7. Жеделдетілген нормалау.
Жеделдетiлген нормалау .
Әдеттегi гигиеналық нормативтердi орнату әдiстерi ұзақ, қыйын, көп материалдың шығынды қажет етедi. Оның үстiне санитарлық регламент бекітуді қажет ететiн химиялық заттардың саны қазiргi кездегi бар зертханалардың мүмкiншiлiктерiнен әлде-кайда көп. Көрсетiлген проблеманы шешудiн бiр жолы - жылдамдатылған нормалау әдiсiн дайындау. Бұл үшiн екi талап сақталуы қажет .
1. Зерттеу бағдарламасын ғылыми негiзде қысқарту.
2. Нормалау мөлшерiн анықтау сенiмдiлiгiн сақтау. Негiзiнен мұндай экспресс-әдiстер есептеу әдiсi болып табылады және есептеудi келесi көрсеткiштер бойынша жүргiзедi:
токсикометрия параметрлерi (LD50, LС50) бойынша;
басқа ортадағы нормативтер(ПДК) бойынша;
заттың физикалық-химиялық қасиеттерi бойынша, (молекулярлық
массасы, қайнау температурасы т. б.);
жасуша культурасына уыттығы бойынша;
гидробионттарға уыттылығы бойынша;
басқа елдерде дайындалған нормативтер бойынша;
химиялық құрылымы бойынша жүргiзiледi.
Экспресс-экспериментке негiзделген және басқа орта объектiлеiрi үшiн бекітілген ШРЕК негiзiнде есептеу ең сенiмдi болып табылады. Басқа елдердiң ШРЕК - терiн пайдалануға, тек нормативтердi негiздеу әдiстерi мен қағидалары біздің елдегіге толық сәйкес келгенде ғана рұқсат етiледi.
8. Гигиеналық болжау.
Гигиеналық болжау.
1972 ж. академик Г.И.Сидоренко, келешектегi қоршаған орта мен халықтың денсаулық жағдайын бағалауға мүмкiндiк беретiн, гигиеналық болжау теориясын ұсынды. Жақын және қашық болашаққа болжау есептеулерiн жүргiзу келешектегi алдын алу шараларын жоспарлауға және олардың тиiмдiлiгiн бағалауға мүмкiндiк бередi.
Қоршаған орта мен халықтың денсаулық жағдайын болжайтын көп әдiстердiң iшiндегi екi әдiс жиi қолданылады: ол аз квадраттар әдiсi және регрессиялық моделдер әдсi. Бірiнші әдiстi қолдану үшiн, ең кем дегенде өткен 10 жылдың ретроспективтiк материалдары қажет. Бұл әдісті болжауға алынатын құбылыстың динамикалық қатарындағы көрсеткiштерi салыстырмалы түрде тұрақты болған кезде және фактор белгiлерiнiң шұғыл өзгеруi жоқ кезде қолданған жөн. Ең аз квадраттар әдiсi құбылысқа әсер ететiн факторларды есепке алмай, тек құбылыс динамикасындағы өзгерiс бағыттылығын (тенденциясын) көрсетедi. Сондықтан болжауды 5 жылдан артық мерзiмге жасаудың жөнi жоқ.
Регрессиялық моделдер әдiсi, жалпы заңдылықтарды көрсететiн регрессия сызықтық теңдеулерiн алуға мумкiндiк бередi. Мысалы, атмосфераның ластануы жөнiндегi есептеу жолымен алынған мәлiметтер болса. 10-15 жыл келешектегi халықтың денсаулық деңгейi жөнiнде ойлауға болады, демек қажеттi табиғатты қорғау шараларын негiздеуге де болады.
9. Ауа ортасының физикалық факторлары және олардың гигиеналық маңызы.
Жоғарыда біз ауа ортасының гигиеналық маңызын жалпы алынған түрінде қысқаша сипаттап өттік. Осы және келесі тарауларда ауа ортасының физикалық, химиялық және биологиялық факторларының гигиеналық маңызын толығырақ қарастырамыз.
Ауаның физикалық қасиеттеріне температурасы, ылғалдылығы, ауаның қозғалу жылдамдығы, барометрлік қысымы, атмосфераның электрлік жағдайы жатады.
10. Ауа температурасы, ылғалдылығы, қозғалу жылдамдығы және олардың гигиеналық маңызы.
Атмосфералық ауаның температурасы негізінен күн сәулесінің әсерінен қызған жер бетінен берілетін жылуымен және аз дәрежеде атмосфераның өзінің тікелей жылуымен қамтамасыз етіледі.
Ауа температурасының тәуліктік және жылдық ауытқуларына әр түрлі факторлар әсер етеді: географиялық ендік және осыған байланысты күн
радиациясының қарқындылығы, жердің теңіз деңгейінен тұрған биіктігі, жергілікті жердің бедері мен сипаты, теңіздердің, теңіз және мұхит ағындарының жақындығы, жер беті жабындылырының сипаты және т.б. Географиялық ендік неғұрлым жоғары болған сайын, соғұрлым күн сәулелері жердің бетіне үлкен еңкею бұрышымен түседі, осыған байланысты жерді аз қыздырады.
Ауа қозғалысының гигиеналық маңызы адамның қоршаған ортамен жылу алмасуы үрдістеріне қатысуымен ғана анықталмайды. Ауаның қозғалысы атмосфералық ауаға түскен ластаушы заттарды жоюда, елді мекендерді аэрациялауда және бөлмелерді табиғи желдетуде үлкен рөл атқарады. Сонымен қатар, ауаның қозғалысы ластаушы заттардың үлкен қашықтықтарға таралуына да мүмкіндік түғызады.
Сондықтан елді мекендерді, ауруханаларды, мектептерді және бала бақшаларды, өндірістік мекемелер мен басқа да нысандарды жоспарлау және салу кезінде, берілген жергілікті жерлердегі желдің басым соғатын, жиі қайталанатын бағыттарын білуі өте маңызды. Ол желдің қай бағыттан соғатындығымен анықталады. Осы мақсатта, әрбір жергілікті жерлер үшін «жел раушаны» деп аталатын (3.1.-сүрет) әр түрлі бағыттар (румбалар) бойынша жыл бойына желдің туру жиілігінің графигі құрастырылады.
11. Ауаның табиғи химиялық құрамы және олардың гигиеналық маңызы.
Атмосфералық ауаның табиғи химиялық құрамы 20,95% оттегінен, 78% - азоттан, 0,03-0,04% - көмірқышқыл газынан тұрады. Тек 1% ғана инертті газдардың, озонның, метанның, азот тотығының, йод және су буларының бірге алғандағы үлесіне келеді. Атмосфераның химиялық құрам бөлігінің әрбіреу ағзаның тіршілігінде өзінің рөлін атқарады. Оттегі адам мен жануарлардың тыныс алуы үшін, әр түрлі тотығу және жану үрдістері жүру үшін қажет. Атмосфералық ауадағы оның деңгейі іс жүзінде тұрақты болады, себебі оттегінің шығыны өсімдіктердің фотосинтезі үрдісінде түзілетін оттегімен үнемі толықтырылып тұрады. Тек биіктікке көтерілген кезде ғана, оттегінің парциалды қысымы төмендеп, гипоксияның дамуына әкеледі. Оттегі концентрациясының 11-13% дейін төмендеуі, өттегінің айқын жеткіліксіздігі дамуына, ал 7-8% концентрациясы - өлімге әкеп соғады.
Достарыңызбен бөлісу: |