Темекі өсіру технологиясы Темекінің топырағын өңдеу



бет1/6
Дата03.09.2023
өлшемі80.87 Kb.
#476436
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6
Дәріс 15


Дәріс 15
Темекі өсіру технологиясы
2. Темекінің топырағын өңдеу
3. Темекі танабын күтіп-баптау өнімді жинау
Құрамында өте улы есірткілік қоздырғыш зат – алкалоид никотин – бар дақылдарға темекі мен қаратемекі жатады. Темекі Оңтүстік және Орталық Америка тұрғындарына Европалықтар бұл құрылықты ашқанға дейін белгілі болған. Мәдени дақыл ретінде темекі 1560 жылы Францияда өсіріле бастады, 1605-1610 жылдар аралығында ол дүниежүзінің барлық елдеріне тарады.
Россияда 1-Петрдің жарлығымен 1716 жылы себіле бастады, ал 1768 жылы Петербургта алғашқы темекі өңдеу фабрикасы ашылды.
Қазақстанда темекі Алматы облысында XIX ғасырда жеке шаруашылықтарда өсіріле бастаған және олар «Верный темекілері» деген атпен ішкі және халықаралық көрмелерде жоғары бағаланып Неаполь, Париж, Барселона көрмелерінде алтын медальдарға ие болған.
Бәсекеге жол бермес үшін Қырым мен Закавказье плантаторлары Верный темекілері тек Орта Азияда ғана сатылуға рұқсат етілетін патша жарлығын шығартқызған. Өндірістік деңгейде Қазақстанда темекі 1920-1930 жылдары ғана дами бастады.
Қазіргі кезде темекі дүниежүзінің 115 елдерінде 4 млн. га жерде себіледі. Темекіні ең көп егістігі (2,96 млн. га) Қытайда және әлемде өндірілетін шикізаттың 40%-ын осы ел өндіреді, АҚШ – 0,7 млн т., Индия – 0,54, Бразилия – 0,40, ТМД елдері – 0,30, Түркия – 0,26 млн. тоннаға дейін.
Қазақстанда темекі Алматы, Жамбыл облыстарында 10,0 мың га жерге себіледі, орташа өнімділігі гектарынан 2,0 т, жылына 18-20 мың тонна темекі жапырағы жиналады Жекелеген шаруашылықтарда темекі жапырағының өнімі гектарына 5,0 тоннадан асып түседі.
Халық шаруашылығындағы маңызы. Темекіні папи­рос, сигарет, сигар және түтік шылымының шикізаты-жапырақтары – үшін себеді. Темекінің жасыл жапырақтарынан азық-түліктік ақуыз өндіріледі. 1 т гүлшоғырынан парфюмерлік және химия өндірісінде қолданылатын 2 кг эфир майлары өндіріледі.
Ферментациядан өткен темекі жапырақтарында 0,8-3% никотин, 4-15% көмірсулар, 0,3-0,5% - эфир майы, 7-12% ақуыз, 4-7% - смола және 12-17% күл болады. Смола мен эфир майы темекіге өзіне тән иіс береді. Темекінің сапасы көмірсу мен ақуыздың арақатынасымен анықталады: ақуыз аз болған сайын оның сапасы жоғары болады. Темекінің жоғары сорттарында көмірсулар 11-13 %, ақуыз – 7%.
Темекінің никотині хром қышқылымен тотыққанда, кейбір фармацепттік препараттарды синтездеуге қолданылатын никотин қышқылына айналады. Демек, ол емдік заттар алу үшін медицина өнеркәсібінде де қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет