Оқушылар: Көздің құрылысы мен оның құрылымдарының атқаратын қызметі арасындағы байланысты тиісті терминологияны қолдана отырып ауызша жазбаша түрде сипаттай алады. Көру жітілігін анықтап, оның маңызын сипаттайды. Пәнге қатысты лексика мен терминология: Рецептор, торлы қабық, сары дақ, соқыр дақ, көру жүйкесі, құтыша, таяқша, ақ қабық, қасаң қабық, тамырлы қабық, нұрлы қабық, көз бұршағы, шыны тәріздес дене, аккомодация
Оқушылар «Координация және реттеу» бөлімінен жануарлардың жүйке жүйесінің түрлерін, сипап сезудің болатынын және терінің маңызын біледі.
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері
Жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
(0-4 мин)
Оқушыларға көздің суретін көрсетіп оның өздеріне таныс бөліктері мен атқаратын қызметтерін сипаттау тапсырмасын орындау сұралады. Оқушылардың талдауларынан кейін бүгінгі сабағымыз не туралы деп сұрау арқылы сабақтың тақырыбы ашу. Көз туралы нені білу керек деп сұрай отырып, сабақтың мақсаттары мен бағалау критерийлері таныстырылады. Оқушыларды 2- топқа бөлу. Дейін және кейін кестесін толтыру. Дейін Кейін Дейін және кейін кестесін толтыру.
1 . бейне материалмен таныстыру
1 . бейне материалмен таныстыру.
2.терминмен жұмыс
Мөлдір Прозрачный Transparent
Жыпылықтау Моргать To blink
Торлы қабық Сетчатка Retina
Ақ қабықша Склера\ белковая оболочка Sclera
Көз Глаза Eye Қас Брови Eye brow
3.постер қорғау. Оқушылар көздің құрылысымен танысып, бейне материалмен танысады, екі топта постер жасап, көздің моделінде оның құрылым бөліктерін атап, атқаратын қызметтерін түсіндіреді, және көрудің бұзылуы, көру гигиенасы туралы түсіндіреді
Мектеп медбикесімен зертханалық жұмыс. Зертханалық жұмыс «Көру жітілігі мен көру аймағының шегін зерттеу». Оқушылар жұпта Сивцев кестесін қолдану арқылы көру жітілігін анықтайды. Бір көзін қолымен немесе парақшамен жауып тұрып кестедегі әріптерді оқиді. Кезекте екінші көзін жауап тұрып әріптерді оқиды. Әріп бұлдырап көрінбей қалғанға дейін жалғастыру қажет. Әріп көрінбей қалған қатардағы санды жазып алып, шаманы қолдана отырып көздің көру жітілігін есептеп анықтайды. Көру шегін анықтау үшін оқушылар екі-екіден жұптасады. Бір оқушы зерттеушіге қарап отырады. Зерттеуші қолын созып, саусағына (басбармақ немесе ортаңғы саусақ немесе сұқ саусағына) қарауды өтінеді. Оқушы саусақтың көрінген және көрінбей жоғалып кеткен кезінде «бар» деп айтады. Осы екі нүктені шамалап бұрышын (градуста) анықтау арқылы көру шегінің мөлшеріне болжам жасалады.
Ыстық іздер ойыны егер басқанда ыстық десе терминмен жұмыс жасау
Сабақтың соңы
(27-36 мин)
рефлексия . дейін кестесінің кейін бөлімін толтыру