Тақырыбы: Жануарлар әлемі.
Мақсаты: Оқушылардың білімін арттыра отырып, жануарлардың көп түрлілігі
туралы түсінік қалыптастыру.Жануарлардың топтарға бөліну
ерекшеліктерін түсіндіре отырып, білімдерін тереңдету.Логикалық
ой-өрісін дамыту барысында тапқырлыққа,танымдық қабылдауын
арттыруға дағдыландыру.Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, ойын, электронды оқулық
Сабақтың типі: Жаңа ұғым беру
Көрнекілігі: Электронды оқулық, ойын, интерактивті тақта, деректі фильм
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу рәсімдері
Амансың ба Алтын күн!
Амансың ба Көк аспан!
Амансың ба достарым!
Сендерді көрсем қуанам!
Үй тапсырмасын тексеру «Өсімдіктердің сан алуандығы»
1.Қызыл кітапқа енген өсімдіктердің түрлері.
2.Дәрілік өсімдіктерің түрлері.
3.Бөлме өсімдіктері.
4.Дала өсімдіктері.
Тест
1.Біздің елде өсімдіктің қанша түрі өседі?
А.4000 В. 5000 с.6000
2.Қарағай қандай өсімдік тобына жатады?
А Қылқан жапырақты ағаш В.Бұталар тобына С.Шөптесін өсімдіктерге
3.Ағаш қандай ағзаға жатады?
А.Өлі В.жасанды С. тірі
4.Құрғақшылыққа төзімді өсімдік
А.Жантақ,сүттіген В.қызғалдақ С.қоңырбас
5.Бидай, сұлы, арпа
А.суыққа төзімді В.жылу сүйгіш С.жарық сүйгіш
6.Өсімдіктер нешеге бөлінеді?
А.1 В.2 С.3
7.Ең ұзақ жыл өсетін ағаш ?
А.Қайың В. Бетеге С . Емен
8.Қызыл кітапқа қандай өсімдіктер енеді?
А.азайып бара жатқан өсімдіктер
В.көп кездесетін өсімдіктер
С.барлық өсімдіктер
9.Өсімдік тіршілігі үшін қандай жағдайлар қажет?
А.жылу ,су,мұз,жер В.Жарық ,су,жер С. Жылу,су,жарық ,ауа,қорек
10.Өсімдік топтары нешеу?
А.2 В.3 С.4
Тест жауабын көрсетіп, өзін-өзі тексеру.
Өсімдіктерге қажетті заттар.Сызба арқылы үй тапсырмасын бекіту.
Сөзжұмбақ арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
Сөзжұмбақ арқылы «Жануар» тақырыбын ашу.
Жаңа сабақ.
Кіріспе.
Өсімдіктер сияқты жануарлар да алуан түрлі болып келеді.Жер бетінде жануарлардың
түрлері өте көп. Ғалымдардың зерттеуі бойынша олардың
2 млн-дай түрі белгілі болды. «Жануар» сөзі парсының «джан-джанвар» деген сөздің екінші бөлігінен алынған. «джан-джанвар» қазақша-жануар әлемі, яғни дүние жүзіндегі тірі мақұлықтар дегенді білдіреді.
Жануарлар мынадай топқа бөлінеді:
Әр топқа жеке слайдтар көрсетіліп, ерекшеліктерін түсіндіремін.
Құстар-8600 түрі бар.Айырмашылығы ұшады.
Балықтар.
Балықтардың 20 000 түрі бар. Олардың айырмашылығы жүзеді.
Қосмекенділер.
Қосмекенділердің-4000 түрі бар. Олардың айырмашылығы құрлықта да, суда да тіршілік етеді.
Сүтқоректілер
Сүтқоректілердің – 5000 түрі бар. Олардың айырмашылығы балаларын өз сүтімен асырайды.
Жорғалаушылар.
Жорғалаушылардың – 8000 түрі бар. Олардың айырмашылығы бауырымен жорғалайды.
Жәндіктер.
Жәндіктердің – 700 000 түрі бар.
ТАПСЫРМАЛАР:
1. Қай топқа жатады?
2. Түрі қандай?
3. Қайда мекендейді?
4. Немен қоректенеді?
Құстар мен балықтар туралы бейне фильм көрсету.
Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді оқытып,сұрақтарға жауап аламын.
Дәптерге жануарлардың топтарын жазғызамын. Төртбұрыштың ішіне әр топты тауып
санын ішіне жазу.
Құстар – 1
Балықтар - 2
Қосмекенділер – 3
Сүтқоректілер – 4
Жорғалаушылар – 5
Жәндіктер – 6.
Жаңа сабақты бекіту.
Ойын: "Үй жануарларын тап"
-
Балалар, мен сендерге жануарлардың аттарын айтамын,
"үй жануарын" естігенде қол шапалақтау керек.
Оқушылардың қонақтарға айтар тілегі.
Үйге тапсырма: Жануалар әлемі тақырыбына рефераттар мен кітапшалар жасау.
Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |