«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және олардың кезегі» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті



Дата30.06.2016
өлшемі218.15 Kb.
#168219



Саран қаласы әкімдігінің 2012 жылғы «__» _______

№ ___ қаулысымен

бекітілді

«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және олардың кезегі» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
1. Негізгі ұғымдар
1. Осы регламентте келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) азаматтардың кезектілігі – мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж жеке тұлғалардың тізімі, нақты сандық құрамды анықтайтын журнал;

2) ҚФБ – құрылымдық-функционалдық бірліктер: уәкілетті органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер немесе олардың ішкі жүйелері;

3) мемлекеттік тұрғын үй қоры – мемлекетке меншік құқығымен тиесілі және жергілікті атқарушы органдардың қарауындағы (мемлекеттік коммуналық тұрғын үй қоры) не мемлекеттік кәсіпорынның қарауындағы (мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қоры) тұрғын үйлер; 

4) мемлекеттік қызметті алушы – халықтың аз қамтылған әлеуметтік қорғалған тобы, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым қызметкерлері, әскери қызметшілер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар;

5) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар ауданның, қаланың тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласындағы йункцияларды жүзеге асыратын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар ауданның, қаланың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшесі, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бойынша уәкілетті орган;

6) тұрғын жай – тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, белгіленген техникалық, санитариялық және басқа да міндетті талаптарға сай келетін жеке тұрғын үй бірлігі (дара тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме);

7) халыққа қызмет көрсету орталығы – «бір терезе» қағидасы бойынша өтініш өабылдау және құжат беру бойынша жеке және (неемесе) заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетуді ұйымдастыруды жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорын;

8) ХҚКО АЖ – халыққа қызмет көрсету Орталықтарына арналған ақпараттық жүйе.

9) «электрондық үкімет» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырланған үкіметтік ақпаратқа, және электрондв мемлекеттік қызметтерге қолжетімділіктің бірыңғай терезесін көрсететін ақпараттық жүйе;



2. Жалпы ережелер
2. «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке және кезекке қою» осы регламенті (бұдан әрі – Регламент) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою рәсімін және кезектілікті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) анықтайды.

3. Мемлекеттік қызмет «Саран қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетіледі, (байланыс деректері осы Регламенттің 1 қосымшасында көрсетілген).

Мемлекеттік қызмет балама негізде халыққа қызмет көрсету Орталықтары арқылы көрсетіледі: Қазақстан Республикасының көлік және коммуникациялар Министрлігінің мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды және ХҚКО қызметін үйлестіруді бақылау жөніндегі Комитетінің «Қарағанды облысы бойынша ХҚКО» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы Саран қаласының бөлімі және/немесе Қазақстан Республикасының көлік және коммуникациялар Министрлігінің мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды және ХҚКО қызметін үйлестіруді бақылау жөніндегі Комитетінің «Қарағанды облысы бойынша ХҚКО» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы Ақтас поселкесіндегі Саран қаласы бөлімінің өкілдігі (бұдан әрі - Орталық), (байланыс деректері осы Регламенттің 1 қосымшасында көрсетілген) немесе «электронды үкіметтің» веб-порталы: мемлекеттік қызмет алушыда электронды сандық қолтаңбасы бар болған жағдайда (ЭСҚ) www.egov.kz (бұдан әрі-портал).

4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны ішінара автоматтандырылған.

5. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67, 68, 69, 71, 72 және 74 баптары, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы «Ақпараттандыру туралы» Заңының 29 бабы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 ақпандағы «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою» № 76 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын  үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы» №856 қаулысы негізінде көрестіледі.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі кезектің реттік нөмірін көрсетумен есепке қою туралы хабарламаны беру не дәлелді себептерді көрсетумен есепке қоюдан бас тарту туралы дәлелді жауап беру (қағаз тасымалдаушыда немесе электронды нысанда) болып табылады.



3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
7. Мемлекеттік қызмет тиісті елді мекенде (тұру мерзіміне қарамастан) тұрақты тұратын, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж және:

1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына;

2) осы тармақтың екінші бөлігінің 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12) тармақшаларында көрсетілген, тұрғын үйді беру туралы өтініш жасаудың алдында соңғы он екі ай ішінде жиынтық орташа айлық табысы отбасының әрбір мүшесіне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен төмен болатын, халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына. Ең көрсетіледі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшеріндегі коэффициент жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және мүгедек балаларға қолданылмайды;

3) мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға;

4) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі.

Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына:

1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;

2) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;

3) 1 және 2 топтағы мүгедектер;

4) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары;

5) Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2011 жылғы 8 қарашадағы № 1309 қаулысымен бекiтілген аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен (бұдан әрі - кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерінің тізімі) ауыратын адамдар;

6) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;

7) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;

8) оралмандар;

9) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;

10) көп балалы отбасылар;

11) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;

12) толық емес отбасылар жатады.

Адамдар, егер:

1) есепке қойған кезде және коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде Қазақстан Республикасының аумағында меншiк құқығында олардың тұрғын үйi болмаса;

2) есепке қойған кезде және мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде осы елдi мекенде меншiк құқығында тұрғын үйі болмаса;

3) осы елді мекенде олардың тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйі болмаса;

4) отбасы тұратын тұрғын үй белгіленген санитариялық және техникалық талаптарға сай келмесе;

5) жапсарлас, оқшауланбаған тұрғын үй-жайларда екi және одан да көп отбасы тұрып жатса;

6) отбасы құрамында кейбiр созылмалы аурулардың (Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен аурулардың тiзiмi бойынша) ауыр түрлерiмен ауыратын науқастар болып, бiр үй-жайда (пәтерде) олармен бiрге тұру мүмкiн болмаса, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж деп танылады.

8. Осы Регламенттің 14 тармағында анықталған мемлекеттік қызметті алушымен құжаттарды тапсыру мезетінен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) уәкілетті органға не порталға – отыз күнтізбелік күн ішінде;

Орталыққа - отыз күнтізбелік күн ішінде (мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, сонымен, уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынады).

2) Орталықтағы қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезекте максималды мүмкін болатын күту уақыты - 20 минуттан артық емес, уәкілеттік органда - 15 минуттан артық емес.

9. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

10. Жұмыс кестесі:

1) уәкілетті органда – күн сайын, сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс, сондай-ақ мереке күндерінен басқа.

Құжаттарды қабылдау кезек тәртібінде, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз уәкілетті орган маманымен жүзеге асырылады.

Ұлы Отан соғысының мүгедектері және қатысушыларына кезектен тыс қызмет көрсетіледі;

2) Орталықта – мемлекеттік қызмет күн сайын, дүйсенбіден сенбіге дейін қоса алғанда орнатылған жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін көрсетіледі, түскі үзіліссіз, демалыс, сондай-ақ мереке күндерінен басқа.

Қабылдау «электрондық кезек» тәртібінде жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

3) порталда – тәулік бойы.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат мемлекеттік қызмет көрсету орындарында стендтерде, уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

11. Егер азаматтың соңғы бес жылдың iшiнде өз тұрғын үй жағдайларын қасақана нашарлатуы салдарынан мынадай жолдармен мұқтажға айналғаны: 

1) тұрғын үй-жайын ауыстырғаны;

2) оның Қазақстан Республикасының сол немесе басқа елдi мекенiнде болуына қарамастан, оған меншiк құқығымен тиесiлi тұру үшiн жарамды тұрғын үйдi, жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған ұзақ мерзiмдi жеңiлдiктi тұрғын үй кредиттерi бойынша сатып алынған кепiл берушi – Қазақстан Республикасы азаматы ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша мiндеттемелерiн орындауға қабiлетсiз болған жағдайда жергiлiктi атқарушы орган тұрғын үйдi сатып алғаннан басқа жағдайларда, иелiгiнен шығаруы;

3) тұрғын үйдiң өз кiнәсiнен бұзылуы немесе бүлiнуi;

4) тұрған кезiнде оның мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж болмаған кезде тұрғын үйiнен кетуi;

5) жұбайынан, кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз балаларынан, сондай-ақ еңбекке жарамсыз ата-аналарынан басқа адамдарды тұрғызғаны анықталса, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.     

Мемлекеттік қызметті алушы осы регламентте белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру үшiн есепке қоюдан бас тартылады.

12. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушыдан өтініш алу мезетінен бастап және мемлекеттік қызмет нәтижесін беру мезетіне дейін мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:

1) мемлекеттік қызметті алушы Орталыққа, портал арқылы немесе уәкілетті органға қажетті құжаттар пакетімен бірге өтініш береді;

2) Орталық құжаттарды қабылдауды, осы Регламенттің 14 тармағына сәйкестігін тексеруді, тіркеуді жүзеге асырады және құжаттарды уәкілетті органға тапсырады;

3) уәкілетті орган тіркеуді, уәкілетті органға өтініш берген кезде Орталықтан, порталдан немесе мемлекеттік қызмет алушыдан тапсырылған құжаттардың қарауын жүзеге асырады;

4) уәкілетті орган жергілікті атқарушы орган қаулысының жобасын дайындайды және қала әкіміне қол қоюға енгізеді;

5) қала әкімі жергілікті атқарушы орган қаулысының жобасына қол қояды;

6) уәкілетті орган хабарламаны ресімдейді не дәлелді себептерді көрсетумен есепке қоюдан бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Орталыққа, портал арқылы жібереді немесе уәкілетті органға өтініш берген жағдайда тұтынушыға береді;

7) Орталық мемлекеттік қызмет алушыға хабарлама немесе дәлелді себептерді көрсетумен есепке қоюдан бас тарту туралы дәлелді жауапты береді.

13. Орталықта және уәкілетті органда мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын ең аз тұлғалар саны бір қызметкерді құрайды.



4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде

әрекет ету (өзара әрекет ету) тәртібінің сипаттамасы
14. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы не сенімхат бойынша оның өкілі уәкілеттік органға немесе Орталыққа:

1) осы Регламенттің 2 қосымшасына сәйкес үлгі бойынша есепке қою туралы өтінішті;

2) өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің жеке бас куәліктерінің не төлқұжаттарының көшірмелерін;

3) отбасы мүшелерінің неке қию (бұзу), қайтыс болу, баланың туу туралы куәліктерінің көшірмелерін;

4) аумақтық әділет органының анықтамасын (өтініш берушіде және онымен тұрақты бiрге тұратын барлық отбасы мүшелерiнде оларға меншiк құқығымен тиесiлi тұрғын үйдің бар болуы немесе жоқ болуы туралы);

5) жергілікті атқарушы орган анықтамасын (өтініш берушіде және онымен тұрақты бiрге тұратын барлық отбасы мүшелерiнде тұрақты пайдалануында осы елді мекенде коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйдің бар болуы немесе жоқ болуы туралы);

6) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесін және түпнұсқасын (құжатты салыстырып тексеру үшін) не тиісті елді мекенде тұратынын растайтын адрестік бюроның немесе ауыл округі әкімінің анықтамасын;

7) басқа тұлғаларды өтініш берушінің отбасы мүшелері деп таныған жағдайда соңғыларға оларды өтініш берушінің отбасы мүшелері деп тану туралы соттың шешімі беріледі;

8) халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтар қосымша өтініш берушінің (отбасының) халықтың әлеуметтік осал топтарына тиесілігін растайтын құжатты ұсынады;

9) халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтар (жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды және мүгедек балаларды қоспағанда), қосымша өтініш жасаудың алдында отбасының әрбір мүшесіне соңғы он екі ай ішінде табысы туралы мәліметтерді ұсынады;

10) мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдар қызметкерлерi, әскери қызметшілер және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар санатына жататын азаматтар қосымша жұмыс (қызмет) орнынан анықтама ұсынады. Ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер Қазақстан Республикасының Үкіметімен берілетін олардың мәртебесін растайтын құжатты;

11) жалғыз тұрғын үйі авариялық жағдайда деп танылған азаматтармен жергілікті атқарушы органның тиісті анықтамасы ұсынылады;

12) отбасы тұратын тұрғын үй белгіленген санитариялық және техникалық талаптарға сай келмеген,  не    жапсарлас, оқшауланбаған тұрғын үй-жайларда екi және одан да көп отбасы тұрып жатқан, не отбасы құрамында кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын науқастар болып, бiр үй-жайда (пәтерде) олармен бiрге тұру мүмкiн болмаған жағдайда, тұтынушылар қосымша тиісті уәкілетті органның анықтамасын ұсынады.

Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын құжаттар мәліметтерін уәкілетті орган немесе Орталық қызметкері уәкілетті тұлғаның ЭСҚ куәландырылған электрондық құжаттар түрінде Орталықтың ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Порталда:


  1. Мемлекеттік қызмет алушының ЭСҚ куәландырылған электрондық құжат түріндегі сұраныс;

  2. Осы Регламенттің 14 тармағының екінші бөлігінде көрсетілген мәліметтер – сканерден өткізілген түрде электрондық сұранысқа тіркеледі.

Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын құжаттар мәліметтерін уәкілетті орган уәкілетті тұлғаның ЭСҚ куәландырылған портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. Жеке бас куәлігінің не төлқұжаттың немесе сенімхаттың көшірмесін тексеру үшін тексергеннен кейін мемлекеттік қызмет алушыға қайтарылатын құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

15. Барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушыға:

1) уәкілетті органда немесе Орталықта:

сұраныс нөмірі мен қабылдау күнін;

сұратылған мемлекеттік қызмет түрін;

қоса тапсырылған құжаттар саны мен атауын;

құжаттарды беру күні (уақыты) мен орнын;

құжаттарды ресімдеуге сұранысты қабылдаған Орталық қызметкерінің не уәкілетті орган қызметкерінің тегін, атын, әкесінің атын;

мемлекеттік қызмет алушының тегін, атын, әкесінің атын, уәкілетті өкілдің тегін, атын, әкесінің атын және олардың байланыс телефондарын көрсетумен мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.

2) порталда мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинетіне» уәкілетті органмен құжаттарды қабылдау күнін, уақытын және мемлекеттік қызметті алу күнін көрсетумен өтініш қабылдау туралы хабарлама-есеп жолданады.

15. Уәкілетті органда құжаттарды қабылдау осы Регламенттің 14 тармағымен белгіленген талаптарды сақтаумен мемлекеттік қызмет алушының тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органның мамандарымен жүзеге асырылады.

16. Уәкілетті органмен дайын құжаттарды беру күн сайын қолхат бойынша онда көрсетілген мерзімде мемлекеттік қызметті алушы не сенімхат бойынша оның өкілі жеке келіп-кеткен кезде, құжаттарды беруді есепке алу журналында тіркеумен жүзеге асырылады.

Орталықта мемлекеттік қызметті алушыға дайын құжаттарды беру қолхатта көрсетілген мерзімде күн сайын «терезе» арқылы Орталық қызметкерімен жүзеге асырылады.

Порталда дайын құжаттарды беру уәкілетті орган қызметкерінің ЭСҚ куәландырылған «жеке кабинетке» не мемлекеттік қызметті алушының электрондық поштасына (өтініште көрсеткен кезде) автоматты түрде жіберу жолымен жүзеге асырылады.

17. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер іске қосылады (бұдан әрі - ҚФБ):

1) Орталық қызметкері;

2) уәкілетті орган басшысы;

3) уәкілетті орган маманы;

4) қала әкімі.

18. Әр әкімшілік әрекетті (рәсімді) орындау мерзімін көрсетумен әр ҚФБ әкімшілік әрекеттері (рәсімдері) жүйелілігінің және өзара әрекет етуінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламенттің 3 қосымшасында келтірілген.

19. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік әрекеттер және ҚФБ қисынды дәйектілігі арасындағы өзара байланысты айқындайтын кесте осы Регламенттің 4 қосымшасында келтірілген.


5. Мемлекеттік қызметті көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
20. Мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты тұлға уәкілетті органның басшысы және Орталық басшысы (бұдан әрі – лауазымды тұлғалар) болып табылады.

Лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мерзімде мемлекеттік қызметті көрсету сапасына және жүзеге асыруға жауапкершілік артады.

«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан

тұрғын үйге немесе жеке тұрғын

үй қорынан жергілікті атқарушы

орган жалдаған тұрғын үйге

мұқтаж азаматтарды есепке қою

және олардың кезегі»

мемлекеттік қызмет көрсету

регламентіне

1 қосымша

«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және олардың кезегі» мемлекеттік қызметті көрсету бойынша уәкілетті органның және халыққа қызмет көрсету орталықтарының байланыс мәліметтері



Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі міндеттерді жүзеге асыратын уәкілетті органның және халыққа қызмет көрсету орталықтарының атауы

Орналасқан жері, мекенжайы,

электрондық мекенжайы




Байланыс телефоны

Жұмыс кестесі


1

2

3

4

«Саран қалысының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

101200, Қарағанды облысы, Саран қаласы, Жамбыл көшесі, 67, 108 каб

www.zhkh.saran-akimat.kz


тел.ф.

(872137)

5-00-10


Күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерінен басқа

Қазақстан Республикасының көлік және коммуникациялар Министрлігінің мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды және ХҚКО қызметін үйлестіруді бақылау жөніндегі Комитетінің «Қарағанды облысы бойынша ХҚКО» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы Саран қаласының бөлімі

101200, Қарағанды облысы, Саран қаласы, Жамбыл көшесі, 85/3

www.saran@mail.ru


(872137)

5-03-09


Күн сайын сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін, үзіліссіз, демалыс (жексенбі) және мереке күндерінен басқа)

Қазақстан Республикасының көлік және коммуникациялар Министрлігінің мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды және ХҚКО қызметін үйлестіруді бақылау жөніндегі Комитетінің «Қарағанды облысы бойынша ХҚКО» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы Ақтас поселкесіндегі Саран қаласы бөлімінің өкілдігі

101203, Қарағанды облысы, Саран қаласы, Ақтас поселкесі, Первомайская көшесі,

16 Б


www.saran@mail.ru


(872137)

5-20-34


Күн сайын сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін, үзіліссіз, демалыс (жексенбі) және мереке күндерінен басқа)

«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан

тұрғын үйге немесе жеке тұрғын

үй қорынан жергілікті атқарушы

орган жалдаған тұрғын үйге

мұқтаж азаматтарды есепке қою

және олардың кезегі»

мемлекеттік қызмет көрсету

регламентіне

2 қосымша

«Саран қалысының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»ММ бастығы

____________________________

(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)

______________________________

______________________________

мекенжайы бойынша тұратын

азамат(ша)_____________________

______________________________

(тегі, аты, әкесінің аты)

Өтініш

Сізден мені мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге/жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаждардың есебіне қоюыңызды сұраймын.


Қосымша: _________________

__________________________

(күні, қолы)

«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және олардың кезегі» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне

3 қосымша



Әр әкімшілік әрекеттің (рәсімнің) орындалу мерзімін көрсетумен әр ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің (рәсімдерінің) жүйелілігі және өзара әрекет етудің мәтіндік кестелік сипаттамасы
1 кесте. ҚФБ әрекеттерінің сипаттамасы

Әрекет (барыс, жұмыс ағынының) №

1

2

3

ҚФБ атауы

Орталық қызметкері

Орталық қызметкері

Уәкілетті орган маманы

Әрекет (үдеріс, операция) атауы

және олардың сипаттамасы



Құжаттарды қабылдау, ұсынылған құжаттарды тексеру

Тізілімді құрайды


Құжаттарды қабылдау, құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асыру, тіркеу

Аяқтау нысаны

(деректер, құжат,

ұйымдастыру-өкімдік шешім)


Журналда тіркеу және мемлекеттік қызметті алушыға қолхат беру

Уәкілетті органға құжаттарды жіберу

Бұрыштама қою үшін уәкілетті орган басшысына құжаттарды жіберу

Орындау мерзімдері

20 минут

1 жұмыс күні ішінде кемінде 2 рет

15 минут

Келесі әрекеттің нөмірі

2

3

4




Негізгі үдерістің (барыстың, жұмыс ағының) әрекеттері

Әрекет (барыс, жұмыс ағынының) №

4

5

6

ҚФБ атауы

Уәкілетті органның басшысы

Уәкілетті органның маманы

Қала әкімі

Әрекет (үдеріс, операция) атауы

және олардың сипаттамасы



Хат-хабармен танысу

Жергілікті атқарушы орган шешімінің жобасын ресімдеу

Жергілікті атқарушы орган шешімінің жобасына қол қою

Аяқтау нысаны

(деректер, құжат,

ұйымдастыру-өкімдік шешім)


Бұрыштама қою, құжаттарды жауапты орындаушының орындауына тапсыру

Жергілікті атқарушы орган шешімінің жобасын қол қоюға қала әкіміне енгізу

Жергілікті атқарушы орган шешімінің жобасын уәкілетті органға тапсыру

Орындау мерзімдері

2 жұмыс күні

7 жұмыс күні

7 күнтізбелік күн

Келесі әрекеттің нөмірі

5

6

7




Негізгі үдерістің (барыстың, жұмыс ағының) әрекеттері

Әрекет (барыс, жұмыс ағынының) №

7

8

9

10

ҚФБ атауы

Уәкілетті органның маманы

Уәкілетті органның басшысы

Уәкілетті органның маманы

Орталық инспекторы

Әрекет (үдеріс, операция) атауы

және олардың сипаттамасы



Хабарламаны немесе есепке қоюға бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдеу

Хабарламаға немесе есепке қоюға бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою

Хабарламаны немесе есепке қоюға бас тарту туралы дәлелді жауапты тіркеу.

Хабарламаны немесе есепке қоюға бас тарту туралы дәлелді жауапты Орталыққа тапсыру немесе мемлекеттік қызмет алушыға беру



Хабарламаны немесе есепке қоюға бас тарту туралы дәлелді жауапты мемлекеттік қызмет алушыға беру

Орындау мерзімдері

7 күнтізбелік күн

2 жұмыс күні

1 жұмыс күні ішінде

1 жұмыс күні ішінде

Келесі әрекеттің нөмірі

11

12

13



2 кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы үдеріс



1 топ ҚФБ

Орталық қызметкері



2 топ ҚФБ

Уәкілетті органның маманы



3 топ ҚФБ

Уәкілетті органның басшысы



5 топ ҚФБ

Қала әкімі



№ 1 әрекет

Құжаттарды қабылдау, ұсынылған құжаттарды тексеру. Журналда тіркеу және мемлекеттік қызмет алушыға қолхат беру



№ 2 әрекет

Орталықтан, портал арқылы немесе мемлекеттік қызмет алушыдан өтінішті қабылдау, құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асыру, тіркеу, бұрыштама қою үшін уәкілетті орган басшысына өтінішті жолдау



№ 3 әрекет

Құжаттамамен танысу. Бұрыштама қою, құжаттарды жауапты тұлғаға орындауға тапсыру.









№ 4 әрекет

Жергілікті атқарушы орган шешімінің жобасын ресімдеу. Жергілікті атқарушы орган шешімінің жобасын қол қоюға қала әкіміне енгізу.





№ 5 әрекет

Жергілікті атқарушы орган шешімінің жобасына қол қою. Жергілікті атқарушы орган шешімінің жобасын уәкілетті органға тапсыру






№ 6 әрекет

Хабарламаны немесе есепке қоюға бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдеу



№ 7 әрекет Хабарламаға немесе есепке қоюға бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою







№ 8 әрекет

Хабарламаны немесе есепке қоюға бас тарту туралы дәлелді жауапты тіркеу.









№ 10 әрекет

Хабарламаны немесе есепке қоюға бас тарту туралы дәлелді жауапты мемлекеттік қызмет алушыға беру



№ 9 әрекет

Хабарламаны немесе есепке қоюға бас тарту туралы дәлелді жауапты Орталыққа, порталға тапсыру немесе мемлекеттік қызмет алушыға беру












Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет