Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мемлекеттiк арнайы жәрдемақыларды тағайындау және төлеудi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылға 25 тамыздағы N 819 Қаулысы
Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 33, 355-құжат
"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне әлеуметтiк қамсыздандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 4 шiлдедегi Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мемлекеттiк арнайы жәрдемақыларды тағайындау және төлеудi жүзеге асыру ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 25 тамыздағы
N 819 қаулысымен
бекiтiлген
Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мемлекеттiк арнайы жәрдемақыларды тағайындау мен төлеудi жүзеге асыру ережесi
Осы Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мемлекеттiк арнайы жәрдемақыларды тағайындау мен төлеудi жүзеге асыру ережесi (бұдан әрi - Ереже) мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мемлекеттiк арнайы жәрдемақыларды тағайындау мен төлеу тәртiбiн айқындайды.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақылар - бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын, азаматтарға мүгедектiк туындаған, асыраушысынан айрылған кезде және жасына байланысты берiлетiн ай сайынғы ақшалай төлем;
мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемi - Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген зейнетақы жасына жеткенде берiлетiн ай сайынғы ақшалай төлем;
мемлекеттiк арнайы жәрдемақы - 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жерасты және ашық кен жұмыстарында, жұмыс жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда және ерекше ауыр жұмыстарда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жұмыс стажы бар адамдарға берiлетiн ақшалай төлем;
Орталықтың бөлiмшелерi - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң "Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының қалалық, аудандық бөлiмшелерi;
Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемi - 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемiнде алты ай жұмыс стажы бар жеке тұлғаларға, еңбек стажына барабар жүзеге асырылатын ақша төлемi;
зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Бақылау және әлеуметтiк қорғау комитетiнiң аумақтық органдары;
зейнетақы мен жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйым (бұдан әрi - Орталық) - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң "Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны;
зейнетақы мен жәрдемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйым - тиiстi банктiк операциялардың түрлерiне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның лицензиясы бар ұйымдар, "Қазпочта" АҚ-тың аумақтық бөлiмшелерi;
Орталықтың филиалы - Орталықтың облыстық, Астана және Алматы қалаларындағы филиалдары;
электрондық цифрлық қолтаңба - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесiлiлiгiн және мазмұнының өзгермейтiнiн растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2007.12.28. N 1327 (2008.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.10.26 № 1114 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулыларымен.
1-1. Зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның және зейнетақы мен жәрдемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйымның электронды өзара iс-қимылы «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңына сәйкес жүргiзiледi.
Ескерту. Ереже 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.26 № 1114 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
2. Зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындауға өтiнiш беру тәртiбi
2. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды және мемлекеттiк арнайы жәрдемақыларды (бұдан әрi - зейнетақылар мен жәрдемақылар) тағайындау үшiн зейнетақы мен жәрдемақыларды алуға құқығы бар адамдар тұрғылықты жерi бойынша Орталықтың бөлiмшесiне қажеттi құжаттарды және олардың көшiрмелерiн қоса бере отырып, осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысандағы өтiнiштi бередi. Құжаттардың көшiрмелерi " Нотариат туралы " Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен куәландырылған жағдайларды қоспағанда, Орталық бөлiмшесiнiң бастығы құжаттардың көшiрмесiн ұсынылған түпнұсқалармен салыстырғаннан кейiн куәландыруға тиiс.
Зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындау үшiн өтiнiштi және қажеттi құжаттарды басқа адамдардың ұсынуы зейнетақыны немесе жәрдемақыны алуға құқығы бар адамның нотариалды расталған сенiмхаты бойынша жүзеге асырылуы мүмкiн.
Сот шешiмiмен iс-әрекетке қабiлетсiз немесе қабiлетi шектеулi және қамқоршылыққа немесе қорғаншылыққа мұқтаж деп танылған адамдарға зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындау үшiн өтiнiштi және қажеттi құжаттарды олардың қамқоршылары немесе қорғаншылары ұсынады.
3. Өтiнiшке зейнетақы немесе жәрдемақы алуға құқығы бар адамның мынадай құжаттары қоса берiледi:
1) жеке басын куәландыратын құжаттардың (жеке куәлiгiнiң, Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжатының, азаматтығы жоқ адамның куәлiгiнiң, шетелдiктiң тұруға рұқсатының, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейiн оралман куәлiгiнiң) көшiрмелерi;
2) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);
3) Алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2007.04.30 N 352 (2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
4) Алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2007.04.30 N 352 (2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
5) зейнетақы мен жәрдемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдағы банктiк шотының не түзеу мекемесiнiң арнаулы шотының нөмiрi туралы мәлiметтер.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2007.12.28. N 1327 (2008.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.04.30 N 352 (2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.10.26 № 1114 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.12.01 N 1427 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулыларымен.
4. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн тағайындау үшiн осы Ереженiң 3-тармағында санамаланған құжаттарға қоса мыналар ұсынылады:
1) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыстағы үзiлiстерге қарамастан, 1995 жылғы 1 қаңтардан бергi кезеңдегi қатарынан кез келген 3 жылғы орташа айлық табысы туралы ұйымның (кәсiпорынның) анықтамасы ұсынылады.
Ұйым (кәсiпорын) таратылған жағдайда жалақысы туралы мәлiметтер көрсетiлген мұрағат анықтамасы ұсынылады.
Ұйымның (кәсiпорынның) орташа айлық табыс туралы анықтама беру мүмкiндiгi болмаған жағдайда, 1998 жылғы 1 қаңтардан бергi кезеңге зейнетақы есептеу үшiн алынатын орташа айлық табыстың мөлшерi жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналары жүзеге асырылған табысқа сәйкес белгiленедi.
2) зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар адамның еңбек стажын растау үшiн, олардың бар-жоғына қарай мынадай құжаттар ұсынылады:
еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
бiлiмi туралы құжаттың көшiрмесi;
әскери билетiнiң көшiрмесi немесе қалалар мен аудандардың қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармалары мен бөлiмдерiнiң анықтамасы;
балалардың тууы туралы куәлiктерiнiң көшiрмелерi (немесе азаматтардың хал-актiлерiн жазу органдары берген тууы туралы актiлiк жазбасы) мен балалардың мынадай құжаттарының бiреуi:
жеке куәлiгiнiң көшiрмесi;
неке туралы куәлiктiң көшiрмесi;
орта оқу орнын бiтiргенi туралы аттестаттың көшiрмесi;
орта арнаулы немесе жоғары оқу орнын бiтiргенi туралы дипломның көшiрмесi;
балалардың тұрақты тұратын жерi бойынша тiркелген орнын растайтын құжат;
балалардың қайтыс болғаны туралы куәлiктiң көшiрмесi (немесе азаматтардың хал-актiлерiн жазу органдары берген қайтыс болғаны туралы актiлiк жазбасы);
Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi жұмыс кезеңiнде сақтандыру жарналарының төленгенi туралы салық органының анықтамасы ("Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-тармағының 5) және 16) тармақшаларына сәйкес стажды есепке алу кезiнде);
ақталу туралы анықтамасының көшiрмесi;
әскери iс-қимылдарға қатысқаны туралы әскери комиссариаттың анықтамасының көшiрмесi;
бiрiншi топтағы мүгедекке, екiншi топтағы жалғызiлiктi мүгедекке, бөгде адамның көмегiне мұқтаж жасына байланысты зейнеткерге, сексен жасқа толған қарттарға және атом сынақтарының, экологиялық апаттар салдарынан зардап шеккен немесе иммундық тапшылық вирусын жұқтырған не ЖҚТБ ауыратын он алты жасқа дейiнгi мүгедекке күтiмдi жүзеге асыру фактiсiн және кезеңiн растайтын соттың шешiмi;
1949 жылғы 29 тамыздан 1963 жылғы 5 шiлде аралығында төтенше және аса жоғары радиациялық қатер аймақтарында тұру фактiсiн растайтын құжатының көшiрмесi;
егер еңбек қызметi туралы жазбалар еңбек кiтапшасына енгiзiлмеген немесе түзетулер бар болса, мұрағат мекемелерiнен немесе жұмыс орнынан анықтамасы;
бұрынғы кеңестiк мекемелердiң, Қазақстан Республикасы мекемелерiнiң және халықаралық ұйымдар қызметкерлерiнiң әйелдерiнiң (ерлерiнiң) шетелде тұрғанын растайтын анықтамасы;
әскери қызметшiлердiң әйелдерiнiң жұмысқа орналасу мүмкiндiгi жоқ жерлерде тұрғанын растайтын анықтамасы;
неке және (немесе) некенi бұзу туралы (тегiн өзгерткен кезде) куәлiктiң көшiрмесi не азаматтардың хал-актiлерiн жазу органдары берген некеге тұру және (немесе) некенi бұзу туралы актiлiк жазбадан үзiндi көшiрме ұсынылады.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2007.12.28. N 1327 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.10.26 № 1114 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулыларымен.
5. Зейнетақы төлемдерiн тағайындау үшiн құжаттарды қабылдау кезiнде Орталықтың бөлiмшелерi мiндеттi зейнетақы жарналарының аударылғанын растау туралы Орталықтың Орталық деректер базасынан (бұдан әрi - ОДБ) салымшының транзиттiк шоты айналымдарының үзiндi көшiрмесi қоса ұсынылады.
6. Мүгедектiгi бойынша берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды тағайындау үшiн осы Ереженiң 3-тармағында санамаланған құжаттармен қатар, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi аумақтық органдарының медициналық-әлеуметтiк сараптама бөлiмдерi мүгедектiгi туралы белгiленген нысандағы анықтамадан үзiндi көшiрменi ұсынады.
Бұдан басқа, олардың бар-жоғына қарай, мынадай құжаттар ұсынылады:
1) радиациялық әсерге ұшыраған адамдардың ауруының, мүгедектiгiнiң себептiк байланысын белгiлеу жөнiндегi Ведомствоаралық сараптамалық кеңес шешiмiнiң көшiрмесi;
2) Орталық әскери-дәрiгерлiк комиссия шешiмiнiң көшiрмесi;
3) ауруы туралы госпиталь берген куәлiгiнiң көшiрмесi не әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысы;
4) 16 жасқа дейiнгi мүгедек баланың тууы туралы куәлiгiнiң көшiрмесi.
Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2007.12.28. N 1327 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
7. Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды тағайындау үшiн осы Ереженiң 3-тармағында санамаланған құжаттармен қоса, асыраушысының қайтыс болғаны туралы куәлiктiң көшiрмесi не адамды хабарсыз кеткен немесе қайтыс болған деп тану туралы соттың шешiмi ұсынылады.
Бұдан басқа, олардың бар-жоғына қарай, мынадай құжаттар ұсынылады:
1) қайтыс болған адаммен туыстық қатынастарын растайтын құжаттың (тууы туралы, неке туралы, некенi бұзу туралы, әкесi екенiн (анасы екенiн) анықтау туралы куәлiктiң, жеке куәлiгiнiң көшiрмесi және тағы басқалар) көшiрмесi;
2) егер тууы туралы куәлiкке әкесi туралы мәлiметтер анасының мәлiмдеуi бойынша енгiзiлсе, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң азаматтық хал актiлерiн тiркеу жөнiндегi органдарының белгiленген нысандағы анықтамасы;
3) қамқоршылықты (қорғаншылықты) растайтын құжаттың көшiрмесi;
4) 18 бен 23 жас аралығындағы адамдардың күндiзгi оқу бөлiмiнiң оқушылары болып табылатыны туралы оқу орнының осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысандағы анықтамасы;
5) қаза тапқан (қайтыс болған) адамның әскери билетiнiң көшiрмесi не әскери қызмет өткергенi туралы анықтамасы;
6) әскери қызметшiнiң, iшкi iстер органдары мен бұрынғы Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк тергеу комитетi қызметкерiнiң қаза болуы немесе қайтыс болуы әскери мiндетiн атқару немесе әскери қызметiн өткеру кезiнде алған жаралануы, контузия алуы, мертiгуi, ауруы салдарынан туындағанын растайтын анықтамасы.
Қайтыс болған адамның сегiз жасқа толмаған балаларын, iнiлерiн, қарындастарын немесе немерелерiн күтумен айналысатын адамдар бұған қоса мынадай құжаттарды ұсынады:
1) еңбек қызметiн тоқтатқанын растайтын еңбек кiтапшасының көшiрмесiн (көшiрме жыл сайын еңбек кiтапшасының түпнұсқасымен салыстырылады);
2) алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2007.12.28. N 1327 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
3) тұлғаның жеке кәсiпкер ретiнде тiркелмегенi туралы салық органының анықтамасын (жыл сайын жаңартылады).
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2007.12.28. N 1327 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
8. Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыны тағайындау үшiн құжаттарды қабылдау кезiнде Орталықтың бөлiмшесi хабарсыз кеткен немесе қайтыс болған деп танылған адамның шешiм күшiне енгеннен кейiнгi кезеңде ОДБ-да 10 % мiндеттi зейнетақы жарналары аударымдарының болуын тексерудi жүзеге асырады.
9. Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемi мен жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақылар осы Ереженiң 3-тармағында көрсетiлген құжаттардың негiзiнде тағайындалады.
10. Мемлекеттiк арнайы жәрдемақыларды тағайындау үшiн осы Ереженiң 3-тармағында санамаланған құжаттармен қоса мыналар ұсынылады:
1) еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
2) ұйымның жұмыс сипатын немесе еңбек жағдайларын растайтын, осы Ереженiң 4-қосымшасына сәйкес нысандағы анықтамасы.
Ұйым таратылған жағдайда жұмыс орны, жұмыс iстеген лауазымы, кәсiбi, жұмыс кезеңдерi, мұрағат iсiнiң нөмiрi, оның беттерi көрсетiлген, мөртаңбамен және мұрағат директоры мен мұрағатшының қолы қойылып расталған мұрағат анықтамасы ұсынылады;
Мұрағат құжаттары болмаған кезде, жұмыстың сипаты немесе еңбек жағдайлары мен олардың Қазақстан Республикасы Үкiметi бекiткен Жерасты және ашық кен жұмыстарындағы, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстардағы өндiрiстердiң, жұмыстардың, кәсiптердiң лауазымдар мен көрсеткiштердiң N 1 Тiзiмiне немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстардағы өндiрiстердiң, жұмыстардың, кәсiптердiң, лауазымдар мен көрсеткiштердiң N 2 Тiзiмiне сәйкестiгi сот органдары арқылы белгiленедi.
Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2007.12.28. N 1327 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
3. Зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындау тәртiбi
11. Зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындау туралы өтiнiш пен оған қоса берiлген құжаттар осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысандағы журналға тiркеледi. Өтiнiш иесiне құжаттардың қабылданғаны туралы белгiсi бар өтiнiштiң жыртпалы талоны берiледi.
12. Орталықтың бөлiмшесi зейнетақы немесе жәрдемақы алушы iсiнiң макетiн осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес нысанда қалыптастырады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.26 № 1114 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
13. Орталықтың бөлiмшесi зейнетақылар мен жәрдемақыларды тағайындау үшiн өтiнiш иесiнен қабылданатын құжаттар жиынтығының толықтығын тексередi, сондай-ақ құжаттар көшiрмелерiнiң сапасын және түпнұсқаларға сәйкес болуын қамтамасыз етедi.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.26 № 1114 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
14. Орталықтың бөлiмшесi өтiнiш пен құжаттар қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде iс макетiн және электрондық iс макетiн қалыптастырады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.26 № 1114 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
14-1. Орталық бөлiмшесiнiң маманы электрондық iс макетiн қалыптастыру үшiн iс макетiн сканермен көшiредi, сканермен көшiрiлген құжаттардың сапасын және олардың қағаз жеткiзушiдегi макетке сәйкестiгiн тексередi, осы Ережеге 7-12-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы электронды шешiм жобасын қалыптастырады, электрондық iс макетiнiң құжаттарын және электронды шешiм жобасын электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады.
Ескерту. Ереже 14-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.26 № 1114 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
14-2. Орталық бөлiмшесiнiң бастығы электрондық iс макетiнiң қағаз жеткiзушiдегi макетке сәйкестiгiн салыстырып тексередi, сканермен көшiрiлген құжаттардың сапасын, зейнетақы немесе жәрдемақы мөлшерiн есептеудiң, электронды шешiм жобасының ресiмделуi дұрыстығын тексередi және оны электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады.
Ескерту. Ереже 14-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.26 № 1114 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
14-3. Орталық бөлiмшесi электрондық iс макетiн электронды шешiмнiң жобасымен бiрге, осы Ережеге 13-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған электрондық хабарламамен қоса, электронды байланыс құралдары арқылы Орталықтың филиалына жiбередi.
Орталықтың филиалы келiп түскен электрондық iс макетi мен электронды шешiм жобасын екi жұмыс күнiнiң iшiнде қарайды, есептiң және электронды шешiм жобасының дұрыс ресiмделуiн тексередi, осыдан кейiн оны электронды хабарламамен бiрге зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға жiбередi. Бұл ретте электронды шешiм жобасы Орталық филиалының маманы мен басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
Ескерту. Ереже 14-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.26 № 1114 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
15. Сканермен көшiрiлген құжаттардың дұрыстығына күмән туындаған жағдайда, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган, электрондық iс макетiмен салыстырып тексеру үшiн Орталық бөлiмшесiнен қағаз жеткiзушiдегi iс макетiн сұратады.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.26 № 1114 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
16. Зейнетақыларды немесе жәрдемақыларды тағайындау және олардың мөлшерлерiнiң өзгерту кезiнде тиындармен есептелген барлық сомалар, тиындардың сомасына қарамастан бiр теңгеге дейiн дөңгелектеуге жатады.
17. Электронды iстiң макеттерi келiп түскен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешiм қабылдайды, не тексеру жүргiзу туралы Орталықтың бөлiмшесiн хабардар етедi.
Зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешiм қабылданған жағдайда электронды шешiм жобасын басқарманың (бөлiмнiң) маманы мен бастығы және зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның басшысы электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады.
Уәкiлеттi мемлекеттiк органның маманы шешiмдi осы Ережеге 14-қосымшаға сәйкес нысандағы электрондық журналда нөмiр бере отырып, автоматты режимде тiркейдi, электронды шешiмдi Орталықтың бөлiмшесiне жiбередi. Бұл ретте электрондық хабарламаның қағаз жеткiзгiштегi бiр данасы электрондық iс макеттерiн есепке алу үшiн уәкiлеттi мемлекеттiк органның маманында қалады.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.26 № 1114 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
18. Орталық бөлiмшесiнiң қызметкерi жiберген қателер анықталған жағдайда, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган электрондық iс макетi бөлiмшеге келiп түскен күннен бастап бес жұмыс күнiнiң iшiнде қателердi жою үшiн электрондық iс макетiн Орталық бөлiмшесiне пысықтауға қайтарады.
Электрондық хабарламаның тиiстi бағанында қайтарудың нақты себебi көрсетiледi.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.26 № 1114 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
19. Зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындау туралы шешiм қабылдауға қажеттi құжаттар түгел ұсынылмаған жағдайда, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган электрондық iс макетiн электрондық iс макетi бөлiмшеге келiп түскен күннен бастап отыз жұмыс күнiнiң iшiнде iс макетiн жетiспейтiн құжаттармен толықтыру үшiн орталықтың бөлiмшесiне пысықтауға қайтарады.
Электрондық хабарламаның тиiстi бағанында қайтарудың нақты себебi көрсетiледi.
Орталықтың бөлiмшесi бес жұмыс күнiнiң iшiнде өтiнiш берушiнi осы Ережеде көрсетiлген қосымша құжаттарды жиырма бес жұмыс күнiнiң iшiнде ұсыну қажеттiгi туралы хабардар етедi.
Егер электрондық iс макетi бөлiмшеге келiп түскен күннен бастап отыз жұмыс күнiнiң iшiнде құжаттар пысықталмаса, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган зейнетақы немесе жәрдемақыны қолда бар құжаттар бойынша тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы электрондық шешiм шығарады.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.26 № 1114 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
20. Кейiннен қажеттi барлық құжаттарымен қайталап өтiнiш берген күн өтiнiштiң берiлген күнi болып есептеледi.
21. Өтiнiш берушiнiң зейнетақы немесе жәрдемақыға құқығының болмауына байланысты зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындаудан бас тартылған жағдайда, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган электронды шешiмде тағайындаудан бас тарту негiздемесiн көрсетедi.
Электрондық iс макетi электрондық хабарламамен және зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның бас тарту себептерi туралы хатымен қоса, электрондық байланыс арқылы Орталықтың бөлiмшесiне қайтарылады.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.26 № 1114 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
22. Орталықтың бөлiмшесi өтiнiш берушiнi зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындаудан бас тарту туралы хабардар етедi және ұсынған құжаттарды зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның бас тарту себебi туралы хатымен бiрге өтiнiш берушiге қайтарады.
23. Алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.26 № 1114 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
24. Ұсынылған құжаттардың дұрыстығына күмән туындаған жағдайда, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган бұл туралы өтiнiш берушiге Орталықтың бөлiмшесi арқылы хабарлай отырып, бес жұмыс күнiнiң iшiнде тиiстi ұйымдарға сұрау салады және электрондық хабарламаның тиiстi бағанына белгi қояды.
Тексерiлетiн деректердiң растамасы келiп түскенге дейiн зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган зейнетақыны немесе жәрдемақыны оларды есепке алмай тағайындайды, электрондық iс макетi электрондық хабарламаға тиiстi белгi қойылып, Орталықтың бөлiмшесiне қайтарылады. Орталықтың бөлiмшесi зейнетақының немесе жәрдемақының мөлшерiн қайта есептейдi, қағаз жеткiзушiдегi iс макетiне және электрондық iс макетiне тиiстi өзгерiстердi енгiзедi, электрондық шешiм жобасын жаңадан қалыптастырады және электрондық iс макетiмен және электрондық хабарламамен бiрге зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға жiбередi.
Ұсынылған құжаттардың дұрыстығына растама алынғаннан кейiн зейнетақының немесе жәрдемақының мөлшерi оларды тағайындауға өтiнiш берiлген күннен бастап осы Ереженiң 12-17-тармақтарына сәйкес қайта қаралады.
Орталық бөлiмшесiнiң зейнетақы мөлшерi туралы электронды шешiмнiң жобасын дайындауы және оны зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның электрондық цифрлық қолтаңбасын қою арқылы бекiтуi осы Ереженiң 12-17-тармақтарына сәйкес жүргiзiледi.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.26 № 1114 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
25. Зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган зейнетақы тағайындау туралы шешiмдi бекiткеннен кейiн, Орталық бөлiмшесiнiң маманы «зейнетақы тағайындалды» деген белгi қойып, еңбек кiтапшасын өтiнiш берушiге қайтарады.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.26 № 1114 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
26. Жасына байланысты берiлетiн зейнетақы төлемiн толық емес көлемде тағайындау кезiнде зейнетақы мөлшерi толық зейнетақыдан 1998 жылғы 1 қаңтардағы қолда бар еңбек стажына барабар үлес ретiнде есептеледi.
Стаждағы айлардың саны талап етiлетiн жұмыс стажы толық айларының санына бөлiнедi және табыстың 60%-ына тең толық зейнетақы мөлшерiне көбейтiледi.
Заңнамада талап етiлетiн табыс болмаған жағдайда, толық емес көлемдегi зейнетақы төлемiн есептеу тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгiленетiн ең төмен зейнетақыны негiзге ала отырып жүзеге асырылады.
Ескерту. 26-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2007.12.28. N 1327 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
27. Зейнеткерлiк жасқа жеткен азаматтың тiлегi бойынша мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берiлетiн жәрдемақылар Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемiмен ауыстырылуы мүмкiн.
Бұл ретте, егер зейнетақының мөлшерi жәрдемақының мөлшерiнен кем болса, зейнетақының мөлшерi мүгедектiгi бойынша берiлетiн жәрдемақының осы санаттағы мүгедектерге белгiленген мөлшерiне дейiн және отбасының еңбек етуге қабiлетсiз мүшелерiне асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша белгiленген жәрдемақы мөлшерiне дейiн жеткiзiлуге тиiс.
28. Зейнетақы алушы зейнетақы тағайындау үшiн бұрын ұсынылған құжаттарды толықтыратын 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi еңбек стажы, 1995 жылғы 1 қаңтардан бергi табысы туралы құжаттарды ұсынған кезде, зейнетақының мөлшерiн өзгерту, жүргiзiлген арттыруларды ескере отырып, стажы туралы немесе зейнетақыны бастапқы тағайындаған кезде тапсырылған кезеңдегi табысы туралы қосымша құжаттарды қоса отырып, өтiнiш берген күнiнен бастап жүзеге асырылады.
Өтiнiш осы Ережеге 1-1-қосымшаға сәйкес жазылады және осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысандағы журналға тiркеледi. Орталық бөлiмшесiнiң төлемнiң мөлшерiн өзгерту туралы шешiмiнiң жобасын дайындауы және зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның оны бекiтуi осы Ереженiң 12-17-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.26 № 1114 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
29. Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы үлесiн алуға құқығы бар адамдар өтiнiшпен және осы Ереженiң 3, 7-тармақтарында көрсетiлген құжаттарымен тұрғылықты жерiндегi Орталықтың бөлiмшесiне жүгiнедi.
Үлес алушының тұрғылықты жерiндегi Орталықтың бөлiмшесi жәрдемақы тағайындау туралы өтiнiштi және оған қоса берiлген құжаттарды бiр жұмыс күнiнiң iшiнде сканермен көшiредi, сканермен көшiрiлген құжаттардың сапасын тексередi, Орталық бөлiмшесiнiң маманы мен бастығының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растайды және оларды Орталықтың филиалы арқылы негiзгi алушының тұрғылықты жерiндегi Орталықтың бөлiмшесiне жiбередi.
Негiзгi алушының тұрғылықты жерiндегi Орталықтың бөлiмшесi асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша негiзгi алушыға жәрдемақы тағайындауға шешiмнiң жобасын, үлес алушының жәрдемақы мөлшерiн көрсете отырып, алушылардың санына сәйкес данада үш жұмыс күнiнiң iшiнде толтырады және оны Орталықтың филиалы арқылы электрондық байланыс бойынша зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға жiбередi.
Электронды шешiм жобасы Орталық филиалының маманы мен басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталады.
Зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен бес жұмыс күннiң iшiнде қабылдаған шешiм басқарманың (бөлiмнiң) маманы мен бастығы және зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның басшысы электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады. Шешiм негiзгi алушының тұрғылықты жерiндегi Орталықтың бөлiмшесiне қайтарылады.
Негiзгi алушының тұрғылықты жерiндегi Орталықтың бөлiмшесi бiр жұмыс күнiнiң iшiнде шешiмнiң бiр данасын үлес алушының тұрғылықты жерiндегi Орталықтың бөлiмшесiне жiбередi, осының негiзiнде үлес алушыға төлем жүзеге асырылады.
Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.26 № 1114 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
30. Осы Ереженiң 7-тармағының 4) тармақшасында көзделген анықтама уақытында ұсынылмаған жағдайда, үлес алушының асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берiлетiн жәрдемақы мөлшерiн қайта қарау анықтама ұсынылған күннен бастап жүзеге асырылады.
Ескерту. 30-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2007.12.28. N 1327 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
31. Мүгедек балаға берiлетiн жәрдемақыны ресiмдеу кезiнде, iс балаға ресiмделедi, бiрақ шешiмнiң жобасында әкесiнiң немесе қамқоршысының (қорғаншысының) тегi қосымша көрсетiледi.
32. Шешiмнiң қолданылу мерзiмi ұзартылған, мүгедектiк тобы немесе асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берiлетiн жәрдемақымен қамтамасыз етiлетiн отбасы мүшелерiнiң саны өзгерген жағдайда, Орталық бөлiмшесiнiң жәрдемақының мөлшерi туралы электронды шешiм жобасын дайындауы және зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның оны бекiтуi осы Ереженiң 12-17-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
Орталық бөлiмшесi электрондық iс макетiн жаңадан ұсынылған құжаттармен толықтырады.
Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.26 № 1114 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
33. Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жыл сайынғы арттыруға, айлық есептiк көрсеткiштiң, ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң, зейнетақының ең төмен мөлшерiнiң, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемi мөлшерiнiң өзгеруiне байланысты зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерiн өзгертудi зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган осы Ережеге 12-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Орталықтың бөлiмшесi дайындаған электронды шешiм жобасының негiзiнде жүргiзедi.
Ескерту. 33-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.26 № 1114 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
33-1. Сот шешiмiмен iс-әрекетке қабiлетсiз немесе iс-әрекетке қабiлетi шектеулi ден танылған қамқоршылықтағы (қорғаншылықтағы) адам, асыраушысынан айрылған бала үшiн төлем алушы қамқоршы (қорғаншы) ауыстырылған жағдайда, Орталық бөлiмшесiнiң жәрдемақы мөлшерi туралы электронды шешiм жобасын дайындауы және зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның оны бекiтуi осы Ереженiң 12-17-тармақтарына сәйкес жүргiзiледi.
Ескерту. 33-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.26 № 1114 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
34. Зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындау туралы шешiм қабылданғаннан кейiн Орталықтың бөлiмшесi осы Ережеге 15-қосымшаға сәйкес нысандағы журналға тiркелгеннен кейiн, осы Ережеге 16-қосымшаға сәйкес нысандағы куәлiктi жазады және қолын қойғызып бередi, ол зейнетақы немесе жәрдемақы алушының мәртебесiн растайтын ресми құжат болып табылады.
35. Алатын төлемдердiң түрi немесе мөлшерi өзгерген жағдайда, Орталықтың бөлiмшесi куәлiкке қосымша бетте болған өзгерiстер туралы қажеттi жазба жасайды, олар Орталық бөлiмшесiнiң мөртабанымен расталады.
Достарыңызбен бөлісу: |