Мемлекеттік басқаруда және мемлекеттік қызмет атқаруда жауаптылық ерекшеліктері



Дата16.10.2022
өлшемі15.47 Kb.
#462825
7апта сроп


Alikhan Bokeikhan University

Мемлекеттік басқаруда және мемлекеттік қызмет атқаруда жауаптылық ерекшеліктері

Эссе


Орындаған: Жанболатұлы Эльдар
Топ: ЮР-101

Мемлекеттік қызметкер - мемлекеттік органда белгіленген тәртіппен ақы төленетін қызметті иеленген және мемлекеттің міндеттері мен қызметін іске асыру мақсатында қызметтік өкілеттігін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы.


Мемлекеттік қызметшілердің жауаптылығы – мемлекеттік қызметшінің құқық бұзушылық жасаған үшін жекелік, мүліктік және ұйымдық сипаты бар белгілі бір қиындық кешу міндеті.
Мемлекеттік қызметшілер жауаптылығының түрлері және оның пайда болуының нақты негіздері:

    1. Тәртіптік – тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін;

    2. Әкімшілік – әкімшілік-құқық бұзушылық жасағаны үшін;

    3. Қылмыстық – қылмыс жасағаны үшін;

    4. Материалдық – мүліктік зиян келтіргені үшін.

Қызметшінің тәртіптік теріс – қызметшілердің өздеріне жүктелген міндеттерді құқыққа қайшы атқармау кінәсі немесе тиісінше атқармауы, лауазымдық өкілеттігінің шегінен шығуы, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзуы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексiн бұзуы, тәртіптік ретпен жазаланатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауы, сол сияқты Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңында белгіленген мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтамауы болып табылады.
Тәртіптік жаза тәртіптік жауапкершілікке тартылатын қызметшіні қызметке тағайындау және қызметтен босату құқығы бар лауазымды тұлға қолдануы мүмкін тәртіптік жауапкершілік шарасы.
Орталық атқарушы органда, еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметшілерді қоспағанда, орталық атқарушы орган қызметшілерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін орталық атқарушы орган басшысының келісімі бойынша, орталық атқарушы органның жауапты хатшысы немесе белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға, ал орталық атқарушы органның жауапты хатшысы немесе көрсетілген лауазымды тұлға болмаған жағдайда – орталық атқарушы органның басшысы шешеді.
Жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орталық атқарушы орган қызметшілерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар шешеді.
Мемлекеттік органның тәртіптік комиссиясы – теріс қылықтың жасалу мән-жайын жан-жақты, толық әрі әділ бағалау және жаза шарасы жөнінде теріс қылыққа қатысты фактілерді қызметтік тексеру және зерттеу материалдарын қарау үшін мемлекеттік органда құрылатын тұрақты алқалы орган.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет