Мемлекеттiк резервтi сақтауды жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң шығындарын өтеу, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою



Дата22.02.2016
өлшемі45.68 Kb.
#1990
Мемлекеттiк резервтi сақтауды жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң шығындарын өтеу, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою, нарыққа реттеушiлiк ықпал ету және iзгiлiк көмек көрсету үшiн шығарылатын мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтары үшiн шығындарды өтеу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы N 556 Қаулысы


Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 23, 262-құжат

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.11 N 1050 Қаулысымен.

      "Мемлекеттiк материалдық резерв туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк резервтi сақтауды жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң шығындарын өтеу, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою, нарыққа реттеушiлiк ықпал ету және iзгiлiк көмек көрсету үшiн шығарылатын мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтары үшiн шығындарды өтеу ережесi бекiтiлсiн.


      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.11 N 1050 Қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы 


Үкiметiнiң     
2007 жылғы 30 маусымдағы 
N 556 қаулысымен  
бекiтiлген     

Мемлекеттiк резервтi сақтауды жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң шығындарын өтеу, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою, нарыққа реттеушiлiк ықпал ету және iзгiлiк көмек көрсету үшiн шығарылатын мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтары үшiн шығындарды өтеу ережесi

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.11 N 1050 Қаулысымен.



1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Мемлекеттiк материалдық резерв туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңына сәйкес әзiрлендi және мемлекеттiк резервтi сақтауды жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң шығындарын өтеу, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою, нарыққа реттеушiлiк ықпал ету және iзгiлiк көмек көрсету үшiн шығарылатын мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтары үшiн шығындарды өтеу тәртiбiн айқындайды.


      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.11 N 1050 Қаулысымен.

      2. Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын сақтауды төтенше жағдайлар жөнiндегi уәкiлеттi органның ведомстволық бағыныстағы ұйымдары (бұдан әрi - ведомстволық бағыныстағы ұйымдар) мен мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау пункттерi (бұдан әрi - сақтау пункттерi) жүзеге асырады.



2. Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын сақтауды жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң шығындарын өтеу тәртiбi

      3. Ведомстволық бағыныстағы ұйымдар мен сақтау пункттерi мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын сақтауды төтенше жағдайлар жөнiндегi уәкiлеттi органмен (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жасасқан мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау және сақтауға байланысты қызметтер көрсету жөнiндегi шарт (бұдан әрi - сақтау шарты) негiзiнде жүзеге асырады.

      4. Сақтау шарты мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын сақтауға салу кезiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалады.

      5. Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау жөнiндегi шығындарды өтеу осы мақсаттарға республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегiнде тиiстi бюджеттiк бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.


      Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын броньнан шығарған жағдайда оларды сақтау жөнiндегi шығындарды өтеу материалдық құндылықтарды қоса шығарып болғанға дейiн жүргiзiледi.

      6. Мемлекеттiк резервтi сақтау жөнiндегi бағдарламаның (кiшi бағдарламаның) әкiмшiсi жыл сайын Қазақстан Республикасының бюджет  заңнамасына сәйкес алдағы қаржы жылына және үш жылдық кезеңге арналған бюджеттiк өтiнiмдi бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға ұсынатын уәкiлеттi орган болады.

      7. Осы бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша шығыстардың сомасы
белгiленген тәртiппен, оның iшiнде жыл сайын ведомстволық бағыныстағы ұйымдар мен сақтау пункттерi ұсынатын материалдық құндылықтарды ұстауға және сақтауға жұмсалатын шығындар есебi негiзiнде есептеледi.

      8. Уәкiлеттi орган мемлекеттiк резервтi сақтау жөнiндегi қызмет көрсету үшiн бөлiнген бюджет қаражатының уақтылы және мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады.



3. Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою, нарыққа реттеушiлiк ықпал ету және iзгiлiк көмек көрсету үшiн шығарылатын мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтары үшiн шығындарды өтеу тәртiбi

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.11 N 1050 Қаулысымен.

      9. Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою, нарыққа реттеушiлiк ықпал ету және iзгiлiк көмек көрсету үшiн шығарылған мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтары үшiн шығындарды өтеу тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлген республикалық және жергiлiктi бюджеттердi орындау тәртiбiне сәйкес жүргiзiледi.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.11 N 1050 Қаулысымен.

      10. Ресми iзгiлiк көмек көрсету үшiн мемлекеттiк резервтен шығарылған материалдық құндылықтар үшiн шығындарды өтеу Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде төтенше резервтен жүзеге асырылады.

      11. Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою және нарыққа реттеушiлiк ықпал ету үшiн мемлекеттiк резервтен шығарылған материалдық құндылықтар үшiн шығындарды өтеу Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.11 N 1050 Қаулысымен.

      12. Материалдық құндылықтар үшiн шығындарды өтеуге ақша бөлу


туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiмiнiң жобасын
дайындауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      Бұл ретте шығындарды өтеу сомасын айқындау үшiн статистика органдары, сондай-ақ нарықта өткiзудi жүзеге асыратын заңды тұлғалар беретiн ұқсас тауарлардың құны туралы деректер ескерiледi.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.11 N 1050 Қаулысымен.

      13. Қазақстан Республикасы ресми iзгiлiк көмек көрсетуге Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң төтенше резервiн пайдаланған жағдайда Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiн дайындау кезiнде Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссияның оң ұсынымы болуы қажет.

      14. Алып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.11 N 1050 Қаулысымен.

      15. Уәкiлеттi орган мемлекеттiк резервке материалдық құндылықтар салуды мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырады.



      16. Шығындарды өтеуге бөлiнген бюджет қаражатының тиiмдi және
нысаналы пайдаланылуы үшiн уәкiлеттi орган жауапты болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет