Мен сені қалай сүюді білмеймін...
Мен сені дәл қалай сүюді білмеймін,
Білмеймін қайсы бір сезімді арнауды.
Сұрар ем Тәңірден ең мөлдір көзіңнен,
Ең таза ынтықпен көзімді алмауды,
Көзімді алмауды мың ғасыр,
Мың ғасыр телміріп тұрғым-ақ келеді.
Бар аңсар өзіңе аусайшы,
Тіпті, ұмытқым келеді барлығын.
Тек сені білгім-ақ келеді,
Дайынмын, дайынмын дәл бүгін!
Әр айтқан сөзіңді сызылтып ,
ән еткім келеді ең нәзік,
Әр басқан ізіңді көркемдеп, гүл еккім келеді ең нәзік.
жыр еткім келеді ең ұзақ,
Ең нәзік сөздерді жиып ап!
Мәңгіге ғашық боп қалсамшы,
Ал, өмір шектеулі қиын - ақ!
Бейнеңді салсамшы қардан ақ қағазға,
Ең нәзік қаламмен, ең ашық бояумен.
Қалайша салуға болады, сендегі
ең сұлу, ең нәзік, аяулы өң!
Аяулы өңіңді көруге қарасам бола ма аспанға
Қарасам бола ма гүлдерге!
Жұлдызға қарайын, болмаса
Нұрлы айдан көруге бола ма түндерде!
Қалар ем Тәңірден, жып-жылы қолыңа,
Жаураған жанымды салуды.
Қалар ем себепсіз қасыңда болуды, мың асыр.
Мың ғасыр тапжылмай тұрғым-ақ келеді.
Мың ғасыр ол аздық етеді,
Мәңгілік деймін!
мәңгілік жаныңда болсамшы!
Мен сені сұрар ем Тәңірден ғаламның көзінше!
Мен сені қалайша сүюді білмеймін...
Білемін сүюді өзімше!
Менен сізге сауға! Трэкке айналса қуанар ем. Әдемі сөздерге әдемі ән жазылады емес пе?
Достарыңызбен бөлісу: |