Мәтбек Н.Қ. филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы



Дата28.06.2016
өлшемі134.99 Kb.
#163616
Мәтбек Н.Қ. – филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы,

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

(Алматы қ., Қазақстан), E-mail: nursulu.m@mail.ru

ЧУВАШ ӘДЕБИ ТІЛІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Аннотация. Чуваш тілі Чуваш Республикасының мемлекеттік тілі, чуваштардың ұлттық тілі болып

табылады. Әлем тілдерінің генеалогиялық жіктелуінде түркі тілдерінің бұлғар тобына жатады және осы

топтағы жалғыз тірі тіл болып есептеледі. Чуваш тілі Ресейдің біршама аймақтарына тараған. 1,15 млн-ға

жуық адам чуваш тілінде сөйлейді.Чуваш тілі XVIII ғасырдан бастап зерттеле бастаған.Лексикасы байырғы,

жалпытүркілік және кірме сөздер қабаттарынан тұрады.Чуваш тілі қазіргі түркі тілдерінен көптеген белгілері

бойынша ерекшеленеді.



Кілт сөздер: мемлекеттік, чуваш, тіл, түркі, бұлғар, диалект, әдеби, зерттеу, кірме сөздер.

Чуваш тілі – чуваштардың ұлттық тілі, Чуваш Республикасының мемлекеттік тілі, сондай-ақ

Чуваш Республикасынан тыс жерде өмір сүретін чуваш қауымының тілі. Чуваш тілі өз тілдерінде

«чӑ ваш чӗ лхи», «чӑ вашла»деп аталады. Әлем тілдерінің генеалогиялық жіктелуінде түркі

тілдерінің бұлғар тобына (кейбір зерттеушілердің пікірінше, батыс хун бұтағына) жатады және осы

топтағы жалғыз тірі тіл болып есептеледі.

Чуваш тілі Чувашия, Татарстан, Башқұртстан, Самара, Ульяновск, Саратов облыстарында,

сондай-ақ Орал, Поволжья, Сібірдің басқа да облыстарына, т.б. өлкелерге, республикаларға

таралған. Чуваш Республикасының мемлекеттік тілі (орыс тілімен бірге) болып есептеледі.

Сөйлеушілер саны, 2010 жылғы санақ бойынша, 1,15 млн адамға жуық, осыдан бұрын 2002

жылғы санақта этникалық чуваштардың саны 1 млн 637 мың адам болатын, шамамен, оның 55%-ы

Чуваш Республикасында тұрады.

Чуваш әдеби тілі төменгі диалект негізінде қалыптасқан. Әдеби тілдің қалыптасуына И.Я.

Яковлевтің қызметі және Симбир чуваш мұғалімдік мектебі (ХІХ ғасырдың аяғы) үлкен рөл атқарған.

Чуваш тілін лингвистикалық зерттеу XVIII ғасырда басталған, 1769 жылы тұңғыш

грамматика жарық көреді (Вениамин Пуцек-Григорович). Чуваш тілін ғылыми-зерттеу негізін Н.И.

Ашмарин (XIX ғасырдың аяғы – XX ғасырдың басы) қалаған; оны зерттеуге И.А. Андреев, В.Г.

Егоров, Й.Бенцинг және басқа да зерттеушілер маңызды үлес қосқан.

Н.И.Егоров чуваш тілі глоттогенезінің үш құрамдас бөлігін көрсетті:

Қазіргі жалпыұлттық чуваш тілі ХV ғасырда орта бұлғар диалектісі негізінде қалыптасты.

Глоттогенезде үш негізгі бөлік маңызды орын алады:

1) орта бұлғар тілі – негіз (орта қыпшақ кірме сөздерінің біршама бөлігін сіңірген, сонымен

қатар моңғол, парсы, арабтан шыққан лексиканы да);

2) таулы марий субстраты (негізінен, жоғары диалектіде);

3) чуваш тілінің құрылымдық деңгейінің түрлі дәрежесі көрінетін қазан-татар және мишар

тілдерінің тарапынан зор қарым-қатынас әсері [1].

Лексикасы байырғы, жалпытүркілік және кірме сөздер қабаттарынан тұрады. Құрамында

моңғол, иран, фин-угор, армян, грузин, еврей, славян кірме сөздері бар. Маңызды бөлігін шартты

түрде бұрын енген және жаңадан енген деп бөлінетін орыс тілінен енген сөздер құрайды.

Алғашқылары дыбыстық жақтан чуваш тілінің ерекшеліктеріне бейімделсе (пӗ рене –«бревно»,

кӗ репле –«грабли»), кейінгілері мүлде өзгеріске ұшырамаған (делегат, прогресс) немесе аздап

бейімделген (конституци, географи). Орыс кірме сөздері, негізінен, терминология саласына жатса,

ішінара тұрмыстық лексика да (пальто, костюм) кездеседі.

Бұлғар-чуваш тарихындағы ислам дәуірімен (X-XIV ғасырлар) байланысты лексикасында,

әсіресе көне чуваш тілінде және жалқы есімдерде араб-парсы сөздері бар. Бірақ қазіргі чуваш

тілінде (әсіресе ауызекі сөйлеу тілінде) бұндай сөздер көп кездеспейді, сөздіктерде және әдеби тілде

ғана қолданылады.

Б.А. Серебренников чуваш пен моңғол тілдерінің, чуваш пен тұңғыс-манчжур тілдерінің

лексикалық қатарларын, чуваш тілін сібір және ортаазиялық түркі халықтары тілдерімен

жақындастыратын елеулі сөздер тобын көрсете отырып, төмендегідей қорытындыға келеді: «жалпы

түркі тілдерінің ыдырауы,негізінен, күмәнсіз Азия территориясында жүзеге асты, қайта

Хабаршы №2- 2015 ж.

259

қалыптасқан түркі тілдерінің бірі – қазіргі чуваштардың ата-бабаларының тілі, шамасы, Байкал



көлінің ауданында, әлдебір моңғол тілімен көрші тұрды [2, 41 б.]. Одан ары ол: «...қазіргі

чуваштардың түркітілді ата-бабалары Еуропа территориясына барған алғашқы түркі тайпалары

болды, соңында Еділдің төменгі ағысындағы түркі тілді қауымекі тілге: бұлғар және хазар тілдеріне

ыдырады [2, 43 б.].

Бұлғар және чуваш тілдерінің тығыз байланыстылығы күмән тудырмайды. Жазбаларда

сақталған аздаған бұлғар сөздері чуваш тілінен өзге түрік тілдеріне тән емес, тек чуваш тілінде ғана

кездесетін ерекшеліктерге дәлел болып табылады. Чуваш тілі ежелгі (ІV-ХІ ғғ.) және орта бұлғар

(ХІІІ-ХVІ ғғ.) тілдеріне жатады.

А.В. Дыбосөздер жиынтығын зерттеу және лексико-статистикалық мәліметтер негізінде түрік

тілдері генеалогиялық тармақтарының салыстырмалы хронологиясынайқындауарқылы, ежелгі

түріктілінің ыдырауы, әдетте, бұлғар тобының бөлімі ретінде сипатталатын чуваш тілінің

бөлінуінен бастау алатынын дәлелдеді. Генеалогиялық тармақтарда тілдің тарамдануы б.з.д. 30-50

жылдарға сәйкес келеді. Ол бұл мерзімді хунну тайпасы бір бөлігініңБатыс Моңғолияданбатысқа,

солтүстік Шыңжаң арқылы ОңтүстікҚазақстанның Сырдария аймағына, б.з.д. 56 ж. қоныс

аударуымен байланыстырады [3, 766 б.].

Итальяндық тарихшы және филолог Игор де Ракевиц(Igor de Rachewiltz) чуваш тілінің басқа түрік

тілдерінен елеулі, ал халадж тілінен аздаған айырмашылығы бар екендігін көрсетті. Ол «чуваш тілі

түрік тілдеріне тән кейбір жалпы сипаттамаларға сай келмейді, дегенмен оны кейбір ғалымдар түрік

немесе моңғол тілдері секілді, алтай тобының жеке тармағына жатқызады, ал чуваш тілін түрік тілдері

тобына қосу – тілдерді жүйелеу мақсатымен ымыраға келуден туғаншешім», – [4, 7 б.] деп түсіндіреді.

Чуваш тілі қазіргі түркі тілдері: әзірбайжан, башқұрт, гагауз, қазақ, татар, түрікмен, өзбек т.б.

тілдерден көптеген белгілері бойынша ерекшеленеді.

Ғалымдар чуваш тілін өте көне тілдердің бірі және басқа түркі тілдерінен оның ерекшелігі

чуваштардың ата-бабалары түркі әлемінен ерте ажырағандығында деп түсіндіреді. Тек соңыра

халық өзінің тілі мен мәдениетімен этнос ретінде қалыптасқан соң, ол қайтадан тарихи кезеңдерде

түріктермен тығыз қарым-қатынасқа түсе бастайды.

Чуваш жазуының қалыптасу тарихы 3 кезеңге бөлінеді:

- ежелгі чуваш жазуы кезеңі (ХVI ғасырға дейін);

- көне чуваш жазуы кезеңі (ХVIII ғасыр – 1871 жыл);

- жаңа чуваш жазуы кезеңі іштей екі кезеңді қамтиды:

1) 1871 – 1917;

2) 1917 жылдан осы уақытқа дейін.

Чуваш жазуы тарихының әр кезеңіне сызықтық-графикалық символдар (әріптер мен жазудың

әріп емес таңбалары) және қағазға немесе басқа материалдарға чуваш тілінде құрастырылған

мәтіндерді, сөздерді, хабарларды жазуға арналған тәсілдерді қамтитын жазудың жеке алфавиттік

жүйесі сәйкес келеді. Ежелгі чуваш жазуы кезеңінде екі алфавит қолданылған:

- ХІХ ғасырға дейін ішінара сақталған руна жазуы;

- араб графикасына негізделген әліпби (Х-XV ғасырлар).

Көне чуваш жазуы кезеңінде (ХVIII ғасыр – 1871 жыл) чуваш сөздерін жазу үшін чуваш тілі

дыбыстарына тән арнайы әріптеріболмаған орыс алфавиті қолданылды.

Жаңа чуваш жазуы кезеңінде де(1871 жылдан – осы уақытқа дейін) әрқайсысы әр түрлі

дәрежеде чуваш тілін жазуға бейімделген екі түрлі алфавит қолданыста болды:

- кириллицаға _______негізделген чуваш алфавиті;

- латын жазуына негізделген чуваш алфавиті [5].

Чуваш тілінде 10 әріппен таңбаланатын 9 дауысты дыбыс (фонема) бар: а, ă, э (е), ĕ, и, ы. у, ӳ ,

о. Дауыссыз дыбыстар саны – 22. Оның ішінде тек қана Ç фонемасына сәйкес дыбыс орыс тілінде

жоқ. Бұл – ызың, қатаң фонема, орыс тіліндегі с' (сь) дыбысына ұқсайды.

Чуваш тілі – ерекше жұмсақ тіл. Байырғы чуваш сөздерінде б, г, д, ё, ж, з, о, ф, ц, щ әріптері

жоқ. Бұл әріптер тек орыс және шетел тілдерінен енген сөздерді жазуда ғана қолданылады.

1871-72 жылдары жаңа жазу пайда болғанша чуваш тілі ауызша қарым-қатынас пен халық

ауыз әдебиетінің түрлерінде ғана қолданылды. Жазу пайда болғаннан кейін тілдің қолданылуы іс

жүзінде кеңейді. 1920 жылы автономия құрылғаннан бастап тілдің қолданылу аясы елеулі түрде

кеңейді. Республика аумағында чуваш тілі, орыс тілімен қатар, екі ресми тілдің біріне айналды.

Барлық аймақта чуваштардың тығыз орналасуына байланысты мектептердегі оқыту тілі (8-сыныпқа

дейін) болды, ресми мекемелерде осы тілде сөйлеседі, іс-қағаздары жүргізіледі, кең ауқымда кітап

басылып шығарылады, чуваш тілінде фильмдер түсіріледі, театр сахналарында осы тілде сөйлейді.

Чебоксары, Қазан, Уфа, Самара, Симбирск, Мәскеуде чуваш тілінде газет-журналдар шығарылады.

Хабаршы №2- 2015 ж.

260

ХХ ғасырдың 30-жылдары жағдай күрт өзгерді. Чуваш АССР Конституциясынан чуваш



тілінің мемлекеттік мәртебесі туралы бап алынып тасталынды. Чуваш Республикасынан тыс

жерлердегі чуваш тілінде шығатын газет-журналдар жабылды, кинофильмдер жойылды. 1989

жылғы санақ бойынша, бұрынғы Кеңес Одағы территориясын мекендейтін чуваштардың төрттен

біріне жуығы ана тілі ретінде чуваш тілін есептемеді, тіпті Чуваш АССР-індегі ана тілін білмейтін

чуваштардың үлесі 15%-ды құрады.

1936 жылдың 13 қаңтарында – БКП(б) облыстық комитетінің бюросы Чувашияның барлық

мектептерінің 8-10-сыныптарында барлық пәндерді орыс тілінде оқытуға шешім қабылдады.

1938 жылдың 13 наурызында КСРО ХКК және БКП(б) ОК «Ұлттық республикалар мен

облыстар мектептерінде орыс тілін оқыту туралы» Жарлығына сүйене отырып, Чувашияның халық

ағарту комитеті, оқу үдерісінде орыс тілінің рөлін күрт арттыру бағытында оқу жоспарын өзгертті.

Орыс тілі пәні бойынша ақпараттар көлемі ұлғайтылып, сағат саны арттырылды. БКП(б) және

Чуваш Автономиялы Кеңес Социалистік Республикасы Халық комиссарлар кеңесінің (ЧАКСР

ХКК) 1938 жылы 9 сәуірдегі «Чуваш АКСР чуваш, татар және мордова мектептерінде орыс тілін

міндетті оқыту туралы» Жарлығына сәйкес, 1938 жылдың 1 қыркүйегінен бастап республика

мектептерінде орыс тілін оқыту 2-сыныптан бастап қолға алынды.

1958 жылдың 24 желтоқсанында «КСРО-да мектеп пен өмір арасындағы байланысты

күшейту, білім беру жүйесін одан ары дамыту туралы» Заң қабылданды. Оқушылардың ата-аналары

балаларын қандай тілде оқытуды өздері таңдау құқығына алғаш рет ие болды. Республиканың

көптеген мектептерінде ата-аналардың өтінішіменоқыту ана тілінен (орыс тілінен басқа) орыс тіліне

жаппай ауыстырылды.

2007 жылға дейін, жалпы білім берудің мемлекеттік стандартының ұлттық-аймақтық

компоненті алынып тасталынғанға дейін, республика мектептерінде ана тілін (орыс тілінен бөлек)

оқыту ұлттық-аймақтық компонент шеңберінде жүргізілді. Чуваш Республикасының бұрынғы білім

министрі Г.П. Черновойорыстілді мектептерді бітірушілердің чуваш тілін меңгеру деңгейі төмен

екендігіне қарамастан, 2000 жылы «Орыстілді мектептерде чуваш тілін оқыту сағаттарын

арттырудың қажеттілігі жоқ», – [6] деп атап көрсетті.

Чуваш Республикасы Министрлер Кабинетінің 1 маусым 2000 жылғы №109 қаулысымен

бекітілген«Оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі жүйесіндегі Чуваш Республикасы ұлттық мектептерінің

концепциясында» ұлттық мектепке келесідей анықтама берілген: «Ұлттық мектеп – Чуваш

Республикасының әр түрлі ұлт өкілдері қатар өмір сүретін аймақтарында, оқушыларды туған

этномәдени ортамен байланыста дамыту қағидасына негізделген және тиісті ұлттық-аймақтық

компонентке сай оқыту бағдарламасын іс жүзіне асыратын жалпы білім беру мекемесі» [6]. Бұл

құжат Чуваш Республикасы Министрлер Кабинетінің 29 маусым 2011 жылғы №263 қаулысымен

күшін жойды.

1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған «Білім туралы» Заңның 2004 жылғы 18 қазандағы жаңа

редакциясына сәйкес, бұл анықтамаға түзету енгізіліп, ұлттық білім беру мекемесі деп туған

этномәдени ортасына және ұлттық дәстүрлеріне негізделген білім беру бағдарламаларын жүзеге

асыратын мекемелер аталатын болды. Чуваш Республикасы «Білім туралы» Заңының ең соңғы

редакциясында «ұлттық мектеп» ұғымы жоқ.

1993 жылдың 28 қаңтарында Чуваш Республикасының «Білім туралы» Заңы қабылданып,

онда: «Чуваш Республикасы мектепке дейінгі, жалпы бастауыш және негізгі жалпы білім беруді –

орыс және чуваш тілдерінде, ал түрлі ұлттардың тығыз өмір сүретін аймақтарында, сол ұлттардың

туған тілінде білім беруді қамтамасыз етеді» [6], – деп атап көрсетілді.

2005 жылдың 11 қарашасында Чебоксарыда чуваш тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің бірінші

конференциясы өтіп, оған Чуваш Республикасындағы, Ресей Федерациясы аймақтары мен жақын

шетелдерден 300-ден астам делегат қатысады. Конференция нәтижесі бойынша Чуваш

Республикасындағы тілдік тәжірибе қолданыстағы заңнамаға қайшы келетіндігі көрсетілген тілдік

жағдаят туралы өтініш қабылданады.

2007 жылдың 1 желтоқсанында №309-ФЗ «РФ кейбір заңнамалық актілерге, оның ішінде

мемлекеттік білім беру стандартының құрылымы мен ұғымдарына өзгеріс енгізу» Федеральдық

заңы қабылданады, соған сәйкес мемлекеттік білім беру стандарты институтынан (федеральды және

аймақтық (ұлттық-аймақтық), сондай-ақ білім беру мекемесінің компонентінен) «федеральды

мемлекеттік білім беру стандарты» институтына ауыстырылады.

Федеральды мемлекеттік білім беру стандарттары кемінде он жылда бір рет бекітіледі және

олар негізгі білім беру бағдарламаларының құрамына деген талаптарды, сондай-ақ негізгі білім беру

бағдарламаларының нәтижелерін енгізуді қамтиды.

2010 жылдың 20 ақпанында Чуваш Республикасы астанасы Чебоксары қаласында Чуваш

Хабаршы №2- 2015 ж.

261

азаматтық конгресінің жетекшісі Н.Е. Лукианованың бастамасымен қоғамдық ұйымдар



өкілдерініңХалықаралық ана тілі күніне байланысты ұйымдастырылған Ресей Федерациясы

байырғы халықтарының ана тілін сақтау және дамыту мәселелері бойынша форумы болып өтті.

Форумда 1 желтоқсан 2007 жылғы №309-ФЗ «РФ кейбір заңнамалық актілерге, оның ішінде

мемлекеттік білім беру стандартының құрылымы мен ұғымдарына өзгеріс енгізу»,мемлекеттік білім

беру стандартынан ұлттық-аймақтық компоненттерді алып тастаған Федеральды заңының

салдарлары талқыланды. Форумға қатысушылар Ресей халықтары өкілдерінің БҰҰ, Еуроодақ,

әлемдік БАҚ басшылығы, РФ Президенті, Парламенті мен Үкіметіне Үндеу қабылдады. Сонымен

бірге «Ресей Федерациясы халықтарының ана тілін сақтауға, оны зерттеу және дамыту үшін

жағдайлар жасауға конституциялық құқығын қалпына келтіру туралы» резолюция қабылданды.

2010 жылы Чебоксары қаласындағы №10 орта білім беретін мектеп негізінде «Бастауыш

мектепте чуваш тілін интенсивтібілім беру арқылы дамыта оқыту» экспериментті алаңының

жұмысы қолға алынып, екі тілде: орыс және чуваш тілдерінде оқитын бірінші бір сыныпқа

оқушылар қабылдай бастады. Бірқатар пәндерді чуваш тілінде оқытуда арнайы әдістемеліктер

пайдаланылып, оқушылардың чуваш тілін меңгеру деңгейіне қарамастан, оларды оқыту сатылай

жүргізіле бастады.

Чуваш Республикасы Президентінің 21 наурыз 2008 жылғы №25 Жарлығына сәйкес, Чуваш

Республикасында білімді дамытудың 2040 жылға дейінгі бекітілген стратегиясында келесідей

мәліметтер келтірілген: «Бүгінгі күні республикада 344 чуваш, 177 орыс, 17 татар ұлттық мектебі

бар, жалпы білім беретін 4 мекемеде мордова тілі оқытылады. Қалыптасқан жүйе көп мәдениетті

кеңістікте балалардың сапалы білім алуын қамтамасыз ете алады» [6].

Чуваш тілі Чуваш Республикасы Білім министрлігінің 2009-2010 оқу жылындағы мәліметтері

бойынша, республикада мектептердің 65%-ы – чуваш, 31%-ы – орыс, 3%-ы татар тілдерінде білім берді.

Чуваш тілі 344 чуваш мектебінде – ана тілі, ал қалған 198 мектепте мемлекеттік тіл ретінде оқытылды.

Чуваш, татар ұлттық мектептерінің 1-5-сыныптарында оқыту ана тілінде жүргізілді. Өкінішке орай,

Алатырь, Канаш, Шумерли қалалары мен Порецк ауданында чуваш мектептері болмады.

Чуваш ұлтының жартысына жуығы Чуваш Республикасынан тыс жерлерде өмір сүреді. XIX

ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басында Чуваш Республикасы мен одан тыс жерлерде

чуваш тілінде білім беретін бастауыш сыныптар мен пән мұғалімдерін даярлайтын бірқатар жоғары

және арнайы оқу орындары ашылды. Чуваш АКСР-дегі педагогикалық институт, техникум мен

училищеден өзге, арнайы педагогикалық училищелер Ульяновск, Самара, Қазан, Сенгиль,

Похвистнев, Белебей, Аксубаев және т.б. қалаларда жұмыс істеді.

Ульянов облысы және басқа да Чуваш Республикасынан тыс жерлерде өмір сүретін ұлт

өкілдерінің пікірі бойынша, чуваш тілі мен әдебиетін оқытатын педагог мамандарға сұраныс өте

жоғары. Қазіргі уақытта үкімет чуваш тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне сұраныс жоғары болуына

қарамастан, Ульяновск мемлекеттік педагогикалық университетінің чуваш тілі мен әдебиеті

бөлімдерін жабуда. Чуваш Республикасынан тыс жерлерде өмір сүретін чуваштардың ана тілін білу

деңгейінің төмендеуінің негізгі себептерінің бірі – маман педагогтердің болмауы.

Чуваш тілінде көптеген газеттер шығарылып, чуваш театрлары мен хор ұжымдары жұмыс

істейді. Чуваш тілі Чуваш Республикасының, Башқұртстан мен Татарстанның кейбір аудандарының

мектептерінде пән ретінде оқытылады, Чувашияның бірқатар ЖОО-ларында екі семестр бойы пән

ретінде оқытылады. Чуваш Республикасында чуваш тілінде аймақтық радио және

телебағдарламалар таратылады, мерзімді басылымдар жарық көреді. Республикада ресми іс жүргізу

орыс тілінде жүргізіледі.

Чуваш тілі ұдайы даму үстінде. Онда жаңа сөздер пайда болып, тұрақты тіркестер

жасалынуда, жаңа грамматикалық құрылымдар қолданылынып, жаңа орфографиялық ережелер

енгізілуде. Әйтсе де чуваш тілінің жойылып кету қаупі жоқ емес, қазіргі уақытта лексика

саласында, әсіресе ауызекі тілде орыс тілінің әсері қатты байқалады.

Әдебиеттер:

1. Егоров Н.И. Глоттогенез чувашский // Чувашская энциклопедия. Гл. ред. В.С. Григорьев. –

Чебоксары: Чувашское книжное издательство, 2010. Т.1. – 289 с.

2. Серебренников Б.А. Происхождение чуваш по данным языка // О происхождении

чувашского народа. Сборник статей. – Чебоксары: Чуваш. гос. изд-во, 1957. – С. 41.

3. Дыбо A.B. Хронология тюркских языков и лингвистические контакты ранних тюрков. –

М.: Академия, 2004. – 766 с.

4. Rachewiltz, Igor de. Introduction to Altaic philology: Turkic, Mongolian, Manchu. – Leiden;

Boston, 2010. – P. 7.

Хабаршы №2- 2015 ж.

262

5. Фомин Э.В. Чувашская книга в конце ХIХ – начале ХХ вв. // Известия Томского



политехнического университета. – 2007. – №2. – С. 244-248.

6. ru. wikipedia.orq /wiki/ Чувашский язык.



Матбек Н.К.

Особенности чувашского литературного языка

В статье рассматриваются история, нынешнее состояние, будушее и особенности одного из

тюркских языков – чувашского языка. А также анализируется область распространения и применения,

общественно-социальная функция, основы развития чувашского литературного языка.



Ключевые слова: государственный, чуваш, язык, тюркский, булгар, диалект, литературный,

исследование, заимствованные слова.



Matbek N.K.

Features ofchuvashliterarylanguage

This article discussesthe history, current state, futureand features of one of theturkic languages-the

chuvash language. And alsoanalyzesthe distribution area, public-social function, the basis of development ofthe

chuvashlanguage.



Key words: state, chuvash,language, turkic,bulgar,dialect, literary, research, loan words.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет