Металл материалдары


Коррозияға және қызуға берік болаттар мен қорытпалар



бет53/63
Дата05.08.2022
өлшемі6.13 Mb.
#459891
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   63
Металл материалы (1)

13.10 Коррозияға және қызуға берік болаттар мен қорытпалар

Коррозия деп қоршаған ортаның әсерінен металдың қирауын, бүлінуін атайды. Бұл жағдайда металл көбінесе коррозияның өнімі- тотпен жабылады. Қоршаған ортаның әсерінен сырттай көзге түсетін өзгерісі болмаса да металдың механикалық қасиеті кенеттен төмендеп кетеді.


Коррозия металға газдың әсерінен тиетін химиялық (газды коррозия) және электролиттердің (қышқылдар, сілтілер және тұздар) әсерінен туындайтын электрхимиялық коррозия болып ажыратылады. Электрхимиялық коррозияға атмосфералық және топырақтық коррозия да жатады.
Электрхимиялық коррозияның механизмі. Егер электролитке (дымқыл ауа, қышқылдың, тұздың, сілтінің судағы ерітінділері т.б.) бір - бірімен қосылып тұрған әртүрлі металдарды орналастырсақ, онда гальванды элемент түзіледі, бұл жағдайда жеңіл металл өз электрондарын бөліп шығарып, анодтың қызметін атқарады, ал екіншісі катод ролінде болады. Гальвандық элементтің жұмысы кезінде анод істен шығады.
Микрогальваникалық элементтер қорытпаның әртүрлі фазаларының арасында, тіпті металда да болуы мүмкін. Мұндағы анод ролін түйіршіктердің шекарасы және басқа ақаулы бөлшектер атқарса, катод ролін түйіршіктің өз бойы атқарады.
Коррозияның түрлеріне байланысты металдың құрылымында ұсақ тор тәрізді жарықшалар, коррозиялық ақаулар пайда болады. Жоғары температурадағы ( ≥ 5500С ) газды коррозияға төзімді болат қызуға төзімді, электрхимиялық, химиялық коррозияға төзімді болаттар коррозияға төзімді (тоттанбайтын) болат деп аталынады.
Болаттың коррозияға төзімділігі олардың құрамына арнаулы элементтер енгізу арқылы көтеріледі.
Коррозияға берік техникалық қорытпалардың маңыздысы- құрамына басым мөлшерде хром енгізілген болат. Демек, хромды және хромдыникельді болаттар. Хромды болаттардың құрамында кем дегенде 13 % хром, 0,1...0,45 % көміртегі бар ( 08Х13, 10Х13, 20Х13 т.б.). Құрылымы – феррит. Азоттық- қышқылдық зауыттар шығаратын құбырларды (құбырлар, ыдыстар) дайындауға жұмсалады. Механикалық қасиетін көтеру үшін оған 2-3 % никель қосылады ( 1Х13Н3, 1Х17Н2 ). Мұндай болаттардан агрессиялы ортада қызмет атқаратын, ауыр күш түсетін бөлшектер дайындалады.
Хромдыникельді болаттар. Олар хромды болаттармен салыстырғанда механикалық қасиеті мен қышқылға беріктігі өте жоғары. Кеңінен қолданатын болаттар қатарына құрамына 18 % хром, 0 – 10 % никель енгізілген болаттар жатады. Аустенитті кластар қатарына Х18Н9, 12Х18Н9Т, 08Х18Н10 маркалы болаттар жатады. Тоттанбайтын болаттардың ішінде аустениттік класты болаттарды пайдалану кеңінен тараған. Олардың коррозияға қарсылық көрсетер қабілеті жоғары, беріктігі айтарлықтай көтеріңкі  800 МПа, аса созымтал, δ = 40... 50 %. Пісіруге ыңғайлы. Термиялық өңдеу үшін 1000 – 10500С суда шынықтырылады. Қыздыру кезінде хром карбиді аустенитте ериді. Қатты ерітіндіде толығымен сақталған хром болаттың коррозияға берілмеу қабілетін көтереді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет