Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер



Дата17.07.2016
өлшемі232.81 Kb.
#205278


Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2015 жылғы «27» сәуірдегі

№ 284 бұйрығына

3-қосымша

«Салық төлеушілерді тіркеу»

 мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



1. Жалпы ережелер

 

1. «Салық төлеушілерді тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).



2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарындағы Министрлігімен мемлекеттік кірістер Комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші мәліметі:


  1. қызмет беруші ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтары;

  2. «электрондық үкімет» веб-порталын www.egov.kz (бұдан әрі – портал) пайдалану арқылы жүзеге асырылады.



2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) салық төлеуші туралы мәліметтерді салық төлеушілердің мемлекеттік деректер қорына (бұдан әрі – СТМДҚ) енгізу – сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің мәліметтерін алған күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

СТМДҚ-на салық төлеушінің тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу – сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің, уәкілетті мемлекеттік органдардың, банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың мәліметтерін, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті алған күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

салық төлеушіні мемлекеттік деректер қорына салық төлеуші ретінде өзгерістер енгізу (бұдан әрі СТМДҚ) – тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш (бұдан әрі – салықтық өтініш) ұлттық сәйкестіндірме реестрінің нөмірі мемлекетті уәкілетті органдар, банк және ұйымдар, жеке банктік түрлерін жүзеге асыру үшін берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде;

салық органының әділет органдарына резидент еместі тіркеу есебінен шығару туралы электрондық хабарлама жіберуі – уәкілетті мемлекеттік органдардан мәліметтерді, банктің хабарламасын, тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтінішті алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде;

2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20(жиырма) минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

1) көрсетілетін қызметті алушының тіркеу деректерін СТМДҚ-ға енгізу, өзгерту және (немесе) толықтыру;

2) уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тіркеу куәлігін беру
(СТМДҚ-на резидент емес, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам, Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік ашпай тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар, сақтандыру ұйымы (сақтандыру брокері) немесе тәуелді агент, дипломатиялық және соларға теңестірілген өкілдігі туралы мәліметтерді енгізу кезінде);


3) СТМДҚ-нан салық төлеуші туралы мәліметтерді алып тастау.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін (тіркеу куәлігін) беру нысаны: қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушы).

8. Жұмыс уақыты:

1) Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзілісті ескере отырып сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзілісті ескере отырып сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.

Қабылдау электронды кезекпен жүргізіледі, қызмет алушының жергілікті тіркелген жерінен, жеделдету қызмет көрсетусіз, портал арқылы электронды сақтап қою мүмкіндігі жүзеге асырылады.

2) портал – тәулік бойы жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда. (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, жұмыс күні аяқталғанда, жылжымалы жұмыс кестесіне сәйкес келесі күнмен қабылданады).

9. Құжаттар тізбесі, көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде нотариалдық сенімхатпен расталған:

Қызмет көрсетуші:

1) СТМДҚ-на көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер енгізу, СТМДҚ-да көрсетілетін қызметті алушының тіркеу деректеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу, СТМДҚ-нан көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтерді алып тастау үшін – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес салықтық өтініш;

2) СТМДҚ-на резидент емес көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер енгізу үшін – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес құжаттар тізбесі;

3) СТМДҚ-да көрсетілетін қызметті алушының басшысы туралы тіркеу деректеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін – заңды тұлғаның қатысушыларының (акционерлерінің) жалпы жиналысының немесе бір қатысушыдан (акционерінен) тұратын заңды тұлғаның бір қатысушысы (акционері) шешімінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

4) СТМДҚ-да көрсетілетін қызметті алушының басшысы туралы тіркеу деректеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін – заңды тұлғаның уәкілетті органының заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің басшысын тағайындау туралы шешімінің немесе оның өкілеттігін растайтын басқа құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

5) заңды тұлғаның таратылуына, қайта ұйымдастырылуына, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі қызметінің тоқтатылуына байланысты СТМДҚ-нан көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтерді алып тастау үшін – тарату салық есептілігі;

6) қосылған құн салығын төлеуші заңды тұлғаның таратылуына, қайта ұйымдастырылуына, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі қызметінің тоқтатылуына байланысты СТМДҚ-нан көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтерді алып тастау үшін – қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылғаны туралы куәлік немесе ол жоғалған немесе бүлінген кезде қағаз жеткізгіштегі түсініктеме;

7) құжаттық тексеру аяқталғаннан кейін және бюджет алдындағы берешегі өтелгеннен кейін заңды тұлғаның таратылуына, қайта ұйымдастырылуына, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі қызметінің тоқтатылуына байланысты СТМДҚ-нан көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтерді алып тастау үшін – тарату теңгерімі;

8) құжаттық тексеру аяқталғаннан кейін бөліну жолымен заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуына байланысты СТМДҚ-нан көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтерді алып тастау үшін – бөліну теңгерімі;

9) заңды тұлғаның таратылуына, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі қызметінің тоқтатылуына байланысты СТМДҚ-нан көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтердің шешімінің көшірмесі;

10) резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі қызметінің тоқтатылуына байланысты СТМДҚ-нан көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтерді алып тастау үшін – құрылымдық бөлімшенің қызметін тоқтатқаны туралы резидент заңды тұлға шешімінің көшірмесі;

11) резидент заңды тұлғаның оңайлатылған тәртіпте таралуына байланысты СТМДҚ-нан көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтерді алып тастау үшін – бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы салықтық өтініш.

12) құрылымдық бөлімшесі қызметінің тоқтатылуына байланысты дербес салық төлеуші, төлем ақы, міндетті зейнетақы төлемдері, әлеуметтік төлемдері мойындалса тарату салық есептері ұсынылмайды.

Қызмет алушы порталға жүгінген кезде:

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1 қосымшасына сәйкес, салық өтініші электронды құжат түрінде бюджетпен есеп айырысу бойынша жауапты қызметкердің телефон нөмірі, қызмет алушының электронды почтасы туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізу.

Құжаттар мәліметтері, жеке куәлік, тіркеу (қайта тіркеу) заңды тұлға ретінде, жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді тізілімінен портал арқылы электрондық хабарлама түрінде алады.

Қызмет берушіге жүгінген кезде қызмет алушы құжат тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы белгімен талон беріледі, сонымен қатар талон ішінде күні және сағаты жазылады.

Почта арқылы жүгінген кезде қызмет көрсетуші почта хабарламасында белгілеу қояды.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

 

10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдар жазбаша түрде:



1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Министрлік басшысының не оны алмастыратын адамның атына;

2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

Шағымда:


  1. Жеке тұлға – аты, жөні, тегі, почта мекен-жайы, байланыс телефондары;

  2. Заңды тұлға - атауы, почта мекен-жайы, шығыс нөмірі және күні.

Қызмет алушы жүгінген кезде міндетті түрде колы болуы тиіс.

Қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Портал арқылы шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық

нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің көрсетілетін қызметті берушінің www.kgd.gov.kz, www.minfin.gov.kz, интернет-ресурсында орналастырылған.

13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алуға мүмкіндігі бар.

14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.

15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.


«Салық төлеушілерді тіркеу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша














«Салық төлеушілерді тіркеу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

2-қосымша





«Салық төлеушілерді тіркеу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

3-қосымша





«Салық төлеушілерді тіркеу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша




«Салық төлеушілерді тіркеу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет

стандартына



5-қосымша
Кесте. Салық төлеушілердің мемлекеттік деректер қорына көрсетілетін қызметті алушылар (резидент еместер) туралы мәліметтер енгізу үшін қажетті құжаттар
Көрсетілетін қызметті алушылар (резидент емес жеке тұлғалар) үшін:



Көрсетілетін қызметті алушылар санаттары

Құжаттар тізбесі

Өтінішті тапсыру мерзімі

Құжаттар тапсырылатын салық органы




Нотариалды куәландырылған көшірмелері

Жеке басын куәландыратын құжат

Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыс сомасын растайтын құжат (болған жағдайда)

Азаматтық (инкорпорация) еліндегі салықтық тіркеуін растайтын құжат

Резидент еместің атынан Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асыруға өкілеттіктер беруге арналған шарт

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Қазақстан Республикасында жылжымайтын мүлік сатып алатын, табыс салығын төлем көзінен есептеу, ұстау және бюджетке аудару жөніндегі міндет пен жауапкершілік жүктелетін табысты төлейтін салық агенті болып табылатын резидент емес жеке тұлға











Мүлікті сатып алғанға дейін

Жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша

2

Қызметі тұрақты мекеме ретінде қарастырылатын тәуелді агент










Қызметін жүзеге асыра бастаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде

Тәуелді агенттің орналасқан (тұратын) жері бойынша

1

2

3

4

5

6

7

8

3

Қазақстан Республикасындағы көздерден төлем көзінен салық салуға жатпайтын табыс алатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар










Қызметін жүзеге асыра бастаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде

Болатын (тұратын) жері бойынша

4

Резидент банктерде шоттар ашатын жеке тұлғалар











Банкте шот ашқанға дейін

Резидент банктің орналасқан жері бойынша

5

Қазақстан Республикасында мүлік, көлік құралдары салығын немесе жер салығын салу объектісі болып табылатын мүлікті сатып алатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар














Осындай мүліктің орналасқан орны бойынша

көрсетілетін қызметті алушылар (резидент емес заңды тұлғалар) үшін:





Көрсетілетін қызметті алушылар санаттары

Көшірмелерін табыс ету қажет құжаттардың тізбесі

(*белгісі құжаттардың көшірмелерін нотариуста куәландыру қажет дегенді білдіреді, ** белгісі құжат тек өкілдіктер қызметкерлерін тіркеген кезде табыс етіледі дегенді білдіреді)



Өтінішті тапсыру мерзімі

Құжаттар тапсырылатын салық органы

Құрылтай құжаттары*

Инкорпорация еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжат*

Инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркелуін растайтын құжат *

директорлар кеңесі немесе осыған ұқсас басқару органы жиналысының хаттамасы*

Резидент еместің атынан кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыруға, келісімшарттарға қол қоюға немесе өзге де мақсаттарға уәкілеттік беруге арналған шарт*

Бірлескен қызмет туралы шарт*

Қазақстан Республикасында аккредиттелгенін растайтын құжат**

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1

Филиал, өкілдік ашпай тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға
















Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыра бастаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде

Тұрақты мекеменің орналасқан жері бойынша

2

Тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында орналасқан шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға


















Тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасы деп тану туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде

Орналасқан жері бойынша

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

3


Қазақстан Республикасында жылжымайтын мүлік сатып алатын, табыс салығын төлем көзінен есептеу, ұстау және бюджетке аудару жөніндегі міндет пен жауапкершілік жүктелетін табысты төлейтін салық агенті болып табылатын резидент емес немесе Қазақстан Республикасындағы мүлікті және Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалануға байланысты акцияларды, қатысу үлестерін өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстардан салықты есептеу, ұстау және аударуды дербес жүргізетін

резидент емес





















Мүлікті сатып алғанға (өткізгенге) дейін


Мүліктің орналасқан жері бойынша


4

Қызметі тұрақты мекеме ретінде қарастырылатын сақтандыру ұйымы (сақтандыру брокері), тәуелді агент


























Қызметін жүзеге асыра бастаған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде


Орналасқан

жері бойынша


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

5

Қызметі тұрақты мекеме құруға әкелетін резидентпен жасасқан бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы резидент емес



























қызметін жүзеге асыра басталған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде

бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы резиденттің орналасқан (тұрғылықты, келген) орны бойынша

6

Резидент банктерде шоттар ашатын заңды тұлғалар






















Банкте шоттар ашқанға дейін

Резидент банктің орналасқан жері бойынша

7

Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің дипломатиялық және соларға теңестірілген өкілдігі, шет мемлекеттің консулдық мекемесі





























Қызметін жүзеге асыру басталғанға дейін

дипломатиялық және соларға теңестірілген өкілдіктің орналасқан жері бойынша

8

Резидент шығарған акцияларды және жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлғаның жарғылық капиталына немесе қатысушысы (қатысушылары) жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) болып табылатын консорциумның



















Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласындағы құзыреті шегінде мемлекеттік реттеуді жүзеге

жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11





жарғылық капиталына қатысу үлестерін; резидент заңды тұлға шығарған акцияларды және резидент заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталына қатысу үлестерін; резидент емес заңды тұлға шығарған акцияларды және резидент емес заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталына қатысу үлестерін сатып алатын (өткізетін) табыс салығын төлем көзінен есептеу, ұстау және бюджетке аудару жөніндегі міндет пен жауапкершілік жүктелген салық агенті болып табылатын немесе салық агенті болып табылмайтын тұлғадан құн өсімі түрінде табыс алатын резидент емес осындай табыс сомасына белгіленген мөлшерлемені қолдану жолымен табыс салығын есептеуді дербес жүргізетін резидент емес























асыратын уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері негізінде




1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

9

Мынадай шарттар орындалмаған жағдайда бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін сатып алатын резидент емес:

акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу күніне салық төлеушінің осы акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі;

эмитент заңды тұлғаның немесе қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлғаның немесе қатысу үлесін консорциумда өткізетін осындай консорциумға қатысушының жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы; эмитент-заңды тұлға немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлға активтері құнының немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін консорциумға қатысушылар активтері жалпы құнының 50 пайыздан азын осындай өткізу күніне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның)



















Мүлік сатып алғанға (өткізгенге) дейін

Эмитент заңды тұлғаның немесе резидент заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша

1

2

3


4

5

6

7

8

9

10

11




мүлкі құрау талаптары орындалған кезде қолданылады. Жерасты суларын өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды





























Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет