«Тұлғаларға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысуға жолдамалар беру» жартылай автоматтандырылған
мемлекеттік қызметін пайдалану бойынша
нұсқаулық
-
Қажетті шарттар
«Электронды үкімет» веб-порталында (бұдан әрі - Портал) қызметті алу үшін пайдаланушыға келесілер қажет:
-
Порталда тіркелу;
-
Электрондық сандық қолтаңба алу:
ЭСҚ алуға келесі түрде тапсырыс беруге болады:
-
Онлайн режимінде - www.egov.kz Порталында немесе www.pki.gov.kz ҚР Ұлттық Куәландырушы Орталығының порталында;
-
Оффлайн режимінде – ХҚКО-да немесе «Электронды үкіметтің» шоу-румында.
-
Жеке және заңды тұлғаларға ЭСҚ алу нұсқаулығында көрсетілгендей JAVA (http://www.egov.kz/java.zip) орнату.
-
Порталға кіру
Браузердің мекен-жай жолағында http://egov.kz теру. Сонда Порталдың бастапқы беті жүктеледі.
1 сурет – Порталдың бастапқы беті
Порталдың орысша/ағылшынша тілдердегі интерфейстеріне ауысуға болады (үнсіз келісім бойынша – қазақ тілі)
Порталда авторизациялану
Авторизациялану үшін ЖСН мен құпия сөзді енгізіп «Кіру» батырмасын немесе «Сертификат бойынша кіру» батырмасын басу қажет.
2 сурет – Порталда авторизациялану тәсілдері
Сертификат бойынша авторизациялану
Сертификат бойынша авторизациялану үшін ЭСҚ сертификатын (keys_rsa) Порталдың «Көмек» бөлімінде орналасқан Интернет-браузерге импорттау керек («ЭСҚ сертификаты арқылы порталда авторизациялану бойынша нұсқаулықта» көрсетілгендей).
3 сурет - Сертификат бойынша авторизациялану
ИИН (БИН) және құпия сөз бойынша авторизациялану
ЖСН (БСН) және пароль бойынша авторизациялану үшін сәйкесті өрістерге ЖСН (БСН) және құпия сөзді (тіркелу кезінде көрсетілген) енгізіңіз.
4-сурет – ЖСН және құпия сөз бойынша авторизациялану
-
Қызметті таңдау
Қажетті қызметті алу үшін «Әлеуметтік қамсыздандыру» бөлімін таңдау қажет (5 сурет):
5 сурет – Азаматтар үшін бөлім
«»Жұмыссыздарға, ауыл тұрғындарына және ауыр еңбек жағдайында жұмыс істейтіндерге көмек бөліміндегі қызметті таңдаңыз (6 сурет):
6 сурет – Таңдаған бөлімнің электронды қызмет тізімі
Қызметті таңдау кезінде қызмет жөнінде барлық ақпараты бар қызмет паспорты ашылады (7 сурет):
-
Мемлекеттік орган
-
Қызметті алушылар
-
Қызметті ұсыну орны
-
Қызметтің құны
-
Қызметті көрсету мерзімі
-
Қажетті құжаттар
-
Қызмет көрсету нәтижесі
-
7 сурет – Қызмет паспорты
Қызметке тапсырыс және өтінішті толтыру:
Қызметті қосу үшін «Онлайн қызметке тапсырыс беру» батырмасын басу керек (7 сурет). Осыдан кейін тапсырыс беруші жайлы ақпараты бар бет толтырылады (8:А,Б, В суреттері)
8А сурет:
-
Егер автоматты түрде профайлдан шықпаса, электронды поштаның мекен жайы мен телефон нөмірін енгізу қажет.
-
Пайдаланушыға қол жетімді жұмыспен қамтудың белсенді шарасын таңдау.
-
«Әрі қарай» батырмасын басып, келесі қадамға өту.
8А сурет – Тапсырыс беруші туралы мәлімет
8Б сурет:
«Әрі қарай» батырмасын басқанда «Мамандық таңдау» қадамына көшесіз. (8Б сурет)
8Б сурет – 2 қадам Мамандық таңдау
8В сурет:
«Әрі қарай» батырмасын басқанда «Вакансия таңдау» қадамына көшесіз. (8В сурет)
8В сурет – 3 қадам – Вакансияны таңдау
Қалаған вакансияны таңдағаннан кейін мәліметтің дұрыстығын растау үшін белгіше қойып, «Тапсырысқа қол қою» қадамына өтесіз.
Пайдаланушы ЭСҚ-сы арқылы сұранысқа қол қою
Сұранысты көріп шыққаннан кейін «әрі қарай» деген түймені басу керек (8Е сурет), одан кейін пайдаланушының электронды сандық қолтаңбасымен қол қойылуы қажет бет ашылады (9 сурет).
9 сурет – ЭСҚ арқылы пайдаланушының сұранысқа қол қою беті
Егер Сіз ЭСҚ-ны өз жұмыс столыңыздан орнатылған параметрлерімен жүктесеңіз, онда ЭСҚ мәліметтері автоматты түрде жүктеледі. Егер ЭСҚ параметрлері орнатылмаған болса, онда ЭСҚ-ны қолдап таңдау қажет, ол үшін «Сертификатты таңдау» батырмасын басасыз. ЭСҚ мәліметтерін тексеріп болғаннан соң «Қол қою» батырмасын басу қажет.
Қол қойылғаннан кейін сұраныс «Еңбек рыногы» ақпараттық жүйесіне жіберіледі. Осыдан кейін «Келіп түскен тапсырысты» аламыз., онда стандартқа сәйкес қызметтің көрсетілуін 5 күн күту керек делінеді. Осыдан соң Жеке бөлмедегі «Қызметтерді алу тарихын» ашып, нөмірі бойынша сәйкес тапсырысты таңдап, сілтеме бойынша өту керек. Осы кезде тапсырыстың деңгейі жайлы ақпарат ашылады (10-сурет).
10 сурет Тапсырыстың деңгейін көру беті
«Нәтижесін көру» батырмасын басып екі түрлі шығыс құжатты алуға болады, ол жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қызметкерлерінің тапсырысты өңдеуіне байланысты болды: жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысуға жолдама немесе жолдама берілмейтіндігі жөнінде түсіндірілген жауап.
11 сурет – Шығыс құжат
11б сурет – Шығыс құжат
Достарыңызбен бөлісу: |