Бонусқа қарап оқушы бой түзейді
Жаңа 2012-2013 оқу жылы біздің мектебімізде қуанышты хабармен басталды. Мектебімізде «Назарбаев зияткерлік мектебінің» базасы ашылатын болды деген қуанышты хабар келді. Мектепте экспери-менттік сыныптар ашылды.
Оқушылар іріктеліп, тек жақсы оқитын балалар бұл сыныптарда оқитын болды. Менің екі балам да осы эксперименттік сыныпқа түсті. Бұл сыныптың ерекшеліктері көп екен. Тек жақсы оқу басты міндеті болғанымен , балалар жан-жақты болу үшін барлық жағдайлар жасалуда. Көптеген үйірме сабақтар ашылып, балаларымыздың мектепке баруға деген ынтасы жоғарылады. Басқа сыныптан айырмашылығы тағы да, біздің сыныптарда сынып жетек-шімен қатар психолог мамандар мен куратор жұмыс жасап жатыр. Олар күнделікті біздің балаларымыздың мінездерін байқап, балаларға көптеген тренингтер өткізіп жатыр. Бүның өзі баланың көзқарасының өзгеруіне көмек деп ойлаймын. Бонустық жүйе бағдарламасы жүзеге асып жатыр. Бұл да жаңа бағдарлама. Әр оқушыға сабақ үлгерімі бойынша бонус беріледі. Және де бонус сыныпқа да беріледі. Бонус жинау үшін балаларымыз көптеген халықаралық олимпиадаларға қатысу керек екен. Менің байқағаным- балаларым бір-бірімен жарысып оқитын болды. «Жаңаның бәрі қызық» демекші, жаңа бағдарламаны балалар өте жақсы қабылдады. Тағы да айтатыным балаларды ынталан-дыру ретінде әр тоқсан қорытындысы бойынша «Тоқсан көшбасшысы», «Үздік оқушы» деген номинациялар жарияланып, оқушылар марапат-талды.
Осындай көптеген жаңалықтар біздің мектебімізде жүзеге асып жатыр. Ата-ана ретінде мен мектеп әкімшілігіне, мектеп ұстаздарына жаңа бағдарлама ашылуына ықпал еткен үшін алғысымды білдіремін.
5 «б» сынып оқушысы Пірмағанбет Ажардың ата-анасы Камитбек А.Ж.
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»
Н.Ә.Назарбаев
Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік көлемде, білім, білік, дағдыларды меңгерумен бірге, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту бүгінгі күннің талабы болып тұр. Себебі, ХХІ ғасыр-ғылым ғасыры.
Бұның дәлелі, бұл 2012-2013 оқу жылында мектебімізде эксперимент сыныптар ашылып отыр. Соның ішінде мен осы оқу жылынан бастап 6А, 7А, 7Б, 7Г, 7Д эксперименттік сыныптарына жұмыс жүргізіп отырмын. Яғни, мен еліміздің астанасы Астана қаласында 3 айлық «Сындарлы оқыту теориясы» курсы бойынша алынған білімімді іс жүзінде,қолданудамын. Мен өз сабақтарымда қарастырылатын 7 модульмен қоса, әдіс-тәсілдерді ұтымды қолдану арқылы сабақ сапасын арттырып қана қоймай, оқушыларымның пәнге деген қызығушылығын арттырып, білімді өз бетімен меңгеруге деген құлшыныстарын байқаудамын.
Және мені қуантантатыны оқушылар белсенділікті өз қолына алып, сабақты өз бетімен меңгеруге талаптанғаны, білімге деген қызығушылығы жоғары болып, оқуға деген көзқарастарынын түбегейлі өзгергені.
Айтқым келгені, дәстүрлі сабақтарымызда әдетте бағалауды өзіміз жүргізетін едік, ал мына «Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау» модулін қолдануда, мойындау керек, біршама қиын-дықтар кездеседі, уақыт өте оқушылар бағалау әдісін меңгеріп кетеді деп сенемін.
Себебі, әрбір модульдің құндылығы оқушылардың білім сапасын арттыруға көмегі зор. Эксперимент сыныптарда сабақ жүргізу күрделі әрі қызықты. Ең маңыздысы осы жұмыстардың нәтижелі жемісті болуында.
Сабақтарымда бейнефильм, мультимедиялық презентациялар, дыбыстарды, анимациялық сурет-тердің көмегімен монолог, диалог түрінде сөйлеу қабілетін қалып-тастыру мақсатында қолданамын. Себебі, оқушылардың шетелде болмай-ақ сол елдің тілінде еркін сөйлей алу қабілетіне ие болуы оңай емес деп түсінемін.
Осылайша эксперемент сынып-тарында ағылшын тілін оқытып үйретуде алдыма қойып отырған басты мақсатым: ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру, грамма-тикалық құрылымдарды толық меңгерту, оқушының сөздік қорын молайтып, оны орынды дұрыс қолдана білуге жаттықтыру, жас ерекшеліктеріне сай оқу, жазу, сөйлеу, тыңдау дағдыларын қалып-тастыру. Ағылшын тілінде сөйлеуге дайындығын қалыптастырып, тілді әрі қарай үйренуге деген ынта-ықыласын, қызығушылығын арттыру.
Әрдайым, сабақтарда фонетика-лық, лексикалық және граммати-калық материалдарды тәжірибиемде қолданып отырудың маңызы зор деп түсінемін. Эксперимент сынып оқушыларын жай сынып оқушылармен тілді үйрену жағынан салыстырғанда айтарлықтай нәтиже бар. Яғни, эксперимент сынып оқушылары мәтінді әңгімелеп, сөйлеушіні тыңдап, түсінуге, өз бетімен лексико-грамматикалық жаттығуларды орындай алатындай деңгейде болады. Осылайша олар жай сынып оқушыларына қарағанда, әлде қайда алда болады.
Ойымды қорытындылай келе, үш тілді қатар меңгерген егеменді еліміздің қазақ қоғамын тәрбиелеу-де, эксперимент жағдайында ағылшын тілін бастауыштан бастап оқытудың маңызы зор дегім келеді. Өзге елдегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын терең білімді ұрпақ дайындау-басты мақсатымыз.
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Маденова Г
Уроки по-новому
В своем Послании народу Казахстана Н.А.Назарбаев указал на то, что к 2020 году будет проведена кардинальная модернизация всех уровней образования. Будут предос-тавляться возможности как для получения знаний, так и повышения квалификации, приобретения новых знаний и навыков на протяжении всей жизни человека. Теперь во главе урока стоит ученик. Он сам ответственен за свое образование, находясь постоянно в творческом поиске. Учитель же выступает в роли координатора. Современный урок повышает самооценку учащегося. Он верит в свои силы и стремится узнать и добиться большего.
Пройдя курсы повышения квалификации в г.Астане по Программе, разработанной совместно с Кембриджским Университетом, мы приехали в родную школу, чтобы внедрять идеи Программы на практике. Самое главное – это то, что я научилась смотреть на детей другими глазами. Важно быть более внимательным к каждому ученику, рассматривать его как индивидуальную личность, использовать на уроках активные методы обучения. Один из которых-групповая работа, где дети развивают свои мыслительные процессы, дискутируют, стремятся вместе находить наиболее эффективные и оптимальные пути решения. Сравнивая свои уроки до курсов с нынешними, я с уверенностью могу сказать, что уроки с применением активных методов очень нравятся моим ученикам, они стали свободнее выражать свои мысли.
В конечном итоге, мы учителя должны подготовить учащихся, которые свободно ориентировались бы в жизни, умели применять полученные знания, вырасти свободолюбивыми и уверенными личностями, способными к анализу и прогнозированию.
Учитель русского языка и литературы Мержанова Г.Р.
Біз экспериментті қолдаймыз!
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған зияткерлік мектептер мен Назарбаев Университеті – «Интеллектуалдық ұлт-2020» жобасын жүзеге асырудың негізі. Қазір елімізде осы бағытта кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Астанада Назарбаев университеті ашылғаны белгілі. Енды біз және біздің дарынды жастарымыз шетел аспай-ақ, халықаралық стандарттар негізінде білікті маман даярлайтын аталған жоғары оқу орнында оқуларына болады. Ал Назарбаев зияткерлік мектептері сол іргелі білім шаңырағына талапкерлерді дайын-дайды десек те болады. Себебі, Назарбаев университетінің студенті атану үшін талап қатты: тек қана дарынды, қабілетті, білімді жастар қабылданады. Ал мұндай өрендер негізінен Назарбаев зияткерлік мектептерінде білім алады. Осы сөзімді негізге ала отырып, өзімнің білім алып жатқан №3 мектеп-лицейінің «Назарбаев зияткерлік» мектебінің базасына айналуы, қала мектептерінің ішінде іріктелініп біздің мектепті лайық деп санауының өзі біздің арманымызға жетуімізге бірден-бір алғышарт болып табылады.
Осы талапқа сай мектебімізде «Бонус.kz» бағдарламасы енгізілді. Бағдарлама оқушыларға тиімді әрі пайдалы. «Бонус.kz» бағдаламасы оқушыларды білімділікке, тәртіп-тілікке, жақсылыққа ынталандырады. Осыған орай сыныптар аралығында «Бонус.kz» жинау арқылы «Тоқсан көшбасшысы» болуға талпынады. Мектебімізде әр тоқсан көшбас-шысын анықтау үшін үлкен іс-шаралар өткізіледі.
5-7 сыныптар аралығында әр сыныптың көшбасшылары анық-талып марапатталса, І, ІІ орындарға бонус көп жинаған оқушылар ие болады. «Бонус.kz» көп жинаған оқушыларға мектебіміздің тәрбие бөлімінің басшысы Гүлнар апайымыз алғыстарын айтып, барлық оқушылардың маңдайларынан сүйіп, өзінің ыстық ықыласын білдірді. Мұны көрген оқушылар осындай атқа ие болу үшін алға талпынатындарына, одан әрі білімдерін шыңдай түсулеріне ынталарының артарына сенімім мол. Егер де оқушы тәртібі нашар, сабақ орындамайтын болса 5-15 балл аралығында ұпайларын жоғалтады. Тоқсан соңында ол тәртіпсіздіктері ескеріліп, жиналған балынан азайтылады. Сондықтан Назарбаев зияткерлік мектебінің тәжірбие алаңы болған бұл мектепте тек үздік және жақсы оқитын оқушылар ғана оқиды. Осы үздік оқушылардан болашақта ел тұтқасы болатын түрлі маман иелері шығады деп ойлаймын. Және де осындай интеллектуалды мектептер көбейе беруін қалаймын. Қазақ еліндегі бүкіл оқушыларға алдағы уақытта «Ақ жол» тілеймін!
6 «Б» сынып оқушсы
Аппазов Алмас
Қазақстанда орта білім жүйесін жаңғырту үрдісіне «Назарбаев Зияткерлік мектептері» қазіргі таңда біздің балаларымызға үлкен қолдау болып отыр.
Күнделікті жаңалықтардан естіп, көріп отырмыз.Әлем елдерінде дарынды балаларды дамытудың түрлі арнайы білім бағдарламалары енгізіліп жатыр. Мысалыға, Құрама Штаттарда 1970 жылдан бастап дарынды балаларға арналған арнайы білім бағдарламасы жұмыс істеп келеді.Германия мен Франция мектептерінде дарынды балаларды оқыту бойынша арнайы сыныптар мен гимназиялар жұмыс істейді. Барлық білім беру реформаларының аясында дарынды балаларды оқытуға арналған тәуелсіз автономиялық мектептер мен мектеп желісі құрылуда.
Осыған байланысты біздің елімізде де Назарбаев Зияткерлік мектептері ашылып жатқаны бәрімізге мәлім. Осы сөзімді әрмен қарай жетілдіріп, мақтанышпен айта кететінім, ол біздің балаларымыздың оқып жатқан мектебін айтқым келгені.
Қаламыздағы 50 мектептің ішінен іріктелініп, Назарбаев Зияткерлік мектеп базасына лайық деп саналған № 3 мектеп-лицейі.
Балалардың қуаныштарында шек жоқ.Сабаққа деген ынталарына қарап,біздің ата-аналардың үміті зор.
Гүлжан Ережепқызы басқарған №3 мектеп-лицейі бұл атқа ие болмай тұрғанда-ақ өте мықты білім ордасы еді. Міне, бұл мектептің өз жемісінің белгісі емес пе?
Балалардың айтуы бойынша «Бонус Кz» бағдарламасы енгізілген. «Бонус кз» бағдарламасы бойынша, бонус жинап, бір-бірлерімен жарысып оқып, түрлі мектепшілік және мектептен тыс қосымша үйірмелерге қатысады.Қай бала көп бонус жинаса, әр тоқсан бойынша марапатталып, тоқсан көшбасшысы атанады.Осындай атқа ие боламын деген балаларда талпыныс өте жақсы.Балалардың бос уақыты болмайды, тек сабақ бос уақытын үйірмелерге барып өткізеді.
Іші-сырты бірдей сыңғырлап тұрған білім ордасы қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен, интерактивті тақталармен,физика, химия, биология, сондай-ақ техникалық модельдеу, технология және өнер, дебат, журналистика кабинетермен жабдықталған.
Осындай мектепте оқыған балаларымыздың білім сапасы да өте жоғары.Сол білімді ұғындырып, саналы да, сапалы білім, тәлім- тәрбие беріп жатқан ұстаздардың да еңбегі зор.Балаларымыздың осындай білім ошағында білім алып жатқанына қуаныштымыз. Алдағы уақытта Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасына айналған №3 мектеп-лицейінің еңсесі биік болсын, білімді, талантты, ел басқаратын ұрпақ шықсын деп,
Ізгі тілекпен ата-аналар атынан Өтегенова Гүлмира.
Мен, Мұстафа Әсел Қызылорда қаласының №3 мектеп-лицейінің 6 «А» сыныбында оқимын. Осы 2012-2013 оқу жылынан бастап Президент атындағы интелектуалды мектепке дайындау мақсатында 5-7сыныптар аралығында эксперемент сыныптары ашылды. Әр эксперементтік сыныптар «бонус.кz» бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Осы бағдарлама бойынша тоқсан сайын әр сыныптан «Тоқсан көшбасшы» іріктеледі.
Бірінші тоқсан қорытындыы бойынша 6 «А» сыныбынан мен «Тоқсан көшбасшысы» атандым. Ал 1-ші орынды Сағынышова Нұрайым, 2-ші орынды Мәди Айтолқын иеленді. Бұл менің ұстасдарымның маған артқан үлкен сенімі. Алдағы уақытты да ұстаздарымның сенімін ақтауға тырысамын. Келешекте Назарбаев зияткерлік мектебінде оқу менің алдыма қойған негізгі мақсатымның бірі.
1)Ақыл- алтын сандық, Адамнына қарай ашылар.
2)Білімнің басы-бейнет, соңы –зейнет.
3)Ғылым-теңіз, білім-қайық.
6 «А» сынып оқушысы Мұстафа Әсел
НЗМ-нің іс-тәжірибесі әкелген жаңа леп
Биыл біздің мектеп Назарбаев зияткерлік мекте-бінің базасы болды. Бізді іріктеп «эксперименттік сы-ныптарға» бөлді.
Ол сыныптарға тек «үздіктер» мен «екпінді» оқушыларды жинады. Бала-лардың бәрі қуанышты. Бұл сыныптарда бонустық жүйе-мен жұмыс істеу бағдарла-масы ашылды. Біз қандай жарыстарға қатыссақ та, бізге бонус қосылады. Ол үшін ұстаздар біздің киген киімімізге, тәртібімізге қарап, бізге бонус қосады.Мен де «экспе-рименттік сыныптар-дың» біріне түстім. Ол-5 «Б» сыныбы. Бізде тек оқушыларға ғана емес, сыныпқа да бонус қосылады. Тоқсан қорытындысы бойынша біздің сыныпта «Тоқсан көшбасшысы» номинация-сын Нұрбек Ғани иемденді. Меніңше, барлығы әділ болған сияқты. Себебі, оқу қорытындысы бойынша Ғани үздік оқушылардың қата-рында және мектепте өткен көптеген іс-шараларға қаты-сып, белсенділік танытты. Сондай нәтижені көрген біздердің барлығы-мыздың бойымызда ынта-жігер пайда болған сияқты. Сонымен қатар бірінші тоқсан қорытындысы бойынша 5 «Б» сыныбы оқу үлгірімі бойынша 96 пайыз алды.Ол да сынып үшін жаман көрсеткіш емес. Алдағы уақытта одан да үлкен белестерге жетеміз деген ойдамын!!!
5 «Б» сынып оқушысы Бекетов Мағжан
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында білім беру саласының басты міндеті- білім беру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындау,сапалы қызмет көрсетуді жұмыла атқару деп атап көрсетілді.Осы оқу жылында біздің №3 мектеп-лицей ұстаздары Астана, Алматы қалаларында жаңа оқу технологиялар оқып, игеріп келді.Бұл жаңа оқу технологиялар оқушыларды өз бетінше жұмыс жасауға үйретеді.Оқушылар топқа бөлініп, берілген тақырыпты кең түрде талдап,сызбалар арқылы өз ойларын ашық айта алады.Бұл базалық бағдарлама оқушыларға жоғары білім сапасын игеруге көп көмегін тигізеді. Әр оқушының апта күніндегі бағалары тексеріліп, ата-аналарға ескертіліп отырады. Бұл жақсы әдіс, шешім деп ойлаймын. Жалпы біздің 7 а сынып оқушылары өте жақсы, білімді, ұйымшыл, талаптары жоғары. Бұл, әрине, біздің ұстаздарымыздың еңбегі. Мектепте көптеген қосымша үйірмелер ашылды,мұның өзі оқушыларға көп бос уақыт болмауға тиімді.Мысалы «Олимп» білім беру орталығы оқушыларға жақсы мүмкіндік беріп отыр. Онда сурет салу,мүсіндеу,би,ән айту сияқты үйірмелер бар.Мектеп оқушылары тегін білім алуда.Бұл біздің мектепке үлкен көмек береді. Мен ата-аналар комитетінің мүшесі ретінде №3 мектеп-лицейдің ұстаздарына алғыс білдіремін
7 «А» сынып оқушысы Бақтыберген
Таңаттың анасы: Идирисова А.Ж.
Болашақ кілті жастарда
«Мен сөзімді алдымен жастарға арнаймын»,- деп бастайтын елбасымыз Н.Ә.Назарбаев әрбір жастар жиынында еліміздің болашағы жастарға сенім білдіріп, үлкен тапсырмалар жүктейді. Мемлекет тарапынан оқу-білімге қаржы көлемі жылдан-жылға көбейіп келеді. Елбасымыз өз сөзінде «Қазіргі жастарға мен қызыға қараймын, себебі мемлекет оларға көп мүмкіндік жасап отыр. Біздің жастық шағымызда мемлекеттен жастар үшін жеткілікті қаржы бөлінбеді, қолдау болмады» деп қазіргі жас ұрпақтың мүмкіншіліктерін баса айтады. Расында мемлекет талапты да, білімді жастарға білім алып, елі үшін қызмет етуге барлық жағдайды жасап отыр. Бұл дегеніміз болашақта біздің білім ошақтарында білім алған жастар кез-келген әлем мемлекеттерінде жұмыс жасай алады, әлемдік білім стандартына сай болады деген сөз. Осы мақсатта еліміздің бас қаласы Астана қаласында Назарбаев Университеті, еліміздің түкпір-түкіпрінде Назарбаев интеллектуалды мектептері ашылуда. Онда шетелдік оқу орындарымен байланыс жасалып, олардың тәжірибелері енгізілуде. Бұл оқу орындарында білім аламын, еліме қызмет етемін деген талапты жастар білім алуда. Биылғы оқу жылында біздің мектеп-лицей Назарбаев интеллектуалды мектебінің тәжірибе алаңы болып жұмыс жасауда. Оқу жылы басталысымен сабақ беретін сыныптарымызға биылғы оқу жылының жаңалығын айтып, балаларды білімге шақырдық. Өзім тарих пәнінен сабақ беретін сыныптардың барлығындағы оқушылардың ынта-ықыласы, қызығушылығы ерекше екендігін байқадым. Олардың барлығы тек қана білім жеңіске жеткізетіндігіне көздері жеткен. Топпен жұмыс жасап, өз ойларын ашық жеткізе білу, сын тұрғысынан ойлау, бірлесе жетістікке жету оқушыларда үлкен қызығушылықты оятты. Білсем, көрсем, түсінсем деген қабілет күннен-күнге еселенуде. Бұған дейін басқа қалаларда білімдерін жалғастыруды ойлаған оқушылар енді өз мектептерінде де көп жетістікке жететіндіктеріне сенім білдіруде. Біз мұғалімдер осы талапты жастарымыздың сенімдерін ақтауға тиіспіз. Сол үшін көп ізденіп, білімімізді шыңдауға міндеттіміз. Елбасымыздың бізге, жастарға білдірген сенімін абыроймен атқару барлығымыз үшін жауапкершілігі мол іс.
Тәуелсіз еліміздің туын әрқашан биік ұстайтын, елбасымыздың сенімін ақтайтын, бәсекеге қабілетті білімді жастарды тәрбиелей берейік!
Тарих пәні мұғалімі Ыдырысова М.Ә.
Не позволяй душе лениться
В этом учебном году наша школа стала базовой площадкой по внедрению опыта работы Автономной организации образования «Назарбаев интеллектуальные школы». Цель данного проекта заключается в том, чтобы воспитать казахстанца новой формации – патриота, интеллектуала, лидера, гражданина. Особый акцент делается на развитие функциональной грамотности учащихся, обеспечивающей понимание и применение знаний в стандартных условиях и новых ситуациях, умение работать с информацией, анализировать собственную деятельность и высокую конкурентоспособность в любой жизненной ситуации.
Я работаю в школе уже более 26 лет, преподаю математику и физику в экспериментальных классах. Многолетняя работа в разных классах показала, что мой предмет может быть захватывающим, что дети способны на многое и мне с ними всегда интересно. Данный проект особое внимание уделяет самостоятельной работе учащихся на уроке. По окончании школы, когда выпускник поступает в ВУЗ, он сталкивается с проблемой умения самостоятельного добывания знаний и зачастую бывает к этому не готов. Поэтому, начиная с младшего школьного возраста, мы должны обучать учащихся навыкам самостоятельной работы. Приходится много читать, думать, разрабатывать отдельные методические приемы работы. Потом анализируешь и оцениваешь, затем что-то отбрасываешь и выбраковываешь, чтобы на выходе получить что-то стоящее.
Это нелегко, требует довольно больших затрат времени, сил, энергии. Однако все это компенсируют результаты работы в экспериментальном классе. Несмотря на то, что пока получается не все, что хотелось (или, может быть, это связано с тем, что хотелось очень многого), но когда по твоим меркам урок удаётся, получаешь особое удовлетворение.
На своих уроках я стараюсь заинтересовать учащихся различными приёмами. Использую презентации, работу в парах. Пятиклассникам нравится оценивать друг друга. При написании математических диктантов правильность выполнения проверяют сами ученики. В качестве дополнительных вопросов я практикую перекрёстный опрос правил самими учениками, т. е. вопросы задают друг другу сами ученики. При этом, если отвечающий не знает правила, то должен рассказать правило задающий. В среднем звене для выработки стимула самостоятельной работы я использую жетоны умников. Ученик, который получает оценку пять за индивидуальную работу, получает жетон «умника», который сохраняет в течение четверти. В конце четверти подводим итог. Тот, из учеников, кто набрал максимальное количество жетонов, становится умником четверти. Например, по результатам первой четверти «умником» по математике стала Салимова Мадина. Планируем выбрать «умника» года, который получит почётную грамоту. Даже слабый ученик стремится получить жетон «умника».
На уроках физики проводила уроки конференции, на которых учащиеся защищали свои проекты. В качестве проекта брала новую тему. За две недели две группы учащихся были предупреждёны об этом. Поэтому времени на подготовку было достаточно для того, чтобы ученики успели подготовить реферат и презентацию к уроку. Выступающие были в роли учителя, они объясняли тему, в то же время защищали свой проект. После того, как заканчивалось объяснение, слушатели задавали вопросы защитнику. В результате классу приходилось слушать внимательно, так как им надо было задавать вопросы. Многие ребята уже дома просматривали тему для того, чтобы подготовить больше вопросов защитнику, так как за активность тоже выставлялась отметка.
С начала учебного года в нашей школе ввели бонусную систему обучения. Это тоже очень стимулирует учащихся, так как они стараются как можно больше набрать бонусов. Уже второй год наши ученики принимают активное участие в международных дистанционных олимпиадах и конкурсах. А ведь такие конкурсы развивают логическое мышление и творческое воображение учащихся. Но главное им это нравится, они понимают, что это им нужно. В общем, работы много, и это только начало большого и трудного пути, выбранного нами, педагогами. Поэтому на ум приходят стихи Н.А.Заболоцкого:
Не позволяй душе лениться!
Чтоб в ступе воду не толочь,
Душа обязана трудиться
И день и ночь, и день и ночь!
Чеснокова С.А. учитель математики и физики.
Бонусы! Это здорово!
С начала этого учебного года в активный лексикон учеников 5-8 экспериментальных классов вошло слово «бонус». Сегодня ученики имеют хорошую мотивацию для успешной учебы и активной жизненной позиции. Рейтинг класса, школы – это давно известно, а вот рейтинг ученика в классе, школе - это, пожалуй, впервые. Для этого надо использовать новую систему определения занятости и участия каждого отдельного ученика в учебном и воспитательном процессе. За основу было взято Положение о введении школьной программы «Бонус.kz» для учащихся Назарбаев Интеллектуальной школы города Астаны.
«Бонус.kz» – это условная единица измерения индивидуальных достижений и достижений класса в целом, показывающая результат как академической, так и творческой работы учеников. «Бонус.kz» позволяет учитывать результаты, достигнутые учеником в разнообразных видах деятельности: учебной, творческой, социальной, коммуникативной - и является важным элементом практико-ориентированного, деятель-ностного подхода к образованию.
«Бонус.kz» – перспективная форма представления индивидуальной направленности учебных достижений конкретного ученика, и может быть использована в качестве одной из составляющих образовательного рейтинга учащихся, а также класса.
В процессе программы «Бонус.kz» накопление и учёт бонусов будет вестись куратором или классным руководителем в электронном виде. Ученик, заработавший наибольшее количество «бонусов», поощряется. Каждую четверть школа выдает классу Кредит в размере 1000 бонусов, который должен не только сохраниться, но и увеличиться.
Целью программы «Бонус.kz» «увидеть» картину не только образовательных результатов, но и творческих, обеспечить отслеживание индивидуального прогресса, продемонстрировать его способности практически применять приобретенные знания и умения. Все это позволяет
- поддерживать высокую мотивацию учащегося;
- выявлять существующий уровень сформированности умений и совершенствовать, корректируя учебный и творческий процессы;
- формировать умения учиться ставить цели, планировать и организовывать не только учебную деятельность, но и творческую, а также учиться работать в коллективе;
- предоставлять дополнительные возможности для успешной социализации;
- способствовать развитию коллективного духа в классах;
- стремиться не только сохранять, но и увеличивать свои бонусы.
Все это было доведено на классном собрании до учеников и на родительском собрании - до родителей. Вначале было не совсем понятно, как оценивать, кто будет этим заниматься. Зато теперь все ученики знают, за что он получил бонусы или их у него высчитали. Ведь не зря говорится, что каждый получает по своим заслугам. Ученики 7Д класса стараются учиться так, чтобы оправдать надежды своих родителей, ведь хорошая учеба – это осознанная необходимость. На вопрос анкеты, проведенной в сентябре, почти все ребята ответили, что они учатся, чтобы получить отличные знания и приобрести в будущем престижную работу.
На мой взгляд, бонусы дисциплинируют учеников: не стало опаздывающих на урок, практически никто не пропускает уроков без уважительной причины и самое глав-ное - ребята стараются принимать активное участие во всех прово-димых классных и школьных мероприя-тиях, конкурсах. И родители принимают активное участие в жизни класса и школы, повысился процент посещаемости роди-тельских собраний. В октябре совместно с областной библиотекой им. А.Тажибаева участвовали в Республиканской акции «Одна страна – одна книга», посвященной творчеству казахского писателя О. Букеева, сейчас готовимся к обсуждению книги С. Бакбергенова «Дина», рассказывающей о жизни великой Дины Нурпеисовой. Каждый из учеников хочет высказать свое мнение, не быть сторонним наблюдателем. Сейчас весь класс с интересом читает эту книгу, готовясь к конференции.
Никто не остался в стороне и когда был объявлен сбор детской одежды, игрушек для Дома ребенка. И родители, и ученики активно приносили специально купленную одежду и игрушки, чтобы порадовать тех, кто не имеет семьи. Быть сострадательным к другим – так воспитывается доброта и порядочность будущих граждан.
Участие учеников в различных Международных, Республиканских, Всероссийских конкурсах повышает их интеллектуальное развитие, они, чтобы ответить на замысловатый вопрос, обратятся и к Интернету, и к различным справочникам, книгам. А все знают, что знания, добытые собственным трудом, - знания прочные. Все отличники класса, а их шесть человек (Абдикаим Даулет, Ге Вадим, Когай Слава, Пиржан Камшат, Темир Акнур и Тимурулы Султан) участвуют в 6-7 конкурсах, остальные ученики в 2-4. По тем результатам, которые уже есть, Темир Акнур в Республиканской КИО завоевала 3-е место по математике, Ким Ирина И. – 3-е место по физике. Все ученики7Д, а это 13 человек (Арын Жарабек, Абдикаим Даулет, Балгабай Нурасыл,Дьякова Настя, Жолдыбек Багдат, Исаев Иса, Когай Слава, Куанар Арман, Мостовова Света, Поляков Тимур, Спасова Аня, Темир Акнур и Толеш Малика), участвовавшие в Международном конкурсе «Грамотей -марафон», получили высокие баллы.
Бонусная система, введенная в нашей школе, - это большой стимул для развития здоровой конкурентности. Каждый хочет быть самым лучшим. И поэтому каждый старается проявить себя с лучшей стороны: хорошо учиться, принимать активное участие во всех добрых делах, конкурсах, мероприятиях. По итогам первой четверти больше всего бонусов завоевал Арын Жанарбек, поэтому он получил от класса ценный подарок - книги, а «Лидером четверти» стал Ге Вадим, отличник учебы, активный участник общественной жизни. Теперь все мы с нетерпением ждем итогов второй четверти, а затем и года. Ведь жить и учиться с увлечением, это здорово, не правда ли?
Хе Л.А., классный руководитель 7Д класса
Достарыңызбен бөлісу: |