Метереологиялық глоссарий: Абсолют максимум



Дата11.06.2016
өлшемі38.5 Kb.
#128193
Метереологиялық глоссарий:

Абсолют максимум- көп жыл ішіндегі ең жоғарғы метеорологиялық көрсеткіш (темпиратура, ылғалдық, т.б.)

Абсолют минимум - көп жыл ішіндегі ең төменгі метеорологиялық көрсеткіш (темпиратура, ылғалдық, т.б.).

Антарктидалық белдеу – оңтүстік полюс төңірегіндегі географиялық белдеу. Антарктида, материк маңындағы аралдар және мұхиттардың оңтүстік шеттері кіреді.

Антициклон - атмосферадағы ауа қысымы жоғары аймақ

Арқтикалық белдеу – жер шарының ең солтүстігіндегі географиялық белдеу. Солтүстік полюстен шамамен 70*с.е. дейін түседі.

Аридті ландшафт – құрғақ жылы немесе ыстық континеттік климат жағдайында қалыптасатын ландшафт.

Атмосфера- ( грекше атмос- бу, сфера – шар) – жер шарын айнала қоршаған ауа қабығы. Жермен қоса айналады.

Атмосфералық жауын-шашын – жер бетіне атмосферадан сұйық немесе қатты күйіне түсетін ылғал. Бұлттан жаңбыр, қар, бұршақ, қиыршық жауады. Ауаның жер бетіне таяу қабатынан тікелей бөлініп шық, қырау, қылау тұрады.

Атмосфералық қысым – бүкіл атмосфера қабатының жер бетіне түсіретін қысымы.

Ауа айналымы- жер бетіндегі ауаның әр түрлі қызығуы және ондағы қысым айыпмашылығы салаларынан пайда болатын ауа ағыстарының жүйесі.

Ауа массасы - тропосфераның темпиратурасы, ылғалдылығы, мөлдірлігі, т.б. қасиеттері жөнінен біртектес ірі бөлігі.

Ауа ылғалдылығы – ауадан су буының мөлшері. Абсолют және салыстырмалы ылғалдылықтар ажыратылады.

Ауа райы- атмосфераның қысқа мерзімдегі жпй-күйі.

Аэротермикалық градиент- ауа темпиратурасының белгілі бір өлшем айырмасы байқалатын биіктік.

Бағдарлау - жергілікті жерде көкжиек тұстарын ажырату.

Барометр- ( грекше барос – салмақ, метр- өлшеу) – ауа қысымын өлшейтін құрал.

Бедленд – эрозияның әрикеті нәтижесінде құрғақ климат жағдайында пайда болған аласа таулы жер бедерінің күрделі түрі.

Бергштрих – ( немісше берг – тау, штрих- сызық)- ылдидың бағытын көрсету үшін горизантальдарға қосымша берілетін косе-көлденен сызықша.

Биоклиматтық белгі- белгілі бір климатпен үйлескен биоценоздардың жай-күйі.

Биосфера – ( грекше био- тіршілік, сфера- шар)- тірі организмдер таралған жер қабығы.

Биіктік белдеу - тауларда биіктік белдеу бойынша бөлінетін табиғат кешенінің бірлігі.

Бриз- ( французша бриз- самал жел) – теңіздердің , ірі көлдердің жағасында күндіз құрлықтан суға, түнде судан құрлыққа қарай соғатын желдер.

Булану және буланушылық- Булану – судың сұйық күйден газ күйіне, яғни буға айналып, атмосфераға таралуы. Буланушылық- су қоры шексіз болған жағдайда булану мүмкіншілігі.

Бұлт- жер бетінің біраз биікте, атмосферада жинақталған ұсақ су тамшылары мен мұз түйіршіктерінің шоғыры.

Географиялық қабық атмосфера, гидросфера және литосфераның тоғысып, бір-біріне әсер етуінің және бірімен бірінің зат алмасуының нәтижесінде түзілген ерекше қабығы. Негізінен биосфераға сәйкес келеді.

Гигрометр- (грекше гигрос ылғал, метр -өлшеу) – ауа ылғалдылығын өлшейтін құрал.

Гидросфера- ( грекше гидро – су, сфера- шар)-Жердің су қабығы.

Гидрометриялық коэфициент – ылғал балансын жылу балансына бөлгендегі шама. Территориялық табиғат кешенінің құрамдық бөліктерінің жетіліп кемелденуіне қаншалықты өлшемде ылғалдың немесе жылудың жетіспейтінін, артық екенін көрсететін өлшем.

Гляциальді-нивальді зона – көпжылдық омбы қар мен мұздық ландшафтылары тараған жер.

Горизонтальдар- (грекше горизон – шектеуші)- картадағы абсолют биіктіктері бірдей нүктелерді қосатын қисық сызықтар.

Гумидті ландшафт- климаты жылы және ылғалды жердегі ландшафт.

Жел- ауаның жер бетінде горизонталь бағытта қозғалуы. Бір жер мен екінші жердегі атмосфера қысымының айырмашылықтарына байланысты пайда болады.

Желбағдар - метеорологиялық станцияда желдің бағыты мен күшін өлшеу үшін қолданылатын құрал.

Жел өрнегі – алынған пункттегі білгілі бір мерзімде соғатын желдердің басым бағыттарын көрнекі түрде бейнелетін сызба.

Жер қабықтары- Жер шарын сыртынан қоршап, бір-бірінен заттық құрамы жөнінен айырма жасайтын қабықтар. Олар атмосфера, гидросфера, биосфера және литосферадан тұрады.

Жылу белдеулері- Жер шарында күннен келетін жылудың таралу мөлшеріне қарай бөлінетін белдеулер.

Инсоляция- күн радиациясының жер бетіне сәуле болып түсуі.

Инсоляциялық беткей – күнгей беткей.

Каппилярлық су- топырақ пен топырақ асты жыныстарының қыл түтікшесінен жер қызған кезде топырақ астынан жер бетіне қарай көтерілген су.

Климат- белгілі бір жердегі ауа райының көп жылдық орташа жай-күйі.

Конденсация- Су буының сұйық күйге ауысуы.

Күн радиациясының интенсивтілігі – күн сәулесіне перпендикуляр қойылған, абсолют қара денеден жасалған, 1 см бетке 1 минут ішінде күннен келетін жылу мөлшері.

Күннің тік радиациясы- күннен жер бетіне тік түсетін сәуле.

Қар жиегі- таудағы қар жыл бойы ерімейтін биікті көрсететін сызық.

Қылау- қыста аязды түндерде ағаштың бұтақтарына, тартылған сымға, тағы басқа желдің өтіндегі заттарға тұрып қалатын, қарға ұқсас, өте майда мұз кристалдары.

Қырау- күзгі желсіз түнде, қысқа кейде күндіздің өзінде жер бетіне, шқпке, түрлі заттардың үстіне олрардың темпиратурасы ауаның темпиратурасынан гөрі төмендеп кеткен жағдайда тұратын ақ ұлпа кристалл мұз қабаты.

Метеорология- ( грекше метеор- аспан құбылысы, логос – ғылым) - атмосфералық құбылыстар жайындағы ғылым.

Муссон- (арабша –маусым) – қыста құрлықтан теңізге, жазда теңізден құрлыққа қарай соғатын желдер бағыты.

Нивальді белдеу – таудағы мәңгі қар басқан белдеу.

Промилле- ( латынша мыңға шаққанда) - қандай болмасын шамамен мыңнан бір бөлігі. Мұхзиттар мен теңіздерде 1000г суда неше г тұз бар екендігін көрсетеді.

Су буының сублимациясы- ауадағы су буының төмен темпиратуралық ортада мұз кристалдарына айналуы.

Су тасу- жыл сайын белгілі бір мерзімде өзен суының арасынан шығып жайылуы.

Тау беткейінің инсоляциялық әрекеті – тау беткейінің ауа ағысын тосып қалу әрикеті.

Тау беткейінің айналымдық әрекеті – тау беткейінің ауа ағысын тосып қалу әрикеті.

Тропосфера- атмосфераның жер бетіне таяу, төменгі қабаты.

Тұман- ауаның жер бетіне іргелес қабатында өте майда су тамшыларының жинақталуы.

Үсік- тәуліктік орташа темпиратура тұрақты оң болып тұрған кезде ауа темпиратурасының кенет 0*С –тан төмен түсіп кетуі.

Шашыранды радиация – күн сәулесінің ауа қабатынан өткенде ауаны құрайтын зат түйіршіктеріне шағылысып шашырауынан түзілген радиация жиынтығы.

Шық нүктесі- ауадағы су буының су тамшысына айналатын темпиратура шегі.

Ылғалдану коэфициенті- нақтылы жердің жылдық жауын-шашын мөлшерінің буланушылық мөлшеріне қатынасы.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет