Жоба тақырыптары Тапсырманы орындау



Дата04.12.2023
өлшемі17.49 Kb.
#485412
YZSEUEGMEZVE02122023221113


БӨЖ ТАҚЫРЫПТАРЫ




Жоба тақырыптары



Тапсырманы орындау
формасы



Тапсырманы қабылдау мерзімі

Тапсырманы қабылдау орны
(каб №, уақыты)

1

Сөйлемнің зерттелу аспектілері: конструктивті, коммуникативтік, семантикалық

Библиография түзу

Дүйсенбі

252-аудитория,
15:00-16:00

2

Предикативтілік: тема, рема

Көркем шығарма мәтіні негізінде мысал теріп, синтаксистік талдау жасау

Дүйсенбі

252-аудитория,
15:00-16:00

3

Сөйлем мүшелеріндегі синкретизм

Көркем шығарма мәтіні негізінде мысал теріп, синтаксистік талдау жасау

Дүйсенбі

252-аудитория,
15:00-16:00



Жоба тапсыруға арналған критерийлер:
1 тақырып бойынша дайындық жұмыстарын жүргізуге жұмсалады: материал жинау, фактілерді талдау, қорыту, тақырыптарын анықтау;
2 сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлеріне талдау жұмыстары;
3 жай сөйлем синтаксисіне қатысты материалдарды талқылау, талдау.
4 ӨЗін өзі тексеру тапсырмаларына жауап беру:
1. Жақты сөйлемнің сипаттамасы. Белгісіз жақты және жалпылама жақты сөйлемдер. Белгісіз жақты сөйлем баяндауыштарының жасалу ерешеліктерін көрсетіңіз.
2. Жалаң, жайылма сөйлемдер. Олардың белгілері, арақатынасын тұжырымдап, мысалдар арқылы көрсетіңіз.
3. Толымды, толымсыз сөйлемдер. Толымды, толымсыз сөйлемдердің ара қатынасы, ерекшеліктерін мысалдармен көрсетіңіз.
4. Сөйлемдердің айтылу мақсатына сай түрлері: хабарлы сөйлем, оның грамматикалық сипатын мысалдар арқылы көрсетіңіз.
5. Сұраулы сөйлемдердің грамматикалық сипаты, сұраулы сөйлем жасаудағы интонацияның ролі. Сұраулы сөйлемдердің қызметіне сай түрлерін мысалдар арқылы көрсетіңіз.
6.Сұраулы сөйлемдердің мағынасына сай түрлері: ашық сұрақты, альтернативті сұрақты, риторикалық сұрақты, түрткі сұрақты білдіретін сөйлемдерді мысалдар арқылы көрсетіңіз.
7. Бұйрықты сөйлемдер, олардың құрылу ерекшеліктерін мысалдар арқылы көрсетіңіз.
8. Лепті сөйлемдер, олардың құрылу ерекшеліктері. Бұйрықты сөйлемдерден айырмашылығы, жасалу жолдарын мысалдар арқылы көрсетіңіз.
9. Бұйрықты сөйлемдер, олардың құрылу ерекшеліктерін мысалдар арқылы көрсетіңіз.
10. Лепті сөйлемдер, олардың құрылу ерекшеліктері, бұйрықты сөйлемдерден айырмашылығы, жасалу жолын мысалдар арқылы көрсетіңіз.
11. Реплика ретінде айтылатын (түйдек қалыпты) лепті сөйлемдер, мысалдар арқылы көрсетіңіз.
12. Қазақ тілінің синтаксисіндегі үндеу амалдары, орны, жұмсалуын мысалдар арқылы көрсетіңіз.
13. Қаратпа, қыстырма. Бөгде сөз. Оның сөйлем құрылысына қатысу тәсілдері. Бөгде сөздің түрлерін мысалдар арқылы көрсетіңіз.
14. Қазақ тілінің синтаксисіндегі үстеме тәсілдер, олардың негізгі грамматикалық жүйеге қатысы. Қазақ тілінің синтаксисіндегі үстеме тәсілдер мен шегеру амалы (диафрагмалау), оның жұмсалуын мысалдармен түсіндіріңіз.
15. Қазақ тілі синтаксисінің лингво мәдени аспектілері, сөйлемдердің құрылымы мен семантикасындағы ұлттық таным. Қазақ тілінің синтаксисінде ұлттық танымдардың көрінуі: сөз тіркесі жүйесінде кейбір мекендік грамматикалық мағыналардың синкретті түрде білдірілуі, үндеу қызметтерінің семантикалық жүйесі, екі негізді сөйлем семантикасы мен бір негізді сөйлемдердің функционалдық-семантикалық байланысы, эмоциялық-экспрессивтік мағыналарды білдіруде табиғат көріністеріне еліктеу, актуализация амалдарын т.б. мысалдар арқылы көрсетіңіз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет