МӘШҺҮр-жүсіп шығармалары тілінің морфологиялық ерекшеліктері



бет1/6
Дата10.06.2016
өлшемі0.52 Mb.
#126155
  1   2   3   4   5   6
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Мәшһүртану ғылыми-практикалық орталығы

А.Қ. Тұрышев




МӘШҺҮР-ЖҮСІП ШЫҒАРМАЛАРЫ тілінің морфологиялық ерекшеліктері
Оқу құралы

2 бөлім


Павлодар

Кереку


2009
УДК 809.434.2

ББК - 84(5 каз)5

Т 31
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесі басуға ұсынған
Пікір жазғандар:

М.С. Серғалиев - Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Қазақ тіл білімі» кафедра меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор;

Ф.Ш. Оразбаева - Абай атындағы Қазақ ұлттық педогогикалық университеті, «Қазіргі қазақ тілі теориясы және әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор;

Н.Қ. Жүсіпов - С.Торайғыров атындағы ПМУ, «Қазақ филология» кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор.


Құрастырушы: Тұрышев А.Қ

Т31 Мәшһүр-Жүсіп шығармалары тілінің морфологиялық ерекшеліктері: Оқу құралы – Павлодар: Кереку, 2009. – 73 б.

ISBN 9965-568-94-9

«Мәшһүр – Жүсіп шығармалары тілінің морфологиялық ерекшеліктері» Оқу құралы 05 01 17 – мамандығы: «Қазақ тілі мен әдебиеті» міндетті компонент. САЕ 306 «Қазақ әдеби тілінің тарихы». Таңдап алынған компонент: МZҺ ТМ «М. Ж. Көпеевтің әдеби мұралары» БВ Masһ 3205 – «Мәшһүртану» арналған. Қосымша оқу құралы ретінде бакалаврлар мен магистрлар, мәшһүртанушылар, лингвистер пайдалана алады


ISBN 9965-568-94-9 ББК - 84(5 каз)5

© Тұрышев А.Қ., 2009

© С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2009




Кіріспе
XIX ғ. II ж. мен XX ғ. I жартысындағы әдеби тiл бiр қыдыру зерттелдi. Бiрақ, М-Ж. Көпеев, Ш. Құдайбердиев, Ақмола Мұхамедияров, Әбубәкір Шоқан-Кердерi, Мақыш Қалтаев, Шәдi Жaңгiров т.б. ағартушы ақындардың әдеби тiлге тигiзген ықпалы әлi толық анықталмады. Әдеби тiлдiң дамуына тек қана ақындар ғана септiгiн тигiзген жоқ. Дала кемеңгерлерi билер, шешендер, әншi – сазгерлер, күйшiлер, жыршылар, ауыл арасындағы жай ғана құйма құлақ әңгiме шеберлерi – бәрi де әдеби тiлдiң тасушылары болды. Сөйтiп, ғасырдан – ғасырға үзiлмей келе жатқан жақсы дәстүрдi (ауызекiлiк естiмелi жадыны) өнердi сақтап, бабалар тiлiнiң қаймағын бұзбай, шашау шығармай бүгiнгi ұрпаққа жеткiздi. XIX ғ. II жартысынан, XX ғ. I жартысына да тiл үлгiсi солай жеттi. Солардың iшiнде М-Ж. Көпеевтiң шоқтығы анағұрлым биiк болды. Өйткені ол Абай дәстүріндегі поэзияға бір табан жақын болып өсті. Оны өзінің шығармаларында атап айтып, жазып та кетті. Абай Kұнанбаев пен Ы.Алтынсариннiң әдеби тiлдегi алатын орны жан-жақты зерттелдi. Әрине, ұлы Абайдың да төңiрегiндегiлерге әсерi болды. Олар бiрiнiң бiлмегенiн бiрi толықтырып отырды. Асылы, кең жатқан ұшы- қиыры жоқ қазақ жерiне бiрдi – екiлi ақын – жырау, жыршылар аздық етедi. Олардың iшiнде Абай секiлдi сұңғылалары да болды. Әлдiлерi халық арасынан жол тауып, көңiлге сiңгендерi әлсiздердi жұтып жiбередi. Сөйтiп, ақындар, жыраулар, жыршылар арасында да өзара тартыс, халыққа танылу жөнiндегi күрес жүрiп жатты. М-Ж. Көпеевтей барлығы алысқа барып оқуға қолдары қысқа болды. Хат - хабар жаза алмады. Ауызекiлiк дәрежеде қалып қойды. Сондықтан да болар XV ғ. бастап, берiге дейiнгi ақын – жыраулардың кейбiр айтқандары ауысып - күйiсiп жататыны. Жалпы, М-Ж. Көпеевтiң әдеби тiл тұрғысындағы әдiл бағасы берiлмедi. М-Ж. Көпеев шет ел жинаушыларын айтпағанда ауыз әдебиетiнiң мол мұрасын өз қолымен жазып қағазға түсiрген. М-Ж. Көпеевтiң көзi тiрiсiнде 1907 жылы үш кiтабы қатар жарық көрген. Демек, ол - ауызекiлiктi те, жазбалықты да әдеби тiлдi меңгерген адам. XIX ғ. екi жартысымен XX ғ. бiрiншi жартысын жалғастырып жатқан алтын көпiр. Сонау көнеден жеткен араб, шағатай, парсы, монғол т.б. тiл элементтерiн XX ғ. дейiн бойына сiңірген, бергi зерттеушiлерге жәдiгер ретiнде алып келген, содан барып жаңа жазба әдеби тiлдiң сапасы үшiн күресiп, оның тазалығы үшiн де ат салысқан. М-Ж. Көпеев шығармашылығының iзiн Орта ғасыр мен Алтын Орда Қыпшақ дәуiрiнен iздеген абзал. XY ғ. ақын – жырауларында кiрме сөздердiң аз қолданыс табуы, оның әр кезде жырланып, ауызекiлiк түзелу мүмкiншiлiгiнен iздестiру керек-тi. М-Ж. Көпеевтiң шығармашылық байланысын Шәкәрiм Құдайбердиев мұрасымен сабақтас қарастырған да тиiмдi. Екеуi де тағдырлас, құрдас, рухани жақын ақындар. М-Ж. Көпеев шығармаларының тiлi зерттелім нысаны болған жоқ-ты. Тек қана әдеби тұрғыда зерттелiп, кандидаттық диссертациялар қорғалуда. Тiл тұрғысынан М-Ж. Көпеев шығармасының зерттелмеуiнiң бiрнеше объективті де, субъективті де себептерi бар. Бiрiншiден, XIX ғ. ІІ ж. әдеби тiл тарихындағы өте бiр күрделi дәуір, түрлi тiлдiк жүйе ағымдарына толы болды. XX ғ. басындағы кезең сол ғасырдың жалғасы болғанмен жаңару, iздену жылдары болғандығы ақын шығармаларынан белгiлi. Оның үстiне М-Ж. Көпеевтiң де, Шәкәрiм Құдайбердиевтiң де шығармалары Шығыстық дәстүрге, әрiрек барсақ Орта ғасырлар қисса-әпсенелердiң тақырыбымен үндесiп жатты. Екiншiден, билер көзқарасы ретiнде ескiшiл псевдомиссиялық, панисламдық сарындағы ақындарға жатты. Олардың идеясы Кеңестiк дәуiр идеясымен сай келмедi. Yшiншiден, ескiше оқыған, дiндар ақындар тобына ығыстырылып, шығармалары түгел аттарын атаудың өзi мұң болды.

XX ғасырда Кеңес өкiметiнiң орнауымен түрлi ағымға толып кеттi. Қызыл империяшылар қызылшылар, орысша оқығандар дегендi қазақ арасына сiңiрiп бақты. Қазақ ақын – жазушыларынан тiрек iздедi. Және де тапты. Қазақ әдебиетiне танымал болған XX ғасыр өкiлдерi екiге бөлiндi. Бұл да жаңа мәдениетпен байланысты болды. Сол бағыт күнi-бүгiнге дейiн солай келе жатыр. Олар- бiрi ағартушы бағыттағы ақын-жазушылар (бұлар ескiше мұсылманша оқығандығына кiнәлi), екiншiлерi ағартушы демократ ақын-жазушылар бұларды бiрiнен-бiрiнi тек қана демократ деген сөз ажыратып тұрды. Оның ар жағында орысша бiлiм алғандар, орысша тәрбие көрiп, орысша мұғалiм болды деген сөз жатты. Шын мәнiнде бұларды Кеңес дәуiрi өзiнiң идеясын қолдаушылар ретiнде қарады. Қазан төңкерiсiнiң кезектi жемiсi болды. Егер де орыс тiлiне келетiн болсақ М-Ж. Көпеев те, Ш. Құдайбердиев те бұл тiлдi бiр кiсiдей бiлдi, шығармаларында орыс сөздерi кездесетiнi де сондықтан. XX ғасырда кiм адаспады, кiм қателеспедi. С.Торайғыров, С.Сейфуллин, I.Жансүгiров, Б.Майлин, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулат т.б. шығармаларын бiрде Ақпан төңкерiсiне арнаса, бiрде Қазан төңкерiсiне арнады. Негiзiнде алғашқы төңкерiстен қазақ халқы көп үмiт күттi. Соңғы Kызылшылар төңкерiсi алғашында көпшiлiк ұранмен дұрыс болғанымен соңы қызыл терроризмге ұласып кеттi. Буржуазиялық төңкерiстi қазақ оқығандары мен байлар қатты қолдады. Бiр тұтас жүйедегi қазақ әдебиетi де, мәдениетi де, қазақ тiлi де қазақтың «Алаш» идеясымен келе жатқан ақын-жазушыларымыз да адасқан қаздай болып, сенделiп қалды.

Бiздің ойымызша, егер XX ғасыр әдебиетi осылай бөлiнген күйiнде кете берсе, ағартушылар деген сөздi (алғашқыларды айтамыз) бұқарашылдар деп алғанымыз жөн. Оның үстiне ағартушы (бұқарашылдар) кiтаби ақындар, шағатай тiлдi ақын-жазушылар делiнiп келдi. Бұл дұрыс еместiгi мынада. Бергi демократ деп жүрген ақын-жазушылардың да шығармаларында ара-кiдiк бұл элементтер, тiлдiк қабаттар кездесiп қалады. Тереңдей барсақ шығармаларының стилi жағынан айырмашылығы болғанмен, тiлдiк қолданысы жағынан бәлендей айырмашылық жоқ. Мысалы, тiлi шұбар-ала деген М-Ж. Көпеевтiң шығармаларын еркiн оқып, еркiн талдауға болады. Арабша жазғандары да оқи бiлген адамға түсiнiктi. Я кей кезде XIX ғасырдың ықпалы бар делiк, бiрақ XX ғасырдың I жартысындағы жазғандары жаңа сападағы татар тiлiнен айрылған қазақтық әдеби тiл екендiгi ап-айқын көрiнiп тұр. Араб тiлiнде оқып, араб тiлiнде жазғандарды өзiмiздiң төл сөз есебiнде қабылдайтын кез жеттi. Себебi, араб тiлiнде жазбаған, осы тiлдегi сөздердi қолданбаған ақын-жазушылар кемде-кем шығар. Абай, Ыбырайдан бастап, жазушы С.Мұқанов та араб сөздерiн шебер пайдаланған. Барлық ақын-жазушылардың шығармаларын мән бере оқысақ, түркiлiк идея ең алдымен көзге түседі. Демек, ислам дәуір әдебиеті де қазақ оқымыстыларын бейжай қалдыра алмаған. Тек соңғыларында ғана бұл идея кеңестiк идеямен ауысып алғаны байқалады. Ал, М-Ж. Көпеев шығармаларын зерттегенде Жүсiп Баласағұн, Ахмет Яссауий, Ахмет Йүгiнекей, Сүлеймен Бақырғани, Рабғұзи, Құтып, Хорезми, Хұсам Кәтип, Сейф Сарай жәдiгерлерiмен салыстыра қарастырған абзал. Бұл арада кiтаби деген, шағатай тiлi дегендерiнiң М-Ж. Көпеевке қаншалықты тиеселi екендiгiн анықтау.

Kорыта келгенде, М-Ж. Көпеевтiң шығармаларының тiлi өзi тұстас немесе әрiрек барып жоғарыда аталған ақындар шығармаларымен үндес тұрғыда зерттелiп, қазақ әдеби тiлiне тигiзген ықпалы қаншалықты екендiгiн анықтау мiндетi алдымызда тұрмақ. М-Ж. Көпеев фольклор тiлiн, ауызекiлiк тiлдi, жазба тiлдi жеткiзушi адам. Осы қасиеті жағынан да көбiнесе (өз тұстастарынан) оқ бойы озып тұрғандығы да шындық.
1 Қазақ әдеби тілі
1. 1 Тілдік терминдердің әдеби тілге қатысы және орыс (еуропа) зерттеушілерінің пікірі

Қазақ әдеби тілінің тарихы тіл білімінің бір саласы және ғылыми пән ретінде әртүрлі күрделі лингвистикалық деректермен құбылыстарды қарастыра отырып, оларды тану үшін жалпы терминдерді қолданады. Сондықтан да қазақ әдеби тілі тарихында мына терминдер жиі қолданылады.

Түркі тілі – батыс хун бұтағы мен шығыс хун бұтағы (Н.А. Баскаков классификациясы). Аглютинативті тип. Түркі халықтары мен тайпаларының тілі. Түркі қағанатының алғашқы жазба ескерткіштерінің (VII-VIII) жазылуы.

Қыпшақ тобына енетін қазақ тілі. ХIV-ХV ғасыр қазақ этнонимінің пайда болу кезеңі түркі халқының құрамынан қазақ елі ретінде дербес мемлекеттің қалыптаса бастауы. Қазақ тілі-тарихи Отанында тұрып жатқан жергілікті халықтың атымен аталған тіл.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі.

Қазақ әдеби тілі - халық тілінің стильдік тармақтары сараланған жоғары формасы (ҚСЭ, 1975, 6-том, 233-бет). «Ғылым тілі және әдеби тіл статусы» академик Ә. Қайдаров (Қазақ тілінің өзекті мәселелері. 1998, 180-188 б.); Ш. Сарыбаевтің «Қазақ әдеби тілі тарихының зерттелу жайы мен міндеттері» (Қазақ тіл білімі мәселелері, 2000. 522-611 б.).

Халық тілі - Қазақстан халықтарының тілі Қазақстанда тұрып жатқан 136 ұлт пен ұлыстың, тайпа мен этностардың тілімен шатастырмау мақсатында Қазақ халқының тілі дейміз. Жалпы халықтың тілі - қазақ халқының тілі дегенен шығып, қазақстанда тұрып жатқан халықтың тілі дегенге ойысады. Олардың ортақ сөйлеу тілі - орыс тілі.

Ауыз әдебиетінің тіліне фольклор мен ауыз әдебиетінің тілі кіреді. Айтыла келе ауызша жеткен, бірақ әдебиеттенген бетін ХIХ ғасырда алған дүниелерді айтамыз.

Ауызекі сөйлеу тілі - ол да қазақ тілі арқылы жеткен әдеби тілінен онша алшақ кетпеген көбіне есімелі (оракустикалық) жадылы дағды арқылы жеткен әдеби тіл өмір сүрген форма. Оның қарама-қарсына қойылатын басты құбылысы - әдеби тіл. А.П.Чехов тіл мен ораторлық өнер туралы: «Во все времена богатство языка и ораторское исскуство шли рядом» - дейді. Ал мына еңбекте: «Эмоциональная окраска слова - это способность слова выражать различные чувство» - деген (под. ред. Г.Г. Городиловой, 1991. 57 с.).

Ауызша дамыған әдеби тілде негізінен қатаң орфоэпиялық нормамен реттеліп отырады (Маслов. Ю.С. Введение в языкознание. –М.: «Высшая школа», 1975. –11 с. ) «Әліпбиге дейінгі қауымдық қоғамда адамның өмірге бейімделген негізгі сезім мүшесі - құлақ болды. Есту сенумен пара - пар болды. Ендігі жерде негізгі сезім мүшесі болып есту мүшесі - көз келді» - деген сөзге біз де келісеміз (Мәдениеттану негіздері, 2000. 51 б.). Ауызша сөзге негізделген қауымдық өмірде адамдар тек акустикалық (дыбыстық, естілетін) кеңістікте өмір сүрді. Ұрпақтар мирасқоры ретінде танылған, ауызекі сөзге негізделген салт-дәстүр, мифтер немесе фольклор кеңінен дамыды. Ойдың тікелей естілуі адамдардың өзара ұйымшыл, бөлінбес бірлігін қамтамасыз етті. Жазу тілінің пайда болуы адамдардың естілетін дыбыстық акустикалық кеңістігінен, көзге көрінетін визуальдық көрнекі кеңістікке итермеледі. Ұрпақтан ұрпаққа ұласқан ақыл - өсиет, даналық ой, көп жылғы тәжірибе нәтижесі ендігі жерде тікелей ауызекі айтылмайтын болды. «Қаз қауырсынан жасалған қаламсап тіл үстемдігіне шек қойды; ол өмірдегі қасиетті құпияны жоққа шығарды; ол сәулет өнері мен қалаларды, жолдар мен әскерді, бюрократияны дүниеге әкелді. Ол сананы тылсым көлеңкеден жарыққа шығарып, өркениетке бастама болған түбегейлі метосфера болды» - дейді Кукаркин А. (Буржазное общество и культура. –М.:, 1970. –363 с.) Демек, жоғарыдағы аты аталған кітаптың авторлары Т.Ғабитов, Ж. Мүтәліпов, Құлсариева шындыққа бір табан жақын болды.

Ауызша дамыған әдеби тіл - жазба әдеби тілдің үлгісіне қарағанда арнасы әлдеқайда тар. Ауызша әдеби тілді жеткізуші, тасушылар ақын-жыраулар. Оларда даралық шығармашылық сипат болды. Жалпы ауызекі сөз бірден қалыптаспайды және өз бойында ұзақ жылдыр диалектілік ерекшеліктерін сақтап жүреді. Ал, бұл тілдің қоғамдық рөлі жазбалық қасиеті пайда болғанда артады. Жазба тіл - әдеби тіл өмір сүретін форма. Орфографиялық нормасы көбіне тұрақты болады. Тілдің даму барысында сөйлеу тілі арқылы жеткен сөздердің кейбірін жазба әдебиеті қабылдап әдеби нормаға айналдыруы да мүмкін. Әдеби тіл үнемі жазбалықпен бекітіледі. Жазбалық та, ауызша тіл де үнемі өзара қарым - қатынаста болады.

Сөйлеу тілі - өзіндік орфоэпиялық нормасы бар, сөйлеу мәдениеті, мәнерлеп оқу, көркем оқу деген принциптерді қамтиды. Жазба тілге қарағанда сөйлеу тілі жеке сөздер мен сөз тұлғалары тезірек өзгерістерге ұшырайтыны да белгілі. Қазіргі заманның жанды сөйлеу тілі бірдей болмайды. Сөйлеу тілі - әдеби және әдеби емес болып екі формаға бөлінеді. Әдеби емес тілге - жаргон, диалекті, қарапайым сөздер жатады. Н.А. Мещерский: «Устная литературная речь тоже нормирована, подчинена своду правил орфоэпии» - дейді. Жазба тілді де, ауызекі сөйлеу тілін де адамдар жүзеге асырады.

Жергілікті - жердің ерекшелігіне байланысты әдеттегі қарапайым сөзден өзгеше қарапайым тіл деп таныған қарапайым сөз - сөйлеу тілінің құрамдас бөлігі болып табылады да, өзінің құрамына диалекті сөздерді де қабылдайды. Қарапайым тілдің ерекшелігі кәсіби сөйлеу лексикасымен де айқындалады.

Кітаби тіл - (Китаби тіл. А. Байтұрсынов) Орта ғасырлық дәуірде жасалған жазба дәстүр. Ол жазушылардың өзінен бұрын қалыптасқан тілдік дәстүр. IХ-Х ғасырлардан бастап ХХ ғасырдың басына дейінгі грамматикалық жағынан көптеген түркі тілдеріне ортақ дәстүрі бар тіл. Қолдану аясы төл әдеби тілден басқа болды. Н.Сауранбаев: «Қазақ арасындағы сауатты ақындар қиссаларды, кейбір әңгімелерді шығыс дәстүрі деп осы тілде (шағатай тілі - автор) жазған, бірақ қазақ тілінің ерекшеліктерін көп ендірген. Мәселен, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Нұржан Наушабаевтың, Ақмоланың т.б. шығармаларының тілі осындай» - деп Мәшһүр – Жүсіпті де осы қатарға қосқан. Бұл терминді әдеби айналымға енгізген В.Радлов, Васильев. «Шағатай тілі» деген таза әдеби тілді кейде «Кітаби тіл» деу де қалыптасқан. Ә.Құрышжанов «Шағатай тілі» мен «кітаби тіл» деген бір категория емес – дегенді айтады. Р. Сыздықова: «Қазақ жазуы шағатай тілін өзінше «сындырып» пайдаланды» - дейді. Біздің ойымызша, «Кітаби тіл» деген орыс жылнамасынан ауысқан термин Ярослав Мудрыйдың кезінде «учениью книжному» деген желеумен шіркеулік жарғыларды оқыған (Горшков пен Е.Ковалевскаяны қараңыз: Москва, 1969, 1978). Міне, осы тұрғыдан келіп, қазақ жеріне де сауаттарын ашып жатырмыз деген мақсатпен «кітаби тіл» дегенді енгізген. Былай қарағанда бұл түркі елін оның ішінде орыс миссионерлерінің қазақта (қырғыз-қайсақ) менсінбеушілігінен, кемсітушілігінен келіп туған термин.

Шағатай тілі - көне өзбек тілінің ғана мұрасы емес, сонымен қатар қазіргі Орта Азия, Қазақстан жеріндегі біраз халықтардың да мұрасы. ХII ғасырдан бастап, ХV ғасыр арасында қалыптасқан тіл. Шартты түрде «чағатай» деп аталған жазба тіл болғанымен, тілшілер бұл тілді «чағатай» тілі емес, академик А.Н. Смайлович айтқандай «Орта Азия түрік әдеби тілі». Түркі (түрки) тілімен жазылған шығармаларда берітін осы терминдермен атау белең алды. Шағатай тілі мен кітаби тіл жарыса қолданылып, кейіннен кітаби тіл деген термин басым түсті. ХV - ХIV ғасырларда түрік құрамынан бөлініп өз алдына дербес мемлекет құра бастаған түркі халықтарына ортақ тіл. Қазақ халқы да осы тілді пайдаланды. Түркітанушылар орта ғасырлардан келе жатқан орта Азиялық түркі әдеби тіл (көне өзбек әдеби тілі деп танып келді). Ғ. Мұсабаев Араб графикасының негізінде көне түркі тілінің әсерінен (көне өзбек) жазба тілі шағатай тілі қалыптасты бұл тіл кейіннен түркі халқының Орта Азия елдерінің әдеби тілі болды деп жазды. «Абай және шағатай әдебиеті» (Қ.Жұбанов), «Кітаби тілдік (шағатайша) морфологиялық тәсілдер», «Шағатай тұтқынынан» - сөз патшасына» (Р. Сыздықова) құнды мақалалар жазылды. Кітаби деген тіл басқа жұртқа да еншіленді. Мысалы, Мечковскаяның сөзіне көңіл аударсақ: «Потомки переселившихся, а также вывезенных из Крыма в ХIV в. пленных крымских татар (караимов); постепенно забывая родной язык и переводя на белоруский и польский долго сохроняли арабскую графику, так возникали китаби-белорусские и польские тексты, написанные арабским письмами» - дейді (Социальная линг., М. 1996, 109 с.). Бұл Орта Азиялық түріктік жазба тілді Ә. Болғанбаев, Ғ.Қалиев қазақтың ескі жазба әдеби тілі деп атаған. Көне түркі тілін (жазба тілін) қазақ тілінің жазба тілі дей алмаймыз, себебі ол тіл-автономды емес, грамматикалық қатары болған жоқ. Соған қарамастан бұл – тіл, тірі іскер тіл болып қана қоймай, оның ораторлық - шешендік стиль ерекшелігі болды.

Субстрат - белгілі бір тілдің өмір сүріп отырған ортадағы немесе аймақтағы тілді басып озуы.

Суперстрат - тілдің басқа тілді мұрагерлікке еншілеп алуы.

Адстрад - екі тілдік қабаттың қатар өмір сүріп, бірде - бірінің біріне - бірі өктемдігі жоқ тілдер.

Ариальды лингвистика - (латынша: area - площадь (алаң), пространство (кеңістік) Екі тілдің бір кеңістікте тоғысуы. Мысалы, Алтай өлкесі мен Ресей аймағы екеуінің арасында шекара жоқ. Бұрын ТМД мемлекеттерінің тілі солай өмір сүрген. (Кодухов.В.И. Введение в языкознание. Москва «Прос.» 1979; Головин.Б.Н. Введение в языкознание. М., Высшая школа. 1977; Баранникова. Введение в языкознание. Издат. Саратовского универ. 1973; Общее и недоевропейское языкознание. М., 1956, Стр. 112-118.)

Койнэ - грек тілінде: коіне-общее (жалпы) қандайда бір үстемдік етуші диалектінің негізінде пайда болған жалпы тіл. Нақты жағдайда Киев диалектісі мысал бола алады. (Ковалевская.Е.Г. История русского литературного языка. М., Прос. 1978, стр.49). Дифференцация - тілдердің аймақтық бөлінуі негізінде туыстас тілдер мен диалектілердің пайда болуы. (Дифф. Латын тілінен: differo-распространяю, различаю).

Интеграция – қарама - қарсы үрдістердің негізінде тілдер мен диалектілердің қосылуы. (inteqrare- востонавливать целом, об"еднять). Тілдердің дифференцация мен интеграцияға ұшырауының (тілдердің қосылуы мен ажырауының) бірнеше себептері бар: экономикалық, әскери, саяси, мәдени т. б.

Изоглосса - грек тілінде isos-одинаковый (бірдей) glossa-язык(тіл) деген мағынаны білдіреді. Бұл - лингвистикалық картадағы сызық былайша айтқанда шекара. Сол сызықтың ішіндегі немесе сыртындағы диалектілердің таралу аймағын көрсететін шекара.

Креольдық тіл - негізінде креол деп аралас некеден туған адамды айтқан. Ағылшын тілі негізінде Папуа, Жаңа Гвенеяда – ток - писин және хири-мотуда; Крио тілі сол сияқты Сьерра - Леонда; Крио тілі француз негізінде Гаити мен Мартиникада; португал негізінде - Жасыл Мыс аралында және Кюрасо аралымен испандық филипинда

қалыптасты (Мечковская Н.Б. Социальная лингвистика. АСПЕНТ ПРЕСС. Москва 1996 ,113)

Этнос - Тайпалар мен халықтардың, ұлттардың тарихи қалыптасқан этникалық қоғамы.

Этникалық - Қандайда бірдеменің қалыптасуына мүдделі-Халықтың (халықтардың, тайпалардың) тарихи қалыптасқан адамдардың қоғамы.

Диаспора - Бір ұлттың адамдарының өздерінің тарихи Отанынан тыс жерде өмір сүруі.

Узус - қолдануға алынған, сөйлеу дәстүрі. (Латынша : usus-қолдану, дәстүр деген мағынаны береді.) Узальдық - узустың негізінде шыққан, қалыптасқан (окказиональға қарама-қарсы; латынша: occasto-кездейсоқтық деген мағынаны береді.) Қараңыз: Кодухов. В.И. Введение в языкознание. Москва «Просвещение» 1987, 84 с.

Ұлттық әдеби тіл - Қазақстанда өмір сүріп жатқан полиэтникалық тілдердің түптің түбінде барып қосылатын ең жоғарғы формасы болып табылатын қазақ тілінің ғылыми-техникалық саласының жетілген үлгісін меңгере алатын тіл. Бұл орайда Қанағат Жүкештің пікірі ойлантарлық.

Әдеби тіл - А. В. Исаченко пікіріне орай айтылып жүр. 1. Ол поливалентті, ұлттық өмірдің барлық қызмет көрсету орындарында қолданылады; 2. Нормаланған тіл (орфографиясы, орфоэфиясы, гармматикасы мен сөздіктерге түскен тіл); 3. Ол жалпы ұлттық ұжымның мүшелеріне міндетті тіл, диалектілік варианты болмайды; 4. Стилдік жағынан дифференцияланған тіл. Әдеби тілдің қазіргі анықтамасы бойынша ұлтқа дейінгі дәуірде әдеби тіл мүлдем болмаған сол сияқты қазіргі ұлттық тіл пайда болғанға дейін славян халқында жазба тіл болмады [1, с 42.]. В.В. Виноградов: Халықтың тарихында маңызды рөл атқарған әдеби тілдің пайда болу құбылысын қарастыру өте маңызды. Әдеби тілді зерттеу ісін ХIХ-ХХ ғасырмен ғана шектемей тілдің даму барысында біздің мүмкіншілігімізге орай жете алатын тарихи тілдік деректердің барлағын қарастырып барып, біз әдеби тілідің қаншалақты ауқымды екендігіне көзіміз жетететін болады. Сонда ғана әдеби тілдің нақты табиғатын танып, тарихи өзгерістерін көретін боламыз, бұл өзгерістер әдеби тілді зерттеу барысында барынша анықталатын болады дейді [2, с 37-38.]. Әдеби тіл тарихын зерттеу ағылшындарда жақсы қалыптасқан олар әдеби тіл тарихын төрт кезеңге бөліп қарыстырады да көне дәуірге: бірінші ғасыр мен б.д.д. VII-VII ғ. көнеағылшын тайпаларының өмір сүрген ортасы деп танып содан кейін ағылшын халықтарының негізін салды дейді [3, с 20.]; В.Д. Аракин тілдің қарым-қатынас құралы ретіндегі адам ойын біріктіретін акустикалық бейнені, сөзді атап өтеді де, Ф.де Соссюрдің, Л.В.Щербаның пікірлерін қуаттайды [4, с 8-9.]; Б.А.Ильиш көнеағылшын тілінің негізін көнегермандық руникалық жазбалардан іздестіреді ең көне жазба ескерткіштердің бірі- Гот евангелиясы (Вульфил-IV ғ) бұл руникалар II-III ғғ да жатуы мүмкін дейді [5, с 14-15.].



Ескерту: осыған орай, INTERNET жүйесі арқылы алынған мына мәліметті қараңыз: ағылшын тілінде 400-ге жуық түрік сөздері өмір сүреді екен. Оның 55 % этнографиялық реальға (ареальды қараңыз-автор) жатады да, 26-сы қоғамдық-саяси лексикаға, 19 % табиғи реаль болып табылады. Табиғи реальдың ішіндегі ең танымалдары: badian, beecһ, irbis, jougara, mammotһ, sadle, taiga, Turkeu т.б. сөздер. Бұл топта 18 минерал аттары: dasһkesanite, turanite басқалар бар. Неғұрлым меңгерілген қоғамдық-саяси реальдар: bashi-basouk, bequm, effendi, chiaus, Cossach, ganch, horde, janissarу, khan, lackeу, Mameluke, pasha, saber, uhlan. Этнографиялық реальдың ішіндегі кейбір сөздер ағылшын лексикасының бөлінбес құрамына айналған: caviar, coach, kiosk, kumiss, macrame, shabrack, shagreen, vampire т.б. Түркі сөздері ағылшындарға 44 тіл арқылы енсе, 66-сы тура қарым-қатынас негізінде алыс-беріскен, сол сияқты 55 тіл арқылы еніп, 77-сі біреулер арқылы келген. Түркі тілдес сөздер ағылшындарға 66 тіл, 88 ата-тегіне-ағылшын және сактарға IV ғасырдың соңында кіре бастаған, гүндер басып алғанда 99-дың 77-сі түркілер. Кейбір зерттеушілер түркі тілдерін гүн дәуіріне жатқызады мысалы, мыны сөздерді: beech, bodу, qirl, book, kinq. Түркі тілінен шыққан көнеағылшын сөзін tapor (балтаны - автор) жалпыгермендық ахемен ығыстырған. Бұл сөздің түбірі тапа - «шабу» - дегеннен туғаны өте қызық. Бұл сөзді кейінен арабтар, парсылар, орыстар қабылдап алған және күні-бүгінге дейін сақталған сол сияқты шығыстүріктерде қолданылады. Батыстүріктерде мысалы, түркияда және татарларда (тапа сөзі - автор) балта сөзімен ығыстырылып, бірақ алғашқы мағынасы татар тілінде тапагыч формасы «көкөніс шабатын сапталған пышақ » (капустаны шабады-автор) сақталған; Башқұрт әдеби тілінің тарихы [6]; татар әдеби тілінің тарихы туралы [6] мәліметтер берілген.

М. Аджи көнегерман руникаларын көнетүрік руникаларымен бірлігін жазғаны да жоғары мәлеметті ой жағынан толықтырары сөзсіз (Полынь половецкого поля, 1994. 143-158 с.). «Әдеби тіл - орныққан, тұрақты нормалары бар, жалпыға бірдей түсінікті, ортақ, қоғамдық қызметі әр алуан, жалпы халықтық тілдің екшелген, сұрыпталған, сымбатталған жүйелі түрі т.т» (Қараңыз: С.Исаев – 10-11 б, Р. Сыздықова – 10 б, А. Салқынбай сөздігі – 30 б.). М. Балақаев жазу арқылы кестеленбеген тіл - әдеби тіл емес (Қазақ әдеби тілі және оның нормалары. 1984. 44 б.). Б.А. Ильиш ағылшын тілінің тарихын зерттеу қазірігі замандағы ағылшын тілін жете білуге және түрлі кезеңдегі әдеби тілдің, сол тілдің тарихтағы алатын орнын айқындайды дейді. Ағылшын тілі үндіеуропа тілдер семиясындағы герман тілдер тобына жататыны белгілі. Көнегермандық тайпалардың жазбасы көне руникалық әліпбилер болды. Руникалық әріпте горизанталды жазба болмаған. Олар руникалық жазбаларды II-III ғасыр б.д.д. есептейді [7, 12; 11 с. ]; [7, 10]. Бұны айтып отырғанымыз руникалық таңбалар Рим империясымен жанаса жүріп «Дунай» өлкесінен келді ме деп жазады да, өздері де анық білмейді, күмәнданады. Демек, бұл руникалық таңбаларды гүндер апарған деп айтқан М. Аджидің сөзі рас болып шығады. Өйткені, бұл таңбалар біздегі Орхон - Енесей жазбаларына өте ұқсас. Мүмкін осы ойдан кейін болса керек О. Сүлейменов барлық тілдердің шығу тегін бір-бірімен салыстыра зерттейді (Язык письма, 1998.).

Р.А. Будаговтың анықтамасы бойынша: литературный язык -это обработанная форма общенародного языка (живой разговорной речи-Е.К.), обладающая в большей или меньшей степени письменно закрепленными нормами (Қараңыз: Ковалевская, 1978. 43 с., Будагов, М., 1967. 5 с.). А.Н. Гвоздев: Литературный язык имеет найболее отработанные языковые нормы – деген (Очерки по стилистике русского языка, М., 1965. 10 с.). Бұл орайда, Б.А. Ларин орыс әдеби тілінің шығуы туралы А.А. Шахматовтың орыс әдеби тілінің көнебұлғар тілі деген теориясына, Соболевскийдің А.И., Обнорский С.П., Срезневский И.И., Никольский Н.К., т.б пікірлеріне келіспейді (Лекции по истории русского литературного языка (Х-ХVIII в.) М., 1975. 9-22 с.). Бұл дегеніміз орыс тілінің көптеген сөздері (ономастикалық атауларының өзі) көнетүркілік сөздер екендігі кейінгі кезде дәлелдене бастады.

Л.В. Судавичене, Н.Я. Сердобницев, Ю.Г. Кадкалов әдеби тілдің спецификалық белгілеріне: тарихилықты, әлеуметтік шарттылықты, түсініктілік, нақтылықты, варианттылық, дифференциалдық, қайта жасалуы т.б. тілдің тарихи даму барысындағы қалыптасқан үрдістерді атайды әдеби тіл турасында түрлі анықтамалар мына әдебиеттерде де айтылады: (Қараңыз: Жоғарыдағы авторлар: Истории русского литературного языка, 1984. 10 с; Состав: А.Кожина құраст. 1989, 18 с; Н.А.Мещерский, 1981. 27-40 с; В.И.Кодухов, 1979. 85-86 с; Л.И.Скорсцов, 1980. 116 с; Б.Н.Головин, 1980. 45 с; В.Ф.Греков, С.Е.Крючко, Л.А.Чешко. 1981, 4 с; Состав: Л.И.Скворцов, 1984. 12 с; Р.И.Аванесов. 1984, 8 с; М.Н.Кожин. 1983, 83 с; А.И.Горшков. 1984, 40-41с; Под. ред. Н.М.Шанского. 1989, 42-43 с; А.И. Ефимов. 1969, 62 с.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет