«ххі ғасыр дағдылары қалыптасқан «Мінсіз оқушы» моделін құрастыру.»



бет1/4
Дата03.10.2023
өлшемі15.75 Kb.
#479687
  1   2   3   4
«ххі ғасыр дағдылары қалыптасқан «Мінсіз оқушы» моделін құрастыр-emirsaba.org


«ххі ғасыр дағдылары қалыптасқан «Мінсіз оқушы» моделін құрастыру.»


«ХХІ ғасыр дағдылары қалыптасқан «Мінсіз оқушы» моделін құрастыру.»
Білім беру елдердің бәсекелестікке қабілетті болуын қамтамасыз ететін ең тиімді әрі ұзақ мерзімді стратегия болып табылады. Қазіргі таңда экономикалық өсу және азаматтардың әл-ауқаты үшін білімнің айтарлықтай маңызды екенін бүкіл әлем мойындауда. Технология, коммуникация мен ғылым салаларындағы елеулі өзгерістер әлемдік экономикаға айтарлықтай ықпал ете отырып, әрбір азаматқа ХХІ ғасырда табысты болу үшін қажетті білім мен дағдыларды алға тартады. Қазіргі кезде табысты болу үшін оқушыларға білім қандай қажет болса, дағды да сондай қажет деген ойдың жақтастары көбейіп келеді. Бұл оқушылардың ақпаратты есте сақтап, алған білімдерін ұғынуын, түсінуін және әртүрлі салада қолдана білуін талап етеді. Білімді дәл осылай қолдану оқушыларға «ХХІ ғасыр дағдысы» деп жиі айтылып жүрген кең ауқымды құзыреттілікті меңгеруге мүмкіндік береді.

Бұл ретте құзырет жай ғана білім мен дағдыдан анағұрлым күрделі. Ол белгілі бір жағдайларда психологиялық ресурстарды (оның ішінде дағдылар мен өмірлік ұстанымдарын) жұмылдыра және соған сүйене отырып, күрделі міндеттерді шеше білу қабілетін қамтиды. Мысалы, тиімді қарым-қатынас құру қабілеті жеке адамның тіл білуіне, ақпараттық технологиялар саласындағытәжірибелік дағдыларына және оның өзгелермен қарым-қатынас құра алуына сүйенетін құзырет болып табылады.


Бүгінгі таңда оқушы бойында қалыптастыру көзделетін құндылықтар мен дағдылардың тізімі жасалған. Осы құндылықтар мен дағдыларды атап өтер болсам:

Ал осындай құндылықтар мен дағдыларды оқушы бойында қалыптастыратын, ұлт болашағына сапалы білім мен саналы тәрбие беру ісін ұйымдастыратын орта бұл мектеп және ондағы негізі тұлға – мұғалім.


Оқушының жан-жақты дамуына жол ашатын ХХІ ғасыр мектебі қандай болу керек?
ХХІ ғасырдың мектептері оқушыларды өмірде, жұмыста және азаматтық ұстанымында өзгелермен ынтымақтастықта өмір сүруге дайындай отырып, ұлттық және жаһандық пікір алуандығының шынайылығын ұғына отырып, өзіндік дербестігі мен ерекшелігін дамытуға көмектесуі керек.

«Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» - деп ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин айтқандай, бүгінгі күннің жақсы мұғалімі қандай болу керек?




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет