М.ӘУезов атындағы ОҢТҮстік қазақстан



бет1/6
Дата12.07.2016
өлшемі4.51 Mb.
#195398
  1   2   3   4   5   6
М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ









ШЫМКЕНТ
М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН

мемлекеттік университеті
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (ОҚМУ) – білім, құқық, бизнес, жаратылыстану, гуманитарлық, әлеуметтік ғылымдар, агроөнеркәсіп, техника және технология, мәдениет және өнер, спорт және туризм мамандықтары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін Қазақстан Республикасыдағы ірі және көп салалы жоғары оқу орны.

Университеттің құрамында – 13 факультет бар: Химия-технологиялық факультеті, Құрылыс, машинажасау және көлік факультеті, Механика және мұнай газ ісі факультеті, Жеңіл және тамақ өнеркәсібі факультеті, Агроөнеркәсіп факультеті, Ақпараттық технологиялар, телекоммуникациялар және автоматтандырылған жүйелер факультеті, Экономика және қаржы факультеті, Заңтану және халықаралық қатынастар факультеті, Педагогика және мәдениет факультеті, Филология факультеті, Жаратылыстану-педагогикалық факультеті, Спорт және туризм факультеті, Сырттай оқыту факультеті. Сонымен бірге шетел студенттерімен жұмыс жүргізу факультеті, қоғамдық кәсіптер факультеті, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және біліктілікті жоғарылату факультеті және университет базасында колледж жұмыс атқарады.

Қазіргі кезде университетте 1665 профессор-оқытушылар құрамы ғылыми-педагогикалық қызметпен айналысуда. Олардың ішінде 4 ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі және 4 ҚР Ұлттық инженерлік ғылым академиясының академигі, 123 ғылым докторлары мен профессорлар, 700-ден астам ғылым кандидаттары мен доценттер қызмет етеді.

Университеттің материалдық-техникалық базасы қазіргі үлгідегі 17 оқу ғимаратынан, 6 студенттер жатақханасынан, 3 спорт кешенінен, 1 тау шатқалындағы сауықтыру «Машат» орталығынан, 1 жеңіл атлетикалық манежден, сондай-ақ үлкен және кіші жүзу бассейндерінен тұрады.

Университет 511 оқу аудиторияларымен, 124 лабораториялық аудиториялармен, 55 компьютерлік сыныптармен, 34 интерактивті тақтайшалар орналасқан 39 мультимедиялық сыныптармен және 3 лингафонды кабинеттермен жабдықталған. Оқу процессінде 2161 компьютер, олардың 80% - жаңа үлгідегі компьютерлер. Интернет желісіне қосылған 1800 компьютерлер қолданылады.

ОҚМУ-да 87 мамандық бойынша күндізгі және сырттай оқу түрлері бойынша 16696 студенттер білім алуда. Олардың ішінде 8899 студент – мемлекеттік білім беру гранты бойынша, 7797-сі ақылы негізде оқиды. Магистратурада 56, Phd докторантурасында 14 мамандық бойынша ғылыми педагогикалық кадрлар дайындалады. 2010 жылы университет 2391 грант ұтып алып, гранттар саны бойынша республикада 2-ші орынды иеленді.

ОҚМУ-да Қазақстандағы алғашқы жоғары оқу орындарының бірі болып шет тілінде білім беру енгізілді. Студенттер мен оқытушыларға шет тілдерін тереңдете меңгеру мүмкіндігін беретін Лингивистикалық орталық жұмыс істейді. Бүгінгі таңда 120-дан аса оқытушылар шет тілінде сабақ жүргізеді.

ОҚМУ студенттерінің қос дипломдық білім алу мүмкіндігі бар. 2008 жылы ОҚМУ Манчестердің Орталық университетімен (Ұлы Британия) бірлесе отырып Қазақстанның оңтүстігінде тоқыма кластерін ұйымдастыру аясында қос дипломдық білім беру бағдарламасы түзілген. Гамбургтың жоғары қолданбалы ғылымдар мектебімен қоршаған ортаны қорғау және азық-түлік өнімдері технологиясының саласында қос дипломдық бағдарламалары іске асыруға қол жеткізілді.

2008 жылдың қыркүйегінде ОҚМУ Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті білім мен ғылым, сонымен қатар спорттың орталығы болып табылады. Біздің университет Қазақстан универсиадасының екі дүркін чемпионы, қол добынан Қазақстанның сегіз дүркін чемпионы болып табылады, волейболдан ерлер командасы жоғары дивизионда екінші жыл қатарынан чемпион атанды.

2008 жылы Пекинде өткен ХХІХ олимпиадалық ойындарға университеттің 10 студенті лицензия алды. Атап айтқанда, көркем гимнастикадан А.Юсупова, нысана көздеушілер Р.Юнусметов, В.Коваленко, Ю.Юрков, боксшылар Б.Жақыпов пен Е.Шыналиев, еркін күрестен Е.Шалыгина және жеңіл атлетикадан Н.Ивонинская. Олардың ішінен үшеуі жүлделі орындарға ие болып, еліміздің мерейін асқақтатты. Ауыр атлетикадан А.Важенина күміс, бокстан Е.Шыналиев және еркін күрестен Е.Шалыгина қола жүлдемен оралды.

2008-2009 оқу жылынан ОҚМУ Ресей Халықтар Достығы университетімен магистранттарды бірлесіп даярлау жөніндегі ТМД Жүйелік университетінің ұйымдастырушыларының бірі, ТЕМПУС IV Халықаралық бағдарламасының 2 жобасының орындаушысы болып табылады.

ОҚМУ Германиялық ASIIN агенттігінде 13 білім беру бағдарламаларын «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы», «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», «Қиын балқитын металл емес силикатты материалдардың химиялық технологиясы», «Химия», «Биотехнология», «Экология» және «Азық түлік тағамдары технологиясы», «Автоматтандыру және басқару», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «Электр энергетикасы», оның ішіндегі 3 білім беру бағдарламалары магистратура бойынша – «6М070200 - Автоматтандыру және басқару», «6М071800 - Электр энергетикасы», «6М070400 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтары халықаралық аккредитациядан өтіп, техникалық сала мамандарын даярлаудың жоғары сапасын дәлелдеген Қазақстандық алғашқы жоғары оқу орны болып табылады.

2009 жылдың 20-21 қарашасында «ТМД ең үздік компаниялары» ІІ Халықаралық саммиті өтті. Оған ТМД елдерінің үздік компаниялары мен ұйымдарының арасында М.Әуезов атындағы ОҚМУ қатысып, «ТМД ең үздік компаниясы» белгісін иеленді.

2009 жылдың желтоқсан айында Қазақстан бойынша алғашқы болып ОҚМУ-дың «Химия», Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы», «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» және «Қиын балқитын металл емес силикатты материалдардың химиялық технологиясы» мамандықтары бойынша білім беру бағдарламаларына Еуропалық Сапа белгісі – Еуропалық Химия Ассоциациясының «Евробакалавр» белгісі берілді.

2009 жылдың желтоқсан айында университет ұлттық институционалдық аккредитациясынан алғашқылардың бірі болып сәтті өтті.

Осы жетістіктердің арқасында университеттің профессор-оқытушылар құрамы шетел университеттерінде тәжірибеден өтуге, ал студенттер шетел университеттерінде оқуын жалғастыруға мүмкіндік алып отыр.
Студенттік Өмір
М.Әуезов атындағы ОҚМУ – Қазақстанның 50 дамыған елдің қатарына қосылу мақсатында, республиканың өсіп-өркендеуіне әрдайым жаңа идеялар шығаратын белсенді студент жастар ордасы.

Университетте тәрбиелік және әлеуметтік жұмыстарға көп көңіл бөлінеді. Студент жастардың құқығын, еркіндігі мен көзқарасын сақтау, жастар мәселесіне қатысты 2002 жылдан бастап университетте өзінің Жарғысы мен құрылымы бар студенттік Кеңес қызмет атқарады. ОҚМУ студенттері Қазақстанның басқа да ЖОО арасынан бірінші болып жастардың көзқарасы мен қажеттіліктерін ескеру мақсатында студенттердің құқықтарын қорғау туралы Билль ойлап тапқан.

Әр айда университетте студенттік өзін-өзі басқару күні өтіп тұрады. Бұл күні университеттің оқу-тәрбиелік және ғылыми үрдісті жақсарту мәселелері бойынша шешімдер қаралады. Әр сессия соңында тәуелсіз студенттік сауалнама жүргізіледі, сонымен қатар студенттік «Сенім поштасы» қызмет көрсетеді.

Студенттер мен ректор арасында тығыз әріптестік қарым-қатынас орнаған. Студенттер Интернет желісі мен ректордың e-mail поштасына жалпы білім беру үрдісін ұйымдастырудағы ұсыныстарын, ескертулері мен идеяларын жібере алады. Университет ректоры В.Қ.Бишімбаевтің бастамасымен студент жастар арасында ұлтаралық мәдени байланысын нығайту үшін, құрамында 29 ұлт өкілдерінен құралған студент белсенділерінің халықтар Ассамблеясы құрылған. Ассамблея студенттері тек университет қабырғасында ғана емес, сонымен қатар қала мен облыста түрлі іс-шараларды ұйымдастырумен айналысады. Жалпы айтқанда, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дағы халықтар Ассамблеясы курсының мақсаты студенттердің тең құқылы болуын, ұлттық мәдениетінің дамуын, ана тілін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын сақтау болып табылады.

Бүгінгі таңда университеттің студент жастары республикалық және жергілікті ұйымдардың мүшелері ретінде, Қазақстанның өзін көрсете білу үрдісіндегі мемлекеттік жастар саясатына белсенді қатысады. 8500-ге жуық студент жастар «Жас Отан», 1600 студент «Қазақстан студенттерінің Альянсы» атты жастар қозғалысының мүшелері болып табылады. Шымкент қаласындағы аталмыш ұйым өз қатарына 12 жоғары және орта білім ордаларын біріктірген Қозғалыс көшбасшылары студенттің құқығын қорғау мақсатындағы жобаларға белсенді қатысады.

Студенттік кәсіподақ комитеті университет әкімшілігі, ішкі саясат бөлімі, қоғамдық Кәсіптер факультеті, университеттің ақпарат орталығы (газет, телестудия), студенттік Кеңес және университет қызметкерлерінің Кәсіподақ комитетімен сонымен қатар, жатақхана және спорт кешендерімен тығыз қарым-қатынас жасайды. Студенттік Кәсіподақ комитеті жаппай мәдени іс-шараларды ұйымдастыру мен қаржыландыруға белсенді түрде қатысады.

Спорт университет қызметінде ерекше орынға ие. Университетте жыл сайын күзгі және көктемгі студенттік спартакиада, «Президенттік миля» атты денсаулық фестивалі, факультетаралық түрлі спорт түрлерінен жарыстар, профессор-оқытушылар құрамынан құралған спартакиада және Президенттік тест нормативтерін тапсыру өткізіледі. Студенттер үшін гимнастика, шейпинг, күрес, бокс, жеңіл атлетика және волейбол, баскетбол, үстел теннисімен шұғылдануға арналған тренажерлық залдармен қамтылған арнайы «Денсаулық» және «Буревестник» спорт кешендері қызмет атқарады. Университетте жыл бойы жүзу бассейні, жазғы демалыста «Машат» және «Біргөлік» шатқалдарында орналасқан спорттық-сауықтыру лагерьлері жұмыс істейді.

Қазіргі таңда заман талаптарына сай компьютерлік сыныптар, кітапхана, демалыс бөлмелері, заманауи аудио-бейне техникалары және тұрмысқа қажетті техникалармен қамтамасыз етілген университет жатақханаларында 1800-ден астам студенттер тұрады.



Сырттай оқыту факультеті
Қазақстан Республикасының көпсалалы ірі университеттерінің бірі болып табылатын, халықаралық қауымдастықта интеграциялық және жаһандану үрдістеріне, инфроқұрылымның дамуы мен қалыптасуына белсенді ат салысушы, өңіріміздің білім беру, ғылым және мәдени орталығы болып табылатын М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Сырттай оқыту факультеті еңбек ресурстарын үнемді және тиімді пайдалануға, өндірістен қол үзбей білім алуға, жоғары білікті мамандарды дайындауға мүмкіндік береді.

Сырттай оқыту факультетінде орта, орта арнаулы және жоғары білім негізінде қысқартылған және жеделдетілген оқу түрлері бар, оқу үрдісі қашықтықтан оқыту әдісі бойынша жүргізіледі.

Факультетте 65 мамандық бойынша 4500-ге жуық студенттер білім алуда. Оларға 60-тан астам ғылым докторы мен профессорлар және 100-ге жуық ғылым кандидаттары мен доценттер дәріс береді.

М. Әуезов атындағы ОҚМУ-дың кадрлық және материалдық потенциалы қашықтықтан білім беру технологиялары арқылы білімді сақтау мен арттыруды, тұтынушылардың сұранысына білім берудің заманауи технологияларын қалыптастыруды, Қазақстанның бірыңғай білім алу кеңістігін дамытуды іске асырады.

Қашықтықтан білім беру технологиялары білім алудың деңгейін және сапасын арттыру, тұрғындардың кең ауқымының әр түрлі білім алу сұраныстарын іске асыру, жоғары білікті мамандар дайындауда еліміздің сұранысын қанағаттандырады.

Тұрғындарға білім беру қызметтерінің ауқымын кеңейту мақсатында 2004 жылы университет ректорының бұйрығымен қашықтықтан білім беру бөлімі ашылып, қашықтықтан білім беру технологиялары қолданысқа енгізілді. Осы мерзім ішінде электрондық оқулықтарды шығару, бағдарламалық және әдістемелік қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп келеді. Кейінгі кезде Қашықтықтан білім беру бөлімі Сырттай оқыту факультетінің құрамында Қашықтықтан білім беру технологиялары қызметі болып қайта құрылды.



Химия-Технологиялық факультетІ




Шифр


Мамандықтың атауы


Оқу мерзімі


Біліктілігі


Таңдау пәні

Мамандықтың бейіндік пәні

1

5В011600

География (педагогикалық)

4 жыл

география бакалавры

география

география

2

5В060600

*Химия (ғылыми)

4 жыл

химия бакалавры

химия

химия

Мамандан-дырылуы

Аналитикалық химия

4 жыл

-//-

химия

химия

Химиялық, криминалистикалық және экологиялық сараптау

4 жыл

-//-

химия

химия

Өнеркәсіп және азық-түлік тауарларының сараптамасы

4 жыл

-//-

химия

химия

Сирек элементтер химиясы

4 жыл

-//-

химия

химия

3

5В060800

*Экология

4 жыл

экология бакалавры

биология

биология

4

5В070900

Металлургия

4 жыл

металлургия бакалавры

физика

математика

5

5В072000

*Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы

4 жыл

химиялық технология бакалавры

химия

химия

Мамандан-дырылуы

Жарылғыш заттар мен пиротехникалық құралдардың химиялық технологиясы

4 жыл

-//-

химия

химия

Плазмохимиялық және электрохимиялық үрдістердің технологиясы

4 жыл

-//-

химия

химия

Нанотехнология

4 жыл

-//-

химия

химия

Ядролық-химиялық технология

4 жыл

-//-

химия

химия

Мембраналық технология

4 жыл

-//-

химия

химия

Қиын балқитын металл емес және силикатты материалдардың химиялық технологиясы

4 жыл

-//-

химия

химия

Электрохимиялық өндірістер технологиясы

4 жыл

-//-

химия

химия

6

5В072100

*Органикалық заттардың химиялық технологиясы

4 жыл

органикалық заттардың химиялық технология бакалавры

химия

химия

Мамандан-дырылуы

Мұнай, газ және көмірдің химиялық технологиясы

4 жыл

-//-

химия

химия

Мұнайхимия өндірісінің технологиясы

4 жыл

-//-

химия

химия

Көмірсутектерді, шикізаттарды дайындау, өндіру және тасымалдау процестерінің химиялық технологиясы

4 жыл

-//-

химия

химия

7

5В073100

*Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау

4 жыл

өміртіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау бакалавры

физика

математика

8

5В073200

*Стандарттау, метрология және сертификаттау

4 жыл

стандарттау, метрология және сертификаттау бакалавры

физика

математика


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет