Мәнерлеп оқудың амал-тәсілдері



Дата23.04.2022
өлшемі13.6 Kb.
#456739
Мәнерлеп оқудың амал




Мәнерлеп оқудың амал-тәсілдері
Мәнерлеп сөйлеудің келесі тәсілдерінің бірі-кідіріс (пауза). Сөйлеген сөз немесе оқылатын мәтіндегі сөйлемдер толассыз, шұбатылып айтыла бермейді. Олардың арасында белгілі бір үзіліс болады. Сонда сөйлемдегі сөз тіркестері немесе сөз түйдектері немесе сөйлемдер арасындағы толасты кідіріс деп атайды.
Кідіріс 3 түрге бөлінеді:
1. Бір сөйлем ішіндегі сөз тіркестерін бөліп тұратын кідірісті қысқа кідіріс деп атайды.
2. Белгілі бір ойдың аяқталғанын білдіретін кідіріс орташа кідіріс немесе логикалық кідіріс деп аталады.
3. Тыңдаушының назарын аудару үшін жасалатын кідіріс ұзақ кідіріс немесе психологиялық кідіріс деп аталады. 
Мәнерлеп сөйлеуде жиі қолданылатын тәсілдердің бірі-сөйлеу қарқыны (темп). Сөйлеу қарқыны дегеніміз- шығарма мазмұнына байланысты шығарманың айтайын деген ойын тыңдаушыға жеткізу үшін және әр кейіпкердің өзіне тән ерекшеліктерін байқату үшін дауысты түрліше құбылта білу. Көбінесе балабақшада оқылатын шығармалар орташа қарқынмен оқылады. Мәнерлеп сөйлеуде дауыс күші де басты роль атқарады.
Дауыс күші дегеніміз — дауыстың ашықтығы, айқындығы және дауысты игере білу яғни ақырын сөйлеуден қатты сөйлеуге, қатты сөйлеуден ақырын сөйлеуге немесе орташа қарқынмен сөйлей білуге ауыса білу. Дауыс күші көркем сөз оқушыға кейіпкердің іс-әректін, мінез-құлқын толық сипаттап беруге көмектеседі. Көркем шығарманы мәнеріне келтіріп оқып беруде немесе баяндауда қолданылатын тәсілдерінің бірі — сөйлеу әуені немесе мелодикасы. Дауыс ырғағының не көтеріліп бәсеңдеуін, не бәсеңдеп барып көтерілуін сөйлеу әуені дейді. Сөйлеу әуенін дұрыс сақтау үшін сөйлемдегі тыныс белгілерге ерекше көңіл бөлу керек.
Мәнерлеп сөйлеуде ерекше көңіл бөлінетін тәсілдердің бірі – сөйлеу нақышы (тембр). Дауыстың эмоциялық бояуын сөйлеу нақышы дейді. Сөйлеу нақышы айтылу мақсатына қарай қапалы, үрейлі, қуанышты, көңілді, өкінішті, таңдану, жайдары т.б. тұрғыда болуы мүмкін. Оқылатын көркем шығарманың мазмұнына қарай тәрбиеші дауыс нақышын айқындап балаларға жеткізе білу қажет. Кейде оқылатын немесе баяндалатын шығармадағы кейіпкерлердің ерекшелігі тәрбиешінің бет-әлпетінің құбылысына байланысты да түсіндіріледі. Осындай бет-әлпеттің құбылысы мимика деп аталады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет