S.aureus
C.perfringens
M.tuberculosis
N.gonorrhoeae
M.pneumoniae
Толық гуморалды жауап дамиды:
макрофагтар, Т-хелперлер, В-лимфоциттер қатысуымен
В-лимфоциттердің тек медиатордан хабар алуымен
В-лимфоциттің мембранасында бөтен антигеннің этиотопын ажыратуға қатысуымен
В-лимфоциттердің тек антиген туралы ақпарат алуымен
тек Т-хелперлердің қатысуымен
Химиялық вакциналар:
Толық жетілген антигендік кешен
Қыздырып және формалинмен өнделген микробтан дайындалған
Лиофилді кептіру әдісімен алынады
Антитоксикалық иммунитетті қалыптастырады
Құрамында бүтін микробтық жасуша бар
Тірі вакциналардың өлі вакциналардан артықшылығы:
Микробтардан және олардың токсиндерінен алады
Иммуногендігі жоғары болғандықтан аса қарқынды иммунитет қалыптастырады
Иммунитет реакцияларына қатысады
Емдеу және алдын алуына пайдалынады
Енгізуі жеңіл өтеді
Вакцина дайындауына арналған штамдар қасиеттері:
Анаэробты тіршілік етеді
Айқын иммуногенді
Ферменттілігі белсенді
Жоғары вирулентті
Сенсибилизация тудырушы
Тірі вакцина дайындау негізі:
аттенуация
кептіру
фенолмен өндеу
қатырып мұздату
протективті антигенді ажырату
Диагностикалық сарысуларды пайдаланады:
микроорганизмдердің идентификациясына
ауруларды емдеуге
микроорганизмдер индикациясына
аурулардан сақтандыруға
қоршаған ортадан микробты табу үшін
Антитоксикалық сарысуларды қандай аурудың емдеуіне тағайындайды:
бруцеллез, туберкулез, сіреспе
дифтерия, сіреспе, ботулизм
ботулизм, іш сүзегі, коли-инфекция
дифтерия, грипп, гепатит В
дизентерия, көкжөтел, полиомиелит
Иммунофлюоресценция реакциясы негізделген:
антигеннің флуорохроммен таңбаланған арнайы антиденелермен байланысуына
жасуша мембранасының өткізгіштігіне
диффузия және осмос процестеріне
сарысудағы иммуноглобулиндер дисперстілігінің өзгеруіне
антиген әсерінен макрофагтар ядросының соматикалық мутациясына
Корпускулалық антигендердің жабысуы және тұңбаға түсуі қандай реакцияда байқалады:
преципитация
агглютинация бейтараптау
иммундыфлюоресценция
флотация
Комплементті байланыстыру реакциясының оң нәтижесі қалай бағаланады:
гемолиз болмауы
эритроциттердің агглютинациясы
ұяшықта гемолиздің болуы
преципитат түзіледі
индикатор түсі өзгереді
Серологиялық реакциялар не үшін қолданылады:
жұқпалы аурулардың диагностикасында
жұқпалы аурулардың терапиясында
жұқпалы ауруларды сақтандыруда
протеолитикалық белсенділікті анықтауда
биохимиялық белсенділікті анықтауда
Преципитация реакциясының механизмі байланысты:
ерітінді антиген мен антидене кешенінің байланысуына
диффузия және осмос процестеріне
бактерияның беткейлі кернеуінің өзгеруіне
жасуша қабырғасы құрылымына
микробтардың агрегациясына
Комплементті байланыстыру реакциясының иммунологиялық заңдылығы:
комплементтің антиген-антидене кешенімен байланысуы
сарысулық глобулиндердің дисперсттілігін өзгерту
бактериялардың беткейлік кернеуінің өзгеруі
антигеннің агрегациясы
диффузия және осмос процесі
Иммунды ферментті талдау реакциясы негізделген:
антигендердің пероксидазамен таңбаланған арнайы антиденелермен байланысуына
сарысудағы глобулиндердің дисперстілігінің өзгерісіне
жасуша мембранасының өткізгіштігіне
антиген әсерінен макрофаг ядросындағы соматикалық мутацияға
диффузия және осмос процесіне
Бейтараптау реакциясы негізделген:
арнайы антидене әсерінен корпускулярлы антигенді ыдырату
лейкоциттер лизисіне
антитоксикалық сарысу токсиннің улы әсерін бейтараптайды
жасуша мембранасының өткізгіштігін өзгертуіне
антиген-антидене кешені комплементпен байланысуына
Спораны анықтау үшін қолданылатын бояу әдісі:
Циль-Нильсен
Ожешко Грам
Бурри-Гинс
Романовский-Гимзе
Капсуланы анықтау үшін қолданылатын бояу әдісі:
Бурри-Гинс
Циль-Нильсен
Ожешко
Грам
Романовский-Гимзе
Аэробты бактериялардың таза дақылын бөліп алудың 1-ші күні:
материалды ЕПА-ға «штрих» әдісімен себеді
материалды ЕПС-ға себеді
дақылдық қасиеттерін зерттейді
таза дақылды «ала қатар»-ға себеді
антибиотиктерге сезімталдық нәтижелерін зерттейді
Аэробты бактериялардың таза дақылын бөліп алудың 2-ші күні:
дақылдық қасиеттерін зерттейді
материалды ЕПС-ға себеді
материалды ЕПА-ға «штрих» әдісімен себеді
агглютинация реакциясын жүргізеді
антибиотиктерге сезімталдық нәтижелерін зерттейді
Аэробты бактериялардың таза дақылын бөліп алудың 3-ші күні:
таза дақылды «ала қатар»-ға себеді
материалды ЕПС-ға себеді
дақылдық қасиеттерін зерттейді
материалды ЕПА-ға «штрих» әдісімен себеді
түр туралы нақты жауап береді
Анаэробты бактериялардың таза дақылын бөліп алудың 1-ші күні:
қан немесе қант қосылған агарларға себеді
материалды Китта-Тароцци ортасына себеді
таза дақылды «ала қатар»-ға себеді
антибиотиктерге сезімталдық нәтижелерін зерттейді
дақылдық қасиеттерін зерттейді
Анаэробты бактериялардың таза дақылын бөліп алудың 2-ші күні:
антибиотиктерге сезімталдығын анықтайды
қан немесе қант қосылған агарға себеді
материалды Китта-Тароцци ортасына себеді
түр туралы нақты жауап береді
дақылдық қасиеттерін зерттейді
Анаэробтарды өсіретін қоректік ортаны атаңыз:
Вильсон-Блер және Китта-Тароцци
Эндо және ет-пептонды агар
Ет-пептонды сорпа
Сілтілі агар және Китта-Тароцци
Сарыуызды-тұзды агар
Бактериологиялық әдіс:
Қоздырғышты әрі қарай идентификациялау арқылы бөліп алу
Жағындыны микроскоптаудан кейін қоректік ортаға себу
Патологиялық материалдан антигенді анықтау
Зерттелушінің қан сарысуынан антиденені анықтау
Жануарларға эксперименталды инфекцияны жүзеге асыру
Қатаң анаэробтарды өсіруге арналған қондырғы:
анаэростат
құрғақ ыстық шкафы
Кротов аппараты
центрифуга
сулы монша
Қатаң анаэробтарды өсірудің биологиялық әдісі:
Бури-Гинс әдісі
Кох әдісі
Фортнер әдісі
Циль-Нильсен әдісі
Кастеллани әдісі
Аэробты бактериялардың таза дақылын бөлетін әдіс:
Бурри-Гинс әдісі
Кох әдісі
Кастеллани әдісі
Грам әдісі
Морозов әдісі
Аэробты бактериялардың таза дақылын бөлетін әдіс:
Бурри-Гинс әдісі
Кастеллани әдісі
Дригальский әдісі
Грам әдісі
Китта-Тароцци ортасы
Аэробты бактериялардың таза дақылын бөлетін әдіс:
Секторлы әдіс
Кастеллани әдісі
Бурри-Гинс әдісі
Грам әдісі
Морозов әдісі
Вирусты инфекциялар кезінде қолданылатын диагностика әдісі:
вирусологиялық
аллергиялық
бактериологиялық
тинкториалды
антибиотиктерге сезімталдық
Вирустық аурулардың серологиялық диагностикасы антидене-антиген спецификалық әсер етуі негізінде құрылады, белгіленген флюорохромамен бірге антиденені қолданатын серологиялық реакция қалай аталады?
Иммундыфлуоресценция реакциясы
Ферментермен таңбаланған антиденелер рекциясы
Полимеразды-тізбекті раекциясы
Комплеметті байланыстыру реакциясы
Молекулалық гибридизация реакциясы
Вирусологиялық аурулар диагностикасының негізгі әдісі жасушалық дақылдардан вирустарды бөлу, вирустың болуын оның жасуша дақылдарына спецификалық әсерімен анықтайды. Бұл әдіс қалай аталады?
ЦПӘ (цитопатикалық әсер)
БР (бейтараптау реакциясы)
ИФР
ПР (преципитация реакциясы)
РИА
Вирустарды жасушадан анықтау үшін әртүрлі әдіс қолданылады, олар вирустарды in vitro өсіруде қоректік ортадағы рН өзгерісіне негізделген. Осы вирус индикациясының әдісі қалай аталады?
Түрлі-түсті сынама
Цитопатикалық әсер
Гемагглютинация реакциясы
Гемабсорбция реакциясы
Бляшка түзілу реакциясы
Зертханада вирустарды өсіру жоспарланды, жақсы нәтиже алу үшін қандай қоректік ортаны қолданасыз?
Эндо ортасы
Сарыуызды тұзды агар
Игла ортасы
Қанды агар
Өтті сорпа
Дәрігер бактериолог тауық ұрығының хорионаллантоисттық қабықшасына жұқтыру кезінде зерттелетін материалды пенициллинмен және стрептомицинмен өңдеді. Қандай қоздырғышты нақтылау керек?
Вирустар
Саңырауқұлақтар
Риккетсиялар
Бактериялар
Қарапайымдылар
Жаңа туған сәбидегі стафилококкты күлбіреуік кезіндегі ең маңызды патогендік фактор:
плазмокоагулаза
эксфоллиатин
лецитиназа
фибринолизин
гемолизин
СТА (саруызды-тұзды агар) қоректік ортасында өскен S.aureus-тің дақылдық ерекшелігі:
Бұлыңғыр аймағы бар алтын түсті колониялар
Бұлыңғыр аймағы бар ұсақ колониялар
Ұсақ жылтыр колониялар
Мөлдір, көгілдір түсті колониялар
Тығыздалған ұсақ ақ түсті колониялар
Стрептококктардың токсині:
эксфолиатин
энтеротоксин
цитотоксин
эндотоксин
тетаноспазмин
Стрептокококк түзеді:
гиалуронидаза
каталаза
энтеротоксин
уреаза
лизоцим
Менингококкты инфекция қоздырғышы қандай туыстыққа жатады:
Neissеria
Moraxella
Acinetobacter
Branhamella
Francisella
N.meningitidis-тің морфологиялық қасиеті:
Грампозитивті таяқша
Грампозитивті спора түзуші таяқша
Грамнегативті диплококк
Грамнегативті таяқша
Грампозитивті кокк
Дайындалған жағындыдағы энтеробактериялардың морфологиясы:
Грамнегативті таяқшалар
Грампозитивті таяқшалар
Грампозитивті кокктар
Грамнегативті диплококктар
Грамнегативті коккобактериялар
Зәр жолындағы өрлемелі инфекцияларды жиі туындататын бактерия:
Escherichia coli
Serracia marcescens
Citrobacter freundii
Enterobacter cloacae
Klebsiella pneumoniae
Ішек инфекциялары қоздырғыштарының таралу жолы:
Алиментарлы
Жыныстық
Аэрозольді
Парентеральды
Трансплацентарлы
Ішек таяқшасының морфологиясы:
тізбектеле орналасқан таяқша
спорасы ортасында орналасқан таяқша
ірі грампозитивті таяқша
организм мен қоректік ортада анық капсула түзеді
грамнегативті соңы дөңгеленген таяқша
Эндо ортасында өскен ішек таяқшасының колониясы:
күңгірт-қызыл металды жылтыр түсті
айналасында гемолизі бар ұсақ колониялар
жасыл-қоңырқай түсті ірі колониялар
көк-қара түсті S пішінді колониялар
түссіз, R-пішінді колониялар
Ішек таяқшасының биохимиялық қасиеті:
Аммиак түзеді
Лактозаны қышқыл мен газға дейін ыдыратады
Күкірт сутегін түзеді
Лактозаны қышқылға дейін ыдыратады
Сахарозаны ыдыратпайды
Shigella туыстығының жіктелуі неге негізделген:
антигендік құрылымына
токсин түзуге
тинкториалдық қасиетіне
биохимиялық қасиеттеріне
морфологиялық ерекшеліктеріне
Shigella туыстығының сипаттамасы:
О және К антигендері бар
қозғалғыш бактериялар
организмде капсула түзеді
қоректік орталарға талғамды
Vi және Н антигендері бар
Плоскиров қоректік ортасында Shigella flexneri-дің колониялары:
қызыл түсті
түссіз тегіс
түсті тегіс
қоңыр түсті тегіс
түссіз кедір-бұдыр
Салмонелла үшін дифференциалды диагностика ортасын таңдаңыз
сарыуызды-тұзды агар
висмут-сульфит агары
селенит сорпасы
қан қосылған агар
ет-пептонды сорпа
Іш сүзегін туындатады:
S. cholera-suis
S.typhimurium
S.typhi
S.enteridis
S.paratyphi A
Іш сүзегінің диагностикасында қолданатын Видаль реакциясының механизмі:
агглютинация
преципитация
комплементті байланыстыру
бейтараптау
лизис
Іш сүзегі кезінде гемодақылды қай аптада алады:
екінші аптада
үшінші аптада
бірінші аптада
20 күнде
әрқашан
Сальмонеллаларды қанықтыру (жинақтау) ортасын таңдаңыз:
Селенитті сорпа
Қан қосылған агар
Сарыуызды тұзды агар
Мак-Конки ортасы
Ет пептонды сорпа
Тырысқақ қоздырғышының тұқымдасы:
Vibrionaceae
Brucellaceae
Spirillaceae
Micrococcaceae
Enterobacteriaceae
Тырысқақ қоздырғышының антигендері:
О және Н антиген
О және Vi-антиген
капсулалы және талшықты
протективті және соматикалық
протективті және Н антиген
Тырысқақ кезінде нәжіс:
Түрі өзгермейді
Қайнатылған күріш суына ұқсас
Сұйық, қанмен аралас
Көпіршікті, сулы
Тығыздалған күйде
Туберкулез бактерияларын бояу әдісі:
Циль-Нильсен
Бурри-Гинс
Романовский-Гимзе
Нейссер
Здродовский
Mycobacterium bovis морфологиясы:
Коккобактериялар
Полиморфты бактериялар
Стрептобактериялар
Шоқпар тәрізді бактериялар
Арқан тәрізді бактериялар
Mycobacterium tuberculosis: тыныс алуы бойынша:
Аэроб
Анаэроб
Капнофиль
Микроаэрофиль
Аэротолерантты
Левенштейн-Йенсен ортасында туберкулез бактериялары қандай колония түзеді:
R пішінді, құрғақ пигментті
S пішінді, беткейі дөңестенген
M-пішінді, түсті
Қара түсті, шеттері тегіс
S пішінді, құрғақ пигментті
Алапес микобактериясы:
қораптағы темекі түрінде
кестелі орамал түрінде
тура, иілген таяқшалар
ланцет пішінді кокктар
сынап тамшысы түрінде
Алапес қоздырғышын атаңыз:
Mycobacterium avium
Mycobacterium tuberculosis
Mycobacterium leprae
Mycobacterium bovis
Mycobacterium africanum
Экзотоксині биологиялық улардың ішінде ең күштісі болып саналатын жұқпалы аурудың қоздырғышы:
Clostridium tetani
Clostridium botulinum
Vibrio cholera
Salmonella typhi
Yersinia pestis
Клостридияларды өсіру үшін қандай қоректік орта қолданылады:
Китта-Тароцци
Эндо
СТА
Левенштейн-Йенсен
Борде-Жангу
Газды гангренаның қоздырғышы:
Clostridium botulinum
Clostridium perfringens
Clostridium intermedia
Bacillus anthracis
B. gracillis
Жоғары бағанды агарда өскен клостридиялардың колониялары неге ұқсайды:
жасымық дәндерге
кристаллдарға
қоңырқай нүкте тәрізді
мақта түйіршіктеріне
ұзын өрілген жіптерге
Клиникалық материалдан бөлінген Clostridium perfringens микроскопта көрінеді:
ірі грам оң таяқшалар, анық капсуласы бар
ірі грам теріс таяқшалар, спора түзеді
ұсақ грам оң таяқшалар, капсуласы бар
капсуласы бар тармақталған жасушалар
ірі кокк тәрізді таяқшалар, қозғалғыш
Қан қосылған агарда анаэробты клостридиялардың өсу сипаты:
тегіс шырышты колониялар, гемолиз аймағы жоқ
кедір-бұдырлы колониялар, толық гемолиз аймағы бар
ұсақ нүктелі колониялар, металды жылтыры бар, гемолизі жоқ
ұсақ мөлдір колониялар, гемолиз аймағы жоқ
құрғақ, әжімді, сынғыш колониялар, сары түсті, гемолизі бар
Терминалды спорасы бар микроорганизм:
сіреспе клостридиясы
ботулизм клостридиясы
стафилококк қоздырғышы
эшерихия таяқшасы
микоплазма бактериясы
Clostridium tetani сипаттамасы:
капсула түзеді
талшықтары перитрих
қоректік ортада өспейді
грамтеріс таяқша
энтеротоксин бөледі
Шоқпар тәрізді (волютин дәндері бар) бактериялар туындататын ауру:
дифтерия
көкжөтел
шигеллез
иерсиниоз
туберкулез
Коринебактериялардың морфологиялық сипаттамасы:
Волютин дәндері бар грам оң таяқшалар
Грам теріс таяқшалар, капсула түзеді
Эндоспора түзетін грам оң таяқашалар
Грам теріс кокктар, спора түзеді
Иілген таяқшалар, қозғалғыш
Көкжөтел кезінде бактериоскопиялық зерттеуде алынатын материал:
мұрынжұтқыншақ бөліндісі
қан
асқазан шайындысы
ми-жұлын сұйықтығы
нәжіс
Көкжөтелдің арнайы сақтандыруында қолданады:
өлі вакцина
секстаанатоксин
тірі аттенуациялық вакцина
БЦЖ вакцинасы
адъюванттар
Оба қоздырғышы қандай туыстыққа жатады:
Shigella
Yersinia
Klebsiella
Legionella
Bordеtella
Оба қодырғышын бояудағы ерекшелік:
грам теріс, биполярлы боялған
Нейссер әдісімен бояғанда ұштарында волютин дәндері бар
грам оң, қышқылға төзімді
қарапайым анилинді бояуларға төзімді
Романовский-Гимзе әдісімен бояуда бозғылт қызыл түсті
Обаның R-пішінді колониясы неге ұқсайды:
Медузаның басына
Қорғасын тамшыларына
Кестелі орамалға
Арыстанның басына
Қыртысты теріге
Сібір күйдіргісі қандай тұқымдасқа жатады:
Bacillaceae
Micrococcoceae
Enterobacteriaceae
Brucellaceae
Mycobacteriaceae
Сібір күйдіргісінің туыстығы:
Bacillus
Shigella
Klebsiella
Bordеtella
Legionella
Сібір күйдіргісінің колониялары неге ұқсайды:
Қорғасын тамшыларына
Медузаның басына
Қатпарлы теріге
Шық тамшыларына
Кестелі орамалға
Пенициллині бар қоректік ортада өскен сібір күйдіргісі қоздырғышының колонияларынан дайындалған жағынды нені еске түсіреді:
Меруерт моншақтарын
Медузаның басын
Арыстанның басын
Шоқпар тәрізді
Шағала қанаттарын
Сібір күйдіргісі қоздырғышы жағындыда қалай көрінеді:
Теннис ракеткасы
Бамбук таяқшасы
Шоқпар тәрізді
Шағала қанаттары
Шырша тәрізді
Бруцеллалардың морфологиясы:
грам теріс, ұсақ пішінді
грам теріс, қозғалғыш
грам оң, спора түзеді
грам теріс, ірі таяқша
грам оң, ұсақ пішінді
Бруцеллез қоздырғышын алғаш бөліп алған және зерттеген ғалым:
Брюс
Френсис
Иерсен
Борде
Пастер
Бозғылт спирохета туындататын ауру:
мерез
трахома
гонорея
туберкулез
дифтерия
Бозғылт спирохетаның тыныс алу типі:
аэроб
факультативті анаэроб
анаэроб
капнофиль
микроаэрофиль
Тұмау вирусының жоғары өзгергіштігі байланысты:
гемагглютинин және нейраминидазамен
вирусты РНҚ-мен
капсидпен және гемагглютининмен
ішкі және сыртқы ақуызбен
РНК-полимеразамен
Гемагглютинацияны тежеу реакциясын (ГАТР) қандай аурудың диагностикасында қолданған маңызды?
Грипп
Гепатит С
Қарапайым ұшық І типі
Құтыру
АИВ-инфекциясы
Қалада басталған тұмау эпидемиясынан бейспецификалық сақтандыру үшін қандай препарат ұсынасыз?
Лейкоцитарлық интерферон
Тұмауға қарсы вакцина
Ремантадин
Тұмауға қарсы иммуноглобулин
Тұмауға қарсы сарысу
Грипп вирусы қандай тұқымдасқа жатады?
Orthomyxoviridae
Hepadnaviridae
Herpesviridaе
Picornaviridae
Togaviridae
Педиатр 7-жасар балаға «парамиксовирусты инфекция» диагнозын қойды. Парамиксовирустардың цитопатиялық әсері қалай көрінеді?
ядроішілік қосындылар түзу
симпласт түзу
Бáбеш-Нéгри денешіктері пайда болады
Лúпшютц қосындылары пайда болады
гигантты жасушалар пайда болады
Респираторлы-синцитиалды вирус туыстығы:
морбиливирустар
пневмовирустар
рубивирустар
энтеровирустар
инфлюэнца
Науқас адамның сарысуынан РС-вирусқа антиденелер анықталған. Бір апта өткен соң қайталанған зерттеулерде антиденелер титрі алғашқы деңгейде. Бұл нені білдіреді:
Науқас бұрын РС-инфекциямен ауырған
Науқас осы сәтте РС-инфекциямен ауырады
Иммунитет тапшылығы дамыған
Вакцинадан кейінгі иммунитет салдары
Иммунитет қалыптаспаған
Науқастан алынған вирусқұрамды материалмен зақымданған жасушалық моноқабатты микроскопиялау кезінде дәрігер-лаборант «респираторлық-синцитиалдық вирусты инфекция» диагнозын қойды. Осы вирус жасуша дақылында қандай өзгерістер туындатады?
моноқабаттың шоғырлы деструкциясын .
симпластар түзеді
жасушалық моноқабаттың толық деструкциясын
Бабеш-Негри денешігінің пайда болуын
жасушалар пролиферациясын
Ауыз қуысында Коплик-Филатов дақтары қай ауруда пайда болады:
Тұмау
Қызылша
Дифтерия
Қызамық
Құтыру
Перзентханада эпидемиолог қызылша ауруын тіркеді. Анасы бұрын қызылшамен ауырған болса балалары ауырмайды деген тұжырым бар. Нәрестені қандай иммуноглобулин қорғайды?
IgG
IgD
IgA
IgЕ
Igм
Қызамық/краснуха вирусының тұқымдасы:
Togavіrіdae
Pіcornavіrіdae
Paramyxovіrіdae
Нerpesvіrіdae
Ortomyxovіrіdae
Қызамық вирусының симметрия типі:
икосаэдрлы
сфералы
кубтық
оқ тәрізді
жалпақ
ДНҚ-геномды вирус қандай ауру туындатады?
Аденовирусты инфекция
ЖИТС
Респираторлы-синцитиалды инфекция
грипп
қызылша
Аденовирустар капсиді симметрия типі:
оқ тәрізді
кубты
икосаэдрлы
сфералы
жіп тәрізді
Эпидемиялық паротит вирусы зақымдайды:
Құлақ маны безін
Көкбауырды
Бүйректі
Қуықты
Бауырды
Эпидемиялық паротит диагностикасы негізделген:
Сілекейден вирусты бөлу және қос сарысумен КБР, ПГАР антиденелерді анықтау
Нәжістен вирусты табу және қос сарысумен КБР, ПГАР антиденелерді анықтау
Жұқтырған зертхана тышқандары қанынан вирусты бөліп алу
Тері-аллергиялық сынама қою
Қоректік ортаға ми-жұлын сұйықтығын себу арқылы вирусты бөліп алу
Энтеровирустардың тұқымдастығы:
пикорнавирус
тогавирус
реовирус
ортомиксовирус
парамиксовирус
Полиомиелит вирусының туыстығы:
энтеровирус
арбовирус
флавивирус
рубивирус
реовирус
Полиомиелит вирусының құрамында бар:
РНҚ, капсид
ДНҚ
суперкапсид, ДНҚ
гемаглютинин
нейроминидаза
Полиомиелит вирусының капсиді құралған:
көмірсулардан
ақуыздардан
қышқылдардан
липидтерден
кальцийден
Полиомиелит вирусы зақымдайды:
қозғалғыш нейрондарды
бауыр жасушаларын
бүйрек жасушаларын
көкбауыр жасушаларын
ұйқы безінің жасушаларын
Полиомиелиттің арнайы сақтандыруында қолданады:
анатоксин
тірі вакцина
химиялық вакцина
бактериофаг
сарысу
Вирусологиялық зертханада полиомелитпен түскен науқастан алынған материалдар зерттелді. Ол үшін дәрігер-лаборант қандай қоректік ортаны қолданады?
Игла ортасы
Хэнкс ортасы
Чистович ортасы
Эрла ортасы
Бұзау сарысуы
Ауру басталғаннан кейінгі 2-3 апта ішінде қандай вирусты науқастың нәжісінен анықтауға болады?
грипп
Гепатит В
Полиомиелит
Қызылша
Қызамық
Вирусолог полиомиелиттің серологиялық диагностикасы кезінде науқастың қос сарысуын зерттеді. Вирусолог бейтараптау реакциясын қою кезінде антигеннің сапасын анықтау үшін не қолдану қажет?
Үш типті тірі вирусты
Вирустың комплемент байланыстырушы антигенін
Формалинмен инактивацияланған антигендерді
Гемагглютинин-антигендерді
Вирустағы капсид белоктарының антигендерін
Науқас - 8 жастағы қыз, кенеттен температурасы көтерілді, тыныс алу жолдарында катаралды өзгерістер байқалды. Аурудың бесінш күні аяқтарының бұлшық еттері салданды және оған тыныс алуының бұзылысы қосылды. Дәрігер жұлында өлген нейрондардың айналасында нейроглиялардың пролиферациясын байқады. Бұл белгілер қандай аурудың сипаттамасы болып табылады?
Полиомиелиттің
Қызамықтың
Дифтерияның
Менингококкемияның
Скарлатинаның
Балалар бақшасында бірнеше күннің ішінде 5 бала ауырды. Балалар «полиомиелит» диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Инфекциямен зақымданған балалардағы механизмді атаңыз.
нәжіс-ауыз арқылы (фекальді-оральді)
Аэрогенді
Қарым қатынас арқылы
Парентералды
Трансмиссивті
«Энтеровирусты инфекция» деген болжамды диагнозбен науқас ауруханаға жатқызылды. Вирусолог қоздырғышты өсіру үшін жасуша дақылын пайдаланды. Жасушадағы вирустың репродукциясын қалай анықтауға болады?
Вирустың жасушадағы цитопатиялық әсері бойынша
Вирустың цитоплазмадағы қосындылары бойынша
Гемадсорбция реакциясы бойынша индикациялау
Агглютинация рекциясының көмегімен
Флокуляция реакциясының көмегімен
ЕСНО вирусы қай тұқымдастыққа кіреді:
тогавирус
пикорнавирус
ортомиксовирус
реовирус
парамиксовирус
Коксаки А вирусы қандай тінге тропизмі бар:
ішек тініне
бұлшықетке
көк бауырға
бауырға
бүйрекке
Коксаки В вирусы қандай тінге тропизмі бар:
бұлшықетке
нерв тініне
көкбауырға
бауырға
бүйрекке
Гепатит А вирусының тұқымдастығы:
Pіcornavіrіdae
Нepadnavіrіdea
Rhabdovіrіdae
Paramіxovіrіdae
Нerpesvіrіdae
Сумен қамтамасыз ету жүйесінде болған апаттан кейін тұрғындардың арасында жедел ішек инфекциясымен аурушылдық артқан. Аурудың клиникалық көрінісі мен эпидемиологиялық жағдайлардың нәтижесі бойынша науқастарды жұқпалы ауруханаға жатқызған дәрігер «гепатит А» диагнозын қойды. Дәрігер диагнозды нақтылау үшін науқастан алынған қандай материалды зерттеуге жіберді?
нәжісті
қанды
зәрді
жара бөліндісін
ми-жұлын сұйықтығын
Елді мекенде эпидемиолог су арқылы берілетін гепатит инфекциясының бұрқ етуін тіркеді. Инфекцияның көзі гепатит вирусының қандай түрі?
Е гепатитінің вирусы
D гепатитінің вирусы
C гепатитінің вирусы
B гепатитінің вирусы
G гепатитінің вирусы
Гепатит В вирусының тұқымдастығы:
Pіcornavіrіdae
Rhabdovіrіdae
Paramіxovіrіdae
Herpesvіrіdae
Hepadnavіrіdаe
Гепатит В вирусы туындатқан созылмалы инфекцияның негізгі көрсеткіші:
НВs антигенді тасымалдаушы
НВс антигенді тасымалдаушы
қан сарысуында НВе антигенді табу
қанда АЛаТ, АсаТ деңгейлері жоғары
қанда барлық вирустық антигендерді табу
Қандай вирусты гепатитке қарсы жоспарлы вакцина егу жүргізіледі:
гепатит В
гепатит А
гепатит С
гепатит D
гепатит Е
Хирургиялық операция кезінде науқасқа қан құйылды. Дәрігер науқастың қанын қандай қоздырғыштың антигеніне тексерді?
Вирусты гепатит В
Аденовирус
Вирусты гепатит А
Вирусты гепатит Е
Энтеровирус
Зертханаға үш қан сарысуы жеткізілді: созылмалы В гепатиті бар науқастың, В гепатитімен бұрын ауырған науқастың және ағымы көрініссіз В гепатиті бар науқастың сарысулары. Сарысуларда қандай антиген анықталады?
HВsAg
HВeAg
HВcAg
HBcAg мен HВeAg
HBcAg мен HВsAg
Гепатитпен ешқашан ауырмаған студентке донор болуға тыйым салынды. Себебі оның қанында организмнің вируспен зақымданғанын көрсететін серологиялық маркер анықталды. Ол қандай маркер?
HBsAg
HBcAg
HBeAg
HBcIg
ротавирустың Ig
Донордың қанын зерттеу кезінде гепатит В вирусының маркері анықталды. Қандай маркер донор қанын гемотрансфузияға қолдануға рұқсат бермейді?
HBc -антиген
HAV
HBe-антитела
HBs -антиген
HBe -антиген
Гепатит В профилактикасы ретінде хирургиялық бөлімшеде вакцинация жүргізілді. Иммунизациядан кейін қандай маркерлерді анықтайды?
Анти-HBs
Анти-HВe
ДНК ВГВ
HВcAg
HВsAg
Гепатит В вирусының зертханалық диагностикасын өткізу кезінде науқастың қанынан вирустық ДНҚ анықталды. Төменде берілген реакциялардың қайсысының көмегімен мұны анықтауға болады?
полимеразалық тізбекті реакциясы
Пассивті гемагглютинация реакциясы
Комплементті байланыстыру реакциясы
Иммундыферментті талдау
Гемагглютинацияны тежеу реакциясы
Гепатит С вирусының туыстығы:
Флавивирустар
Герпесвирустар
Пикорнавирустар
Гепаднавируста р
Ретровирустар
Парентералды жолмен жұғатын вирустық гепатиттер:
гепатит A, В
гепатит А, G
гепатит B, С
гепатит E
гепатит С, А
Гепатит Д вирусының сипаттамасы (дельта-вирус):
ақаулы РНҚ вирус, патогендігіне гепатит В вирусының НВs қолданады
ДНҚ-лы күрделі вирус, гепатоциттерге троптылығы байқалады
өздігімен ауыр гепатит формасын туындатады
парентералды жұқтыру механизмі қолайлы емес
Гепатит Д вирусы геномына австралиялық антиген синтезі кодталған
Вирусты D (дельта) гепатиті ақаулы вирус болып табылады және тек төмендегі вируспен жұқтырылған жасушаларда көбейеді:
Гепатит В
Гепатит А
Гепатит Е
Эпстайн-Барр
АИТВ
Құтыру вирусы вирионының пішіні:
сфера тәрізді
оқ тәрізді
куб пішінді
икосаэдр тәрізді
таяқша пішінді
Науқас организмінде құтыру вирусы орналасады:
ОЖЖ-де
ішекте
паренхиматозды ағзаларда
бұлшықет тінінде
сөл бездерінде
Құтыру вирусының диагностикасы үшін қолданылады:
Бабеш-Негри денешігін анықтау
Тауық ұрығына жұқтыру
Каудри денешігін анықтау
Агглютинация реакциясы
Биосынама өткізу
Емханаға ит тістеген науқас қаралды. Итті ұстап алды және ол ит құтырған болып шықты. Құтыру вирусының арнайы сақтандыруы үшін қандай вакцинаны пайдаланады?
Аттенуациялық
Анатоксин
Химиялық
Рекомбинантты
Синтетикалық
Бекітілген құтыру вирусының жабайы вирустан айырмашылығы:
Вируленттік дәрежесінде
Антигендік құрылымында
Өлшемінде
Жасырын кезеңінің ұзақтығында
Жануар сілекейінде болуында
Қала маңында ұсталған түлкінің миынан вирусолог Бабеш-Негри денешігін тапты. Бұл қандай инфекция?
Құтыру
Кенелік энцефалит
Қызылша
Эпидемиялық паротит
Жұқпалы мононуклеоз
Қайтыс болған науқастың бас миынан вирусолог Бабеш-Негри денешігін анықтаған. Бұл вирус қай тұқымдастыққа жатады?
Adenoviridae
Herpesviridae
Retroviridae
Orthomyxoviridae
Rhabdoviridaе
Арбовирустарға жатады:
кенелік энцефалит вирусы
тұмау вирусы
қызамық вирусы
полиовирустар
құтыру вирусы
Кенелік энцефалит қоздырғышының негізгі таралу жолы:
Трансмиссивті
Парентеральды
Контактылы
Ауа-тамшылы
Артифициалды
Retroviridae тұқымдастығына жататын адамның иммунды тапшылық вирусын сипаттайтын басты белгіні анықтаңыз:
Кері-транскриптаза ферментінің болуы
«Теріс РНҚ» болуы
Адамда ғана ауру тудыратын қарапайым вирус
Нуклеин қышқылы иесі геномымен интеграцияланбайды
Созылмалы инфекцияның себебі болатын ДНҚ-құрамды вирус
Иммуноблоттинг кезінде вирусолог науқастың қан сарысуынан gp120 гликопротеинін анықтаған. Бұл қандай ауру?
Вирусты гепатит В
Туберкулез
Мерез
Полиомиелит
АИВ-инфекция
Иммундытапшылық белгісі бар науқас қанының сарысуын зерттеу кезінде gp41, gp 120 ақуыздарына антиденелер табылған. Бұл нәтижелер науқаста қандай ауруды айғақтайды?
АИВ-инфекция
НLTV-1- инфекция
TORCH- инфекция
НВ - инфекция
ЕСНО-инфекция
Жас жігітті тексеруде АИВ-қа оң антидене анықталды. Науқас қосымша зерттеулер арқылы АИВ инфекциясының қоздырғышын анықтауды талап етті. Қандай зерттеу науқастан АИВ инфекциясына қарсы антиденені анықтайды?
Иммуноблоттинг
ПГАР
ИФР
ПТP
ГАТР
АИВ/ЖИТС инфекциясы кезіндегі оппортунистік пневмонияның жиі кездесетін қоздырғышы?
Пневмоцисттер
Стафилококктар
Стрептококктар
Цитомегаловирустар
Клебсиеллалар
Вирусолог науқастың материалынан онкогенді қасиетке ие РНҚ геномды вирусты анықтады. Бөлінген вирус қандай тұқымдастыққа жатады?
Retroviridae
Picornaviridae
Rhabdoviridae
Coronaviridae
Orthomyxoviridae
Герпесвирустардың репродукциясы қожайын жасушасында қайда жүреді:
ядрода
цитоплазмада
митохондрияда
жасуша мембранасында
лизосомада
Қарапайым герпестің көрінісі:
везикула (ұшық)
папула
пустула
гумма
фурункул
Қарапайым герпес вирусының 1-түрінде қожайын жасушасы ішінде кездесетін қосындылары:
Бабеш-Негри денешіктері
Пашен денешіктері
Волютин дәндері
Гварниери денешіктері
Каудри денешіктері
Герпесвирусты инфекциясы бар науқастың терісінде, еріннің сілемейлі қабығында және мұрнында везикулалар пайда болды. Герпес вирусын бөліп алу үшін вирусолог қанда экспресс-диагностика реакциясын қолданады?
иммундыфлуоресценция реакциясын
бейтараптау реакциясын
комплементті байланыстыру реакциясын
гемагглютинацияны тежеу реакциясын
преципитация реакциясын
Науқастағы жайылмалы герпесвирусты инфекцияның диагностикасы үшін вирусолог белгілі бір класқа жататын спецификалық антиденені анықтау үшін қан сарысуын зерттеді. Антидененің қандай класы вирусты инфекцияның жедел кезеңін көрсетеді?
IgM
IgA
IgE
IgG
IgD
60-жастағы науқаста суықтанудан кейін бет терісінде оң жақ бет нервісі бойымен ауырсынатын, қышитын везикулалар пайда болды. Антибиотигі бар жақпаны қолдану тиімсіз болды. Бұл аурудың қоздырғышы:
Adenovirus
Streptococcus
Staphylococcus
Herpesvirus
Bacillus
Неврология бөлімшесіне белдемшелі бөртпелер шығуына шағымданған әйел келіп түсті. Кеудесінің терісінде бөрпелер ауырсынады, көпіршіктердің ішінде серозды сұйықтық бар. Аурудың себепшісі қандай вирус?
Альфа-герпесвирус
Бета-герпесвирус
Гамма-герпесвирус
АИТВ
Поксвирус
Науқас организмінде қарапайым герпес вирусы бар екенін қандай зерттеу әдістері арқылы анықтауға болады?
Вирусологиялық және серологиялық
Вирусологиялық және биологиялық
Серологиялық және биологиялық
Микроскопиялық және биологиялық
Микроскопиялық және аллергиялық
Жұқпалы мононуклеозбен ауыратын науқастан Эпштейн-Барр вирусының антигеніне қарсы антидене табылды. Осы қоздырғыштың кең таралған жұғу жолы қандай?
Алиментарлы
Контактылы
Жыныстық
Парентералды
Ауа-тамшылы
Саңыруқұлақтар қандай патшалыққа жатады:
эукариот
прокариот
бактерия
қарапайымдылар
вирустар
Саңырауқұлақтардың негізгі құрылымдық компоненттін атаңыз:
мицелия
капсула
спора
конидия
стеригма
Микроскопиялық саңырауқұлақтар көбейеді:
дизьюнктивті жолмен
бинарлы бөліну
конъюгация
спора түзумен
репликация
Достарыңызбен бөлісу: |