Мемлекеттік наградалары



Дата25.02.2016
өлшемі14.84 Kb.
#21264

1960 жылы Мәскеу қаласында (Ресей) дүниеге келген, қазақ, білімі жоғары, экономика ғылымдарының кандидаты. Ағылшын тілін еркін меңгерген.

1982 жылы М.Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университетін (мамандығы – саяси экономия), 1987 жылы М.Ломоносов атындағы ММУ аспирантурасының күндізгі бөлімін, 1994 жылы экономика және қаржы магистрі дәрежесі беріле отырып, Лондон Университетін бітірген.

М.Ломоносов атындағы ММУ-ды бітірген соң 1982 жылғы тамыздан бастап 1993 жылғы наурыз аралығында оқытушылық және ғылыми-зерттеу қызметпен айналысқан.

1993 жылғы қыркүйектен бастап 1996 жылғы тамыз аралығында Лондондағы (Ұлыбритания) Еуропа Қайта құру және Даму Банкінің стажер-зерттеушісі және арнайы қызметкері болып жұмыс істеген.

1996 жылғы тамыздан бастап 1998 жылғы сәуір аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары болған.

1998 жылғы сәуірден бастап 2000 жылғы тамыз аралығында Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінің атқарушы директоры, Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөніндегі агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің орынбасары лауазымдарын атқарған.

2000 жылғы тамыздан бастап 2002 жылғы маусым аралығында «Қазақстан Халық Банкі» ААҚ Басқармасының Төрағасы, «Қазақстан Халық Банкі» ААҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы болып жұмыс істеген.

2002 жылғы маусымда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды. Банктік және сақтандыруды қадағалау, бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелеріне және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметіне жетекшілік етті.

2004 жылғы қаңтардан бастап 2009 жыл аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы лауазымын атқарды.


Мемлекеттік наградалары:

«Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» мерейтойлық медалі (2006)



«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» ордені (2006)

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет