Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат не көрсетілетін қызметті алушыдан сенімхаттың және сенім білдірілген адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелері – жеке тұлға үшін;
заңды тұлға өкілінің өкілеттігін куәландыратын құжат және көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат – заңды тұлға үшін;
жерге орналастыру жобасы;
жер учаскесіне жеке меншік құқығы немесе жер пайдалану құқығы сұратылған кезде тиісті жергілікті атқарушы органдар құратын комиссияның жер учаскесін беру туралы оң қорытындысының көшірмесі;
мұнай және газды магистральды мұнай құбырларымен тасымалдауға, одан кейiн сақтауға және көлiктiң басқа түрлеріне тиеуге байланысты мұнай-газ көлігі инфрақұрылымының объектiлерiн салу үшiн жер учаскесі сұралған жағдайда, Қазақстан Республикасының мұнай-газ тасымалдау көлігі инфрақұрылымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органымен келiсу (тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған жағдайда талап етілмейді);
жер учаскелерiн беру жоғары тұрған атқарушы органның құзыретiне кiретiн жағдайларда, төменгі тұрған жергiлiктi атқарушы органның сұралып отырған жер учаскесіне тиісті құқықты беру мүмкіндігі туралы шешімі (қажеттілігіне қарай).
Құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға күні мен уақытын, құжаттарды қабылдаған адамның тегін және аты-жөнін, көрсетілетін қызмет нәтижесін алатын мерзімі мен орнын көрсете отырып, талон беріледі.
2) ХҚО-да:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі);
көрсетілетін қызметті алушыдан нотариалды расталған сенімхат;
жерге орналастыру жобасы;
жер учаскесіне жеке меншік құқығы немесе жер пайдалану құқығы сұратылған кезде тиісті жергілікті атқарушы органдар құратын комиссияның жер учаскесін беру туралы оң қорытындысының көшірмесі;
мұнай және газды магистральды мұнай құбырларымен тасымалдауға, одан кейiн сақтауға және көлiктiң басқа түрлеріне тиеуге байланысты мұнай-газ көлігі инфрақұрылымының объектiлерiн салу үшiн жер учаскесі сұралған жағдайда, Қазақстан Республикасының мұнай-газ тасымалдау көлігі инфрақұрылымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органымен келiсу;
жер учаскелерiн беру жоғары тұрған атқарушы органның құзыретiне кiретiн жағдайларда, төменгі тұрған жергiлiктi атқарушы органның сұралып отырған жер учаскесіне тиісті құқықты беру мүмкіндігі туралы шешімі.
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспорты туралы мәліметтерді, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаларды көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) ХҚО-ның қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден уәкілетті адамның ЭЦҚ-сымен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттар нысанында алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ХҚО қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін алады.
Құжаттарды көрсетілетін қызметті беруші немесе ХҚО арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға мыналар көрсетіле отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы талон беріледі:
1) сұрау салудың нөмірі және қабылданған күні;
2) сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
4) құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;
5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған ХҚО қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
6) көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары.
3) порталда:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған өтініш;
жерге орналастыру жобасы – құжаттың электрондық көшірмесі түрінде;
жер учаскесіне жеке меншік құқығы немесе жер пайдалану құқығы сұратылған кезде тиісті жергілікті атқарушы органдар құратын комиссияның жер учаскесін беру туралы оң қорытындысының көшірмесі – құжаттың электрондық көшірмесі түрінде;
мұнай және газды магистральды мұнай құбырларымен тасымалдауға, одан кейiн сақтауға және көлiктiң басқа түрлеріне тиеуге байланысты мұнай-газ көлігі инфрақұрылымының объектiлерiн салу үшiн жер учаскесі сұралған жағдайда, Қазақстан Республикасының мұнай-газ тасымалдау көлігі инфрақұрылымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органымен келiсу – құжаттың электрондық көшірмесі түрінде.
жер учаскелерiн беру жоғары тұрған атқарушы органның құзыретiне кiретiн жағдайларда, төменгі тұрған жергiлiктi атқарушы органның сұралып отырған жер учаскесіне тиісті құқықты беру мүмкіндігі туралы шешімі.
|