Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау қорытындысына анықтама 13 мамыр 2015 жыл Қазақстан Республикасының 2013 жылдың 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы»



Дата15.06.2016
өлшемі128.37 Kb.
#137134
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына

ішкі бақылау қорытындысына

АНЫҚТАМА
13 мамыр 2015 жыл
Қазақстан Республикасының 2013 жылдың 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» № 88-V Заңы 11 бабының 12 тармақшасына сәйкес 2015 жылдың 13 мамыр күні, Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары Д.Сағыров және аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімшесінің басшысы Г.Ахметова, осы бөлімшенің бас маманы Б.Төрежанов мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау және Мұғалжар ауданы бойынша бағаланатын атқарушы органдармен ұсынылған есептік ақпараттарындағы мәліметтерді қайта тексеру жүргізілді.

Тексеру барысында білім бөлімінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау жүргізіліп, келесі деректер анықталды:



1. Білім бөлімі (бұдан әрі – Бөлім).

Бөлім басшысы – Н.Жүсіпов

Бөлім бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылауға жауапты қызметкерлер ретінде 2015.06.01 № 1-5 бұйрығымен Б.Алькенова,Ж.Увайсова, Ә.Досанова, Б.Нағыметов және А.Төлемісова, Н.Ибраев, М.Алданаева, тағайындалған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013ж. 18.09. № 983 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015ж. 09.02. № 45 (2015 ж.14.02 күшіне енді) қаулысына сәйкес, бөліммен мемлекеттік қызметтердің 26 түрі бойынша жұмыстар жүргізіледі:

1.Қорғаншылық және қамқоршылық жөнiнде анықтамалар беру

2.Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға), қамқоршылық немесе қорғаншылық белгiлеу;

3.Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және/немесе ерiктi жинақтаушы зейнетақы қорларына, банктерге iшкi iстер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресiмдеу үшiн анықтамалар беру;

4.Кәмелетке толмағандарға меншiк құқығында тиесiлi мүлiкпен жасалатын мәмiлелердi рәсiмдеу үшiн қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру;

5.Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспiрiмдердi оңалту және әлеуметтiк бейiмдеу;

6.Мектепке дейiнгi балалар ұйымдарына жiберу үшiн мектепке дейiнгi (7 жасқа дейiн) жастағы балаларды кезекке қою;

7.Мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау;

8.Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету;

9.Бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау;

10.Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегiн оқыту;

11.Балаларға қосымша бiлiм беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау;

12.Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беретін ұйымдарына қабылдау;

13.Шалғайдағы ауылдық елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беру ұйымдарына және кейiн үйлерiне тегiн тасымалдауды ұсыну;

14.Жалпы бiлiм беретiн мектептердегi бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң жекелеген санаттарын тегiн тамақтандыруды ұсыну;

15.Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру;

16.Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру;

17.Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету;

18.Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру;

19.Патронат тәрбиешілерге берілген баланы балаларды асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау;

20.Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетiм баланы (жетiм балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау;

21.Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою;

22.Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру;

23.«Орта білім беретін үздік ұйым» грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау;

24.«Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау;

25.Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау;

26.Жетім баланы және немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау



Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегiн оқыту мемлекеттік қызметі бойынша 2015 жылдың 4 айында 5 қызмет көрсетілген. Өтініштерді тіркеуге журнал арналған және нөмірленіп,тігіліп, мөрмен бекітілген.

Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру мемлекеттік қызметі бойынша 2015 жылдың 4 айында өтініш түспеген. Өтініштерді тіркеуге журнал арналған және нөмірленіп,тігіліп, мөрмен бекітілген.

Жалпы бiлiм беретiн мектептердегi бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң жекелеген санаттарын тегiн тамақтандыруды ұсыну мемлекеттік қызметі бойынша 2015 жылдың 4 айында өтініш түспеген. Өтініштерді тіркеуге журнал арналған және нөмірленіп,тігіліп, мөрмен бекітілген.

Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру мемлекеттік қызметі бойынша 2015 жылдың 4 айында 2 қызмет көрсетілген. Өтініштерді тіркеуге журнал арналған және нөмірленіп,тігіліп, мөрмен бекітілген.

Бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау мемлекеттік қызметі бойынша 2015 жылдың 4 айында өтініш түспеген. Өтініштерді тіркеуге журнал арналмаған.

Шалғайдағы ауылдық елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беру ұйымдарына және кейiн үйлерiне тегiн тасымалдауды ұсыну мемлекеттік қызметі бойынша 2015 жылдың 4 айында өтініш түспеген. Өтініштерді тіркеуге журнал арналмаған.

«Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау мемлекеттік қызметі бойынша 2015 жылдың 4 айында өтініш түспеген.

Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау мемлекеттік қызметі бойынша 2015 жылдың 4 айында 13 қызмет көрсетілген.

Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға), қамқоршылық немесе қорғаншылық белгiлеу мемлекеттік қызметіне ағымдағы жылдың 4 ай қорытындысы бойынша 3 қызмет мемлекеттік органда көрсетілген. Журнал 2014 жылы басталған, журналда түзетулер (корректормен) бар және де журнал нөмірленіп,тігілмеген,мөрмен бекітілмеген.

2015 жылдың 6 ақпанында А.Қуанышевадан түскен өтінішіне қажетті құжаттарды ( тапсырылмаған) толық қабылдамай қызмет көрсетіле берген.

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы №115 қаулысымен бекітілген Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға), қамқоршылық немесе қорғаншылық белгiлеу мемлекеттік қызмет стандартының 9 тармағы бұзылған, яғни стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш жазып тапсырылуы қажет болса, жауапты маман қызмет алушыдан еркін нысанда өтініш жаздырып алған, баланың оқу орнынан анықтама және аға-інілері мен апа-қарындастары және олардың тұрғылықты жері туралы мәлімет жоқ.

2015 жылдың 26 наурызында А.Шерстиченкодан түскен өтінішіне де стандарттың 9 тармағы бойынша қажетті құжаттар толық тапсырылмаған. Өтінішті еркін нысанда қабылдаған, баланың денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама және баланың даму тарихынан үзінді, баланың оқу орнынан анықтама тапсырылмаған.

2015 жылдың 3 сәуірінде Ж.Асқаровадан түскен өтініші де еркін нысанда қабылданған, туу туралы куәлік нотариалды куәләндырылған (стандарттың 9 тармағында туу туралы куәлік нотариалды куәләндырылған болуы керек деп жазылмаған)

Сонымен қатар, қызмет алушылардың ешқайсысына қолхат берілмеген және карточкалар толтырылмаған.



Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетiм баланы (жетiм балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау мемлекеттік қызметіне ағымдағы жылдың 4 ай қорытындысы бойынша 2 қызмет көрсетілген. Журнал 2011 жылы басталған, нөмірленіп,тігілген және мөрмен бекітілген.

С.Имашев құжаттары түгел емес, стандарттың 9 тармағы 7 тармақшасына сәйкес құжат тапсырылмаған.

А.Олжабайқызы стандарттың 9 тармағының 1 тармақшасына сәйкес стандарттың 2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш жазылмай,еркін нысанда жазылып тапсырылған.

Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою мемлекеттік қызметіне ағымдағы жылдың 4 ай қорытындысы бойынша 2 қызмет мемлекеттік органда көрсетілген. Журнал арналған, нөмірленіп,тігілген және мөрмен бекітілген.

Патронат тәрбиешілерге берілген баланы балаларды асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау мемлекеттік қызметіне ағымдағы жылдың 4 ай қорытындысы бойынша 3 қызмет мемлекеттік органда көрсетілген. Журнал арналған, нөмірленіп,тігілген және мөрмен бекітілген.

Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру мемлекеттік қызметіне ағымдағы жылдың 4 айы бойынша журналда 1 қызмет тіркелген, алайда есептік ақпаратта 2 қызмет көрсетілді деп ұсынылған.

«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызметі 2015 жылдың 4 айы бойынша 8 қызмет электронды түрде көрсетілген. Журнал нөмірленіп,тігілген және мөр басылған. Стандартқа сай құжаттар қабылданған.

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру» қызметі 2015 жылдың 4 айы бойынша 23 қызмет электронды түрде, ал 6 қызмет ХҚКО арқылы көрсетілген. Журнал таза әрі нөмірленіп, тігілген және мөр басылған. Стандартқа сай құжаттар қабылданған.

«Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру» қызметі 2015 жылдың 4 айы бойынша 1 қызмет ХҚКО арқылы көрсетілген. Журнал нөмірленіп, тігілген және мөр басылған. Стандартқа сай құжаттар қабылданған.

«Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» қызметі бойынша ағымдағы жылдың 4 айында өтініштер түспеген. Журнал арналған және нөмірленіп, тігілген, мөр басылған.

«Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету» қызметі бойынша ағымдағы жылдың 4 айында өтініштер түспеген. Журнал арналған және нөмірленіп,тігілген, мөр басылған.

«Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету» қызметі бойынша ағымдағы жылдың 4 айында өтініштер түспеген. Журнал арналған және нөмірленіп, тігілген, мөр басылған.

«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік қызметі 2015 жылдың 4 айы бойынша электрондық үкіметтің веб порталы арқылы 368 қызмет көрсетілген.

«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызметі 2015 жылдың 4 айында журнал бойынша 263 жолдама берілген, алайда ай сайынғы есептік ақпаратқа ұсынылмаған.

«Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» қызметі бойынша қызметі бойынша ағымдағы жылдың 4 айында өтініштер түспеген деп есептік ақпаратқа ұсынылған. Алайда, А.Жұбанов атындағы балалар саз мектебіне тексеріс барысында 2015 жылдың 4 айы бойынша 11 қызмет көрсетілгендігі анықталды. Өтініштерді тіркеу журналы арналмаған.

«Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» қызметі бойынша қызметі бойынша ағымдағы жылдың 4 айында өтініштер түспеген. Журнал арналмаған.

Тек қана ХҚКО арқылы тізілімге сәйкес 4 мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. ХҚКО арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесі 100 %-ды құрайды.

Баламалы негізде тізілімге сәйкес мемлекеттік қызметтердің 4 түрі көрсетіледі. Бұл қызметтердің 75 %-нан көбі ХҚКО арқылы көрсетілуі тиіс. Есептік ақпарат бойынша, бөлімдегі баламалы негізде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесі 0 %-ды құрайды.

Бүгінгі күні бөлімде электронды мемлекеттік қызметтің 8 түрі көрсетілуі тиіс болса, тек 3 түрі ғана көрсетілген. Сондықтан аудан бойынша электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесінің 10,9% құрайды. Оң нәтижелі болып электрондық мемлекеттік қызметтердің 60 %-нан көбі электрондық түрде көрсетілген жағдайда есептеледі. Бөлім арқылы электрондық мемлекеттік қызметтердің әйгілігін арттыру жұмыстары жүргізілмеген.

Ақпараттық стенд бар, стендте мемлекеттік қызметтер стандарттарының бекітілгені туралы Қазақстан Республикасы қаулысы және стандарттар мен регламенттер түгел орналастырылмаған. Өтініш үлгілері мен мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты маман туралы бұйрық жоқ. Пандус және бағыттаушы (стрелка) жоқ. Өтініштерді толтыруға арналған үстел болғанымен отырғыш жоқ. Мемлекеттік қызметтер бойынша арыз-шағым журналы 2014 жылы басталған.

2.А.Жұбанов атындағы балалар саз мектебі

Мектеп директоры-Ж.Құлжанов.

Мектеп бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты директордың орынбасары Р.Утепбергенова, іс жүргізуші Г.Салықжанова.

Алайда, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылауға жауапты қызметкерді тағайындау жөнінде бұйрық жоқ.



Балаларға қосымша бiлiм беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау мемлекеттік қызметі бойынша өтініштер 2015 жылдың 4 айы бойынша 11 қызмет көрсетілген. Алайда есептік ақпаратқа ұсынылмаған. Журнал арналған, тігіліп, нөмірленіп және мөрмен бекітілген. Тек шығыс құжаттарын тіркеу журналының сыртына стандарт бойынша мемлекеттік қызметтің атауы жазылмаған.

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 9 маусымдағы №633 қаулысымен бекітілген «Балаларға қосымша бiлiм беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет стандартының 9 тармағына сәйкес, ата-анасынан өтініш еркін нысанда, баланың жеке басын куәләндыратын құжат, денсаулық жағдайы туралы анықтама тапсырылуы қажет. Алайда, қызмет алушы Л.Хасеннен 12.01.2015ж. өтініш түскен, өтініш ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген «Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидасының» №1 формасына сәйкес нысан бойынша алынған.Және де артық құжат қосымша білім беру ұйымы мен баланың ата-анасы арасындағы үлгі шарт алынғандығы анықталды. Сонымен қатар, өтініштерді тіркеу журналында қызмет алушылар М.Дияров, А.Сырымова, Е.Хайрахметов, Э.Букенбаевалардың өтініш берген күні жазылмаған.

Мектептің жұмыс жоспарында мемлекеттік қызметтер көрсету бағыты бойынша сұрақ енгізілмеген.

Ақпараттық стендт бар, бірақ стендте көне мемлекеттік қызметтер стандарттарының бекітілгені туралы Қазақстан Республикасы қаулысы және стандарттар мен регламенттер түгел орналастырылмаған. Өтініш үлгілері мен мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты маман туралы бұйрық жоқ.Бөлімде мемлекеттік қызметтер көрсету бағыты бойынша іс-шаралар жоспары жоқ.Пандус және бағыттаушы (стрелка) жоқ.



3.Қандыағаш қалалық №1 мектептен тыс «Аула» клубы мемлекеттік мекемесі

Директоры-Е.Өтебасов

Клуб бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылауға жауапты қызметкер Ж.Айтжанова,бірақ бұйрықпен бекітілмеген.

Жалпы клубтың жоспары бар,бірақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру сұрағы қарастырылмаған.

Бұл мемлекеттік қызмет бойынша өтінішті және басқа да құжаттарды ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы №1119 қаулысымен бекітілген, қазіргі таңда күші жойылған стандартпен қабылдаған.

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 9 маусымдағы №633 қаулысымен бекітілген «Балаларға қосымша бiлiм беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет стандартының 9 тармағы бұзылған. 16.09.2014-2015 оқу жылы қызмет алушы М.Қабақбаевадан өтінішті белгілі бір үлгі нысан бойынша алған. Ал, стандарт бойынша ата-анасынан өтініш еркін нысанда болуы керек еді.



Ақпараттық стенд және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша арыз-шағым журналы жоқ. Дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдар үшін жағдай жасалынбаған, яғни пандус жоқ.
Қорытындылар:

  1. 2015 жылдың 16 қаңтарында аудан әкімімен бекітілген «2015 жылға арналған көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспары» 3, 5, 9 10, 22, 23, 24 тармақтары орындалмаған.

  2. Мемлекеттік қызметтерді көрсететін лауазымды тұлғалар, мемлекеттік қызметтер көрсету туралы заңын, мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерінің талаптарын тиісті деңгейде білмейді.

  3. Ақпараттық стендте мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттері, сонымен қатар олардың бекітілуі туралы қаулылар мен бұйрықтар және өтініштердің үлгілері, жауапты маман туралы бұйрық орналастырылмаған.

  4. Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша ақпаратты ұсынылмау фактілері анықталды.

  5. Мемлекеттік қызметтер көрсету барысында мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерін бұзу фактілері бар.

  6. Мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша сұрақтар мекеме басшысы немесе басшы орынбасарының отырыстарында қаралмаған.

  7. Мемлекеттік қызметтер көрсететін жауапты мамандар жоғарғы қабатта қызмет көрсетеді, алайда дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдар үшін жағдай жасалынбаған.

Ұсыныстар:


  1. 2015 жылдың 16 қаңтарында аудан әкімімен бекітілген «2015 жылға арналған көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспары» тармақтарын тиісті деңгейде орындау.

  2. Мемлекеттік қызметтерді көрсететін жауапты мемлекеттік қызметшілердің біліктілік деңгейін арттыру.

  3. Ақпараттық стендтке қажетті ақпараттарды түгел орналастыру.

  4. Көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны және мемлекеттік қызметтерді алған адам саны бойынша дәл мониторинг жүргізу.

  5. Көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкестендіру.

  6. Мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері талаптарының сақталуы бойынша (бөлімге қарасты мектептер, саз мектебі, «Аула» клубы мен балабақшаларға) тексерулерді жүзеге асыру және стандарт пен регламенттер талаптарының сақталуын қатаң бақылау.

  7. Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, мемлекеттік қызметтерді Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетуді қамтамасыз ету.

  8. Электрондық қызметтердің әйгілігін арттыру және олардың алға жылжуы үшін, қолданушыларды ақпараттандыру бойынша жұмыстар жүргізу.

  9. Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсетілуін қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдау.

  10. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мәселелерін үйлестіру бөлімшесіне анық есептік ақпараттарды ұсынуды қамтамасыз ету.

  11. Жекелеген мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік органға дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдар үшін жағдай жасау.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет