Мәтінді оқып шық



бет1/2
Дата22.11.2022
өлшемі441.69 Kb.
#465406
  1   2
таратпа материал (3)


Мәтінді оқып шық.
Дүниежүзінің саяси картасында елдің әлемдегі орны, саяси- әкімшілік құрылымы бйнеленеді. Сонымен қатар саяси картада басты саяси- географиялық өзгерістер көрініс табады.
Дүниежүзінің саяси картасындағы заңдылықтар мен өзгерістерді географияның саяси география деп аталатын саласы зерттейді.
Саяси картада мемлекеттер мен олардың шекаралары, әкімшілік- аумақтық жіктелуі, астанасы мен ірі қалалары бейнеленеді. Саяси карта тарихи кезеңдерде ұдайы өзгеріске ұшырады.

Қазіргі заманғы саяси картаның қалыптасуына қатысты оқиғаларды шартты түрде: ежелгі, ортағасырлық, жаңа және ең жаңа кезеңдерге бөледі.
Ең жаңа кезеңдегі саяси картада 200- ге жуық мемлекет бар. Олардың бір- бірінен айырмашылығы:
Кез келген елдің мемлекеттік құрылымы оның қоғамдық- саяси өміріне тікелей ықпал еткенімен, экономикалық даму деңгейіне әсері жоқ.



Басқару формасына қарай елдерді: республикалар мен монархиялар деп бөледі. Әлемде 29 монархиялық ел бар. Монархиялық елдерде мемлекет басшысы- монарх (король, королева, князь, император т.б). Төмендегі кестеде көрсетілген. Қалған елдер басқару формасына қарай республикалар. Республикалық жүйедегі елдерде мемлекет басшысы- президент.

Мемлекеттік құрылымына қарай елдерді федерациялы және унитарлы елдер деп бөледі.


Төмендегі кестеде әлемдегі федерациялы елдер көрсетілген. Қалған елдер унитарлы елдер.





Елдің морфологиялық ерекшеліктері
Морфологиялық ерекшеліктеріне қарай елдердің шекараларын төмендегідей бөледі: геометриялық, астрономиялық, түзу және ирек.
Геометриялық шекара - табиғи және тарихи шекараларын есепке алмай екі нүкте арасындағы тартылған сызық. (мысалы: АҚШ пен Канада арасындағы шекара)
Астрономиялық шекара- меридиан немесе параллельдер арқылы жүргізілген шекара. (мысалы Солтүстік Корея мен Оңтүстік Корея арасындағы шекара 380 с.е бойымен жүргізілген).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет