МИФ апталығының жабылу салтанаты
Күні:1.12.23ж.
Тақырыбы: «Математикалық дарындылықты жетілдіру мүмкіндіктері»
Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілеті мен математикалық қабілеттерін арттыру;
• Математика пәні бойынша білімдерін тереңдету;
• Математикаға, физика және информатикаға деген қызығушылығын арттыру;
Жүргізуші:
-Құрметті ұстаздар, оқушылар, бүгінгі салтанатты жиынның қонақтары!
Информатика, математика, физика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Апталықты бірге қорытындылауға,
Шақырамыз сіздерді.
«Математикалық дарындылықты жетілдіру мүмкіндіктері» атты математика, информатика, физика пәндері апталығының жабылу салтанатына қош келдіңіздер!
Математика, информатика, физика- үш алпауыт пәнді дәріптесек.
Математика, шынында,
Ғылымдардың патшасы.
Барлық нақты ғылымға
Апарар жолдың қақпасы.
Үйретер өлшеу, сызуды
Геометрия секілді,
Кеңітер ой мен ұғымды,
Сала бар онда не түрлі.
Алгебра болса сиқырлы
Цифрлардың мекені.
Жұмбақ-сырды мың түрлі
Есептеумен шешеді.
Күнделікті тұрмыста физика күші қажет-ақ,
Сағаттар да, телефон да ,пульттің өзі жүрмеуі хақ.
Егер дағы батарейдің орны оң- терісі ауысса,
Оқу керек физиканы ынта қойып қызыға.
Пернетақта алдыңда,
Дәу манитор тұр қарап.
Көп шаруаны атқарар,
Компьютер бұл ғажап.
Керек емес қаламың,
Жазуды да жазады.
Қарындаш пен бояусыз,
Суретті де салады.
Талай шаруа бүгінде,
Компьютерсіз бітпейді.
Керек десең ол тіпті,
Том-том кітап жүктейді.
Ғаламторға жалғасаң,
Жоқ онымен таласың.
Бар сұраққа бір демде,
Миллион жауап аласың.
Бірақ, байқа, балақай,
Оның да бар зияны.
Соны білген ата-анаң,
Кейде сені тияды.
Көп отырсаң телміріп,
Көз жанарың талады.
Ата-анасын тыңдайды,
Барлық бала саналы.
Компьютердің пайдасын,
Пайдалана біл, күнім.
Игі істерге жұмсайтын,
Керек саған ол білім.
Кезекті мектебіміздің мың бұралған «Балдәурен» бишілер тобына береміз.
«Қазақ» биі. Қарсы алыңыздар!
Келесі кезекте осы салтанатты мерекеге қатысып отырған оқушылар арасында «Математикалық боулинг» сайысын ұйымдастырамыз.
Келесі кезекте информатикадан «Жасырылған жауап» сайысын ұйымдастырамыз.
Келесі кезекте «Физикалық дартс» сайысын өткіземіз.
Жарайсыңдар, балалар!
Келесі кезекте белсенділік танытып математикадан мектепішілік олимпиадаға қатысып жүлделі орындар алған және де апталықтың салтанатты кештерінде өнер көрсеткен оқушыларды марапаттаймыз.
Марапаттарыңыз құтты болсын!
Жастықты біз ізденуге арнайық,
Білімдарлық танытайық, талмайық.
Асуларын білімнің бағындырып,
Өрлейік, өркендейік, самғайық!
Осымен бүгінгі МИФ пәндер апталығының жабылу салтанаты мәресіне жетті. Белсенділік танытып қатысқан оқушыларға рақметімізді айтамыз. Сіздерге сәттілік тілейміз. Әрдайым алдыңғы қатардан көрініп, жұлдыздай жарқырай беріңіздер. Жеңімпаз болыңыздар! Сау-саламатта болыңыздар!
Сахнада әсем әнімен 8б сынып оқушыларын .
Қарсы алыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |