Мемлекеттік бағдарламасы


Бағдарламаның негізгі бағыттары, қойылған мақсаттарына қол



бет5/7
Дата20.03.2024
өлшемі1.44 Mb.
#496192
1   2   3   4   5   6   7
ҚР индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған бағдарламасы

5. Бағдарламаның негізгі бағыттары, қойылған мақсаттарына қол
жеткізу жолдары және тиісті шаралар
 
Бағдарлама шеңберіндегі мемлекеттік қолдау шаралары Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне сәйкес ұсынылуға тиіс.
1. Инвестициялық ахуал
Бағдарлама жекеше инвесторлардың өңдеуші өнеркәсіпке келуін ынталандыруға арналған. Мемлекеттің маңызды рөлі жекеше инвестициялар үшін тартымды жағдай жасау болып табылады. Инвестициялық ортаны бағалау бойынша жалпыға танылған дүниежүзілік индексті жақсарту үшін ұдайы жұмыс істеу қажет. Бизнесті жүргізу жағдайларын (Doing business) жақсарту, елдің бәсекеге қабілеттілігін (Global Competetivness Index) жоғарылату, шетелдік тікелей инвестицияларды көбірек тарту (World Investment Report), Yellow Pages қағидатын ескере отырып, жоспарланған жекешелендіруді өткізу арқылы экономикаға мемлекеттің қатысу үлесін азайту қажет.
Индустриялық даму басымдықтарын іске асыруға жәрдемдесу үшін Қазақстан өнеркәсіптік даму жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (бұдан әрі - ЮНИДО), Халықаралық қайта құру және даму банкі (бұдан әрі - ХҚДБ) және сияқты беделді ұйымдармен басқа да халықаралық институттармен белсенді ынтымақтастық жасайтын болады. Елдік бағдарламалар шеңберінде ұлттық экономиканың, атап айтқанда өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге бағытталған озық халықаралық тәжірибе пайдаланылатын болады.
 
61-кесте. Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі рейтингтерінің нысаналы көрсеткіштері (рейтингтегі Қазақстанның орны)
 

Санаты

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

2018 ж.

2019 ж.

Институционалдық дамуы

55

52

49

47

45

Инфрақұрылым

62

59

56

54

52

Макроэкономикалық орта

23

23

23

23

23

Денсаулық сақтау және жалпы білім беру

97

93

89

85

82

Жоғары және кәсіптік-техникалық білім

54

51

48

42

44

Тауарлар нарығының тиімділігі

56

54

52

50

48

Еңбек нарығының тиімділігі

15

15

15

15

15

Қаржы нарығының дамуы

103

97

91

85

80

Технологиялық әзірлік

57

54

51

49

45

Нарық көлемі

54

54

53

53

52

Бизнестің дамуы

94

92

90

88

86

Инновациялар

84

82

79

76

74

 
Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде Қазақстанның позициясы үнемі жақсартылатын болады. Кейінгі институционалдық реформалар жеке меншікті берік мемлекеттік қорғауды қамтамасыз етеді. Кадр саясаты меритократия қағидаттары бойынша жүргізілуі керек. Инклюзивтік қағидатын ескере отырып, мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлердегі ашықтық мемлекеттік жүйедегі сыбайлас жемқорлықтың деңгейін барынша төмендетеді.
Экономиканың тиімді жұмыс істеуі үшін маңызы зор болатын көлік, энергетика және өндіріс инфрақұрылымдарының сапасы жақсартылады, өйткені ол экономикалық қызметтің, сондай-ақ ел экономикасының перспективалы секторларының дамуын айқындайтын маңызды фактор болып табылады.
Макроэкономикалық орта ұзақ мерзімді инвестицияларға қолайлы болып қалуы тиіс, өйткені түйінді макроэкономикалық көрсеткіштер тұрақсыз болған жағдайда экономика өсе алмайды.
Денсаулық сақтау саласының сапасын айтарлықтай жақсарту қажет. Елдің бәсекеге қабілеттілігі мен өнімділігі үшін ұлт саулығының, сонымен бірге дені сау жұмыс күшінің маңызы зор. Халықтың жалпы бастауыш білімінің көлемі мен сапасын жақсарту қажет, бұл әрбір жекелеген қызметкердің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
Жоғары білімнің және техникалық кадрларды кәсіптік даярлаудың сапасын арттыру қажет. Бұл өндірістік процесте құн жасау тізбегін дамыту үшін шешуші рөл атқарады.
Бизнестің нарықтық тиімділігі мен өнімділігін дамыту қажет. Бәсекеге қабілетті дамыған нарық экономикада тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді тиімді алмасуға жәрдемдеседі.
Қызметкерлерді өндірістік қызметте неғұрылым тиімді пайдалану үшін еңбек нарығын одан әрі дамыта түсу маңызды. Еңбек нарықтары икемді болуға және қызметкерлерге арналған ынталандырулар мен олардың қызметі арасындағы пәрменді байланысты қамтамасыз етуге тиіс.
Қазақстанның қаржы жүйесін жетілдіру қажет. Ұзақ мерзімді инвестицияларды тарту үшін нарықтық қаржы инфрақұрылымы қалыптасуға тиіс.
Қазақстанда жаңа технологияларды енгізу үшін бизнес пен тұрғындардың озық техникалық әзірлемелерді пайдалануға әзірлігін арттыру қажет. Интернетке және онымен байланысты ақпараттық ресурстарға қолжетімділік бүкіл ел аумағы бойынша географиялық қамту тұрғысынан анағұрлым жеңілдетіледі және кеңейтіледі.
Отандық өндірушілердің үлесін ішкі нарықта, сол сияқты сыртқы нарықта да ұлғайту қажет. Бағдарламаның Қазақстан Республикасының аумағындағы өндірістерді дамытуға бағытталғанын ескерсек, кемсітуші тосқауылдарды азайта отырып, тауарлардың сыртқы нарықтарға және, әсіресе, макроөңір нарықтарға шығарылуын арттыру қажет.
Жалпы кәсіпкерлік ортаның жалпы сапасын, сондай-ақ жекелеген фирмалар стратегияларының сапасын қоса алғанда, бизнестің даму деңгейін жоғарылату маңызды. Аталған құрамдауышты кластерлерді дамыту арқылы, сондай-ақ фирмалар стратегияларының сапасын жақсарту үшін жағдайлар жасай отырып, ынталандыру қажет (брендинг, маркетинг, қосылған құн жасау тізбегіне кірігу, бірегей және күрделі тауарлар өндірісі).
Мемлекеттік және жекеше секторлар қолдау көрсететін қолайлы орта қалыптастыру үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарының деңгейін көтеру қажет. Атап айтқанда, бұл әсіресе бизнес тарапынан ғылыми зерттеулерге, жоғары сапалы зерттеу институттарына, зерттеулердегі университеттер мен өнеркәсіп арасындағы ынтымақтастыққа, сондай-ақ зияткерлік меншікті қорғауға жеткілікті инвестицияларды білдіреді.
Doing business индексінде де Қазақстанның барлық көрсеткіштері жақсартылуға тиіс. Ол үшін құрылыс жүргізуге рұқсат алу жөніндегі рәсімдердің санын азайту, стратегиялық жобаларды іске асыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тарту, коммуналдық көрсетілетін қызметтерге, атап айтқанда электр энергиясына қосылуды арзандату, халықаралық сауданы жүргізумен байланысты шығындарды азайту керек. Экспорттық-импорттық операциялар кезіндегі талаптарды қысқарту бөлігінде халықаралық сауданы жүргізуді оңайлату қажет. Экспорт пен импортқа рұқсат беру құжаттарын ұсыну және алу кезінде жұмсалатын уақытты қысқартуға ықпал ететін ақпараттық жүйелерді енгізу маңызды фактордың бірі болып табылады. Халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, Бірыңғай электрондық терезе мен тауарларды электрондық декларациялауды енгізу экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асыруды анағұрлым жеңілдетеді. Сонымен қатар, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың көліктік шығындарын төмендету қажет. Кредит алушылардың (жеке немесе заңды тұлғалар) кредит төлеу қабілеті туралы қаржы жүйесіндегі неғұрылым қолжетімді және шынайы ақпаратты ескере отырып, қаржы институттары жүзеге асыратын кредит беру сапасын жоғарылату маңызды. Банкроттық институтының тиімділігі мен толыққанды жұмыс істеуін арттыру қажет. Қайта ұйымдастыру, тарату немесе берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу процесінің нәтижесінде қаражатты қайтару коэффициенті жоғарылауға тиіс.
Нәтижесінде қабылданған шаралар шетелдік инвестицияларды тартуға, бизнес-ортаны жақсартуға, сондай-ақ бәсекелестікті дамытуға ықпал етуге тиіс.
2. Индустриялық дамуды қолдаудың жалпыжүйелік шаралары
Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізудің негізгі бағыттары мен жолдарын айқындау кезінде өңдеуші өнеркәсіпті дамыту мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы арасындағы тәуелділікті ескеру қажет.
Осылайша, Бағдарламаның қойылған мақсаттарына және міндеттеріне қол жеткізу Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдаманың стратегиялық бағыттарын бірге қалыптастыратын мемлекеттің басқа да әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларын іске асыруға тұтастай байланысты болады. Атап айтқанда, бұл мынадай аспектілерге қатысты:
дамыған елдердің білім берудегі, денсаулық сақтаудағы, әлеуметтік қорғау саласындағы және еңбек нарығындағы деңгейіне қол жеткізу арқылы адами капиталдың деңгейін арттыру;
бизнесті және кәсіпкерлік бастамаларды дамыту үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететін институционалдық ортаны жетілдіру.
ҮИИДМБ іске асыру шеңберінде мемлекеттік қолдаудың секторалдық және жобалық шаралары айқындалды. Секторалдық қолдау шаралары салалық 27 бағдарламаны және оларға мастер-жоспарларды іске асыру, бизнесті қолдау бағдарламаларының көмегімен қолдау шаралары арқылы жүзеге асырылды: Бизнестің жол картасы 2020, Өнімділік 2020, Агробизнес 2020, сондай-ақ отандық өңделген тауарларды, көрсетілетін қызметтерді ынталандыру және экспорттау әрі шетелдік инвестициялар тарту жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар.
ҮИИДМБ шеңберінде іске асырылған кәсіпорындарды қолдау бағдарламаларының және бағыттарының артықшылықтары мен кемшіліктерін ескере отырып, кәсіпкерлерді қолдау бағдарламалары мен бағыттары шеңберінде шараларды ұсыну құралдары, тетіктері мен шарттары қайта қаралуға тиіс. Ұсынылатын қолдау шараларының жиынтығы компаниялардың көлеміне байланысты болмауға тиіс, өйткені барлық кәсіпорындар бизнесті дамыту үшін қаржы ресурстарының қолжетімділігін қамтамасыз ететін қаржы құралдарына да, сол сияқты инвестициялық түрткі жасауға, инновацияларды ынталандыруға; өнімділікті және ресурс тиімділігін арттыруға; адами капиталдың сапасын арттыруға; экспорттық әлеуетті дамытуға және т.б. бағытталған сервистік құралдарды да қажет етеді.
Қолдау шаралары қаржылық және қаржылық емес сипатқа (сервистік құралдар) ие. Қаржылық шаралар бизнесті дамыту үшін қаржы ресурстарының қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Қаржылық емес шаралар жобаларды іске асыру үшін тиімді инвестициялық түрткі жасауға бағытталған, сондай-ақ қазіргі заманғы технологияларды енгізу және инновацияларды ынталандыру саласындағы кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, өнімділікті және ресурс тиімділігін арттыру, адами капиталдың сапасын арттыру, экспорттық әлеуетті және басқа да басым бағыттарды дамыту үшін мамандандырылған қызметтерді көрсетуді қолдайды.
Негізгі айырмашылықтар ұсынылатын шаралардың көлеміне және қандай да бір шараларды ұсыну туралы шешімдер қабылдау деңгейіне сайып келеді.
Бағдарламада ҮИИДМБ-мен сабақтастық сақталады және құрылған қолдау инфрақұрылымын және даму институттары барынша пайдаланылуға тиіс.
Бағдарламаны іске асыру тікелей және жалпыжүйелік мемлекеттік қолдау шараларының көмегімен жүзеге асырылатын болады.
Өңдеуші өнеркәсіп, оның ішінде 14 басым сектор жалпыжүйелік қолдау шараларының объектісі болып табылады.
Ұлттық кластерлер кеңестері және өңірлік кластерлік қауымдастықтар өңірлерге арналған тікелей қолдау шараларының объектісі болып табылады.
Өнім шығару кезіндегі қосылған құн тізбегін кеңінен қамтитын инвестициялық жобаларды іске асыратын компаниялар кәсіпорындарға арналған тікелей қолдау шараларының объектісі болады.
ҮИИДМБ-ны іске асыру қорытындылары қазіргі уақытта өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындардың көпшілігі кредитті көп алып қойғанын, екінші деңгейдегі банктерде ұзақ мерзімді және орта мерзімді, оның ішінде Бағдарламаға енгізілген инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін «ұзын ақшаның» жоқ екенін көрсетті. Осыған байланысты даму институттарының қатысуымен Бағдарламаны қаржыландыру көлемі мен құралдарын ұлғайтуға өткір қажеттілік туындайды.
Бағдарламаны қаржылай қолдаудың негізгі міндеті қаржыландыру көздерінің құралдарын және қолжетімділігін кеңейту арқылы экономиканың басым секторларына инвестицияларды ұлғайту болып табылады. Мемлекеттік қолдау шараларын қолдану саясатының негізгі екпінін жекеше қаржы ресурстарын жұмылдыру арқылы жасау және екінші деңгейдегі банктердің және басқа да қаржы институттарының кредиттік қызметін индустрияландыру мақсаттарына шоғырландыру қажет. Бұл қаржы институттарының өңдеуші өнеркәсіптің басым секторларында ғана инвестициялық жобаларды қолдауға тиіс екендігін болжайды.
Қаржылық қолдау жүйесі өндірушілер үшін қаржы ресурстарының қолжетімділігін арттыруға, инвестициялық жобалардың қажеттіліктеріне, олардың өтімділік және тиімділік көрсеткіштеріне сәйкес қаржыландырудың тимді шарттарын ұсынуға топтастырылады.
Мемлекеттік қаржы ресурстары мемлекеттік және жекеше операторлар арқылы бағытталатын болады. Мемлекеттік сектор операторларына олардың құрамына кіретін даму институттарымен «Байтерек» ұлттық басқарушы холдинг (бұдан әрі - «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ) және «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ (бұдан әрі - «ҚазАгро» ҰБХ АҚ), «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ, «ҚИДИ» АҚ, «NADLoc» жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ және басқалары жатады.
Жекеше операторларға екінші деңгейдегі банктер, лизингтік компаниялар, инвестициялық компаниялар және қаржы секторының басқа да ұйымдары жатады. Бұл ретте, жекеше операторларды іріктеу критерийлері жұртшылық үшін айқын және ашық болады әрі жобаларды іске асыруға әлеуетті қатысушылардың тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге тиіс.
Қайталауды болдырмау және кәсіпкерлікті қолдаудың кешенді инфрақұрылымын қалыптастыру мақсатында («бір терезе» қағидаты) кейбір даму институттарының қызметі бизнес қажеттіліктеріне шоғырландыра отырып құрылымданатын болады.
Өңдеуші өнеркәсіптің жалпы инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған жалпыжүйелік шаралар Бағдарламада негізгі 9 бағытқа топтастырылған.
Салалық реттеу
Экономика салаларын үдемелі индустриялық дамыту үшін бүгінгі таңда салалық зертханаларда, сынақ орталықтарында техникалық жарақтандырудың жаңа деңгейіне шығуды қамтамасыз ету, техникалық реттеудің неғұрлым жоғары стандарттарын қабылдау қажет. Салалардың тиісті нормалануын қамтамасыз ету үшін инвестициялар - әзірлеу - енгізу процесі (өндіріс) - сапалы жақсартуды алу процесін іске асыру талап етіледі.
Осылайша, мемлекет техникалық реттеу тетігі ретінде стандарттауды тиімді қолдануға тікелей мүдделі болуға тиіс. Стандарттау процесіне мамандарды кеңінен тарту қажет, әзірленетін және қолданылатын стандарттардың сапасы осыған байланысты болады.
Озық халықаралық стандарттарды (API, ASTM, GMP, EN, ISO және басқа) ескере отырып, қолданыстағы ұлттық стандарттарды үйлестіру және жаңаларын қабылдау қажет. Бұл үшін басым секторларда сарапшылардың стандарттар әзірлеуге байланысты шығындарының бір бөлігін субсидиялау және өтеу тетіктерін пайдалану, сондай-ақ секторларда стандарттарды талдауды және жүйелендіруді жүргізу керек.
Өнімді бөлу туралы келісімдермен (бұдан әрі - ӨБК) реттелетін жобалар шеңберінде мұнай-газ саласының жабдықтарын, жиынтықтауыштарын және материалдарын жеткізу кезінде кәсіпорындар үшін тең экономикалық жағдайлар жасау қажет.
Кеден одағының техникалық регламенттерін іске асыру, бәсекеге қабілетті және сапалы өнімді шығару, сондай-ақ Қазақстан Республикасында берілген сәйкестік сертификаттарын және сынақ хаттамаларын тану тетіктерін жасау мақсатында Қазақстанның ДСҰ мен ЭЫДҰ кіруіне байланысты экономиканың басым салаларында жаңа сынақ зертханаларын құру, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту және жете жарақтандыру көзделеді. Қойылған міндетті іске асыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:
жекеше сектор үшін рентабельді емес, қауіпсіздікпен тікелей байланысты салаларда бюджеттік қаржыландыруды пайдалану;
кәсіпкерлікті даму институттарының гранттық қаржыландыруын пайдалану;
жоғары оқу орындарының зертханалық базасын пайдалана отырып;
аккредиттеу жөніндегі халықаралық стандарттардың және халықаралық ұйымдардың (ILAC, IAF) аккредиттеу талаптарына ұлттық жүйесінің сәйкестігін растау.
Жыл сайын халықаралық талаптарды ескере отырып, кемінде 1000 стандарт әзірленетін және қабылданатын болады.
Техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйесі саласындағы қызметкерлерді (жыл сайын кемінде 1300 маман) даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүзеге асырылатын болады.
Стандарттау жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдардағы стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерге қатысу үшін сарапшы-өкілдерді тарту көзделеді.
Шығарылатын соңғы өнімнің техникалық реттеу және метрология жүйесінің талаптарына (техникалық регламенттерге, стандарттарға, сынақ зертханасымен қамтамасыз етілуіне және т.б.) сәйкес болуы тұрғысынан жобаларды бағалау жүргізіледі.
Интернационалдандыру
Шетелдік инвестицияларды тарту үшін ынталандырулардың жаңа пакетін, заңнама мен инвестициялық субсидиялардың тұрақтылығын көздейтін инвестициялық келісімшарттарды енгізуді қамтитын нақты жоспар әзірленген.
Forbes Global 2000, ТҰК тізімінен компанияларды тарту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілетін болады. Қазақстанда өндірісті ұйымдастыру үшін ЭЫДҰ елдерінің инвесторлары үшін барынша қолайлылық режимін, сондай-ақ басым елдерде инвестициялар тарту бойынша ұлттық оператор өкілдіктерінің халықаралық желісін қалыптастыру қажет. ЭЫДҰ елдерінен азаматтардың Қазақстанға кіруін және онда болуын реттейтін визалық тәртіп оңайлатылуы тиіс. ЭЫДҰ-ға мүше елдердің инвесторлары үшін визасыз режимге рұқсат беру және көші-қон қызметтерінде тіркеуді алып тастау қажет.
Мынадай құралдарды қолдана отырып, шетелдік инвесторларға сервистік қызметтер көрсету бойынша жұмыс жалғастырылады: ақпараттық-талдамалық қызмет; шетелдік инвесторларды сүйемелдеу жөніндегі іс-шаралар, Қазақстанның қолайлы инвестициялық ахуалын шетелде ілгерілету мақсатында ақпараттық-таныстыру іс-шаралары; Қазақстан Республикасының шетелдегі инвестициялық имиджін қалыптастыру және ілгерілету жөніндегі қызметті күшейту. Бұл үшін Қазақстанда бірыңғай Brand Book құру бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Дипломатиялық өкілдіктерді, мемлекеттік мекемелерді, әкімдіктерді қоса алғанда, мемлекеттік қызметшілердің ауқымды тобын қазақстандық Brand Book таныстыру өнері бойынша оқыту жоспарлануда.
Неғұрлым ірі және басым, оның ішінде ТҰК қатысатын инвестициялық жобалар бойынша мемлекеттік қолдаудың қосымша шараларын көздейтін инвестициялық келісімшарттар жасалатын болады.
Инвестициялар комитеті базасында инвесторлар үшін бірыңғай терезе құру жоспарланған.
Қазақстанда шетелдік инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, оның ішінде инвесторларға туындайтын мәселелерді соттан тыс және сотқа дейінгі тәртіппен шешуде көмек көрсету, сондай-ақ мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттері мен шешімдерін болдырмау мақсатында Қазақстанда инвестициялық омбудсмен институтын құру жоспарланып отыр.
Өңірлерде инвесторларға қызмет көрсету орталықтарының (бұдан әрі - ИҚО) желісі негізінде инвесторларды инвестициялаудан кейін қолдау бойынша қызметті күшейту қажет.
Экспортты дамыту және ілгерілету жүйесіне жалпыұлттық тәсілді қолдану қажет. Бұл үшін тауар белгілерін ілгерілету, бірыңғай ұлттық стенд форматында халықаралық көрмелердегі тұсаукесерлер, компаниялардың шетелдік көрмелерге қатысуы, шетелде сауда миссияларын ұйымдастыру, экспорттаушыларға көмек ретінде экспорттық өнім анықтамалығы мен әдебиетін басып шығару; экспорттаушыларға ақпараттық-талдамалық жәрдем көрсету; оқыту тренингтерін, сондай-ақ экспорттық өндірістерге шетелдік турларды өткізу; экспорттық қаптама саласын дамыту; экспорттаушылар мен сатып алушылар үшін интернет-ресурсты ілгерілету; экспортқа бағдарлану идеологиясын қалыптастыру; гуманитарлық көмек шеңберінде өнім берушілер қатарына Қазақстанның ықпалдасуы жөніндегі іс-шараларды қамтитын экспортты сервистік қолдау жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жанында жұмыс істейтін Экспорттаушылар кеңесінің жұмысы жалғасатын болады. Нысаналы нарықтарда промоутерлік қолдау желісі құрылатын болады.
Ресейдің шекаралас аймақтары, КО мен Орталық Азия елдері, Ауғанстан, Иран, Кавказ елдері, Қытайдың батыс өңірлері экспорттың негізгі бағытына айналады.
Технологиялар және инновациялар
Өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жаңа технологияларды енгізумен және жоғары инновациялық белсенділікпен тікелей байланысты. Инновациялар саласында басым секторлар мен меншікті инновациялық жүйелерді одан әрі сапалы дамыту, экономикада инновацияларға сұранысты арттыру, технологиялық өкілеттіктерді қалыптастыру үшін өзекті технологиялар трансферті шаралары көзделетін болады.
Озық технологиялар трансфері
Жабдықты жай ғана сатып алудан трансфердің неғұрлым күрделі нысандарына және оларды жергілікті жағдайларда бейімдеуге өту негізгі міндетке айналады.
Инновациялық гранттар қолдаудың маңызды ынталандырушы құралдарының бірі болып табылады. Осыған байланысты инновациялық гранттардың түрлерін нақтылау, оларды ұсыну схемалары мен рәсімдерін оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізілетін болады.
Шетелдік технологияларды сатып алуға арналған инновациялық гранттар беру арқылы стратегиялық жобаларды ілгерілету және қолдау жүйелі шараға айналмақ. Бұл ретте, инновациялық гранттың осы түрі бойынша лимит сомасын тиісінше ұлғайту көзделетін болады. Жоғарыда аталған жобаларды іріктеуді «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ (бұдан әрі - «ТДҰА» АҚ) жүзеге асыратын болады. Жобалар тізбесін бекітуді Қазақстан Республикасының Өнеркәсіптік даму жөніндегі комиссиясы жүргізетін болады.
Бұдан басқа, салалық мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың өнеркәсіптің басым секторларындағы технологиялық міндеттерін шешуге байланысты олардың тапсырысы бойынша әзірлеушілер командалары арасында конкурстар өткізуге инновациялық гранттар бөлу көзделген.
Технологиялық сипаттағы ұзақ мерзімді міндеттерді шешу үшін нысаналы технологиялық бағдарламаларды іске асыруға инновациялық гранттар бөлу тетігі пысықталатын болады.
Бизнестің басым технологиялық міндеттерін іздестіру жөніндегі жұмыс, оның ішінде өнеркәсіптік кәсіпорындардың техникалық директорларының (R&D-директорлар) конференциялар өткізу арқылы жүйелі негізде жүзеге асыратын болады, бұл ғылыми қызметті бағдарламалық-нысаналы, гранттық қаржыландыру үшін негіз болады.
Инновациялық гранттар ұсыну арқылы венчурлік қорлардың жобаларын қаржылық қолдау мәселелерін пысықтау көзделеді.
Сонымен қатар, технологиялар трансферті желісін дамыту және ғылымды, технологияларды және инновацияларды дамыту жөніндегі халықаралық бағдарламаларға қатысу жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.
Инновацияларға сұранысты арттыру
Инновацияларға сұранысты қалыптастыруды мемлекет реттеуші және ынталандырушы шаралар есебінен қамтамасыз етеді.
Инновациялар саласында шағын және орта бизнесті дамыту үшін қаржылық шараларды дамытуды, энергия үнемдеу бойынша заңнамалық шектеулер мен нормативтерді енгізуді, техникалық және экологиялық стандарттар жүйесін КО және ЕО стандарттау жүйелерімен үйлестіруді көздеу қажет.
Шығындарды, мысалы, коммуналдық секторда (SmartMetering) және т.б. ресурстарды есепке алудың бірыңғай автоматтандырылған жүйелерін енгізу кезінде қысқартуға мүмкіндік беретін қалалық инфрақұрылым үшін (SmartCity) кешенді шешім мәселелері қарастырылатын болады.
Технологиялық және басқару құзыреттерін арттыру
Инновациялық гранттарды ұсыну есебінен өңірлерде құзыреттіліктің салалық орталықтарын құру жөніндегі мәселені пысықтау қажет. Бұл орталықтар тәжірибелік үлгілерді дайындау бөлігінде отандық кәсіпорындардың ішкі қажеттіліктерін шешуге және олардың тиімділігін растауға бағдарланған инновациялық жобаларды іске асыру үшін жабдықтарды бірлесіп пайдаланудың мамандандырылған орталықтарды, инновациялық шеберханалар, эксперименттік полигондар болып табылады.
Техникалық машықтар мен мамандықтар негіздерін игерудің және оқудың, сондай-ақ біліктілікті арттырудың қосымша мүмкіндіктерін ұсынатын онлайн құзырет орталықтарының ашылуы мүлдем жаңа шараға айналмақ.
Инноваторлардың бірлескен жұмысын ұйымдастыру және жобаларды ілгерілету мақсатында жұмыс істеп тұрған технопарктерді, сондай-ақ құзырет орталықтарын қайта ұйымдастыруды және оңтайландыруды жүргізу талап етіледі.
Олардың жанынан тәжірибелік-эксперименттік учаскелерді құра отырып, жұмыс істеп тұрған салалық конструкторлық бюролардың функцияларын кеңейту қажет.
Олардың инновациялылығын, рәсімдердің тиімділігі мен ашықтығын растауды қамтамасыз ету бөлігінде инновациялық әзірлемелерді және жаңа технологияларды сараптау жүйесі жетілдірілетін болады.
Функцияларды айқын бөле отырып, Назарбаев Университеті (бұдан әрі -«НУ») және Инновациялық технологиялар паркі (бұдан әрі - «ИТП») инновациялық негізгі екі кластер ретінде басым түрде дамытылатын болады. Іргелі және қолданбалы ғылымды дамытумен «НУ» айналысады. «НУ» зияткерлік-инновациялық кластері негізінде жобалау-инженерлік орталықтарын құру қажет. Озық технологиялар трансфері, сондай-ақ зерттеулер нәтижелерін өнеркәсіптік енгізу жөніндегі міндеттерді шешу Инновациялық технологиялар паркіне беріледі.
Кәсіпорындардағы кадрлардың құзыреттілігін арттыру мақсатында кәсіпорындарды ынталандыру тетіктері енгізіледі, атап айтқанда инженерлік персоналдың біліктілігін арттыруға гранттар бөлу, қызметкерлерге шет тілін оқыту мәселесі пысықталады. Сондай-ақ инженерлік-техникалық қызметкерлердің шетелдік ұйымдарда тағылымдамадан өтуі, сондай-ақ инженерлік-техникалық қызметкерлерді оқыту жөніндегі жұмыс күшейтілетін болады.
Сонымен қатар, инновациялық дамудың халықаралық бағдарламаларына, инновациялық форумдарға қатысу, инновациялық қызметті танымал ету және талдамалық зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмысты жандандыру қажет.
Қосымша шаралар
Аккредиттелген үкіметтік емес ұйымдар тарапынан тәуелсіз тексеру практикасын енгізуді көздейтін инновациялық жобалардың іске асырылуына тексеру жүргізудің бөлек тәртібін заңнамалық деңгейде бекіту қажет. Бұл ретте, бақылаушы органның тексеруді жүзеге асыруы инноваторлардың немесе іске асырылатын жобаға қатысушылардың өздерінен бұзушылық туралы өтініштер болған кезде жүргізілетін болады және жобаны іске асыру кезінде рәсімдерді орындауды бағалауға емес, түпкілікті нәтижеге бағытталатын болады. Аталған шара инноваторларға инновацияларды қолдау бағдарламаларына белсене қатысуға, ал жобалардың операторларына шешімдер қабылдаудың неғұрлым икемді және қарапайым рәсімдерін енгізуге мүмкіндік береді.
Қаржылық ресурстар. Қаржыландыру моделі
Бағдарламаны табысты іске асыру үшін қаржыландырудың теңгерімделген үлгісі қажет. Мемлекеттің рөлі жекеше инвестицияларды тарту үшін ынталандыруларды қамтамасыз ету және ұзақ мерзімді әрі арзан кредит ресурстарымен қамтамасыз ету бөлігінде сындарлы болып қала береді.
Инвестициялық қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін мынадай қағидаттарда құрылған қаржыландыру моделі пайдаланылатын болады:
мемлекеттің және жекеше сектордың қаржы ресурстарын шоғырландыру қажет, ықпалдастырушы «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ болуға тиіс;
қаржылық тетік тәсілін қолдану көзделеді, мемлекеттік инвестициялардың әрбір теңгесіне жекеше қаржы ресурстарының 4 теңгесі құйылады деп күтіледі;
компанияларға бөлінетін мемлекеттік қаражаттың кемінде 70%-ы өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарына ұсынылуы тиіс.
Жекеше инвестициялардың құйылуы үшін құралдары БЖЗҚ ұзақ мерзімді қаражатын тарту үшін пайдаланылуға тиіс қор нарығын іске қосу қажет. Атап айтқанда, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ купондық облигацияларды шығару және орналастыру есебінен БЖЗҚ-дан ақша қаражатын тартатын болады. Отандық қор нарығының төмен өтімділігі ұйымдастырылған нарықта айналатын жаңа қаржы құралдарын құру, экономиканың нақты секторынан жаңа эмитенттерді тарту, сондай-ақ халықтың қаржылық сауаттылығының деңгейін арттыру арқылы жақсартылатын болады. Ұзақ мерзімді қаржыға қолжетімділік, сондай-ақ инвестициялық келісімдер жасасу кезінде инвестициялық субсидиялар арқылы жеңілдетіледі.
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басым жобаларын қолжетімді және ұзақ мерзімді қаржыландыру мен қамтамасыз ету мақсатында облигациялар шығару жолымен ұлттық қордан қарыз алуды жүзеге асыратын болады.
Мемлекеттік көздерден 2015 - 2019 жылдарға талап етілетін инвестициялар АЭА және ИА оқшау инфрақұрылымын қаржыландыруды қоса алғанда, қайтарымды қаржыландыру (кредит беру және тікелей инвестициялар) және қайтарымсыз қағидат (субсидиялау, сервистік қолдау) бойынша игеріледі.
Қайтарымсыз топтарға мынадай құралдар бойынша жіберілетін бюджет қаражаты жатады:
АЭА және ИА инфрақұрылымын, оның ішінде, Қазақстан Республикасының ұлттық қорынан қаржыландыру;
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (бұдан әрі - Даму қоры) арқылы ЕДБ кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау;
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ арқылы жекелеген жобалар бойынша көлік және энергетикалық шығындарды қоса алғанда, инвесторларға күрделі шығындардың бір бөлігін өтеу (объект пайдалануға берілгеннен кейін мемлекет тарапынан инвестициялық шығындарды 30%-ға дейін өтеу) түрінде инвестициялық субсидиялар;
«Даму» қоры арқылы кредиттерге кепілдік беру;
технологиялық құзыретті арттыру, инновациялық инфрақұрылымды дамыту, инновациялық гранттарды ұсыну, мемлекеттік тапсырыстар;
АЭА дамыту, басқару және ілгерілету.
Ұлттық қордан және бюджет қаражатынан қайтарымды топтар бойынша қажеттілік мынадай бағыттар бойынша «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ арқылы бөлінетін болады:
1) ШОБ жобаларын «Даму» қоры арқылы ЕДБ негізделген кредит беруі арқылы қолжетімді және ұзақ мерзімді негізде қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету;
2) «Қазақстанның даму банкі» АҚ (бұдан әрі - ҚДБ) арқылы, оның ішінде, банкаралық, лизингтік қаржыландыру және басқалары арқылы өңдеуші өнеркәсіптегі орта және ұзақ мерзімді қаржыландыру.
Бюджет қаражатын және ұлттық қордың қаражатын қоса алғанда, қаржыландырудағы қажеттілік Бағдарламаны іске асыру барысында және заңнамамен белгіленген тәртіппен тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық бюджетті қалыптастырған кезде нақтыланатын болады.
Даму институттарының жаңа рөлі
Бағдарламаны іске асыру үшін қаржы ресурстарының қолжетімділігін арттыру мақсатында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның даму институттарының жұмысы қайта қаралатын болады.
2014 - 2023 жылдарға арналған даму стратегиясы шеңберінде ҚДБ қолайлы шарттармен Бағдарлама үшін ұлттық валютада қаржыландыруды ұсыну бойынша басты қаржы институты ретінде әрекет етеді. Аталған шара теңгемен кредит беру көлемін ұлғайтуға алып келеді. Бұдан басқа, ҚДБ кредит беру тетігін оңтайландыратын болады, әкімшілік кедергілерді төмендету, артық бизнес-процестерді автоматтандыру және жою, қарыз алушылармен жұмыс тәсілдерін жетілдіру және жаңа кредит құралдарын ұсыну жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың кредит жүктемесінің жоғары деңгейіне, кепілдікті жеткілікті қамтамасыз етудің болмауына байланысты ҚДБ қаржыландыру құралдарының жаңаларын қолдануды қазіргілерін неғұрлым белсенді пайдалануды, оның ішінде, мезониндік кредит беру мен жобалық қаржыландыруды жоспарлауда.
«Даму» қоры «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша қолда бар құралдар шеңберінде және өңдеуші өнеркәсіпті қолдау үшін меншікті құралдар бойынша шағын және орта бизнестегі кәсіпкерлерге қолдау көрсетуді жалғастырады. ШОБ субъектілерінің қаржылық қажеттіліктерін қанағаттандыру «Шағын және орта бизнесті қолдау» пакетінің шеңберінде жүргізілетін болады.
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның даму институттары Бағдарламаны қаржыландыруды қолдау үшін әртүрлі борыштық және үлестік құралдардың кең спектрін ұсынады. ҚДБ және Даму сыйақының қолайлы мөлшерлемелері бойынша қарыз беру арқылы кәсіпорындар үшін кредит беру құнын айтарлықтай төмендететін болады. Инвесторларға күрделі шығындардың бір бөлігін өтеу түрінде инвестициялық субсидиялар сияқты қолдаудың жаңа құралдары қосымша енгізілетін болады.
«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ (бұдан әрі - ҚИҚ) 2010 - 2014 жылдарға арналған Индустрияландырудың республикалық картасына енгізілген проблемалық (стресстік) жобаларды сауықтыру және іске қосу арқылы 2015 - 2019 жылдарға арналған Бағдарламаның басым бағыттарының шеңберінде инвестициялық жобаларды қаржылық қолдау жөніндегі жұмысты жалғастырады, бұл проблемалық активтерді экономика құрылымының өзгеруін, жұмыспен қамтудың, салықтық түсімдердің өсуін қамтамасыз ететін жұмыс істеп тұрған активтердің қатарына ауыстыруға, сондай-ақ мемлекет бұрын инвестициялаған қаражатты қайтаруға жәрдемдеседі. ҚИҚ қызметі үлестік қаржыландыру құралдарын пайдалану жолымен өңдеуші өнеркәсіптегі активтерді құруға және оларды сауықтыру арқылы өңдеуші өнеркәсіптегі проблемалы активтердің санын азайтуға бағытталған. ҚИҚ қазіргі сараптаманы және бұрынғы жұмыс тәжірибесін пайдалана отырып, есептелген сыйақыны, өсімпұлды, негізгі борыштың бір бөлігін есептен шығару мүмкіндігін, сондай-ақ тоқтап тұрған жобаларды қалпына келтіру үшін кепілдіктер ұсынуды көздейтін инвестициялық жобаларды сауықтыру және құрылымдау жөніндегі тетіктерді әзірлейді. Көрсетілген тетікті іске асыру үшін тиісті жағдайлар жасалады.
ҚКМ қоржындық қорлары мандаттарының көпшілігі Қазақстан Республикасы экономикасының басым салаларындағы жобаларды қаржыландыру бөлігінде белгілі бір шектулерге ие болғандықтан, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-ның (бұдан әрі - ҚКМ) қатысуымен кейбір қорларды басқару моделі бөлінген қаражатты игеру және осындай жобаларды қаржыландырудың жеткілікті болуы бөлігінде өзінің тиімсіздігін тарихи тұрғыдан көрсетті. Осыған байланысты, жергілікті және халықаралық институционалдық инвесторлардың қаражатын жоспарланып отырғандай тарта отырып, Инфрақұрылымдық жобалар қорын (бұдан әрі - ИЖҚ) және Старттық жобалар қорын (бұдан әрі - СЖҚ) құру жөніндегі мәселе пысықталатын болады. Аталған қорларды басқару моделі неғұрлым икемді болады және олар Бағдарламаның басым салаларын: дамудың бастапқы кезеңіндегі жобаларды (СЖҚ), сондай-ақ инфрақұрылымды жасау және дамыту, оның ішінде, мемлекеттік-жекешелік әріптестік (ИЖҚ) тетігін пайдалана отырып іске асырылатын жобаларды қаржыландыруға және инвестициялар тартуға мамандана отырып, пайдаланылатын қаржыландыру құралдарын толықтырады.
Аталған құралдар «Өсуге арналған капитал», «Гринфилд-жобалар» және «Инфрақұрылымдық жобалар» пакеттері шеңберінде іске қосылған.
Қазақстандық кәсіпорындардың экспорттық қызметін қолдау мақсатында «Экспорттаушыларды қолдау» пакетінің қолдау құралдарын пайдалану мүмкіндігі болады.
«ҚазЭкспортГарант» экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы» АҚ (бұдан әрі - ҚЭГ) өзінің Қазақстан Республикасының экспорттық-кредиттік агенттігі ретіндегі функцияларын орындайды. Экспорттаушы кәсіпорындарға айналым қаражатын толтықтыруға кредит беру кезінде екінші деңгейдегі банктерді қаржыландыру және тәуекелдерін сақтандыру арқылы экспорт алдындағы қаржылық-сақтандыруда қолдау құралдарын енгізу жолымен экспорттаушыларды қаржылық-сақтандыруда қолдау құралдарының ассортиментін кеңейту жоспарлануда.
Экспорттаушыларды қаржылай-сақтандыру мақсатында қолдаудың жаңа өнімдерін тиімді іске асыру үшін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне шартты банктік салымдарға ҚЭГ қаржы қаражатын орналастыру жолымен екінші деңгейдегі банктер арқылы экспорт алдындағы қаржыландырудың экспорттық өнімін отандық өндірушілерге ұсыну мүмкіндігін көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі қаралатын болады.
Экономиканың жаңа, қазіргі заманғы салаларын қолдау мен инновацияларды дамыту және ШОБ-тың инновациялық бағдарланған субъектілерінің қаржылық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында «Инновациялық компанияларды қолдау» пакетінің қолдау құралдары ұсынылатын болады.
«ТДҰА» АҚ басым секторлардағы инновациялық жобаларды қолдау және технологиялар трансфертіне жәрдемдесу жөніндегі жұмысты, оның ішінде инновациялық гранттарды ұсыну және инновациялық инфрақұрылымды дамыту арқылы жалғастыратын болады. Бұл ретте, стратегиялық инновациялық жобаларды қолдау үшін технологияларды сатып алуға және өнеркәсіптік зерттеулерді жүргізуге арналған инновациялық гранттар ірілендірілетін болады. Бизнес пен ғылымың өзара іс-қимыл жасауын күшейту мақсатында нысаналы технологиялық бағдарламаларды іске асыруға гранттар беру көзделетін болады. Сондай-ақ, мемлекеттік тапсырыстарға қатысу үшін прототиптеуге, венчурлік қорлардың жобаларын қолдауға, салалық құзырет орталықтарын құруға, сынақ базаларын құруға және өзгерістерді автоматтандыруға инновациялық гранттар беру мәселесі пысықталатын болады.
Қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында нормативтік құқықтық базаны одан әрі жетілдіру қажет. Индустриялық-инновациялық даму және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру саласындағы Үкіметтің құралы ретінде «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ қызметі реттеуді талап етеді, ол мемлекеттік бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын бақылауды күшейтеді, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ тобындағы корпоративтік басқаруды жетілдіреді және Бағдарламаны іске асыруға «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның неғұрлым оңтайлы қатысуын қамтамасыз етеді.
Инфрақұрылым
Өңдеуші өнеркәсіп секторларын көліктік және логистикалық инфрақұрылымдық қолдау Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 725 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының көлік жүйесі инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының ережелерін ескере отырып; энергетикалық инфрақұрылымдық қолдау - отын энергетикалық кешенді дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасының ережелерін ескере отырып жүзеге асырылатын болады.
Қазақстанды жедел индустрияландыруды инфрақұрылымдық қолдауды қалыптастыру және жетілдіру бойынша міндеттер:
1) көліктік, энергетикалық және өндірістік инфрақұрылым саласындағы қолжетімділік пен сапа;
2) экономиканың қажеттіліктерін электр энергиясымен қамтамасыз ету және елдің энергетикалық тәуелсіздігіне қол жеткізу;
3) Қазақстанның тиімділігі жоғары көліктік-логистикалық жүйесін құру және оны халықаралық көлік жүйесіне ықпалдастыруды қамтамасыз ету;
4) индустриялық дамуға ықпал ететін тарифтердің негізделген деңгейлерін қамтамасыз ету болып табылады.
Өңдеуші өнеркәсіп үшін мемлекеттік қолдау шаралары инфрақұрылымдық шығындарды басқару бойынша айқын шарттар қалыптастыруға бағытталған:
1) табиғи монополия субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ұзақ мерзімді кезеңге арналған тарифтерді қалыптастыру тетігін белгілеу;
2) қосымша энергетикалық қуаттарға қосылу рәсімін оңайлату;
3) теміржол маршруттарының жекелеген учаскелерінде өткізу қабілетін кеңейту;
4) өңдеуші өнеркәсіптің басым секторларындағы жаңа объектілерге инфрақұрылым жеткізу;
5) жылжымалы теміржол құрамының қолжетімділігін қамтамасыз ету;
6) өңірлік логистикалық орталықтарды құру.
Бүгінгі күні Үкімет табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифтердің болжамды болуын қамтамасыз ету мақсатында табиғи монополиялар субъектілерін ұзақ мерзімді - бес және одан да көп жылдарға арналған тарифтер бойынша жұмысқа ауыстыру жөнінде шаралар қабылдауда. Осыған байланысты, қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу көзделеді.
Отандық кәсіпорындардың көліктік және логистикалық көрсетілетін қызметтерге қажеттілігін толық көлемде қанағаттандыруға қабілетті өнеркәсіптік тораптық инфрақұрылымдық бірқатар жобаларды іске асыру жоспарлануда, оның ішінде мыналарды салу жобалары пысықталатын болады:
станцияны 3700 м дейін кеңейте отырып, кәсіпорындар тобы алаңдарына дейін Коршуново станциясынан теміржол кіреберіс жолдары және 1200 м-ден 3 қосымша тұйықтама, Шығыс Қазақстан облысы;
өңірдің кәсіпорындары үшін дайын өнімді уақтылы тиеп жіберуді қамтамасыз ететін 1,5 км біріктіргіш теміржол желісі, Қостанай облысы;
ұзындығы 115 км Жаңатас - Түркістан теміржол төсемі, Жамбыл облысы;
кеңейту және дамыту:
1) Тобыл теміржол торабы, Қостанай облысы;
2) Ақсу-1 және Ақсу-2 теміржол станциялары, Павлодар облысы;
3) Жіңішке станциясының өткізу қабілеті, Ақтөбе облысы;
4) Оңтүстік Сарыбай карьерінің өндіру аймағынан ұзындығы 9 шақырым «Рудный - Қашар - Федоровка» автомобиль жолының учаскесін шығару, Қостанай облысы;
5) 220/10 кВ кіші станция салуды ұйымдастыру және «Қостанай 1150» КС кеңейту, Қостанай облысы;
6) «Горностаевская» 110/10-10 кВ КС электрмен жабдықтау объектілерін салу, «№ 51» 220/110/10 кВ КС кеңейту; ұзындығы 32,5 км «Горностаевская-Шаған» 110 кВ біртізбекті ӘЖ салу, Шығыс Қазақстан облысы.
Индустриялық даму үшін АЭА қызметінің тиімділігін арттыру бойынша топтастырылған және белсенді іс-әрекет қажет. АЭА одан әрі дамыту мақсатында АЭА әрекет ететін бүкіл кезеңде АЭА-ға қатысушылар үшін орнықтылықты қамтамасыз ету және преференциялар мен салықтық жеңілдіктердің сақталуына кепілдік беру, сондай-ақ АЭА таратылған жағдайда, АЭА-ға қатысушылар үшін тұрақтандыру тетіктерін белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасында АЭА-ны басқару және дамыту жөніндегі бірыңғай оператор институтын енгізу мәселелері пысықталатын болады.
Бұдан басқа, басқару, басқарушы компаниялардың қызметі, АЭА-ның, Бірыңғай оператор мен басқарушы компаниялардың қызметін бастапқы сатыларда мемлекеттік бюджет қаражатының есебінен қаржыландыру, сондай-ақ инфрақұрылым объектілерін салуға қарыз қаражатын тарту мәселелерін қоса алғанда, АЭА-ның жұмыс істеу тетіктерін жетілдіру, сонымен қатар басқарушы компаниялар мен басым қызмет түрлеріндегі ілеспе және аралас өндірістер үшін салықтық жеңілдіктер беру қажет.
Кейіннен кешенді шаралар қабылдау мемлекеттік бюджеттен қаржыландырудан бас тартуға мүмкіндік береді, бұл бюджетке түсетін жүктемені азайтады.
Адами ресурстар
Озыңқы индустриялық даму адами ресурстардың қолжетімділігін артыруды және сапасын қамтамасыз етуді қажет етеді, білім беру сапасына талаптар қояды.
Индустрияландырудың негізгі акценті өндірісті қарқынды өсіруге, атап айтқанда, еңбек өнімділігін өсіруге (1,4 есе) бағытталған. Сондықтан, адами ресурстармен қамтамасыз ету жөніндегі жалпы жүйелік шаралар жұмыс орындарын құру санына емес, біліктілігі жоғары, ғылыми және инновациялық кадрларды даярлау сапасына бағытталған.
Экономика салаларын біліктілігі жоғары кадрлармен қамтамасыз ету үшін кадрлар даярлау жүйесін реформалау жөніндегі жұмыс жүргізілетін болады.
Өңірлердің мамандануын, аумақтық және инновациялық кластерлерді дамытуды ескере отырып, осы мақсаттар үшін металлургия, мұнай-газ химиясы, электр энергетикасы, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, АӨК, машина жасау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, ғарыш саласы сияқты басым секторлар үшін біліктілігі жоғары мамандар даярлауға бағытталған жоғары оқу орындары мен колледждер айқындалатын болады.
Мұндай кадрларды даярлау жаңа технологиялық процестерді ескере отырып, жергілікті және шетелдік жетекші әріптестермен бірге жоғары оқу орындары мен колледждер әзірлеген жаңа білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылатын болады.
Бұл жоғары оқу орындары мен колледждерге қомақты ресурстар жіберілетін болады және оларды жаңғырту жөніндегі жұмыс жүргізіледі. Жоғары оқу орны мен колледжді дамытудың жеке стратегиялық бағдарламалары әзірленетін болады, материалдық-техникалық база, оның ішінде, оқу-зертхана жабдығы күшейтіледі, басқару жүйесінде жаңа тәсілдер және нәтижеге бағдарланған қаржыландырудың жаңа тетіктері енгізіледі.
Қазақстан Республикасымен инвестициялық келісімдер жасаған инвесторлар, сондай-ақ АЭА аумағында базалық өнім шығару жөніндегі жобаларды іске асыратын операторлар үшін инвестициялық жоба іске асырылатын бүкіл кезеңге және объектіні пайдалануға бергеннен кейін бір жылға шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотадан тыс және рұқсатсыз шетелдік жұмыс күшін тартуға құқық берілетін болады.
Бұдан басқа, қызметін өңдеуші өнеркәсіпте, агроөнеркәсіптік кешенде және геологиялық барлауда жүзеге асыратын ТҰК үшін Қазақстан Республикасында жұмыс істеуге рұқсат алмай басқа елдердің филиалдарынан өз қызметкерлерін тарту мүмкіндігін көздеу жоспарлануда (кейбір талаптар, оның ішінде қазақстандық және шетелдік мамандардың теңбе-теңдігі, еңбекақы төлеуде кемсітушіліктің болмауы, белгілі бір біліктілік деңгейіндегі тартылатын мамандардың сәйкестігі сақталатын болса).
Қызметін басым жобалар бойынша жүзеге асыратын кәсіпорындар үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота жылдарға бөліне отырып, басым жобаны іске асырудың бүкіл кезеңіне белгіленетін болады.
Жұмыс күшіне үлкен қажеттілігі бар өңірлерге жұмыс күшінің республикаішілік ағынымен қамтамасыз ету үшін ішкі көші-қон саясатын жетілдіру көзделіп отыр. «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасының ресурстарын басым секторлардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін пайдалану қажет.
Сыртқы көші-қон саясаты шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу тәртібін оңайлатуы тиіс. Шетелдік жоғары білікті кадрлар үшін жұмыс визаларын алу мен Қазақстанда тұру түрінің тәртібі оңайлатылатын болады.
Жұмыспен қамту мониторингі және кадрларға қажеттілік бағдарламасын жетілдіру қажет.
Еңбекті қорғау деңгейін жақсарту үшін кәсіпорындарда OHSAS 18001 халықаралық стандарттарын енгізу талап етіледі.
Мемлекеттік сатып алу
Мемлекеттік сатып алу заңнамасы саласында сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің инновациялығы критерийлерін айқындау бөлігінде жекелеген тәртіп енгізу қажет. Технологиялық меморандумдар негізінде енгізілетін бұйымдарды жеткізуге ұзақ мерзімді шарттар жасасу тетігі әзірленетін болады.
Мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде сапасы және қауіпті өнімнен қорғау үшін ұлттық немесе үкіметтік стандарттар бар болса, олардың талаптарын техникалық ерекшелікте белгілеу қажет. Бұл үшін квазимемлекеттік сектор мен жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуын реттейтін нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізіп, ұлттық немесе үкіметтік стандарттар бар болса, олардың талаптарын міндетті түре техникалық ерекшелікпен белгілеу қажет.
Қазақстанның өңдеуші өнеркәсібіне шетелдік инвестицияларды жоғарлату үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына офсеттік келісімдер институтын енгізу туралы мәселе қаралатын болады. Мемлекеттік сатып алу офсет тетігін пайдалану арқылы қазақстанда соңғы өнім шығару кезінде ҚҚТ-ны дамытатын өндірістер үшін пайдаланылуға тиіс.
Сонымен қатар, индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган мен даму институттары арасындағы мемлекеттік тапсырмалар мен мемлекеттік сатып алу шарттарында даму институттарының көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеудің нақты тетігі қолданылуға тиіс. Тұрақты (жалғасатын) сипаты бар жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер шарттардың қолданылу кезеңімен шектелмей, жылына он екі ай бойы жүзеге асырылуға және тиісінше ақы төленуге тиіс.
Бұл ретте, даму институттарының тікелей шығыстарын ғана емес, көрсетілген міндеттемелерді орындауға байланысты даму институттарының негізгі қызметтен түсетін жалпы кірістеріне қатысты орындалатын жұмыстың немесе көрсетілетін қызметтердің көлеміне барабар есептелген жанама шығыстарын да ескеру қажет. Сондай-ақ жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жоспарлы рентабельділігін де ескеру қажет, оның мөлшері даму институттарындағы корпоративтік рәсімдерді (компаниялардың стратегиясы және даму жоспарлары және басқалары) негізге ала отырып айқындалады.
Кәсіпкерлік, шағын және орта бизнес
ШОБ базасында өңдеуші өнеркәсіпке байланысты, оның ішінде басым секторлардағы өнім берушілер мен сервистік компаниялар жүйесін дамыту көзделеді. Ірі кәсіпорындардың айналасындағы ШОБ арасындағы өнім берушілер жүйесін дамытуға ұлттық холдингтер мен компаниялардың әсерін заңнамалық деңгейде шектеуді қарау қажет.
Бизнесті ашу және жүргізу, азаматтардың қауіпсіздігі шарттарын сақтау кезінде рұқсат беру және бақылау-қадағалау жүйелері оңайлатылуға тиіс. Кәсіпкерлерге қатысты рұқсат беру және келісу рәсімдерінің бәрі «бірыңғай терезе» қағидаты бойынша жергілікті деңгейде орындалуға тиіс.
ШОБ субъектілеріне Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасы арқылы қаржы ресурстарына қолжетімділік беруді жалғастыру қажет. Кредиттік және лизингтік тетіктерді пайдалана отырып, Қазақстанда өндірілген өнімнің түпкі тұтынушыларын қаржыландыруды пайдалану арқылы ішкі сұранысты ынталандыру қажет.
Бәсекелестікті ынталандыру
Жедел индустрияландыру бағдарламасын сәтті іске асырған елдердің тәжірибесі бәсекелес ортаны дамыту есебінен индустриялық даму жөніндегі шаралардың тиімділігін арттыру үшін резервтер бар екенін көрсетіп отыр. Бәсекелестік экономикалық биліктің бір жерге шоғырлануын шектейді және тұтынушының мұқтаждығын қанағаттандыруды, өнімді арзандатып, оның сапасын жоғарылатуды ынталандырады.
Монополияға қарсы реттеу бәсекелестікті қорғау және экономикадағы іскерлік ахуал сапасын жоғарылату міндетін шешуге тиіс. Бұл жұмысты ҮЕҰ мен кәсіпкерлерді, мемлекеттік органдардың және даму институттарының өкілдерін қамтитын тұрақты жұмыс істейтін комиссияларды тарта отырып жүргізу қажет.
Квазимемлекеттік сектордың бәсекелес нарықтарға араласуы шағын және орта бизнеске келеңсіз ықпалын тигізетін болса, ол өз араласуын орынды шектейтін болады.
Yellow pages қағидатын пайдалана отырып жекешелендіру жүргізілуге тиіс және мемлекет қатысатын кәсіпорындардың қызметі туралы келешектегі шешім осы қағидатты ескере отырып, қабылдануға тиіс.
Экономиканы нарық субъектілерінің өздерінің үстем немесе монополиялық жағдайын асыра пайдалануынан қорғаудың құқықтық тетігін жетілдіру көзделеді.
Алға қойған міндеттерді іске асыру мақсатында өңдеуші өнеркәсіп салаларын монополиясыздандыру, республика нарықтарында мемлекеттің қатысу үлесін азайту жөніндегі іс-шараларды жүргізу, сондай-ақ монополияға қарсы заңнаманы жетілдіру талап етіледі.
Бұл міндетті шешу үшін:
мұнай өнімдерінің биржалық саудасын дамыту жөнінде ұсыныстар енгізуге;
көмір өткізу нарығында өнімсіз делдал құрылымдарды жоюға;
сұйытылған мұнай газын көтерме және бөлшек саудада сату қызметін жүзеге асыруға рұқсат беру рәсімдерін, оның ішінде көлемі 300 тонналық сақтау базаларының болуы жөніндегі, сондай-ақ сақтау базаларының көлемі 200 тоннадан кем газ желісі ұйымдарында өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясының болуы жөніндегі талаптарды жою жолымен оңайлатуға;
электр энергиясының биржалық саудасын дамыту жөнінде ұсыныстар енгізуге;
табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесін біртіндеп қысқартуға;
квазимемлекеттік сектордың жаңа субъектілерін құруға мораторий енгізу жөніндегі ұсыныстар енгізуге;
бәсекелестікті дамыту және экономиканың салалары мен секторларын монополиясыздандыру мақсаттарын, сондай-ақ оларды іске асыру жөніндегі нақты шараларды тиісті салалық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына қосуға;
бәсекелестікті шектейтін нормаларды, туар нарықтарына кірудегі жаңа ойыншылардың пайда болуына және бәсекелі ортаны дамытуға айтарлықтай ықпалын тигізетін тосқауылдарды анықтау және жою тұрғысынан нормативтік құқықтық базаға түгендеу жүргізуге;
ұзақ мерзімді кезеңге арналған тарифтерді айқындау бөлігінде табиғи монополиялар мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер енгізуге бағытталған шаралар қабылданатын болады.
Мемлекеттік бәсекелестік саясат нарыққа «кіру» үшін аумақтық, құқықтық, тарифтік және басқа да экономикалық шектеулер түріндегі тосқауылдарды қысқартуға ықпал етуге тиіс.
Инвесторларды келісімшарттардың орнықтылығы қағидатына сәйкес заңнаманың орнықтылығы кепілдіктерімен қамтамасыз ету қажет.
Өндірісті, технологияны, жабдықтар мен жұмыс орындарын сақтай отырып, дағдарысты еңсеру үшін көзделген нарықтық қатынастардың басты құралы банкроттық институты толыққанды жұмыс істеп кетуі тиіс.
3. Өңдеуші өнеркәсіпті дамытудағы кластерлік тәсілдер Кластерлік тәсіл негізінде бәсекеге қабілеттілікті жоғарылату әлем елдерінің көпшілігінің даму стратегияларында кеңінен таралды. Кластерлер өнеркәсіптік дамуға, бәсекеге қабілеттілікке және экономиканың тиімділігіне жәрдемдесудің маңызды құралы ретінде танылған.
Мақсаты: технологиялық тізбектерді құру және оқшауландыру, кооперациялау, ықпалдасуды дамыту және инновациялық дамуды жеделдету есебінен отандық өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін дамыту.
Міндеттер:
1) Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе қалаларында орталықтары бар агломерациялардың озыңқы өсу аймақтарын құруды ескере отырып, өңірлердегі өңдеуші өнеркәсіптің басым секторларының өндірістерін теңгерімді дамытуды қамтамасыз ету үшін оларды орналастыру;
2) елдің өңдеуші өнеркәсібінде өңірлердің мамандануын тереңдету және кейіннен бәсекеге қабілетті кластерлерді қалыптастыру;
3) кластерлік бастамаларды дамыту бойынша қолайлы жағдайлар жасау.
Кластерлерді қалыптастыру салалық және өңірлік маманданудың индустриялық және әлеуметтік-экономикалық әлеуетін ескере отырып қалыптасқан, елдің барлық өңірлерінің даму қажеттіліктеріне негізделе отырып жүзеге асырылады.
Қазақстан экономикасын кластеризацияға әзірлік дәрежесінің жеткіліксіз екенін ескерсек, нақты өңірлердегі кәсіпорындарды мамандандырудың сындарлы деңгейін жасау қажет. Ол үшін «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде өңірлік мамандануға сәйкес өңірлерде бизнесті жүргізетін өңдеуші өнеркәсіптің кәсіпорындары үшін неғұрлым тартымды қолдау жағдайлары жасалады.
Кластерлік саясат ел экономикасын жаңа технологиялық тұғырға ауыстыруға, өнімділік деңгейі, қосылған құны және өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің бөлініс дәрежесі жоғары салаларды қалыптастыруға бағытталатын болады.
Бағдарламаны іске асыру кезеңінде мемлекет:
мұнай мен газ өндіруге және өңдеуге байланысты базалық ресурстық секторлардың, мұнай-газ химиясының, мұнай-газ химиялық машина жасаудың және мұнай-газ өнеркәсібіне арналған сервистік көрсетілетін қызметтердің ішінен бір ұлттық кластерді;
өңдеуші өнеркәсіптің нарықтық бағдарланған секторларында конкурстық рәсімді жүргізу нәтижелері бойынша айқындалатын аумақтық үш кластерді;
Астана қаласында («Назарбаев Университеті» кластері), Алматы қаласында («Ақпараттық технологиялар паркі» кластері) «жаңа экономика» секторларында инновациялық екі кластерді дамытуға және теңгерімді түрде қолдауға назар аударады.
Жаңа кластерлерді қалыптастыру және дамыту және кластерлік бастамаларды қолдау шараларын жетілдіру туралы шешімдер бағдарламада көзделген кластерлерді дамытудың әлеуметтік-экономикалық әсерін талдау және бағалау негізінде қабылданатын болады.
Ұлттық кластерді дамыту
«Қазақстан-2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын ескере отырып, Қазақстан Республикасында перспективалы ұлттық кластерлерді дамытудың мақсаттары, міндеттері мен бағыттары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 қазандағы № 1092 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының перспективалы ұлттық кластерлерін қалыптастырудың 20 жылға дейінгі тұжырымдамасында (бұдан әрі - Ұлттық кластерлер тұжырымдамасы) айқындалған.
Бағдарлама шеңберінде Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының аумағында мұнай мен газды өндіру және өңдеу, мұнай-газ химиясы, онымен байланысты машина жасау және мұнай-газ өнеркәсібіне арналған сервистік көрсетілетін қызметтер бойынша ұлттық кластерді дамытуға мемлекеттік қолдау көрсетіледі.
Ұлттық кластерді дамыту орталық билік органдары және тиісті даму институттары деңгейінде үйлестірілетін болады. Оны қолдау үшін кластерге қатысушылардың пайымын, жоспарлары мен бағдарламаларын, сондай-ақ оның даму стратегиясын келісуге және бекітуге арналған алаң ретінде арнайы басқарушы құрылым (кластер кеңесі) құрылады.
Ұлттық кластер кеңесін Қазақстан Республикасының мұнай және газ министрі басқарады. Мемлекет пен жекеше бизнес мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету үшін оның екі орынбасары Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы өкілдерінің қатарынан айқындалатын болады.
Кеңес функцияларына:
1) ұлттық кластердің даму стратегиясы мен егжей-тегжейлі жол картасын әзірлеу және бекіту;
2) кластерлерге қатысушылардың қызметін үйлестіру;
3) кластерге қатысушыларға мемлекеттік және өзге де қолдау алуда жәрдемдесу;
4) кластер бағдарламалары мен жобаларын іске асыруға бөлінетін қаражаттың тиімді пайдаланылуын мониторингтеу жатады.
Кластердің дамуын жедел ұйымдық-функциялық қолдауды қамтамасыз ететін кластер ықпалдастырушысының функцияларын «ҚазмұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ қамтамасыз етеді.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «KAZENERGY» мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қазақстандық қауымдастығы кластердегі бизнесті шоғырландыруды үйлестіруді қамтамасыз ететін кластер ықпалдастырушысының әріптестері болады.
Инфрақұрылым объектілерімен қамтамасыз етуді қоса алғанда кластер әлеуетін іске асыру үшін «ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» және «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймақтарына қатысушыларға ұсынылатын салықтық, кедендік жеңілдіктер мен басқа да преференцияларды қолдануға болады. Бұл қосылған құнының деңгейі жоғары, әлемдік нарықта елдің бәсекелес артықшылықтарын күшейтетін жаңа өндірістерді құру және дамыту кезінде шығыстарды тиімді оңтайландыруға мүмкіндік беріп, экономиканың басым салаларында ілеспе және аралас өндірістерді дамытуға түрткі болады.
Кластерді дамыту үшін кластерді дамытудың жол картасына сәйкес 5.3.4-бөлімде көрсетілген кластерлік бастамаларды бірлесіп қаржыландыру бойынша мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылатын болады.
Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде мемлекеттік қолдаудың қаржылай шараларын ұсынатын «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ қаржы агенті ретінде әрекет етеді.
Аумақтық кластерлерді дамыту
Мемлекеттік қолдау көрсетілетін аумақтық кластерлер конкурстық негізде іріктеледі.
Бағдарлама шеңберінде конкурстық іріктеу жүйесін тестілеу жүргізіледі. Өңірлерде қалыптастырылған аумақтық кластерлер қатарынан дамыған үш пилоттық кластер таңдап алынады, оларға мемлекеттік қолдау қамтамасыз етіледі.
Қазіргі уақытта, өңірлерде бәсекелестіктің неғұрлым жоғары деңгейі тамақ өнімдері мен құрылыс материалдарының өндірісі саласында байқалып отыр, бұл кластеризацияға әзірлік факторларының бірі болып табылады.
Аумақтық кластерлерді дамытуда өңірлік бизнес-қауымдастықтар мен жергілікті атқарушы органдар түйінді рөл атқаратын болады.
Бағдарламаны жоспарлау мен іске асыруға негізгі қатысушылардың бірі ретінде Қазақстан өңірлерінің әкімдері индустриялық даму үшін, оның ішінде мынадай:
1) әлеуметтік-экономикалық даму, оның ішінде өнеркәсіп саласында Бағдарлама ережелеріне сәйкес өңірлік стратегиялық құжаттарды (аумақтардың даму жоспарларын) әзірлеу мен іске асыру;
2) жергілікті бәсекелестіктің қарқындылығын ұлғайтуға бағытталған шараларды әзірлеу мен қабылдау;
3) басым кластерлерді қолдау және басым жобаларды іске асыру;
4) өнеркәсіптік кәсіпорындарды заманауи әрі бәсекеге қабілетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету;
5) адами ресурстар мен білім беру жүйесін дамыту;
6) шетелдік инвестицияларды тарту және экспортты ілгерілету;
7) кәсіпкерлікті ынталандыру мен шағын және орта бизнесті дамыту бағыттары бойынша қолайлы жағдай жасауды қамтамасыз етуге тиіс.
Кластерлік қауымдастықтар өңірлердегі кластерлік бастамаларды дамыту орталықтары болады, оларға өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарымен қатар, сервистік кәсіпорындар, ғылыми-зерттеу институттары, жоғары және орта кәсіптік оқу орындары, консалтингтік компаниялар, инжинирингтік кәсіпорындар да қатысушы бола алады. Бастапқы кезеңде кластерлерді құру және конкурсқа өтінімдер беру бастамашысының рөлін өңірлік кәсіпкерлік палаталары, әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар, АЕА басқарушы компаниялары алуы мүмкін.
Мыналар:
1) салалық басымдықтарды есепке алу - өңдеуші өнеркәсіптің, бірінші кезекте Бағдарламада басым ретінде айқындалған барлық салаларының ішінен іріктеу;
2) осы Бағдарламаның 3.2-бөлімінде және Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығымен бекітілген Елді аумақтық кеңістікте дамытудың болжамды схемасында айқындалған өңірлік мамандануға сәйкестікті;
3) Өндірістік қуаттарды ұтымды орналастырудың алдағы кезеңге арналған схемасын ескере отырып, өңірлердің қолда бар ресурстық адами және инфрақұрылымдық әлеуетін ұтымды пайдалану;
4) тиімділікті барынша өсіру бойынша нақты айқындалған нәтижелерге қол жеткізу үшін қалыптастырған аумақтық кластерлерді дамытуға жұмсалатын шығыстарды азайту;
5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін кеңінен пайдалану, аумақтық кластерлерді дамытуға мемлекеттік қолдау көрсету кезіндегі негізгі қағидаттар болып табылады.
Мыналар:
1) қалыптастырылған кластердің даму деңгейі - өңір үшін басым салаларда өзара байланысты және бірін-бірі толықтыратын кәсіпорындар мен ұйымдардың қалыптастырылған тобы түріндегі бизнес-қоғамдастықтың, пысықталған жобалардың, кластерді дамытуға бизнес-инвестицияларының болуы;
2) өңірде кластерді одан әрі дамыту үшін жағдайлардың - шикізаттың табиғи және қаржылық ресурстардың, өндірістік қуаттардың болуы, адами ресурстардың қолжетімділігі, көліктік, энергетикалық және инновациялық, білім беру инфрақұрылымының дамуы;
3) кластерді дамытудың ол орналасқан өңір мен ол жататын сала үшін маңызы;
4) кластерді дамытудың перспективалылығы - нарықтық перспективалар және кластерді дамытудың экономикалық әсері мемлекеттік қолдау көрсетілетін аумақтық кластерлері конкурстық іріктеудің негізгі критерийлері болып табылады.
Конкурстық іріктеудің дайындық кезеңінде (2014 жыл):
аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу критерийлері мен рәсімдері, сондай-ақ конкурс жеңімпаздарына мемлекеттік қолдау көрсету тәртібі айқындалады;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1522 қаулысымен бекітілген өнеркәсіптік даму комиссиясы туралы ережеге (бұдан әрі — Комиссия), оған аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу жүргізу жөніндегі өкілеттіктер беру бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі;
кластерлік процестің барлық қатысушыларын оқыту үшін білім беру бағдарламалары ұйымдастырылады;
кластердің барлық қатысушыларының мүдделерін біріктіретін және қорғайтын ұйым ретінде кластерлік қауымдастықтарды құру негізі қаланады;
кластерлік процестің барлық қатысушыларына, оның ішінде аумақтық кластерді дамыту жөніндегі тұжырымдамаларды, стратегияларды және жол карталарын әзірлеу бойынша әдіснамалық және ақпараттық қолдау көрсетіледі;
мемлекеттік қолдау қамтамасыз етілетін аумақтық кластерлерді іріктеу жөнінде конкурс жарияланады.
Конкурстық рәсімдер екі кезеңмен өткізілетін болады.
Конкурстың бірінші кезеңінде (өтінімдерді кәсіпкерлердің өңірлік палаталары, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, АЕА басқарушы компаниялар, бизнес-қауымдастықтар береді):
1) конкурсқа қатысушылар ұсынған аумақтық кластерлерді дамыту жөніндегі тұжырымдамаларға жоғарыда көрсетілген конкурстық іріктеу критерийлері бойынша сараптама жүргізіледі;
2) Комиссия отырысында ұсынылған Тұжырымдамалар қаралады және бірінші кезеңнің жеңімпаздары іріктеледі;
3) бірінші кезеңнің жеңімпаздарына кластерді дамыту стратегиясы мен жол картасын әзірлеуге және кластерлік қауымдастықтар құруға шығыстарды өтеу түрінде қаржылық қолдау көрсетілетін болады.
Конкурстың екінші кезеңінде (өтінімді кластерлік қауымдастықтар береді):
1) конкурстың екінші кезеңіне қатысушылар кластерлік-қауымдастықтар ұсынған кластерді дамытудан болатын экономикалық тиімділікті айқындайтын және оған қол жеткізу бойынша іс-шараларды нақтылайтын стратегиялар мен жол карталарына талдау жүргізіледі, бұл ретте, екінші кезеңге даму стратегиясы, жол картасы бар, конкурстың бірінші кезеңіне қатыспаған кластерлік қауымдастықтар жіберіледі;
2) конкурстың түпкілікті қорытындысы жүргізіледі және жеңімпаздар айқындалады.
Конкурстық іріктеу критерийлері мен тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Конкурс жеңімпаздарына 5.3.4-бөлімде көрсетілген әрбір кластердің жол картасына сәйкес кластерлік бастамаларды бірлесіп қаржыландыру бойынша мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады.
Инновациялық кластерлерді дамыту
Бағдарлама шеңберінде екі инновациялық кластер құрылады - іргелік және қолданбалы ғылымды дамытуды жүзеге асыратын «Назарбаев Университеті» және озық технологиялар трансфері, сондай-ақ зерттеу нәтижелерін өнеркәсіптік енгізу жөніндегі міндеттерді шешу үшін «Инновациялық технологиялық паркі». Бұл инновациялық кластерлерді құру және қалыптастыру тетігі ұлттық кластерлер тұжырымдамасында айқындалған.
Бұрын елде болмаған, ғылымды қажет ететін өндірістер мен экономика секторларын, жаңа технологиялық құзыреттер құру, инновациялық серпілісті қамтамасыз ету негізінде әлемдік нарықта елдің бәсекеге қабілетті жаңа артықшылықтарын (білім кластері, әлемдік технологиялық аутсорсинг) қалыптастыру инновациялық кластерлердің мақсатына айналмақ.
Инновациялық кластерлер шеңберінде медицина, «3 D-принтинг», геология, металлургия, композиттік материалдар, энергия үнемдейтін және құрылыс технологиялары саласында ғылыми орталықтар қалыптастырылады.
Ғылыми орталықтарды құрудың негізгі қағидаты - білім беру, ғылым ұйымдары мен өндіріс арасындағы кооперацияны дамыту (кластерлік саясаттың үш тағанды шиыршығы қағидаты).
«Nazarbayev Research and Innovation System» жекеше мекемесі (бұдан әрі - NURIS) мен «Қазгеология» АҚ арасындағы Стратегиялық ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде Қазақстан Республикасының Ғылыми геологиялық зерттеулер орталығын құру жоспарланып отыр.
NURIS-те Энергетикалық зерттеулер орталығы мен Пәнаралық инструменталды орталық жұмыс істейді, олар жаңартылатын энергия технологияларын құру және іске асыру бойынша ғылыми зерттеулер жүргізеді.
Бұған қоса, аумақтық кластерлердің басқа да ғылыми орталықтарымен кооперация жасалады.
Астана қаласындағы «Назарбаев Университеті» зияткерлік-инновациялық кластері жаңа материалдар, энергия үнемдейтін технологиялар, биотехнологиялар өндірісінде мамандана отырып, күш-жігерін өмір туралы ғылым, медицина, гендік инженерия, материалтану саласында іргелі зерттеулерді дамытуға шоғырландырады.
NURIS кластердің ықпалдастырушысы болады. «Назарбаев Университеті» кластерінің қатысушыларын іріктеу қағидаларын Университеттің Қамқоршылық кеңесі бекітеді.
«Назарбаев Университеті» кластері Университет айналасының ғылымды қажет ететін және жоғары технологиялы компаниялар белдеуін дамытуды, ғалымдар үшін қолайлы жағдайлар жасауды, Университет базасында технологиялық жаңа зерттеулерге инвестицияларды тартуды, Қазақстанда инжирингтік әлеуетті дамытуды, ең жаңа технологиялардың трансферті мен коммерцияландырылуын, «Назарбаев Университеті» ДБҰ-ның түлектері үшін жаңа жұмыс орындарын құруды қамтамасыз етуге бағытталған, бұл үшін жаңа құзырет орталықтары, жобалау-инжинирингтік орталықтар құрылады, шетелдерден үздік әлемдік ғалымдар шақырылады, үздік ғылыми жобалар іріктеледі, старт-аптар мен спин-оффтар құруға жәрдем көрсетіледі.
«Назарбаев Университеті» коммерцияландыру кеңсесі кластердің неғұрлым маңызды элементі болады, өйткені инноватор ғалымдармен үнемі жұмыс істейді, ғалым үшін «алғашқы аялдау пункті» және «Назарбаев Университеті» коммерцияландыруға арналған мүмкіндіктер мен ресурстар саласындағы қажетті ақпараттық бүкіл спектрін ұсыну функцияларын орындайды.
Коммерцияландыру кеңсесі патент қабілеттілігі жоғары және нарықтық жетістік әлеуеті жоғары жобаларды іздеумен және бағалаумен белсенді түрде айналысады әрі коммерцияландыруға арналған гранттарды тиісті қаржыландыруды қамтамасыз етеді.
Бизнес-инкубаторды компанияларға технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтері ұсынылады, оның барысында идеяларды нақтылау жүргізіледі, жобаның бизнес-жоспары нақтыланады, зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың қажетті кезеңдері жүргізіледі. Одан кейін жоба келесі кезеңге өтеді және өнеркәсіптік үлгілердің тәжірибелік және пилоттық өндірістерін жүзеге асыру, қолданылатын жаңа технологияларды тестілеу үшін технопаркке орналастыруға ауыстырылады.
Ғылыми парк «Назарбаев Университеті» кластерін қалыптастыруды және дамытуда маңызды рөл атқаруға тиіс. Ғылыми парктің миссиясы ғылымның, бизнестің және мемлекеттің ықпалдасу тұжырымдамасын іске асыруға және инновациялық қызметті жандандыруға, бәсекеге қабілеттілік деңгейін жоғарылатуға әрі ұлттық экономиканы әртараптандыруға бағытталған синергиялық әсерге қол жеткізуге сайып келеді.
«Назарбаев Университеті» ғылыми паркі Қазақстан экономикасының нақты секторын дамытуға бағытталған қолданбалы R&D орталықтары мен жоғары технологиялы ШОБ-та орналастыру және дамыту үшін құрылады.
Ғылыми зерттеу және білім беру қызметімен қатар ғылыми паркте инжинирингтік, тәжірибелік-өнеркәсіптік және инвестициялық қызмет белсенді түрде жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының инновациялық даму басымдықтарын ескере отырып, бірінші кезеңде Ғылыми парктің мынадай кластерлерін құру жоспарланып отыр: геологиялық кластер, ақпараттық-коммуникциялық технологиялар кластері, инжиниринг кластері (жаңартылатын энергетика, ғарыш технологиялары), биомедицина кластері.
«Назарбаев Университеті» зияткерлік-инновациялық кластеріне қатысушыларды іріктеу қағидаларын Университеттің Қамқоршылық кеңесі бекітеді. Университет кластерге қатысушыларға Университеттің Қамқоршылық кеңесі айқындайтын тәртіппен қолдау шараларын ұсынады. NURIS кластердің ықпалдастырушысы болады.
«Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері (бұдан әрі - «ИТП» кластері) Алматы қаласында «Инновациялық технологиялар паркі» АЕА-ға қатысушы кәсіпорындарды, қаланың ірі ғылыми білім беру институттарын және кластердің Қамқоршылық кеңесі мақұлдаған басқа да заңды тұлғаларды біріктіру жолымен құрылады.
Ғылыми-білім беру институттарының базасында «идеялар» туындауы және дамуы, оларды зерделеу мен сынау жүргізілуі, одан кейін «ИТП» АЕА аумағындағы өндіріске енгізу үшін берілуі тиіс. Кластерді дамытудың басым бағыттары, оның ішінде ұтқыр және мультимедиялық технологияларды қамтитын ғарыштық, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар болады.
«ИТП» кластерін басқаруды Қазақстан Республикасының Президенті басқаратын Қамқоршылық кеңес жүзеге асырады. Қорғаншылық кеңестің функцияларына Кластердің даму стратегияларын бекіту, бизнестің, кәсіпкерлік қауымдастықтардың және одақтардың өкілдерін шоғырландыру, қаржыландырылуы қор қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жоба қатысушыларын айқындау және оларды іске асыру үшін әлеуеттік инвесторларды іздеу және басқалары жатады.
Кластер шеңберінде іске асырылатын бастамаларды қолдау және оның стратегиясын іске асыру үшін дербес кластерлі қор құрылатын болады. Қор жекешелік кәсіпкерлік субъектілерінің ғылыми-зерттеу қызметі және инноваторлардың субъектілерімен тығыз және табысты ынтымақтастық қорын құруы, кластер қатысушыларының қолдау құралдарын алуына жәрдемдесуі тиіс.
Ведомствоаралық өзара іс-қимылды реттеу, бюджет-қаржы саясатын бекіту үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің төрағалығымен Қордың Басқарушы комитеті құрылатын болады.
Кластердің Қамқоршылық кеңесі, Дербес кластерлік қордың басқарушы комитеті қоғамдық бірлестіктердің, ұлттық компаниялардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, жоғары оқу орындарының, салалық ғылыми-зерттеу институттарының өкілдерінен қалыптастырылады.
Кластерді дамыту стратегиясы Алматы қаласының өңірлік мамандануын және Қазақстан Республикасының инновациялық саясатын, ақпарттық-коммуникациялық технологияларды, ғылыми-білім беру қызметі мен «болашақтың» экономикасын ескере отырып айқындалған үш бағытқа негізделген болуға тиіс.
Кластерлерді мемлекеттік қолдау шаралары
Мыналар бойынша әрбір кластерді дамытудың стратегиялары мен жол карталарын іске асыру үшін мемлекеттік қолдау шаралары пысықталатын болады:
1) кооперацияны және кластерге қатысушылардың ынтымақтастығын қолдау мен дамыту. Негізгі мақсат - қатысушылардың ықпалдастығын арттыру және оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың жолдарын айқындау. Мысалы: кластер компанияларының, зерттеу ұйымдары мен әріптестердің шикізаты мен жиынтықтауыштарын ұжымдық сатып алу үшін өнім берушілер мен ақпараттық тұғырнаманың бірыңғай базасын қалыптастыру;
2) кластердің адами ресурстарын дамыту. Негізгі мақсат - кластерге қатысушыларға қолжетімді дағдылар жиынтығы мен мамандарды дамыту. Мысалы:
барлық деңгейдегі кластерлік процестің барлық қатысушыларын (мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, КҰП, бизнес-қоғамдастықтар) оқытуды ұйымдастыру;
кластерге кіретін компаниялардың, жоғары және орта кәсіптік мекемелердің бірлесіп қатысуы арқылы кластер компаниясының басшыларына және мамандарына арналған оқыту бағдарламаларын әзірлеу;
кластер компанияларының қажеттіліктеріне сәйкес қайта даярлау, біліктілікті жоғарылату курстарын ұйымдастыру;
кластер компаниялары үшін кадрларды даярлау және қайта даярлау жөніндегі орталықтар құру;
кластер қажеттілігін ескере отырып, жаңа оқу орындарын ашу және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғырту;
ЖОО студенттері мен өзге де білім беру мекемелерінің оқушыларына арналған кластер компанияларының бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастыру;
3) кластерді кеңейту. Негізгі мақсат - кластер қатысушыларының
санын ұлғайту. Мысалы:
жобаларға арналған бизнес-инкубатор құру;
шетелдік инвесторларды тарту;
кластерге жаңа қатысушыларды тарту үшін халықаралық форумда ақпараттық-жарнамалық науқан өткізу;
4) инновациялар мен технологияларды дамыту. Негізгі мақсат - азық-түліктік, процестік инновациялар мен қызметтер көрсету саласындағы инновацияларды дамыту. Мысалы:
мамандандырылған конструкторлық бюролар құру;
жаңа өнімдер (тәжірибелік үлгілер мен партиялар) әзірлеу үшін технолгиялық алаңдар құру, кластер кәсіпорындарында жұмыс істеп тұрған технологияларды жетілдіру және үздік әлемдік технологияларды қолданыстағы кәсіпорындардың жағдайларына бейімдеу;
кластерге қатысушылардың бірлескен ҒЗТКӘ жобаларын әзірлеуді қамтамасыз ету (ҒЗИ, білім беру мекемелері мен кәсіпорындарын тарта отырып);
инновациялық, оның ішінде өнеркәсіптік зерттеулерге гранттар (нысаналы технологиялық бағдарламаларды іске асыруды қоса алғанда) беру;
өңірлік технопарктердің, салалық конструкторлық бюролардың көрсетілетін қызметтерін ұсыну;
өнертабысты патенттеу бойынша қызметтер көрсету;
компаниялар мен зерттеу ұйымдары өкілдерінің кездесулерін ұйымдастыру;
5) бизнес-ахуал және инфрақұрылым жасау. Негізгі мақсат - кластер шеңберінде бизнес жүргізу жағдайын жақсарту. Мысалы:
өңірлерде жұмыс істеп тұрған энергетикалық, телекоммуникациялық, коммуналдық және көлікті инфрақұрылымға, оның ішінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың, технопарктердің, конструкторлық бюролардың, бизнес-инкубаторлардың және кәсіпкерлікті басқа да объектілерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
жалпыға ортақ пайдаланылатын объектілерді бірлесіп салу, мысалы, ұжымдық пайдаланымдағы логистикалық жүк тиеу кешені, арнайы жабдықтар;
кластер кәсіпорындары (сынақ базасы және/немесе зертхана) шығаратын өнімдердің сапасын арттыру жөніндегі іс-шараларды, оның ішінде КО техникалық регламенттерінің талаптарын қамтамасыз ету үшін ұйымдастыру;
кластер өнімдерін сертификаттау жөнінде зертханалар құру;
ақпаратты сақтау үшін дата-орталығын салу;
инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру;
6) жалпы кластерді дамытуға арналған басқа да ерекше нақты шаралар.
Бұдан басқа, аумақтық кластерлерді іріктеу жөніндегі конкурстық рәсімдердің бірінші кезегінің жеңімпаздарына кластерді дамыту стратегиясы мен жол картасын әзірлеуге және кластерлік қауымдастықтарды құруға шығыстарды өтеу түрінде қаржылай қолдау көрсетілетін болады.
«ИТП» инновациялық кластерінде венчурлік қаржыландыруды дамыту мақсатында Дербес кластерлік қор шеңберінде жер қойнауын пайдаланушылардың жиынтық жылдық кірісінің 1 %-ын пайдалану тетігін жетілдіру мәселесін қарастыру қажет.
«НУ» кластеріне қатысушылар үшін идеяларды коммерцияландыру, зертханалық зерттеулер нысанынан патенттер мен өнімдер прототиптерінің практикалық нысанына кезең-кезеңмен трансляциялау мақсатында университет гранттар ұсынып, сыртқы қаржыландыруды тартатын болады. Кластерге қатысушыларға университет ұсынатын қолдау шараларына: кластерге қатысушылардың жобаларын қоса қаржыландыруды, лизингтік қаржыландыруды қоса алғанда, қаржыландыру, кластерге қатысушылардың жарғылық капиталына инвестицияларды жүзеге асыру, кластерге қатысушыларға гранттар беру, кластерге қатысушыларды білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету, кластерге қатысушыларға ғылыми жобаларға тапсырыстар орналастыру, кластерге қатысушыларды қажетті үй-жайлармен қамтамасыз ету, кластерге қатысушыларға «Назарбаев Университеті» ДБҰ-ның және оның ұйымдарының зертханалық жабдықтары мен кітапхана қорына қолжетімділікті ұсыну жатады.
Кластерлік процестің барлық қатысушыларына әдістемелік құжаттар дайындау және ақпараттық бюллетеньдер шығару, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары арқылы қатысушыларға консультация беру жолымен әдіснамалық және ақпараттық қолдау көрсетілетін болады. Мұндай қолдау шеңберінде кластерлік процеске қатысушыларды мамандандырылған оқыту жөніндегі орталықтар ұйымдастырылатын болады, кластерлік бастамаларды жария ету бойынша веб-сайт құрылады. Кластерлерді дамыту жөніндегі халықаралық тәжірибені, оның ішінде грант негізінде зерделеу мүмкіндігі бойынша мәселелер пысықталатын болады.
Кластерлерді дамыту жөніндегі мемлекеттік шараларды іске асыру үшін қажетті бюджет қаражаты, оның ішінде гранттық негізде немесе жекелеген бюджеттік өнімдер бойынша айқындалады және көзделеді.
Кластерлерге қатысушы компанияларға барлық кезеңдерде жалпы негіздерде әртүрлі бағдарламалар шеңберінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері үшін көзделген мемлекеттік қолдау құралдарын алу мүмкіндігі беріледі.
Кластерлерді дамыту жөніндегі негізгі қаржы агенттері «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ болады.
4. Басым және қалған салалық секторлардың кәсіпорындарын қолдау.
Мемлекеттік қолдау шаралары мынадай бағыттар бойынша кәсіпорындарды дамыту үшін кедергілерді азайтуға бағытталады.
Салалық реттеу
Өтеуге ұсынылатын соманың 50 %-ы, бірақ үш мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде өнімді және сапа менеджменті жүйесін халықаралық стандарттарға (API, ASTM, GNP, EN) сәйкес сертификаттау бойынша шығындарды өтеу жөніндегі жұмыс жалғасады.
Интернационалдандыру
Экспортты қаржылық қолдау тетіктері пысықталатын болады: экспорт алдындағы қаржыландыру және сақтандыру; қазақстандық машина жасау өнімінің шетелдік тұтынушыларына кредит беру үшін экспорттық лизингті пайдалану; сақтандыру немесе құжаттық операцияларды жабу арқылы экспорттық операцияларды саудалық қаржыландыру.
Отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің шығындары: отандық өңделген өнімдерді шетелде жарнамалауға; шетелдік көрмелерге қатысуға; шетелде өкілдікті, қойманы, сауда нүктесін ашуға, ұстауға; шетелде тауар белгілері мен өнімдерді тіркеуге байланысты рәсімдерді өткізуге жұмсалған шығындар; сондай-ақ өнімді шетелде сертификаттауға байланысты рәсімдерді өткізуге арналған шығындар өтелетін болады.
Тасымалдаушыларға экономикалық пайда құру арқылы тасымал көлеміне кепілдік беру жолымен отандық жұмыс істелген өнімді тасуға көліктік шығындарды төмендету тетіктері пысықталатын болады.
Технологиялар мен инновациялар
Өнеркәсіптік зерттеулерге инновациялық гранттар беру, оның ішінде нысаналы технологиялық бағдарламаларды гранттық қаржыландыруды пысықтау жөніндегі тетіктер пысықталады.
Мыналарға:
технологияларды сатып алуға;
технологияларды коммерцияландыру үшін;
өндірістің тиімділігін арттыруға (консалтингтік, инжинирингтік және жобалау ұйымдарын тарту; басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізу) инновациялық гранттар беру бойынша жұмыс жалғасады.
Техникалық диагностика жүргізу кезінде ШОБ пен ірі кәсіпорындарды бірлесіп қаржыландыру бойынша жұмыс жалғасатын болады, сондай-ақ еңбекті техникалық нормалау жүйесін енгізу бойынша ірі кәсіпорындар мен ШОБ шығындарын өтеу жөніндегі жұмыс жалғасын табады.
Енгізілетін жаңа (импортталатын) технологияларды бейімдеу жөніндегі шығындарды өтеу бойынша тетіктер пысықталады.
Қаржы ресурстары
Мынадай тетіктер пысықталатын болады:
инвестициялық мақсаттарға, сол сияқты басым секторларда айналым қаражатын толықтыруға және өңірлік мамандануды ескере отырып, кредиттер немесе қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау;
басым секторларда және өңірлік мамандануды ескере отырып, ЕДБ кредиттері бойынша кепілдіктер беру.
Инфрақұрылым
Салынып немесе жаңғыртылып жатқан объектілерге инфрақұрылым жеткізу мәселесі пысықталатын болады.
Адами ресурстар
Кәсіпорындардың басшылығын (топ-менеджерлерін) өнімділікті және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша оқыту жөнінде жұмыс жалғасады.
Біліктілігі жоғары шетелдік мамандарды тартуға, инженерлік-техникалық персоналдың біліктілігін шетелде арттыруға гранттар беру бойынша жұмыс жалғасын табады.
Мемлекеттік сатып алу
Мемлекеттік сатып алу бойынша ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасу тетіктері пысықталады.
Төлеудің ең ұзақ мерзімдерін нормативтік реттеу тетіктері пысықталатын болады.
Кәсіпкерлік және ШОБ
Кәсіпорынды дамытудың кешенді жоспарын әзірлеуге арналған шығындарды өтеу бойынша жұмыс жалғасады.
Ірі кәсіпорындар айналасынан сабақтас өндірістер құру мақсатында тапсырыс беруші мен өндіруші арасында келісімшарттар жасасу жұмысы жалғасатын болады.
Мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қолданыстағы Бизнестің жол картасы 2020, Өнімділік 2020, Агробизнес 2020 бағдарламаларының, сондай-ақ отандық өңделген тауарларды, көрсетілетін қызметтерді ынталандыру мен ілгерілету және шетелдік инвестицияларды тарту бойынша мемлекеттік қолдау шеңберінде жүргізіледі. Қолданыстағы құралдарды ұсыну шарттары мен тетіктерін нақтылау және жаңа құралдарды ұсыну тетіктері мен шарттарын айқындау үшін аталған Бағдарламаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу талап етіледі.
кәсіпорындар мен олардың жобаларын қолдау мынадай тәсілдерге сәйкес жүзеге асырылады;
1. Стандартты тәсіл - құралдардың стандартты пакетін ұсыну. Қолдау объектісі - өңдеуші өнеркәсіп салаларында жобаларды іске асыратын шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне Бизнестің жол картасы 2020, Өнімділік 2020, Агробизнес 2020 бағдарламаларының, сондай-ақ отандық өңделген тауарларды, көрсетілетін қызметтерді ынталандыру мен ілгерілету және шетелдік инвестицияларды тарту бойынша мемлекеттік қолдау шеңберінде стандартты қаржылық және сервистік құралдар қолданыла отырып, жүйелі негізде қолдау көрсетілетін болады.
Меншік көлеміне және нысандарына қарамастан, барлық кәсіпорындар инвесторларды сертификаттау, қолдау және тарту, экспортты ынталандыру, инновацияларды дамыту, тиімділікті арттыру, технологияларды жетілдіру, адами капиталды дамыту жөніндегі сервистік шараларға үміткер бола алады.
Қаржылай қолдау шаралары жобаның құны және басымдықтар бойынша ренжирленетін болады.
750 млн. теңгеге дейінгі жобалар үшін кредиттер немесе қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау және ЕДБ кредиттері бойынша кепілдік беру басым секторлар шеңберінде және/немесе өңірлік мамандануға сәйкес жүзеге асырылады.
Ауылдық елді мекендерде, моноқалаларда және шағын қалаларда қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлер үшін, сондай-ақ ісін жаңа бастаған жас дара кәсіпкерлер үшін сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және ЕДБ кредиттері бойынша кепілдіктер беру салалық шектеулерсіз жүзеге асырылады.
Инвестиция көлемі 4,5 млрд. теңгеге дейінгі жобалар үшін қосымша критерийлер қолданылады: (а) басым 14 секторда және/немесе тиісті өңірлік мамандануға сәйкес қызмет; (б) өндірілетін өнімнің жалпыға бірдей танылған халықаралық стандарттарға сәйкестігі; (в) еңбек өнімділігі, энергия тиімділігі; (г) шикізаттық емес тауарларды өткізу үшін нарықтарды кеңейту; (д) түпкілікті өнім шығару кезінде ҚҚТ дамытатын өндірістер.
Жобалардың осы санаты үшін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және ЕДБ кредиттері бойынша кепілдіктер беру айрықша шарттар бойынша жүзеге асырылатын болады.
2. Жеке тәсіл стандартты тәсіл шегінен тыс республикалық деңгейде үйлестіру мен қолдауды және қосымша мемлекеттік қолдау шараларын талап ететін өңдеуші өнеркәсіптің басым секторларында ауқымды жобаларды іске асыратын ірі кәсіпорындар үшін қолданылады. бұл жобалар Индустрияландыру картасының негізін құрауға тиіс. Бұл тәсілді пайдалану жөніндегі шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.
Критерийлері: (а) басым 14 сектордағы қызмет; (б) инвестициялар көлемі 4,5 млрд. теңгеден басталады; (в) өндірілетін өнімнің жалпыға бірдей танылған халықаралық стандарттарға сәйкестігі; (г) еңбек өнімділігі, энергия тиімділігі; (д) шикізаттық емес тауарларды өткізу үшін нарықтарды кеңейту; (е) түпкілікті өнім шығару кезінде ҚҚТ дамытатын өндірістер; (ж) Бағдарламаның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге үлес қосу.
Индустрияландыру картасы жеке тәсілді іске асыру құралы болмақ.
Алдағы кезеңге арналған Қазақстанды индустрияландыру картасы - бұл негізінен, жаңа индустрияларды қалыптастыратын, кластерлерді дамытатын, мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылатын басым 14 сектордағы инвестициялық ірі жобалар тізбесі.
Индустрияландыру картасы жобаларының күрделілігі мен ауқымдылығы мемлекеттік қолдау шараларын келісімдер жасасу арқылы жеке тәртіппен ұсынуда талап етеді.
Индустрияландыру картасына жобаларды іріктеу процесі интеграциялы болып табылады. Индустрияландыру картасына енгізілген жобалар тізбесін өтінімдердің түсуіне және олардың тиісінше қаралуына қарай жылына кемінде бір рет жаңа жобалармен толықтыруға болады.
Индустрияландыру картасына жобаларды іріктеу критерийлеріне мыналар жатады:
1) салалық басымдықтар - Индустрияландыру картасының жобалары басым 14 сектор тізбесіне сәйкес Бағдарламаның салалық басымдықтарына сәйкес келуге тиіс;
2) жобаның ауқымы - Индустрияландыру картасына инвестициялардың жалпы көлемі 4,5 млрд. теңгеден астам республикалық деңгейде үйлестіру мен қолдауды талап ететін ауқымды жобалар ғана енгізіледі;
3) Бағдарламаның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге үлесі - жобаны іске асыру Бағдарламаның нысаналы индикаторларына қол жеткізу арқылы Бағдарлама нәтижелеріне тікелей әсер етуге тиіс;
4) мемлекеттік қолдау шараларына қажеттілік.
Индустрияландыру картасына жобаларды іріктеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын болады.
Жобаларды Индустрияландыру картасына енгізу жөнінде, сондай-ақ өтініш берушімен келісім жобасын жасау жөнінде шешімді өнеркәсіптік даму жөніндегі комиссия қабылдайды. Өнеркәсіптік даму жөніндегі комиссия жобаның өтініш берушісімен бірлесіп келісім жобасын әзірлеу үшін жобаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органды айқындайды.
Өнеркәсіптік даму жөніндегі комиссияның шешімі бойынша Индустрияландыру картасына басым болып табылмайтын, бұл ретте Индустрияландыру картасының өзге критерийлеріне сәйкес келетін, өңдеуші өнеркәсіп салаларында іске асырылатын жобалар енгізілуі мүмкін. Олар бойынша мемлекеттік қолдау шаралары басым болып табылмайтын өңдеуші өнеркәсіп секторларындағы жобаларды қолдауға Бағдарлама бойынша бөлінетін 20 % қаржы ресурстарын бөлу шеңберінде көрсетіледі.
Жобалар Индустрияландыру картасына Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен енгізіледі, онда Үкімет оны іске асыруға жауапты мемлекеттік органға жобаның өтініш берушісімен келісімге қол қоюға уәкілеттік береді.
Келісімде жобаны іске асыру бойынша өтініш берушінің және мемлекеттік органның жауапкершілігі көзделетін болады.
Индустрияландыру картасы жобаларының мониторингі Индустрияны дамыту саласындағы ұлттық даму институтының базасында Бағдарламаны басқару кеңсесінің шеңберінде жүргізілетін болады.
Бұдан басқа, Индустрияландыру картасының жобаларына Индустрияны дамыту саласындағы ұлттық даму институты қолдау көрсетеді:
1) жобаларды іске асыру барысында әкімшілік кедергілерді жою бойынша ұсынымдарды анықтау және ұсыну;
2) жобаларды іске асырудағы проблемаларды анықтау және осы проблемаларды ведомствоаралық үйлестіру тетіктері арқылы шешу;
3) жобаларды жоспарлау және іске асыру кезінде салалық сарапшылардың көмек көрсетуі.
2015 жыл бойы Индустрияландыру картасын жаңа тәсілдерге көшіру жөніндегі іс-шаралар өткізілетін болады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 303 қаулысымен бекітілген 2010 - 2014 жылдарға арналған республикалық индустрияландыру картасына енгізілген, пайдалануға беру мерзімі 2015 жылдан басталатын жобалар, басым болып табылмайтын секторларда іске асырылатын жобаларды қоспағанда, алдағы жылдарға арналған индустрияландыру картасының шеңберінде іске асырылады.
Алдағы жылдарға арналған Индустрияландыру картасына 2010 - 2014 жылдарға арналған өңірлік индустрияландыру карталарына енгізілген, пайдалануға беру мерзімі 2015 жылдан басталатын және алдағы жылдарға арналған Индустрияландыру картасының критерийлеріне сәйкес келетін жобалар да енгізіледі.
2010 - 2014 жылдарға арналған өңірлік индустрияландыру карталарына енгізілген, пайдалануға беру мерзімі 2015 жылдан басталатын, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларын талап ететін қалған жобалар өңірлердің Кәсіпкерлікті қолдау карталарының негізін құрайды, олар бойынша іріктеуді және мониторингтеуді жергілікті уәкілетті органдармен бірлесіп өңірлік кәсіпкерлер палаталары жүзеге асырады.
Өңірлердің кәсіпкерлігін қолдау карталарына өңдеуші өнеркәсіпте іске асырылатын жобалар енгізіледі. Бұл ретте басымдылық Бағдарлама бойынша бөлінетін, нысаналы бюджеттік қаржы ресурстарының 80 %-ы бағытталатын 14 басым сектордағы жобаларға берілетін болады. Қалған 20 %-ы өндіруші өнеркәсіптің басқа секторларының сәтті жобалары мен кәсіпорындарын қолдауға беріледі.
Карта жобалары бойынша жалпы үйлестіру және жауаптылық ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және жергілікті уәкілетті органдармен бірге өңірлік даму саласындағы уәкілетті органға бекітіледі. Жергілікті уәкілетті орган тоқсан сайынғы негізде өңірлік даму саласындағы уәкілетті органға Кәсіпкерлікті қолдау картасының жобалары туралы ақпарат береді, оның көшірмесі салалық мемлекеттік органға да жіберіледі.
5. Бағдарламаны іске асыру тетігі, оны басқару және мониторингтеу
Бағдарламаны іске асыру тетігі
Бағдарламаны іске асырудың тиімділігін арттыру үшін күтілетін нәтижелер бойынша өзара келісілген бірқатар бағдарламалық және өзге де құжаттарды дәйекті түрде қабылдау қажет:
1) Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған нақты іс-қимылдар егжей-тегжейлі көрсетілген, мерзімдері, орындаушылары, аяқтау нысандары, оны іске асыруға жұмсалатын нақты шығындар анықталған Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары);
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен бекітілетін Республиканың орталық атқарушы органдарының стратегиялық жоспарлары;
3) өңірлердің мәслихаттары мен әкімдіктерінің тиісті шешімдерімен бекітілетін аумақтарды дамыту бағдарламалары және оларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарлары;
4) Бағдарламаны іске асыруға қатысатын ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың, мемлекет бақылайтын өзге де акционерлік қоғамдар мен серіктестіктердің стратегиялары мен даму жоспарлары;
5) саясатты іске асыруға қатысатын ұлттық даму институттарының, мемлекет бақылайтын өзге де акционерлік қоғамдар мен серіктестіктердің стратегиялары мен даму жоспарлары.
Аталған құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тиісті кезеңнің өзекті болмысын есепке ала отырып, қажеттіліктің туындау шамасына қарай жүргізіледі.
Жоғарыда көрсетілген құжаттарды әзірлеу мен қабылдаудың мұндай тәртібі Бағдарламаны сатылай және деңгейлес дәрежеде іске асырудың тиімділігі мен ашықтығын арттырып, іс-шараларды іске асырудың дәйектілігі мен үндестігін қамтамасыз етеді.
Бағдарламаны дамыту үшін әзірленетін арнайы салалық бағдарламалардың болмауы қағидатты болып табылады. Бағдарлама мен жоғарыда аталған нормативтік құқықтық актілер мен межеленген іс-шаралар жөніндегі өзге де құжаттарды әзірлеу және оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде олардың арасындағы нақты өзара байланыстарды сақтау маңызды болып табылады.
Бағдарламаның іске асырылуын басқару
Бағдарламаның іске асырылуын басқару үшін оны іске асыруға, мониторингтеу мен қаржыландыруға негізгі қатысушылар арасындағы жауаптылық пен институционалдық тетіктерді нақты бөлу бекітілді.
Қазақстан Республикасының Үкіметінен басқа, орталық және жергілікті басқару органдары, ұлттық холдингтер мен даму институттары, ұлттық кәсіпкерлер палатасы Бағдарламаны іске асыру үшін, оның ішінде ұлттық және аумақтық кластерлерді дамыту мәселелері бойынша стратегиялық құжаттарды талқылауға және әзірлеуге белсенді түрде қатысатын болады.
Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту саласында ұсыныстар әзірлеу мақсатында құрылған Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту жөніндегі комиссияға маңызды рөл беріліп отыр.
Өнеркәсіп салаларын дамыту жөніндегі жұмысты үйлестіру, индустрияны дамыту саласында ұлттық даму институтының базасында даму институттары арқылы қолдау жүйесін реттеу үшін индустриялық саясат саласында белгіленген тәртіппен құзыреттер орталығын қалыптастыру көзделіп отыр, оның қызметінің негізгі бағыттары: елді индустриялық дамытуды ақпараттық-талдамалық қолдау; Бағдарламаның іске асырылуын мониторингтеу; өнімділікті жоғарылату бағдарламаларын дамыту; өнім берушілер жүйесін дамыту және жаһандық салалық тізбектерге ықпалдасу; кластерлерді қолдау бойынша мемлекеттік саясатты үйлестіру; әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі жол карталарын әзірлеу; Индустрияландыру картасын сүйемелдеу; жедел қызметтерді қолдау және Комиссияны талдамалық қамтамасыз ету; Бағдарламаны басқару кеңсесін құру және дамыту.
Бағдарламаның іске асырылуын мониторингтеу
Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы жедел (жыл сайынғы) деректерді, сондай-ақ оны іске асыруға жұмылдырылған министрліктер мен даму институттарының іс-шаралар жоспарларын тиімді үйлестіру, мониторингтеу және олардың қолжетімділігі мен сапасын арттыру үшін оның іске асырылуын мониторингтеу және бағалау жүйесі жетілдірілетін болады.
Қол жеткізілген нәтижелерге байланысты фактілерге негізделген бағалау және орындаушыларды қаржыландыру Бағдарламаның іске асырылуын мониторингтеу жүйесіндегі түйінді тетікке айналуға тиіс. Бұл тәсілді енгізу Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесін одан әрі жетілдіруді талап етеді, ол бірінші кезекте, талдау мен бағалаудың - бағдарламалар мен жобаларды алдын ала бағалау, жұмсалатын мемлекеттік ресурстарға қатысты оларды іске асырудың нәтижелілігін бағалау сияқты жаңа түрлерінен көрінуге тиіс.
Оның іске асырылуын бағалау тиімді ведомствоаралық үйлестіру үшін бағдарламаларды басқару саласындағы үздік әлемдік практикаларға сәйкес Индустрия саласындағы ұлттық даму институтының базасында Бағдарламаны басқару кеңсесін құру жоспарланып отыр. Ол нысаналы көрсеткіштердің орындалуын, жекелеген іс-шараларды іске асыру дәрежесін бағалауды жүзеге асыратын болады. Бағдарламаның іске асырылуын мониторингтеу ауытқуларды анықтап, оларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұсынуға мүмкіндік береді, оның негізінде Бағдарламаны түзету жүзеге асырылады.
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет