Модуль 2. «ҚР-дағы стартаптарды, ШОБ-ты қолдау шаралары»
ЭКСПОРТТЫ ҚОЛДАУ ҚҰРАЛДАРЫ
Біз жаһандану дəуірінде өмір сүріп
жатырмыз, басқа елдермен ынтымақтастық күн
сайын күшейе түсуде. Қазақстандық тауарлардың шетелге экспортын дамыту-ұлттық
экономиканың басым бағыттарының бірі. Бүгінде іс жүзінде əрбір кəсіпкердің өз өнімін
экспорттауға мүмкіндігі бар, бұл ретте мемлекет экспорттаушыларды қолдаудың көптеген
шараларын қарастырады. Олар туралы жəне осы сабақта сөйлесейік.
Экспортты қолдау құралдары
Қазақстандық экспорт құрылымында негізгі үлесті шикізат алады. Өңделген тауарлар
экспортын дамыту үшін 2019 жылы шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі жол
картасы бекітілді.
Құжат кедергілерді жоюға, өндірушілердің шығындарын азайтуға жəне
отандық экспортты қолдаудың өзге де шараларына бағытталған.
Экспортқа жəрдемдесу функциялары бірнеше қазақстандық ұйымдарда бар.
Экспорттаушыларды қолдаудың нақты шараларын егжей-тегжейлі қарастырайық.
«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы
- бұл өз өнімдерін экспорттайтын
шикізаттық емес сектор кəсіпорындарының тəуекелдерін сақтандыру үшін құрылған
мемлекеттік компания. Компания кəсіпкерлерге көптеген қызметтер ұсынады. Мысалы,
экспортқа дейінгі қаржыландыру, экспорттық сауданы қаржыландыру, қарыздарды ерікті
сақтандыру, қаржылық лизинг,
аванстық төлем, банктік кепілдіктер жəне басқалар.
«KazakhExport» АҚ қызметтері туралы толығырақ компанияның сайтында танысуға болады.
«QazIndustry» қазақстандық индустрия жəне экспорт орталығы
экспорттаушылар
шығындарының бір бөлігін өтеумен айналысады. Шығындар 2015 жылы Инвестициялар жəне
даму министрі бекіткен тауарлар тізбесі бойынша өтеледі. «QazIndustry» шығындардың
мынадай түрлерінің бір бөлігін өтейді:
1) шетелде тауарларды жарнамалау
2) көрмелерге, жəрмеңкелерге жəне фестивальдарға қатысу
3) шетелде тарату үшін каталог шығару (əзірлеу жəне аудару)
4) шетелде филиалдарды, сауда алаңдарын,
қоймаларды ұстау
5) шетелде тауар белгілерін тіркеу
6) шетелде тауарларды сертификаттау
«QazIndustry» бұл шығындарды шағын кəсіпорындар үшін – 60%, орташа кəсіпорындар үшін-
шығындар сомасының 50% мөлшерінде өтейді.
Өтеудің ең жоғары мөлшері 13 000 АЕК-тен аспайды. 2019 жылы бұл шамамен 33 млн
теңге. Барлық шығындар негізделуі жəне құжатпен расталуы тиіс. Мысалы, сіз шұжық
шығарасыз жəне Мəскеуде өтетін көрмеге қатысуға шешім қабылдадыңыз. Көрмеге қатысу
үшін сізге шартты түрде 1 млн теңге қажет болды. Сіз «QazIndustry» - ге өтінім бергеннен
кейін, сіз барлық қажетті құжаттарды қоса берген жағдайда, Сізге 600 мың теңге өтелуі мүмкін.
Экспорт үшін басымдыққа ие тауарлардың тізбесі бекітілді. Бүгінгі таңда олардың 4000
мыңнан астамы ұннан бастап машина жасау, металлургия жəне т.б. тауарларға дейін. Ол төрт
белгідегі ТНВ коды бойынша анықталады. Ол жалпы қолжетімділікте, кез келген кəсіпорын
біздің сайтқа өтіп, тауарлар тізімін көре алады.
Сонымен қатар, «QazIndustry» тауарларды жеткізу шығындарының бір бөлігін өтейді.
Мысалы, көліктің барлық түрлерімен тасымалдау шығындарын өтейді.
Бұл теміржол,
автомобиль, су жəне əуе көлігі.
Барлық кəсіпорындар үшін өтемақы мөлшері 50% құрайды. Автомобиль көлігі ерекше
жағдай болып табылады, онда 0,12 АЕК немесе 1 км үшін 300 теңге өтеледі.
постфактум шығындарын өтейміз. Ол бұл шығындарды алдымен көтереді, растайтын
құжаттарды ұсынады, біз оларды өтейміз. Ағымдағы жылғы соңғы өзгерістер – бұл тауарларды
өндіруші кəсіпорындардан басқа, біз сондай-ақ өтініш беруші ретінде тасымалдауды жүзеге
асыратын, тауарды экспорттаумен айналысатын жəне өндірушілердің еншілес ұйымдары болып
табылатын көлік компанияларын қарастырамыз. Кəсіпкерлер мұны өздері түсінуі өте маңызды.
Біздің ынталандыру шараларымыз өндірушілерге бағытталған. Өндірушілерден сатып алатын
жəне сататын трейдерлер, дилерлер емес.
Бұл өте маңызды, өйткені біз өндірушілерді
ынталандырғымыз келеді.
«QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы
бұрын аналитикалық зерттеулермен
айналысқан. 2019 жылдан бастап ұйым Қазақстанның экспорттаушылары үшін бірыңғай
терезеге айналды жəне кəсіпкерлер мен мемлекеттік органдар арасында агент функцияларын
орындайды. «QazTrade» Қазақстанның шетелдегі сауда өкілдіктеріне қатысатын болады.
«Атамекен» сыртқы сауда палатасы
қазақстандық экспортты ілгерілетуге ықпал етеді.
Компания шетелдік жəрмеңкелерді, көрмелер мен басқа да іс-шараларды ұйымдастырады жəне
өткізеді, сыртқы экономикалық қызмет мəселелері
бойынша ақпараттық, бағалау, брокерлік,
маркетингтік, жарнамалық, аударма жəне консалтингтік қызметтер көрсетеді.
«Даму» кəсіпкерлікті дамыту қоры
2014-2018 жылдар аралығында экспортқа
бағытталған 267 жобаны қаржыландырды. 2019 жылы Қор қоржынында тамақ өнімдерін
өндіру,
Электр жабдықтары, химия жəне фармацевтика, құрылыс материалдары, жеңіл
өнеркəсіп салаларында 77 жоба бар. Қордың бастаушы кəсіпкерлер мен стартаптарға кредит
беру бағдарламалары бар.
«Аграрлық несие корпорациясы «Агроэкспорт»
арнайы бағдарламасы бойынша
экспорттық кəсіпорындарды қаржыландырады. Сыйақы мөлшерлемесі-жылдық 4% бастап. 3
жылға дейін жеңілдікті кезең қарастырылған. Несие мерзімі-10 жылға дейін.
Сыртқы экономикалық қызмет мамандарын даярлау жəне олардың
біліктілігін арттыру
орталығы импорт пен экспорт мəселелері бойынша консультациялар өткізеді, оқыту
семинарлары мен тренингтерін ұйымдастырады жəне сыртқы экономикалық қызмет мəселелері
бойынша мамандандырылған əдебиеттер шығарады.
Экспорт туралы барлығын Қазақстанның экспорттық порталынан білуге болады.
Ресурста экспорт мəселелері бойынша барлық қажетті материалдар, экспорттаушыларды
қолдау шаралары, ұйымдардың байланыстары мен соңғы жаңалықтар жинақталған.
Мұнда
«QazIndustry»
жəне
«KazakhExport»
компанияларының қызметтеріне онлайн режимде өтінім
беруге болады.
Қазақстанның ЕАЭО елдері арасындағы негізгі сауда серіктесі Ресей болып табылады,
оның 2018 жылғы үлес салмағы 18,5 млрд АҚШ долларын немесе 92% - ды құрады. Сондықтан