Министерство
по инвестициям и развитию
Республики Казахстан
г. Астана
от «____»_______2015 года
№______
|
|
Министерство
обороны
Республики Казахстан
г. Астана
от «____»_______2015 года
№______
|
Бірлескен бұйрық
«Қазақстан Республикасының азаматтық және мемлекеттiк авиациясының бiрлесiп орналастыру әуеайлақтарын пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № 91 және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2011 жылғы 18 наурыздағы № 128 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 69-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ: 1. «Қазақстан Республикасының азаматтық және мемлекеттiк авиациясының бiрлесiп орналастыру әуеайлақтарын пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № 91 және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2011 жылғы 18 наурыздағы № 128 бірлескен бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6922 тіркелген, 2011 жылғы 1 маусымдағы № 228-231(26629) «Егемен Қазақстан», 2011 жылғы 15 маусымдағы № 188 (26609) «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық және мемлекеттiк авиациясының бiрлесiп орналастыру әуеайлақтарын пайдалану қағидасында: 2-тармақта: 5), 6), 8), 15) және 16) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «5) әуе қозғалысына қызмет көрсету (бұдан әрі – ӘҚҚ) органы – әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету органы, ұшу ақпараты орталығы немесе аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсетуіне қатысты хабарламаларды жинау пункті; 6) бірлесіп орналастыру әуеайлақтары – азаматтық, мемлекеттік және (немесе) эксперименттік авиация үйымдары бірлесіп орналасатын әуеайлақтар; 8) қону белгіленген әуеайлақ – ұшу жоспарында немесе ұшу тапсырмасында (ұшу парағы) қонуы белгіленген әуеайлақ ретінде көрсетілген әуеайлақ; 15) ұшуды орнитологиялық қамтамасыз ету – әуеайлақ ауданында әуе кемелерінің құстармен соқтығысуының алдын алуды қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешені
16) ұшуға және қонуға бет алу аймағы – ұшу және қонуға бет алу кезінде әуе кемелерінің маневр жасауын қамтамасыз ететін әуеайлақ деңгейінен екінші эшелонның белгіленген биіктігіне дейінгі шекараны қосқандағы әуе кеңістігі;»;
мынадай мазмұндағы 17) және 18) тармақшалармен толықтырылсын:
«17) әуе қозғалысын басқару органы (бұдан әрі – ӘҚБ) – өз құзыреті шегінде және оған белгіленген аймақ пен аудандарда әуе қозғалысын басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік авиацияның басқару орталығы немесе басқару пункті;
18) ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету пайдаланушы –эксплуатанттарға, ұшу экипажының мүшелеріне ӘҚҚ (ӘҚБ) органдарына іздеу құтқару қызметтеріне, әуежайлар әкімшілігіне және халықаралық аэронавигацияны жүзеге асыруға және дамытуға байланысты басқа орғандарға олардың міндеттерін орындауға қажетті сапалы метеорологиялық ақпаратты уақтылы беру болып табылады;»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Бірлесіп орналастырудың әрбір әуе айлағы үшін әуеайлақты пайдаланушылар әуеайлақтың тиесулігіне қарай Қазақстан Республикасы Қорғаныс Күштері Әуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысы немесе Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің төрағасы бекіткен Ұшуды жүргізу нұсқаулығын (бұдан әрі – ҰЖН) әзірледі және басқа ведомстволарымен келісіледі. Осы ҰЖН осы әуеайлақта оны пайдаланудың жергілікті ерекшеліктері мен қолданыстағы шектеулерін ескере отырып, ұшуды орындау тәртібі айқындалады.»;
8, 9, 10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Бірлесіп орналастыру әуеайлақтары ауданындағы әуе кеңістігін пайдалануды жоспарлау және үйлестіруді олар орналасқан жауапкершілік аймақтарында (аудандарында) Қазақстан Республикасы Қорғаныс Күштері Әуе қорғанысы күштерінің аудандық әуе қозғалысын басқару орталығы, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы әуе кеңістігің пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабында белгіленген әуе кеңістігін пайдаланудағы басымдықтарға сәйкес осы әуеайлақтардың ӘҚБ органдары және (немесе) ӘҚҚ органдары жүзеге асырады.»;
9. Бірлесіп орналастыру әуеайлақтары аудандарында азаматтық авиацияның әуе кемелерінің әуе қозғалысына, сондай-ақ мемлекеттік авиацияның әскери-көліктік және (немесе) көліктік әуе кемелерінің жекелеген ұшуына және ұшып өтуіне қызмет көрсетуді ӘҚҚ органының (қызметінің) кезекші ауысымы жүзеге асырады.
Әуе қозғалысына қызмет көрсету Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес және «Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 шілдедегі № 419 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргізу қағидалары бойынша жүзеге асыралады.
10. Тиесiлiгi бойынша мемлекеттік авиацияға жататын бiрлесiп орналастыру әуеайлақтарының ауданында жоспарлы мемлекеттік авиация ұшуларын және азаматтық әуе кемелерінің ұшуын бір мезгілде орындау кезінде әуе кемелерінің әуе қозғалысын басқаруды, сондай-ақ тиесілігі бойынша азаматтық авиацияға жататын бірлесіп орналастыру әуеайлағында мемлекеттік авиация әскери әуе кемелерінің ұшуын басқаруды авиациялық әскери бөлімнің (ӘҚБ органының) ұшу басшылығы тобынан және азаматтық авиация ӘҚБ қызметі диспетчерлерінің ауысым кезекшісінен тұратын әуе қозғалысын басқарудың бiрлескен тобы (бұдан әрi - ӘҚБ БТ) жүзеге асырады.
Авиациялық әскери бөлімнен (ӘҚБ органынан) ӘҚБ БТ құрамы ұшу нұсқаларына, авиациялық әскери бөлiм шешетiн мiндеттерге және әуе кемелерi әуе қозғалысының жиiлiгiне байланысты анықталады және оны әуеайлақтың аға авиациялық бастығы тағайындайды.
11. Мемлекеттік авиацияның әуе кемелерімен жоспарлы ұшуды орындау кезінде авиациялық әскери бөлімнен (ӘҚБ органынан) ӘҚБ БТ құрамына мыналар тағайындалады:
-
ұшу басшысы;
-
ұшу басшысының көмекшісі;
-
таяу аймақтың басшысы;
-
қону аймағының басшысы.
-
алыс аймақ басшысы (әскери басқару офицері).»;
мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
«11-1. ӘҚҚ органынан (қызметінен) ӘҚБ БТ құрамына әуеайлақтық диспетчерлік орталықтың (бұдан әрі - ӘДО) немесе ӘҚҚ органының (қызметінің) кезекші ауысымының әуеайлақ ауданы диспетчерлік пунктінің (пункттерінің) (бұдан әрі - ӘАДП) персоналы кіреді.»;
12, 13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«12. ӘҚҚ органының (қызметінің) ӘДО диспетчерлік пункттерінің (ӘАДП) және әскери бөлімнің ӘҚҚ органы мемлекеттік авиацияны басқару пункттерінің арасында әуе қозғалысына қызмет көрсету және басқаруды үйлестіруді құжатталған ақпарат құралдарымен қамтамасыз етілген байланыс арналары арқылы жүзеге асырылады.
Байланыс арналары арқылы таратылатын барлық келіссөздер мен хабарламалардың құжатталған ақпараты 30 күн бойы сақталады.
13. Тиесілігі бойынша мемлекеттік авиацияға жататын бірлесіп орналастыру әуеайлақтарында ӘҚБ БТ басшысы:
1) жоспарлы мемлекеттік авиация әуе кемелерінің ұшуларын және азаматтық әуе кемелерінің ұшуларын бір мезгілде жүргізу кезінде –азаматтық авиация ұшу басшысы, мемлекеттік авиация ұшу басшысы ӘҚБ БТ басшысының көмекшісі болып табылады;
2) азаматтық әуе кемелерінің әуе қозғалысына және олармен бірге орындалатын мемлекеттік әуе кемелерінің жекелеген ұшуына (ұшып өтуіне) қызмет көрсету кезінде - азаматтық авиация ұшу басшысы, мемлекеттік авиация ұшу басшысы ӘҚБ БТ басшысының көмекшісі болып табылады.
Тиесілігі бойынша азаматтық авиацияға жататын бірлесіп орналастыру әуеайлақтарында ӘҚҚ органының (қызметінің) ұшу басшысы (аға диспетчері) ӘҚБ БТ басшысы болып табылады, ал авиациялық әскери бөлімнің (ӘҚБ органының) ұшу басшысы ӘҚБ БТ басшысының көмекшісі болып табылады.
«14. Мемлекеттік және азаматтық авиация әуе кемелерiнiң бiр мезгiлдегi ұшуына тiкелей басқару жасауды авиациялық әскери бөлiм (ӘҚБ органы) мен азаматтық авиация ӘҚҚ органы (қызметі) өкiлдерi ӘҚБ БТ басшысының жалпы басқаруымен жүзеге асырады. ӘҚБ БТ басшысы өз жауапкершілігі аймағында әуе кемелерінің әуе қозғалысына тікелей қызмет көрсетуді (ұшуды басқаруды) ұйымдастырады және әуе кемелерінің әуе қозғалысына қызмет көрсетуді (ұшуды басқаруды) үйлестіреді.»;
мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
«14-1. Мемлекеттік және азаматтық авиация әуе кемелерiнiң бiр мезгiлдегi ұшуын орындау кезінде әуе кеңістігін пайдаланудағы басымдық «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 25-бабына сәйкес беріледі.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Бірлесіп орналастыру әуеайлағы ауданында мемлекеттік және азаматтық авиация әуе кемелерiнiң бiр мезгiлдегi ұшуын орындау кезінде әуе қозғалысына қызмет көрсету (ұшуды басқару) біріктірілген жауапкершілік аймақтарында жүзеге асырылады. Әуе қозғалысына қызмет көрсету (ұшуды басқару) ӘҚБ органы мен ӘҚҚ органы үшін белгіленген мынадай шекараларда жүзеге асырылады:
1) ұшу және қону аймағында:
мемлекеттік авиацияның ұшу басшысы (ҰБ) немесе ұшу басшысының көмекшісі (ҰБК) және азаматтық авиация ӘҚҚ органының (қызметінің) ӘДО диспетчері - көзбен көрiнетiн шекте;
мемлекеттік авиацияның ұшу және қону аймағының басшысы мен азаматтық авиация ӘҚҚ органының (қызметінің) ӘДО (ӘҚБ БТ) диспетчері –қону бағытындағы ұшу-қону жолағының (бұдан әрі – ҰҚЖ) осінен +/- 25 градус секторында және ҰҚЖ басынан 60 км қашықтықта.
2) ұшу және қону аймағының басшысы және азаматтық авиация ӘҚҚ органының (қызметінің) ӘДО (ӘҚБ БТ) диспетчері - таяу аймақта (әуеайлақтың бақылау нүктесiнен 50-60 км радиуста) мемлекеттік авиацияның таяу аймағының басшысы (ТАБ) немесе таяу аймақтың штаттық басшысы жоқ болмаған кезде;
3) мемлекеттік авиацияның әскери басқару офицері (мемлекеттік авиацияның алыс аймақ басшысы (ААБ) мен азаматтық авиацияның жақындау диспетчері-алыс аймақта (әуеайлақтың бақылау нүктесінен 75 км қашықтықтан және Әуеайлақ ауданында ұшуды жүргізу нұсқаулығында белгіленген шекараға дейін).
ӘҚБ БТ құрамына кіретін ӘҚҚ органының (қызметінің) ӘДО (ӘҚБ БТ) диспетчерлік пункттерінің жауапкершілік аймақтары (аудандары) мен әуе қозғалысына қызмет көрсетуді қабылдау-тапсыру шептерi ӘҚҚ қызметiнiң iс-қимылын реттейтін Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес белгiленедi.»;
мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:
«15-1. Жергілікті орналастыру жағдайларына және әуе қозғалысына қызмет көрсетуді (ұшуды басқару) ұйымдастыру ерекшеліктеріне қарай әуеайлақ ауданында ұшуды жүргізу нұсқаулықтарында әуе қозғалысына қызмет көрсету (ұшуды басқару) аймақтарының осы Қағидаларының 15-тармағында көрсетілгеннен өзге шекаралары белгіленуі мүмкін.»;
16 және 17 -тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«16. ӘҚБ БТ басшысы мен ӘҚБ БТ басшысының көмекшісі ұшудың қауіпсіздігін, тұрақтылығын және үнемділігін қамтамасыз етеді.
17. Осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес ӘҚБ БТ ұйымдастырылған бірлесіп орналастыру әуеайлағындағы авиациялық әскери бөлімде жоспарлы ұшу болмаған кезде және мемлекеттік авиация әуе кемелерінің (тікұшақтар мен әскери-көлік ұшақтарын қоспағанда) жекелеген ұшуы немесе ұшып өтуі ғана болған кезде авиациялық әскери бөлім атынан ӘҚБ БТ құрамына:
-
әуе кемелерiн қабылдау және шығару жөнiндегi кезекшi;
-
ұшу және қону аймағының басшысы немесе таяу аймақ басшысы тағайындалады.
ӘҚҚ органынан ӘҚБ БТ құрамына ӘҚҚ диспетчерлерiнiң кезекшi ауысымы толық құрамда тағайындалады.
ӘҚБ БТ басшысы ӘҚҚ органының ұшу басшысы (аға диспетчер), ал әуе кемелерiн қабылдау және шығару жөнiндегi кезекшi – оның көмекшiсi болып табылады.»;
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Балансында ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету және байланыс жабдығы бар бөлімше басшысы бірлесіп орналастыру әуеайлақтарында жабдықтың баланстық тиесілігі шегінде ұшуды радиотехникалық қамтамасыз етуді және байланысты ұйымдастырады.»;
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«30. Шарттар мен келісімдерде келісілген ұшу және байланыс РТҚ құралдарының Шарттар мен келісімдерде келісілген профилактикалық және жоспарлы регламенттiк жұмыстарын, сондай-ақ оларды ауыстыруды және күрделi немесе орташа жөндеудi әуеайлақта орналасқан мемлекеттік және азаматтық авиация ұйымдарының басшыларымен келiсiлген жоспарлар бойынша олардың иелерi жүргiзеді.»;
31-тармақ алынын тасталсын:
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«33. Бiрлесiп орналастыру әуеайлақтарындағы ұшу және байланыс РТҚ жерүсті құралдарын техникалық пайдалану «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің Заңы 34-бабының талаптарына сәйкес ұйымдастырылады.
Бірлесіп орналастыру әуеайлақтарындағы РТҚ және байланыс құралдарына техникалық қызмет көрсетуді тиісті келісімдер негізінде басқа ұйымның мамандары жүзеге асырады.
35 және 36-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«35. Мемлекеттік және азаматтық авиация ұйымдары шарттар немесе келісімдерде келісілген өзінің радиотехникалық құралдарын пайдаланудан екінші тараппен келісім бойынша шығарады.
36. Бiрлесiп орналастыру әуеайлақтарында әуеайлақ (аэроторап) ауданында ӘҚБ-ның авиациялық радиобайланыс арналары осы әуеайлақта орналасқан ұйымдардың қаржысы есебінен ұйымдастырылады. Оларды мемлекеттiк авиацияның үлгi сызбасы бойынша толық жабдықтау Заңның 1-тармағының талаптарына сәйкес авиациялық әскери бөлiмдердiң күшiмен және қаражатымен жүзеге асырылады.»;
37-тармақ алынып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
1) осы бірлескен бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдарды интернет- порталында орналастырылуын;
4) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бірлескен бұйрық 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шалалардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж. Қасымбекке жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
_______________Ә. Исекешев
|
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
______________И. Тасмағамбетов
|
Достарыңызбен бөлісу: |