«1. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды:
А) 2013 жылғы 15 сәуірде № 88-V
Б) 2013 жылғы 20 сәуірде № 88-V
B) 2013 жылғы 21 мамырда № 88-V
|
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесін оңтайландыру бұл:
А) көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыру бойынша қызметі, мемлекеттік қызмет ұсыну барысын жетілдіру мақсатында халыққа қызмет көрсету орталығымен және басқа көрсетілетін қызметті берушілермен өзара әрекеттері
Б) мемлекеттік қызмет көрсету процесін оңайлатуға, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін, көрсетілетін қызметті алушылар ұсынатын құжаттардың тізбесін, сондай-ақ оны көрсету процесінің буындарын қысқартуға, оның ішінде автоматтандыру арқылы қысқартуға бағытталған іс-шара;
В) халыққа қызмет көрсету орталығы мен мемлекеттік органдардың қызметіне мемлекеттік және қоғамдық мониторинг жүргізу;
|
3. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган бұл:
А) бағдарламалау және «egov» саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Б) жүйелі бағдарламалау және «электронды үкімет» порталы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
В) ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;
|
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бұл:
А) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жүгінуі бойынша жүзеге асырылатын және жеке сипаты бар, жеке және заңды тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, оларға қарасты ұйымдардың және басқа жеке және заңды тұлғалардың қызметі
Б) көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;
В) Жеке және заңды тұлғалардың тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер алуы үшін олардың өтініштерін қарау бойынша мемлекеттік қызмет стандартымен бекітілген мемлекеттік орган қызметі
|
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі бұл:
А) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сыныпталған тізбесі;
Б) мемлекеттік қызмет алушыларды, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдарды көрсетумен республикалық және жергілікті деңгейде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тұрақты жаңартылған тізбесін құрайтын, олардың көрсетілуін және басқа сипаттамаларын қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық акт;
В) мемлекеттік қызмет атауын, көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметті, көрсетілетін қызметті алушы мен өтініштерді қабылдайтын және мемлекеттік қызмет көрсету нәжилерін беретін ұйымның атауын, мемлекеттік қызмет көрсету нысаны мен қызмет құнын қарастыратын мемлекеттік қызметтің арнайы тізбесі
|
6. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы бұл:
А) көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат ұсыну жөніндегі жұмысты қамтамасыз ететін ақпараттық-анықтамалық қызмет;
Б) call centre 1414;
В) тапсырыс беруші ұйымның немесе бас ұйымның мүддесінде байланыстың дауыс шығаратын каналдары бойынша ақпараттандыру және өтініштерді өңдеумен айналысатын мамандандырылған ұйым немесе ұйымда бөлінген бөлімше
|
7. Веб-портал «электронного правительства»:
А) нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
Б) заңдар, стандарттар, регламенттер базасын қоса алғанда, бүкіл қоғамдық ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
В) электронды мемлекеттік қызметтер алушының электронды-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған оның сұранысы бойынша ұсынылатын компьютерлік желідегі үкіметтік сайт
|
8. Халыққа қызмет көрсету орталығы бұл:
А) «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және олардың нәтижелерін өтініш берушіге беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес мемлекеттік базадан мәліметтер алу арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме;
Б) "жалғыз терезе" қағидаты бойынша өтініштерді қабылдау және құжаттарды беру бойынша жеке және (немесе) заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетілуін ұйымдастыруды жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорын;
В) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асыратын, сондай-ақ ақпараттық жүйелерден мәліметтер алу арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін заңды тұлға
|
9. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы – бұл:
А) мемлекеттік қызмет алу үшін мемлекетке жүгінетін азаматтар немесе ұйымдар;
Б) орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;
В) мемлекеттік қызмет алуға жүгінетін жеке және заңды тұлғалар
|
10. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші – бұл:
А) мемлекеттік қызмет стандараттарын әзірлейтін мемлекеттік органдар, сондай-ақ аталған қызметтерді көрсету процесін өз деңгейінде және тиісті салада ұйымдастыратын жергілікті атқарушы органдар;
Б) мемлекеттік қызмет стандараттарын әзірлейтін мемлекеттік органдар, сондай-ақ аталған қызметтерді көрсету процесін өз деңгейінде және тиісті салада ұйымдастыратын жергілікті атқарушы органдар; сондай-ақ мемлекеттік қызмет ұсынатын жеке және заңды тұлғалар;
В) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар;
|
11. Төмендегі қағидаттардың қайсысы мемлекеттік қызметтер көрсетуде негізгі болып табылады:
А) көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізу;
Б) мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу;
В) екі нұсқа да дұрыс.
|
12. Көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарына төмендегі әрекеттердің қайсысы кірмейді:
А) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз және (немесе) электрондық нысанда алу
Б) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылауларға қатысу
В) дұрыс жауап жоқ.
|
13. Көрсетілетін қызметті берушілердің құқықтарыне төмендегі әрекеттерді қайсысы кірмейді:
А) орталық мемлекеттік органдарға, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне мемлекеттік қызметтер көрсетуге қажетті ақпарат үшін сұрау салумен жүгіну;
Б) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту.
В) дұрыс жауап жоқ
|
14. «Бір терезе» қағидаты нені білдіреді?
А) өтініш берушілердің (жеке және (немесе) заңды тұлғалардың) құжаттарды жинау мен дайындауға қатысуын барынша азайтуды және олардың мемлекеттік қызметтер көрсету субъектілерімен тікелей байланысын шектеуді көздейтін мемлекеттік қызметтер көрсету нысаны;
Б) мемлекеттік қызметті орталықтандырып көрсетудің мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды жинау мен дайындауға барынша аз қатысуын және оның көрсетілетін қызметті берушілермен тікелей байланысын шектеуді көздейтін нысаны;
В) мемлекеттік қызметтерді бірде жерде ұсынуды шоғырландыру мақсатында жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету технологиясы.
|
15. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингі нені білдіреді:
А) жеке тұлғалардың және қоғамдық ұйымның мемлекеттік басқару органдарының қызметін бақылау, есепке алу, бағалау және талдаудың көп құрамды процедуралары;
Б) халықтан кері байланыс алуды қамтамасыз ететін билік пен қоғамның өзара әрекеті мен ақпарат алмасуының тәсілдері мен формалары;
В) бұл жеке тұлғалардың, коммерциялық емес ұйымдардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының деңгейі туралы ақпаратты жинау, талдау және ұсынымдарды тұжырымдау жөніндегі қызметі;
|
16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі бұл:
А) мемлекеттік қызмет көрсету процесін бақылауға арналған ақпараттық жүйе;
Б) мемлекеттік қызметтер көрсету, оның ішінде халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсету процесін автоматтандыруға және мониторингілеуге арналған ақпараттық жүйе;
В) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін бағалау және мемлекеттік қызмет көрсету барысын бақылау бойынша ақпараттық жүйе.
|
17. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы құзыретіне төмендегі әрекеттердің қайсысы кіреді:
А) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін және стандарттарын бекіту, оңтайландыруға және автоматтандыруға жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесін және оларды электрондық нысанға ауыстыру мерзімдерін бекіту;
Б) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау әдістемесін әзірлеу және бекітеу;
В) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құнын айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
|
18. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның құзыретіне төмендегі әрекеттердің қайсысы кіреді:
А) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылауды жүзеге асыру;
Б) жеке тұлғаларға және коммерциялық емес ұйымдарға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу жөнінде ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсету;
В) екі нұсқа да дұрыс.
|
19. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның құзыретіне төмендегі әрекеттердің қайсысы кіреді?
А) халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметінің қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Б) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығына мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат ұсыну;
В) дұрыс жауап жоқ
|
20. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілеттіорганның құзыретіне төмендегі әрекеттердің қайсысы кіреді:
А) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін әзірлеуді және жүргізуді жүзеге асырады;
Б) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
В) Екі нұсқа да дұрыс
|
21. Орталық мемлекеттік органдардың құзыретіне төмендегі әрекеттердің қайсысы кіреді?
А) халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу қағидаларын әзірлеу;
Б) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін әзірлеу және бекіту;
В) мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша жеке тұлғалармен, коммерциялық емес ұйымдармен өзара әрекет және ынтымақтастық жөніндегі қоғамдық кеңестерді құру;
|
22. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты әзірленеді және бекітіледі:
А) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген күнінен бастап үш ай ішінде;
Б) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген күнінен бастап бір ай ішінде;
В) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген күнінен бастап бір ай ішінде;
|
23. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасын жария талқылау үшін оны қайда орналастырады?
А) «электрондық үкіметтің» веб-порталында, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлейтін орталық мемлекеттік органның интернет-ресурсында және (немесе) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің интернет-ресурстарында;
Б) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасы жария талқылауға жатпайды;
В) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңында бұл мәселе қарастырылмаған
|
24. Мемлекеттік көрсетілетін қыметтер ... арқылы көрсетіледі?
А) 1) уәкілетті орган; 2) жергілікті ақарушы орган арқылы; 3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы.
Б) 1) көрсетілетін қызметті берушілер арқылы; 2) халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы; 3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы.
В) 1) мемлекет; 2) Бірыңғай байланыс орталығы; 3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы.
|
25. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші мен құжаттарын көрсетілетін қызметті берушілерге қағаз жеткізгіште жөнелтуді көздейтін мемлекеттік қызметтерді халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсету кезінде:
А) өтініштер мен құжаттар қабылданған күн мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде белгіленген мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кіреді.
Б) өтініштер мен құжаттар қабылданған күн және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру күні Үкімет қаулысында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;
В) өтініштер мен құжаттар қабылданған күн мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
|
26. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері:
А) өтінішті қабылдауға міндетті;
Б) өтінішті қабылдаудан бас тартады;
В) құжаттар пакетінің толық еместігі туралы мәліметтерді ұсынумен өтініштерді қабылдайды
|
27. Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіруді кім жүргізеді?
А) халыққа қызмет көрсету орталықтарында тұлғаны сәйкестендіру жүргізілмейді;
Б) халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері;
В) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңында бұл мәселе регламенттелмеген
|
28. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алуы қажет пе?
А) бұл қызметкердің құқығы, міндеті емес, сондықтан алуы мүмкін, алмауы мүмкін;
это право работника, не обязанность, поэтому могут получать, могутт не получать;
Б) жоқ, қажет емес;
В) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, алуға міндетті
|
29. Электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі болып табылады:
А) электронды анықтама беру;
Б) дұрыс жауап жоқ;
В) Электрондық құжат немесе қағаз жеткізгіштегі құжат не «электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйесінен мәлімет беру
|
30. Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру тәртібін қандай орган айқындайды?
А) орталық мемлекеттік орган;
Б) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган;
В) мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы уәкілетті орган
|
31. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат қалай ұсынылады?
А) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын көрсетілетін қызметті берушілердің орналасқан жерлерінде және халыққа қызмет көрсету орталықтарында, «электрондық үкіметтің» веб-порталында, орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарында орналастыру арқылы;
Б) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығына жүгіну арқылы
В) барлық жауаптар дұрыс
|
32. Орталық мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы органның, халыққа қызмет көрсету орталығының атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы... қаралуға жатады:
А) оның тіркелген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде;
Б) оның тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде;
В) оның тіркелген күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде.
|
33. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ... қаралуға жатады:
А) оның алған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде;
Б) оның тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде;
В) оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде.
|
34. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын бұзу әкеліп соғады:
А) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген әкімшілік жауаптылыққа;
Б) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген қылмыстық жауаптылыққа;
В) екі жауап та дұрыс емес.
|