Меновной ауылдық округінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасын іске асыру барысы туралы «Өскемен қаласының Меновной ауылдық округінің әкімі аппараты»



Дата13.07.2016
өлшемі19.16 Kb.
#196590


Меновной ауылдық

округінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасын

іске асыру барысы туралы
«Өскемен қаласының Меновной ауылдық округінің әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде қолданыстағы заңнама аясында, атап айтқанда Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» Заңына, Шығыс Қазақстан облысының «Нұр Отан» ХДП филиалының ұсынымда-рына және Өскемен қаласы әкімі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ведомствоаралық комиссиясының ұсынымдарына сәйкес әрекет ету бойынша жұмыстарын жүргізеді.

Ілінген кесте бойынша әкімдіктің басшыларымен және қалалық мәслихаттың депутатымен азаматтарды қабылдау үнемі жүргізіледі. Ағым-дағы жылда әкім аппаратының қызметкерлерімен және ведомствоға бағы-нысты құрылымдардың Ар-намыс кодексін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларын және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңын бұзу фактілері бойынша азаматтардан өтініштер түскен жоқ.

Әрбір елдімекенде Ақсақалдар кеңесі іс-әрекет етеді, қалалық мәслихаттың депутаты Т.Қ. Екимбаевтың қатысуымен жиындар өткізіліп тұрады.

Жеке және заңды тұлғаларға жер телімдерін беру, қоршаған ортаны қорғау, абаттандыру мәселелері бойынша және қабылданатын басқа да қоғамдық-елеулі шешімдердің ашықтығы мен тазалығын қамтамасыз ету үшін ауылдық округте азаматтармен, қоғамдық өкілдермен жиындар, кездесулер өткізу тәжірибеге енгізілген. Қабылданған шешімдер туралы ақпарат дүкендерге, аялдамаларға және басқа қоғамдық орындарда ілінеді.

Әкімдіктің қызметкерлері үшін құқықтық білім мектебі іс-әрекетте тұр, тақырыптық жоспар жасалынған, айына екі рет сабақ өткізіліп тұрады, тізімдік тыңдаушылар саны 8 адам. Сабақты округ әкімінің орынбасары жүргізеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құбылыстарды айқындау және алдын алу мақсатында сабақты жүргізуге құқық қорғау, мемлекеттік және атқарушы органдардан дәріс оқитындар тартылады. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қоғамда төзбеушілік жақтарын қалыптастыруға бағытталған бел-сенді түсіндірме жұмыстары үнемі жүргізіліп отырылады.

«Өскемен қаласының Меновной ауылдық округінің әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі тараптардың ұйымдастырылуы үшін бағдарламалар әкімгері болмағандықтан, бюджеттік қаражат шығындарының ақпараттық тазалығын қамтамасыз етуге бөлінген қаржы мекемеге қарастырылмаған.

Құқық қорғау мемлекеттік органдарымен бірлесе отырып мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің тарапынан азаматтар мен заңды тұлғаларға қатысты бопсалаушылық фактілерін анықтауға бағытталған тексерулер жүргізіледі.

57-44-36 телефоны «сенім телефоны» болып, үздіксіз, ауылдық округі әкімінің қабылдау бөлмесінде орналасқан. Әкімдіктің ғимаратында қол жетерлік жерде «Жемқорлыққа жол жоқ» атты стенді орналастырылған.



Е.Қ. Нұралдинов



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет