Мәнжазба Тақырыбы: “Қазақстанда жоғары білім алудың қазіргі жүйесі мен даму тенденциялары” Орындаған: Рамазанова А. М. Тексерген: Тоғайбаева А. К. Ақтөбе-2021 ж. Жоспары І- бөлім. Кіріспе


Елдер ЖІӨ % жоғары білімге шығындар



бет4/5
Дата02.01.2022
өлшемі35.22 Kb.
#453534
1   2   3   4   5
ПиП1 ОМӨЖ1 Рамазанова А.М.

Елдер

ЖІӨ % жоғары білімге шығындар

1

2

Дания

2,5

Финляндия

2,1

Германия

1,2

Ирландия

1,2

Корей Республикасы

2,4

Швеция

2,2

Ұлыбритания

1,1

АҚШ

1,5

 ОЭСР бойынша орташа

1,7

Қазақстан

0,3

Қытай

0,8

Үндістан

0,7

Малайзия

2,8

Ресей

0,7

Таиланд

0,8

Дерек  көзі:  Education at a Glance: OECD Indicators 2006




Осылайша, АҚШ-та жоғары білімге ЖІӨ 1,5% жұмсайды, ол көрсеткіш Финляндиядағы осы көрсеткіштен 2,1% аз. Ал Ұлыбританиядағы аталған көрсеткіш 1,1% құрайды. Сонымен бірге, жоғары білімді қаржыландыру мәселесіне ерекше көңіл бөлініп отыр. Қазіргі күні АҚШ-та бұл мәселе өте өзекті болып табылады. Мұндай құбылыстың себебі экономикалық даму саласына қатысты және де АҚШ-тағы белгіленген әлеуметтік топтардың әлеуметтік теңсіздік мәселесінен туындаған. Алайда аталған факт АҚШ-қа қарағанда жан басына шаққандағы ЖІӨ деңгейі төмен елдерде, әрине оған Қазақстан да енеді, жоғары білім саласын жеткілікті мөлшерде қаржыландыру қажеттілігін ойландырады.

Егер Қазақстанның қаржылық күштерін басқа елдермен салыстыратын болсақ, Қазақстандағы білімге жұмсалатын мемлекеттік шығындар үлесінің тым төмен екендігі айқын. Осылайша, Қазақстан ЖІӨ 0,3% жоғары білімге жұмсай отырып, Малайзия, Таиланд, Қытай сияқты елдермен салыстыруға келмейтінін және ОЭСР елдерінің орташа көрсеткішінен (1,3%) біршама төмен екендігін байқаймыз.

Мемлекеттік қаржыландырудың төменгі деңгейін өтемақылау үшін үкімет үш элементтен тұратын ресурстарды шоғырландырудың көпжақты  стратегиясын қабылдады:

-   жеке жоғары білімді жедел дамыту;

-   мемлекеттік университеттер мен колледждерінің шығындарына үлестік қатысу;

-   кей мемлекеттік университеттерді жекешелендіру.

Алайда ресурстарды жай ғана арттыру әрдайым да қажетті нәтижежелер бермеуі мүмкін. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында айтылған: «Қазақстандық ЖОО міндеті - әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру, ал жетекші ЖОО дипломдары әлемде танылуы тиіс. Олар мұны жасауға міндетті. Біз әрбір қазақстандыққа жоғары білім алудың нақты мүмкіндігін беруіміз керек. Студенттердің оқуын қаржыландырудың бірыңғай жүйесін құру мақсатында үкіметке бюджеттен білім беру несиелерінің есебінен білім беру гранттарының көлемін 50% арттыруды тапсырамын. Сонымен қатар екінші деңгейлі банктер арқылы несиенің қайтарымын мемлекеттік кепілдемемен қамсыздандыру жолымен студенттік несиелендірудің заманауи жүйесін құру». 

Қазақстандағы ЖОО білім беру бағдарламаларының санына, ғылыми-зерттеу жұмыстарының көлеміне, ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілік деңгейіне байланысты бірнеше типтерге бөлінеді, атап айтатын болсақ: университеттер, академиялар және институттар. Тәуелсіздігін алғаннан бері Қазақстанда университеттер саны артып, ол көпшілікті құрап отыр

Әрбір екінші қазақстандық студент университетте білім алады. Университет – бұл жоғары білім жүйесіндегі білім беру мекемелерінің маңызды типі болып табылады. Университет жөніндегі дәстүрлі таным яғни ғылыми-зерттеу және оқыту қызметі тең мағынада болуы, келешекте де өз маңызын сақтап қалатын тәрізді. Университеттер бүкіл әлем бойынша тараушы жаңа ғылыми мәліметтердің бұқаралық ағымынан базалық мәндегі идеяларды алудың ерекше және дербес  қызметін орындауға бағытталған. Ізденіс, анықтау, өңдеу, біріктіру, тәжірибелік нәтижелерге жеткізу ғылыми-техникалық прогреске ықпал етеді. Бұл міндет университеттік біліммен біріге отырып ойтайлы шешімін табады.

Ескертпе: статистикалық мәліметтер негізінде автордың құрастыруы

Қазақстанның жоғары білім беру мекемелерінің құрылымы (2011ж.)

Қазіргі күні Қазақстанда жоғары білімді мамандарды даярлаудың салалық жүйесі басым, ол гуманитарлық және техникалық ғылымдар саласындағы білімін үйлестіретін, жан-жақты білім алған, бірнеше шет ел тілдерін меңгерген, басқарушылық бейімі бар жаңа ғасырдың жұмысшы күшін дайындауды біршама шектейді. Даярлаудың мұндай деңгейін негізінен университеттер қамтамасыз етуге қабілетті. Мұны жоғары білім жүйесінде университеттік типтегі білім беру мекемелері басым дамыған елдер тәжірибесі көрсетеді.

Білім жүйесі, оның ішінде жоғары мектеп халықты жұмыспен қамтуды ынталандырып, жұмыссыздықты қысқартуда маңызды рөл атқарады. Ол еңбек рыногынан жастардың бір бөлігін тарта отырып, әлеуметтік шиеленісті  әлсіретеді.

Кәсіптік білім адами капиталдың қалыптасуын қамсыздандырады. Адами капитал табыс әкеле алатын адамдағы қабілеттердің мөлшерін білдіреді. Ол тума біткен ақыл-ой мен физикалық қабілет, дарын, сыйды ғана қоспайды, сонымен бірге алынған білім мен біліктілікті қосады. Жұмысшы күшінің біліктілік деңгейі адами капиталдың жағдайын көрсетеді. Адами капиталдың артуы еңбеккерлердің кәсіптік-біліктілік деңгейінің өсуін бейнелейді.

Кәсіптік білім, біліктілік алу жұмысқа орналасу мәселесін шешуде еңбеккер үшін өте маңызды болып табылады. Жұмыс беруші үшін білімі туралы дипломның болу факті, сол адамның белгіленген іріктеуден өтіп, сапалы (білікті) жұмысшы күші категориясына енгенін білдіреді. Егер еңбеккер білімі туралы дипломды көрсетпесе, оның жұмысшы күшінің сапасын жұмыс берушінің өзі бағалауы тиіс болады. Ал ол еңбексыйымды, шығынды үдеріс және де қателіктен ада емес екендігі сөзсіз. 

Оқу мекемелерінің түлектерінің көпшілігіне кәсіптік білім еңбекке деген қабілетін жақсартуға, оның тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сондықтан білімнің болуы жұмыс іздеушіге еңбек рыногында жоғары бәсекеге қабілетті жұмысты қамтамасыз етеді.

Алайда, кәсіптік білімді тек оқитындарда еңбекке деген қабілетті дамытуға бағытталған жүйе ретінде қарастыру дұрыс емес. Кәсіптік білім – жеке тұлғаның жан-жақты дамуына жағдайлар құруға, жекелеген мүдделер мен қажеттіліктерді, оның ішінде мамандық пен біліктілік алуды ескеретін, әлеуметтік институт болып табылады.

Еңбек рыногындағы сұраныстың қарқынды өзгерісі жоғары білімнен өз қызметі экономиканың жаһандануы мен өңірленуі жағдайында өтетін жаңа кәсіптік, технологиялық, басқарушылық салаларда мамандар даярлауды талап етеді. Осыған сәйкес жоғары мектептің педагогикалық және ғылыми-зерттеу функцияларын қайта ұйымдастыру қажет, ол академиялық пәндерді әрі қарай әртараптандыру барысында пайда болатын ғылым мен техниканың көптүрлі жетістіктерін ескеруі керек. Оқу жоспарларының түрлілігі, оған енетін пәндер мен курстардың тізімі, кадрларды даярлауды әмбебаптандыру пәнаралық және көппәндік бағыттардың күшеюіне, оған қатысты оқыту әдістері мен ғылыми зерттеулерді жүргізуді күшейтеді. Жоғары білімді қайта ұйымдастыру мен бетбұрыстандыру ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың  жедел дамуын және оған деген жоғары білім мекемелерінің артып отырған қажеттіліктерін басты назарда ұстауы қажет.

Көптеген елдер шешуші маңызды экономикалық міндеттердің арасынан жылдам өзгеруші экономика, технология мен халықаралық сауда жағдайларына бейімделу мүмкіндіктерін күшейту қажеттілігін ерекше көрсетеді. Жоғарыда аталған үдерістердің қарқынына теңсіз әсер теріс өңірлік, ұлттық, жергілікті салдарға алып келетін тұтас бір мәселелер кешенін тудыруға қабілетті. Жоғары білім осындай көптеген теріс үрдістерді болдырмауға қабілетті болып табылады. Мұндай үрдістерден шығу жөніндегі шешімдер ұлттық, жергілікті, өңірлік, әлеуметтік және мәдени құндылықтарды ескерумен жүзеге асырылуы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет