясы» акционерлік қоғамдары арқылы бес шаруа қожалығы 41,65 млн. теңге несие алып 114 бас аналық, 7 бас асыл тұқымды бұқа сатып алды. Шаруашылық құрылым басшылары малдарының тұқымын жақсарту бағытында 21 шаруашылық өз қаражаттарына 31 бас асыл тұқымды бұқа, 4 шаруашылық асыл тұқымды 1050 бас тұқымды ұрғашы тоқты және 6 шаруашылық 170 бас асыл тұқымды (еділбай тұқымдас) қошқар сатып алды. Сонымен қатар селолық округтердегі жеке қожалықтардағы аналық малдардан алынатын төлдер сапасын арттыру мақсатында Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданындағы «Сәбит» шаруа қожалығынан Үшқұдық селолық округінде орналасқан «Жақсылық» шаруа қожалығы (басшысы Дуюсов Жұмабай) 42 бас, Бесқоспа селолық округіндегі «Шөкей» шаруа қожалығы (басшысы С.Жантлеуов) 2 бас қазақы ақбас тұқымды бұқасын «Ақтөбе Агро Сервис» ЖШС-і арқылы лезингке алды. Алдағы кезде осы алынған бұқалар селолық округтердегі жеке қожалықтардағы аналық малдарға қосылады деп жоспарлануда. Қарабұлақ округі Амангелді елді мекенінде орналасқан «Реймқұл» шаруа қожалығы облыс көлеміндегі шаруашылық құрылымдарына 74 бас Әулиекөл тұқымдас асыл тұқымды ірі қара төлін сатса, ағымдағы жылы бұл көрсеткішті 100 басқа жеткізу көзделуде.

Сатылып алынған асыл тұқымды бұқаларға кеткен шығындарды арзандату және бағып күтуге төленген өтем ақы мөлшері 13,2 млн.теңге, тоқты мен қошқарға 9,8 млн.теңге, аналық ірі қара малдарын аман сақтау және мал азығын дайындауға кеткен шығынды жеңілдету мақсатында 60,5 млн өтем ақы төленді. Қайтарылған өтем ақы 73,7 млн.тенге.

Мал шаруашылығында селекциялы-асыл тұқымдандыруды жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ауданымызда қолдан ұрықтандыру бойынша 8  пункт жұмыс жасайды, өткен жылы 550 бас сиыр ұрықтандырылды.

Ауданда 2013 жылдың 12-айлығы бойынша эпизоотиялық іс-шаралар жоспарына сәйкес егулер мен емдеу - профилактикалық жұмыстары ауыл шаруашылық жануарларына аса қауіпті ауруларға (сібір жарасы, құтыру, пастереллез, эмкар ауруы, оба, жылқылар маңқасы, эхинококкоз ауруы, туберкулез) қарсы жоспарланған мал бастары толығымен 100 % орындалды.

Сарып (бруцеллез) ауруына қарсы МІҚ (мүйізді ірі қара), ҰҚМ (ұсақ қара мал) 100 % зерттелген. Оң нәтиже берген ірі қара малдар заңға сәйкес уақытында сойылып, ал ұсақ қара малдар заңға сәйкес жойылды және олар орналасқан қора жайлар залалсыздандырылды.

2013 жылғы ауыл шаруашылығы жануарлары төлдеріне бірдейлендіруден өткізу жоспары бекітіліп, малдардың түрлеріне байланысты бірдейлендіру жұмыстары кестеге сәйкес 100 % жүргізілді және компьютерлік дерек қорына толық енгізілді.

2012 жылы құрылған аудандық ветеринариялық стансасы, ветеринариялық пункттер қажетті автокөліктермен, ветеринариялық құрал - жабдықтармен, сонымен қатар компьютерлер және кеңселік жиһаздармен толық қамтамасыз етілді. Ветеринариялық пункттердегі мамандар дербес бөлмемен қамтамасыз етілді.

Аудандық ветеринариялық станцияға мал шаруашылық алаңдарын дезинфекциялайтын «ДУК» арнайы техникасы берілді.

2013 жылы аудан бюджетінен бөлінген 993,5 мың теңгеге 11 селолық округте 115 жеке сектор, 9 ғимарат және 8 шаруа қожалығы, барлығы 9032 шаршы метр дезинфекцияланып, өңделді.

Жыл сайын селолық округтерге 1 мал қорымын салу үшін аудан бюджетінен қаражат бөлінуде. 2013 жылы Бестамақ ауылында 2,6 млн теңгеге мал қорымы салынды.



Ет өндіру. 2013 жылы «АқТеп» ЖШС-і 256 тонна сиыр етіне (1-ші деңгей 1 кг-220 тенге) төленген өтем ақы мөлшері 54,3 млн.теңге, «Реймқұл» шаруа қожалығының 376,9 тонна сиыр етіне (3-ші деңгей 1 кг. 120 тенге) төленген өтем ақы 45,3 млн.теңге, ал 67,8 тонна жылқы етіне төленген өтем ақы 5,8 млн.теңге, «Пар.Коммуна-ХХІ» ЖШС-не 4519 тонна шошқа етіне төленген өтем ақы 442,8 млн.тенге, «Аққұс» АҚ-на 1501 тонна құс етіне 75,0 млн.тенге, «Абылай» шаруа қожалығында өндірілген 11,7 тонна қымызға 312,0 мың тенгені құрады. Алдағы 2013 жылы бюджетте қаржының тапшылығына байланысты «Аққұс» АҚ-на 71,0 мың.теңге, ал «Абылай» шаруа қожалығына 389,0 мың теңге қарыз қаражаттар, ағымдағы жылы төленеді. Барлық төленген өтем ақы мөлшері 623,5 млн.теңгені құрады.

Өсімдік шаруашылығы бойынша өндірілген өнім көлемінің төмендеуі - егін науқаны ауа-райының қолайсыздығынан нашар болды. /бидай 6,8 мың тоннаны (2012 жылмен салыстырғанда 54,5 пайызға көп), көкөніс 6,6 мың тоннаны (0,6 пайызға), бақша өнімдері 3,2 мың тоннаны (18,8 пайызға), шөп 120,3 мың тоннаны (5,7 пайызға көбейген) құрады. Ал, картоп өнімі өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 6,7 мың тоннаны құраған немесе 2,7 мың тоннаға аз/.

Сондай-ақ, «АкТеп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі айналасында шоғырланған 14 шаруа қожалығына демеушілік-қолдау көрсетіп, 19,3 млн.теңгеге 11,0 мың га жерге судан шөбін (суданка) егіп, күзде жинады. Келесі жылға суданка жем-шөбін 29 мың га жерге егу жоспарланып отыр. Осыған байланысты ауылшаруашылық бөлімі селолық округ әкімдерімен бірлесе отырып, шаруа қожалықтарының арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Биыл «Рамазан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеке қаражаты есебінен 560 га суармалы жерді жаңартып, қайта қолданысқа алып, 140 га жүгері мен 420 га тары екті. Әр гектардан түскен түсім бойынша тары - 20 центнерді құрады, жүгері - 18 центнерді құрады.

2013 жылы егу және жинау жұмыстарын жүргізуге жанар-жағар май және де басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға облыстық бюджеттен 64 шаруашылығы құрылымдарына 70,5 млн.теңге өтемақы төленді. Сонғы жылдары аудан көлемінде куаншылық болуына байланысты ауыл шаруашылығы құрылымдары мал шаруашылығымен қатар мал азығына екпе шөп егумен айналысуда.

Өткен жылы ауданда 25 ауыл шаруашылығы құрылымдары 13,5 мың.гектарға бір жылдық шөп (суданка) егіп, 32,5 млн.теңге өтем ақы (субсидия) төленді.

Сонымен қатар аудан көлемінде 16 ірі және орта шаруашылық құрылымдарына (қолда бар мал саны 150-200 шартты мал басынан асқан) ірі сабақты мал азығына дайындағаны үшін 10,6 млн. тенге өтем ақы төленді

Ауданның агроөнеркәсіп кешеніне салынған инвестиция көлемі 206,3 % өсіп, 2,0 млрд.теңге құрады, оның ішінде:

- «АкРоссПищепром» ЖШС – 70,0 млн.теңгеге құрама жем зауыты салынды;

- «Реймқұл» ЖШС – 35 млн.теңгеге 1,5 мың бас ірі – қараға арналған бордақылау алаңының құрылысын жүргізді;

-«АкТеп» ЖШС – 1830,3 млн.теңгеге ірі қара мал басын және ауыл шаруашылық техникаларын сатып алды;



- Жыл сайын техника паркі жаңартылуда, яғни «КазАгроФинанс» акционерлік қоғамы арқылы 2013 жылы 33,8 млн.теңгеге 14 ауылшаруашылық техникалары және құрал-жабдықтар сатып алынды. 70,5 млн.теңгенің өз қаржыларына 29 бірлік ауыл шаруашылық техникалары мен құрал-жабдықтарын сатып алды.

2013 жылы «Алға» кредиттік серіктестігімен ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында 85,0 млн.теңгеге 10 жоба қаржыландырылды.


7. Шағын кәсіпкерлік

Шағын және орта бизнес аудан экономикасын дамытудың және әлеуметтік проблемаларды шешудің басты тетігі болып табылады. Атаулы саланың серпінділігі кәсіпкерліктің даму тенденциясының оң үрдісін сипаттайды.

2014 жылдың 1- қаңтарына ауданда 2099 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген, олардың 69,0 пайызы (1448 суб.) белсенді. Бұл салада 5500 –ге жуық азамат еңбек етеді, яғни ауданның экономикалық белсенді тұрғындарының 29,5 пайызы (18661 адам). Айта кету керек, аудан бюджетіне түсетін түсімдердің 63,7 пайызын шағын және орта бизнес субъектілері қамтамасыз етеді. Бұл мемлекет Басшысының тікелей тапсырмасы, сондықтан бюджетке түсетін салықтар үлесін арттыру мақсатында біз болашақта да тынбай жұмыстар атқаруымыз қажет.

Кәсіпкерлікті қолдаудың тиімді механизмдерінің бірі - «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы болып табылады. 2013 жылы 605,4 млн.теңгеге 4 жоба жүзеге асырылып, 48 жаңа жұмыс орындары ашылды (бұрғылау құралдарын сатып алу, жүргізушілер мектебін күрделі жөндеу, электр тогын жіберу линиясының құрылысы, сумен жабдықтау, және т.б.)

Инфляцияға қарсы шаралар аясында бағалардың негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша базар және көтерме сауда өкілдерімен жұмыстар жүргізілді. 2013 жылы азық-түлік тағамдарына 10 пайыздық үстемені сақтау бойынша көтерме сауда желілерімен ынтымақтасу туралы 25 Меморандум жасалды.

Тұрақтандыру қорын қалыптастыру үшін маусымаралық кезеңде ауылшаруашылық жәрмеңкелері өткізілді. 2013 жыл қорытындысы бойынша 20 ауылшаруашылық жәрмеңкесінде 15,0 млн.теңге көлемінде ауылшаруашылық өнімдері сатылды. Жәрмеңке қала тұрғындарына азық – түлікті орташа нарықтық бағадан төмен бағаға сатып алуға мүмкіндік береді.



8. Инфрақұрылым

Ауданның барлық елді мекендері электр қуатымен тұрақты қамтылған. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 2013 жылы республикалық бюджеттен 18,5 млн.теңгеге 12 селолық округтің көшелері жарықтандырылды. Мұнда 61 көшеге 542 бағана шамдары орнатылды.


Газбен жабдықтау.

Қазіргі таңда аудандағы 32 елді-мекеннің 9-ы газды пайдалануда /ол аудан тұрғындарының 75,8 пайызы - 30047 адам/. Олар Алға, Бестамақ, Тамды, Самбай, Есет батыр Көкіұлы, Қайнар, Тоқмансай және ст.Тоқмансай, Нұрбұлақ.

2013 жылы газбен қамту үшін 4 елді-мекенге (Қарабұлақ, Маржанбұлақ, Қарақұдық, Қайындысай) 304,2 млн. теңге бөлінді. 2014 жылы Қарабұлақ, Қарақұдық, Маржанбұлақ, Қайыңдысай ауылдары газдандырылған соң көгілдір отынды тұтынушылар саны 84,2 пайызға жетіп, 33395 адамды құрайды деп күтілуде.

Орталықтандырылған ауыз сумен қамтылуы.

Ауданымыздың 14 елді мекені яғни тұрғындардың 83,0 пайызы (32893 адам) орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған.

2013 жылы Ақай ауылында су жүйесінің құрылысы жүргізіліп, тұрғындардың тұтынуына берілді. Ал 2014 жылы Маржанбұлақ ауылында су жүйесінің құрылысы жалғасады /сметалық құны 523,9 млн. теңге/.

Осы ауылдарға су берілген соң ауыз сумен қамтылған тұрғындар үлесі 88,8 пайызды (34748 адам) құрайтын болады. Бұл жұмыстар «Ақбұлақ» бағдарламасы шеңберінде өз жалғасын табады.


9. Тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру аясында аудан бойынша барлық қаржыландыру көздері есебінен пайдалануға берілетін тұрғын үйлердің көлемі 2013 жылға 9440,0 шаршы метр болып жоспарланды, оның: 640 ш.м. республикалық бюджет қаржысынан бөлінген мемлекеттік жалға берілетін тұрғын үйлер және 8800 ш.м. халықтың қаржысынан салынатын жеке үйлер.

2013 жылдың 1 қаңтарына 12899 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, немесе 2012 жылмен салыстырғанда 136,6 пайыз кұрады (7106 ш.м. 69 жеке тұрғын үй және 5793 ш.м. 64 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй).


10. Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы саласы:

Алға қаласының жылумен жабдықтау жүйелерін қайта қалпына келтіруге барлығы 544,0 млн.теңге бөлінді (2012 жылы 53,0 млн.теңге). 2013 жылы 489,8 млн.теңге бөлініп, барлығы 17 км жылу желілерінің 11,8 км қалпына келтірілді.

Сондай – ақ, республикалық және облыстық көздерден бөлінген 276,4 млн.теңгеге қаладағы магистральды су құбыры (2 линия) қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталды.

№ 1 тұрғындар массивін сумен жабдықтау мақсатында 2013 жылы 60,0 млн.теңге бөлініп, игерілді, ал 2014 жылы аталмыш жобаны аяқтауға 56,4 млн.теңге бөлінді.

Тұрғындарға коммуналдық қызмет көрсететін «Алға –Жылу» КМК -не қызметтік автокөлік сатып алынды. 2014 жылы «Алға – Тазалық» ЖШС-не арнайы техника (МАЗ) сатып алынады.

2014 жылы Алға қаласындағы 20 көпқабатты тұрғын үй аулалары (4 ш.а., Байтұрсынов көш.13, 15а, 17, 17а, Уәлиханов көш. 19, 19а, 21) абаттандырылады. Және 27 үйдің ауласын абаттандыруға ЖСҚ дайындалады.



11. Жолдар. Алға қаласында барлығы 46 көше бар, олардың 16 – сы ғана асфальт жабындысымен төселген. 2013 жылы облыстық бюджеттен 192 млн. 200 мың. теңге бөлініп, оған қаладағы 8 көшеге орташа жөндеу жүргізілді. Тоқмансай мен Қарақұдық ауылдарының көлік жолдарына ағымдағы жөндеу жүргізіліп, тегістелді.

Көкейтесті мәселелердің бірі – ауданаралық жолдардың нашарлығы, яғни аудан орталығынан ауылдарға дейінгі жолдар қанағаттанарлықсыз деңгейде. Осыған байланысты облыстық автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасымен бірлесе отырып, негізгі 4 жолға орташа жөндеу жүргізу бойынша сұрақтар қаралуда:



  • Алға – Үшқұдық бағытындағы жол ұзындығы 51 км, бұл жол 2552 тұрғыны бар Самбай, Нұрбұлақ, Ақсазды және Үшқұдық ауылдары арқылы өтеді.

  • Алға – Қарабұлақ жолы - 558 адамды қамтитын ұзындығы 40 км;

  • Есет батыр Көкіұлы – Қайнар жолы - 3238 адамды қамтитын 31 км;

  • Ақай с. кіреберіс жолы – 12 км.

Жоғарыда көрсетілген жолдар асфальт бетонды жабындымен төселген, бірақ қазіргі күнде бұл жол телімдері тозған, жөндеуді қажет етеді.

2014 жылы Алға қаласындағы 3 көше жолдарына орташа жөндеу жасалып, 5 көшені жөндеуге ЖСҚ дайындалады деп жоспарлануда.

2013 жылы «Көркейе бер, туған жер!» акциясы өткізу аясында аудан кәсіпкерлерінің көмегімен 27 мектеп пен 5 балабақшаға ағымдағы жөндеу жүргізді, орындық және акт залдарына кресло, спорттық құрал-жабдықтар және т.б. сатып алынды. Алға қаласы мектептері мен балабақшаларының аулалары асфальтталды, қоқыс алаңдары орнатылды, «НұрОтан» ғимараты жөнделіп, көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеті абаттандырылды.

Жоғарыда аталған игі істердің өміршеңдігінің нәтижесінде ауданымыз одан әрі көркейіп, халықтың өмір сүру деңгейі артары сөзсіз.


Алға ауданының әкімі А.Шериязданов





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет