Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет48/117
Дата10.10.2023
өлшемі1.31 Mb.
#480249
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   117
Қалыпты физиология

Гипоталамус көру төмпешігі астында, ІІІ ми қарыншасының түбінде 
және жақтауларында орналасқан көп ядролы (32 жұп) құрылым. Оның 
құрамына сұр төмпешік, құйғы (воронка) және емізікше дене кіреді. 
Ядроларының жатқан орнына қарай преоптикалық, алдыңғы, ортаңғы 
(медиалды), бүйірдегі (латералды) және артқы болып 5 топқа бөлінеді. 
Гипоталамус – қыртыс астындағы вегетативтік жүйке жүйесінің жоғарғы 
біріктіруші (интеграциялық) орталығы болып есептеледі. Оның артқы 
ядроларында симпатикалық жүйке жүйесінің жоғарғы бөлімі, ал алдыңғы
ядроларында парасимпатикалық жүйке жүйесінің орталығы,ал ортаңғы 
ядроларда зат алмасуын реттейтін орталығы орналасқан. Ол мына 
қызметтерді реттеуге қатысады: 
1) жылу алмасуды. Алдыңғы ядролары – жылу шығындау орталығы, мұнда 
қоршаған ортаның температурасы жоғарылағанға жауап ретінде тердің 
шығуы, тыныс жиілігі және тамырлар тонусы өзгеріп реттеледі. Артқы 
ядролары – жылу өндіру орталығы және темперутура төмендегенде жылуды 
сақтауды қамтамасыз етеді; 
2) гипофизді. Гипоталамустың супраоптикалық және паравентрикулярлық 
ядроларында (алдыңғы) нейросекрециялық жасушалар бар. Олар гипофиздің 
алдыңғы бөлігінің бағыттаушы (троптық) гормондарының сөлінісін 
күшейтелі (либериндер) не төмендетеді (статиндер). Гипофиздің артқы 
бөлігінің гормондары гипоталамустың супраоптикалық ядроларында түзіледі 
де, олардың аксондарының бойымен ағып гипофиздің артқы бөлігінде 
жиналып қанға өтеді. Гипоталамус гипофиз арқылы шеткі ішкі сөлініс 
бездерінің гормон шығаруын бірде күшейтіп, бірде азайтып организмнің 
көптеген әрекеттерін реттейді. Сөйтіп гипоталамус гипофизбен біріккен 
әрекеттік гипоталамустық-гипофиздік жүйе құрады. 
3) май алмасуды. Латералды және вентромедиалді («тойыну» орталығы) 
ядроларды тітіркендіргенде жануар алдындағы асқа қарамай, тіпті ішпей, 
жүдей бастайды. Осы орталықты кесіп тастаса, жануар тамақты қанша ішсе 
де тоймайтын болады. Тамақты көп жеу (гиперфагия) салдарынан адам 
(жануар) денесін май басады, дене салмағы үлкейеді. Бүйірдегі ядроларда 
«аштық» орталығы орналасқан. Оны тітіркендірсе жануар алдындағы 
тамақты қанша болса да жей береді (тоймайды). Ал бұл орталықты алып 
тастаса, аш болса да ол тамаққа қарамайды (гипофагия) және қатты жүдейді 
(кахексия). Осы ядролар аймағында тағы «шөлдеу» орталығы орналасақан. 
Бұл орталықты тітіркендірсе адам (жануар) шөлдейді, қайта-қайта су іше 
береді (полидипсия), шөлі қанбайды. 
4) 
көмірсулар алмасуына. Гипоталамустың алдыңғы ядроларын 
тітіркендіргенде гипогликемия (қандағы глюкозаның азаюы), ал артқы 
ядроларын - гипергликемия (қандағы глюкозаның көбеюі) байқалады. 
5) жүрек-тамырлар жүйесіне. Алдыңғы ядроларын тітіркендіргенде тежеу, ал 
артқы ядроларын – белсендіру (қозу) әсерлеріне келтіреді. 


6) асқорыту жүйесінің сөлініс және қимыл қызметіне. Алдыңғы ядроларды 
тітіркендіргенде асқорыту жүйесінің сөл бөлу және қимыл әрекеттері 
күшейеді, ал артқы ядроларын – тежеледі. 
7) мінез-құлық әрекеттеріне. Алдыңғы ядроларды (эмоциогендік аймақ) 
тітіркендіргенде қуану, қанағаттану, эротикалық сезімдер пайда болады, 
артқы ядроларды (стопорлық аймақ) тітіркендіргенде үрейлену, ызалану, 
айбат шегу сияқты әрекеттер байқалады және жыныстық әрекет тежеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   117




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет